Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қош келдің, жаңа жыл!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Қош келдің, жаңа жыл!

библиотека
материалов

Қош келдің, жаңа жыл!

"Камышенка орта мектебі"КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Жумадилова Г.Н.

hello_html_m56419b9f.jpg

Жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болып,
Шалқып күліп, тараңдар.
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып, 
Өткізейік дүрмекті деп.
Қыстың әнін шырқауға шақырамын.
Шыршаны айнала Шырша әні орындалады. Ән орындалып біткеннен кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады.)
Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,
Көрінбейтін сайтанмын.
Ұнап қалған жандарды,
Өзіммен алып қайтармын.
Жүргізуші: - Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ, сәнімізді бұзба!
Шайтан: - Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды алдап қамап қойдым.Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп,  ешқандай мереке өткіздірмеймін.мереке болмайды, маған мерек  ұнамайды.
Жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ  екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Мен әкетпей-ақ қой  қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?
Шайтан: Маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.
Жүргізуші: - Қой, балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып 
                  көрелік. Бәріміз қосылып көңілді "Топ - топ" биін билейік.мен әнін айтып  
                  тұрамын. Сендер менің артымнан қайталасаңдар болды.
(Жүргізушінің үлгісі бойынша балалар көңілді "Топ - топ" биін билейді)
Шайтан: Билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны-ай. 
                өткіздірмеймін дедім, өткіздімеймін.
Жүргізуші: - Тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз 
                   жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң бізге бөгет болмай өз 
                   жолыңмен жүре бер. Ал біз мерекемізді жалғастырамыз.
Шайтан: Мен шешпейтін жұмбақ жоқ. Айта беріңдер, жасыра беріңдер, бәрін шешіп  аламын.(әр сыныптан екі баладан жұмбақ жасырады.)
Жүргізуші: - Қане балалар, мені шайтан алып кетпесін десеңдер, қиын жұмбақтар 
жасыруға тырысыңдар.
(жұмбақтар айтып болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып,

Шайтан: «Ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», - (деп балалардың артына тығылады.)
5- слайд. Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!
                       Балқанға да барғанмын,                                
                     Орхонға да барғанмын. 
             АҚШ қа да барғанмын,
             Жапонға да барғанмын.
Шаршанқырап қалған соң,
Шайтанға мініп алғанмын.
-    Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Бұхараның базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.
Балалар: Көрдік!
Алдар көсе: өй мынау менің шайтаным ғой жарықтық.
(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген шайтанды басына шылбыр салып ұстап алады.)
Шайтан: мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған жазаң ауыр болды. балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін, 
босатшы мені, Алдар!босата көр, Алдареке!
Алдар көсе: Шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар?
Балалар: Жоқ, болмайды.
Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.
Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар.Шайтан екеш, шайтанда той қонағы саналар, Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.
Алдар көсе:  Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балаларға бір қызықты ойын өткіз  немесе бір би биле. Егер баларға ұнаса мен сені босатамын.
Шайтан: Қане балалар бәріміз бірге бір би билейік.  Бәріміз қосылып көңілді үйректер биін билейік.мен әнін айты  тұрамын. Сендер менің артымнан қайталасаңдар болды.
(Шайтынның үлгісі бойынша балалар көңілді үйректер биін билейді)
Жүргізуші: Ақ киімді денелі ақ сақалды,
                     Тондырады қасындағы тірі жанды.
                     Үсті-басы  - ақ қырау, демі суық,
                      Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
-    Балалар, бұл кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
 Шайтан: мен оларды тез барып босата қояйын.Кешіміз көңілді өтсін, иә балалар!
Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.

("Аяз ата - Аяз ата" 3 - 4 рет қайталап) айту.
Аяз ата: Ау, амансың ба ұлдарым,
              Ау, амансың ба қыздарым!
              Қандай жарқын жүздерің, 
              Қандай әсем жырларың.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен 
қуаныштымыз.
Аяз ата: Біз де сендерді көруге,
              Халдеріңді білуге,
              Асулардан асып,
              Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
                  Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
Жүргізуші: Қане балалар, Аяз атаның құрметіне бір ән салайық!
     
«Аяз ата» әні орындалады. "Ақ таяғын таянып"0 - 1 сынып тақпақтары

Аяз ата: Қасымда бар ақшақар,
               Ол да ренжіп қалмасын.
               Балаларым тілерім,
                Оған да бір ән сыйлаңдар.

10-слайд Аяулым әні "Келді, міне, Жаңа жыл" 11,12,13-слайдтар

14-слайд.Ойын:Ақшақар ойнатады. 3 - 4 рет

Басымызды шайқаймыз.

Ұртымызды үрлейміз

Ұялуды білмейміз.

Он, жиырма ,қырық  

Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.   Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді. Бірнеше рет ойнау.

(Жүргізуші балаларға Ақшақардың құрметіне «Шырша» әнін шырқауды ұсынады.)
Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңа. Өз 
                  кезегімде мен де сендерге  арнап әкелген көңілді сыйлығым бар.
 (Ақшақар балалармен көңілді ойын өткізеді.)
Аяз ата:   - Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің  шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма?

* Менің ойынымның шарты былай .Менің немерем Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі суреттер салынған.Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек.кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит беремін Ойын ойналады.  

Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.

(2 - 3 - сынып тақпақтары)
Жүргізуші: Аяз ата.Сіздердің Ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы. Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен   «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем  артқа секіресіңдер.кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген балаларАяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық.

Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар. 
                     Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.
 
(4 - сынып тақпақтары)
Аяз ата: Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер балалар.

Жүргізуші: Рахмет, ата! Біздің балалар, Ақшақардың биін тамашалығымыз келіп тұр дейді. Ақшақар біздің балалармен бірге би билеп берсеңіз.

Ақшақар:    Билесем билеп берейін.
Жүргізуші:  Рахмет саған, Ақшақар. Мен уақытқа қарасам Жаңа жылдың келетін уақыты жақындап қалыпты.Қарсы алайық Жаңа Жылды.
Міне, Жаңа Жыл да келді.
Ал әжейлер, шашыңыздар шашуларыңызды.
Жаңа Жыл: СӨЗІ

("Жаңа жылдың құрметіне "Жаңа жыл" әні орындалады.)

Мен-дағы бір қонақпын.
Он екі айда оралар,
Үлкендерден ақ ниет,
Тілек айтсын балалар.                                                                 
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын түгелдей тілегімізді айтайық.
        Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл! -
0-1 сыныптар
        Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!
2 - сыныптар
        Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл!
3 - сыныптар
        Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!
4 - сыныптар

Жаңа жыл: Рахмет балалар!
Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің 
               ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол

Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Аяз ата: Балалар, мен біраз дем алдым.

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, Аман – есен болыңдар. Әр таңды қуанышпен Қарсы алып тұрыңдар!

жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық! Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар! (Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді) Ән тындап, би биледік бүгін тойда, Қалады бүгінгі күн ойымызда. Демалып Жаңа жылға қадам бастық, Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров82
Номер материала ДБ-314285
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх