Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚош келдің жаңа жыл!

Қош келдің жаңа жыл!

Скачать материал

 

Тақырыбы:Қош келдің,Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады. Ескі жыл иелері кіреді  (Өрік, оқушылар маймыл костюмін киген). Би «Көнілді маймылдар» музыка «Самый маленький ребенок»

Келесі «Шөжелерім» әуенімен билеп балапандар мен мекиен кіреді.  Билейді.

Маймыл:  

-          Уа, тауық жылы! Армысың,аман-есен бармысың! Басқан қадамың құтты болсын!

Жасампаз заман бұл заман,

Бүгіннен ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жыл саған аманат.

-          Төрлет,төрге шық! Қысылма, Елімнің берекесі,мерекесі болғайсың!

Жүргізуші:

Қош келдің,Жаңа-жыл

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.

Жадырап, би билеп тербелейік,

Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.

Жаңа-жыл:   Тауықтар (оқушылар 2 сынып)

Мен –Жаңа жылмын,

Мен –Жаңа нұрмын

Мен-жаңа жырмын,

Баршаңызбен біргемін.

 

Тағат таппай күткенің

Бұл тауықтың жылы еді,

Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

 

Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі

Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.

Жаңа –жыл партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

 

Жаңа-жыл қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

 

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар!

 

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайын.

Көргендер де, көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын.

 

Талай қызық болар деп тамсанамыз

Осы күнді сағынып, аңсағанбыз

Жасыл шырша жанында қол ұстасып

Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.

Мекиен сөзі:

Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата аналар, ұстаздар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік.

Жүргізуші:  Кешіміз көңілді әнмен басталып та кеткен сияқты.Енді шырша жырын бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық.          ( Шырша жыры)

Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді.

Мұз ханшайымы:


Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Тыныштықты бұзатын

Кімдер бұлай ойнайтын.

Балаларды қаламаймын

Сарайымды былғайтын.


Жүргізуші:

-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа

жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

 

 

 

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.

Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын. Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын. (кетіп қалады)

Жүргізуші:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдыкі екенін білген жоқпыз гой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?

(сақ- сақ күлген дауыстар естіліп, сахнадан сайқымазақ жүгіріп кіреді)

Сайқымазақ: 

Уа,халайық,жарандар

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар.

Уа,алайық,құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Жүргізуші:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы.Жаңа мұз ханшайымы келіп, көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.

Сайқымазақ:

-Олай болса не тұрыс, менің жақсы көретін ойынымды ойнайық. Кәне , бәріміз «буги буги» биін билейік. Менің биімді қайталап, көңілденіңдер.

(көнілді би)

Жүргізуші:

- Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет сайқымазақ! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. Балалар, мұз ханшайымы қайтып келсе, мына сарайдан бізді шығарып, атамыз бен ақшақарды қатырып тастауы мүмкін. Оны алдап ортамызға шақырып, қосып алсақ қайтеді?

Хормен шақырады.  (мұз ханшайымын шақыру, би )  2-сыныптар

Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер  аяз ата мен ақшақарды  мен қатырып қоямын.

Жүргізуші:

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Сайқымазақ: 

беріп біз сізге

Бар әнерді саламыз.

Өнерлі ханым келді деп

Әлемге жар саламыз!

Мұз ханшайымы: 

 - Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.( көңілді би)

Мұз ханшайымы: 

- Менің мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым. Ой, рахмет, балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылылық бердіңдер. Менің мұз сарайым енді гүл шаһарға айналсын. Балалардың шуына толсын.  Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сайқымазақтың ойыны: Ойын ойнату. Ата-аналарға арналған ойын.

1. «Қолғап пен түйме» 
Бірнеше жұп ортаға шақырылады. Ер адамдарға қалың қысқы қолғаптар беріледі. Ал қыздардың киімінің үстінен көйлек немесе халат кигізіледі. Ер адамдар серіктес әйелінің үстіндегі түймелерді қолғаппен тез тағып шығуы тиіс. 
 - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Ақ таяғы қасында

Ойын күлкі жанында

Күтеді оны шартарап

Сый дорбасын арқалап

Жаңа жыл сайын келетін

Ол кім?

Балалар: Аяз ата  

Жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

 

 

Аяз ата оралып.

Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.

Аю: 

Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап

Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән тарат

Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі

Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.

Жүргізуші:

-  Ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?

Маша мен аю күрсінеді.

Аю: 

Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен үйде салют атып,шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты.(Балалар таңқалысты.)

Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аязата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп,ескертейін деп келдік.

Маша:

-* Аю, аю (секіріп,аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)

Жүргізуші: 

- Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр.Одан да сендер бізбен болыңдар.

Аю: 

- Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. Басын шайқайды.

Маша: 

- Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)

Аю:

- Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр.(аю қолынан сүйрейді)

Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.

Жүргізуші:

- Балалар, Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.

Маша: 

  -Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.Ойын ойнап би билейік.

Аю:

- Жарайды , ойнасақ ойнайық.

Маша:

- Балалар мен қарға батпай жылдам жүрудің амалын таптым. Мен 2 топ құрамын. 1-і менің тобым, 2-сі аюдың тобы. Аяғымызға жүзу құралы құс табанды киіп, секіріп жүруден жарыс.

1.       (Ойын « шаңғымен жүру»)

2.       (Ойын « кар лақтыру»)

3.       (Ойын « шана тебу»)

Жүргізуші: 

- Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмады-ау.

Аю: Онда мен орманнан хабар алайыншы.Келіп қалғанда болар.

Сахнадан түлкі көрінеді. Әндетіп шыршалардың астына үңіліп, бірдеңе іздеп жүргендей қимыл жасайды.

Түлкі: 

 -Сәлеметсізбе аю паң, қалайсын Маша. Көңілдісіңдер ғой. Мені де шақырмадыңдар ма мерекеге? Мен мерекенің шырайын кіргізіп, ғажайып өнерлерімді көрсетер едім ғой.

Аю: 

- Амансыңба түлкі. Біз мына балалардың жаңа жыл тойлау кешіне Аяз ата мен Ақшақардың келе жатқанын айтуға келгенбіз. Маша ойнаймын, билеймін дегесін қалдым. Өзің қайдан жүрсің?

Түлкі: 

- Менбе ,мен(қарнын сипап, аю паң құлағына сыбырлап)қарным ашты, қояндар , тышқандар барма, жолдан кездесер ме, деп шығып едім.(жан-жағына қарап) Аю паң, мында толып жүр екен а, маған айтпай несіне жасырып тұрсыз.( Қоян,тышқан киімін киген балаларға жабысады.)

Аю түлкіні тоқтатып, басын шайқап болмайтынын білдіреді.

Жүргізуші: 

- Түлкі мырза қош келдіңіз. Бұл қоян болып, тышқан болып киінген балалар. Олар жаңа-жылын тойлауға келген. Біздің мерекені өз өнеріңізбен жалғастырып жіберіңізші.Бізбен бірге болыңыз. Аяз ата мен Ақшақарды күтіңіз. Өнеріңізге сыйлық та ұсынар.

 

 

Түлкі: 

- Жарайды бар өнерімді жасырып қайтемін. Балалар менімен бірге «Ганнамстайлге» билейік. Мен биді қатырамын.

Жүргізуші: 

- Жарайсын түлкі өнерің тамаша екен. Сыйлығыңызды аяз атадан келгенде аларсыз. Балалар көңіл күйлерің қалай, жақсы ма. Шаршамадыңдар ма?

Балалар Аяз атаны,Ақшақарды қарсы алайық.

Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аю алдымен шығып Аязата мен Ақшақарды қарсы алады.

Жүргізуші:

Армысың Аязата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Күтуде өзіңізді барша қауым.

Аяз ата әні орындалады.

Аяз ата: 

Амансыздар ма, Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары, аяулы аналар, ардақты ұл-қыздарым, бүлдіршін балаларым!

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:

 Ал,кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық.

Той думанды жалғайық

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып

Би билейік қалықтап

Қарап тұрма қалыс кап.

Ақшақарлар қалықтап әуенмен шыршаны айналып билейді.

Ақша қар:

Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.

Барлығымыз бірге

 Кәне шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

деп айтайық. (барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау

Аяз ата:

     Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сіздермен бір ойнағысы келіп тұр.

 Ақшақар:

-   Өнерлерің керемет екен.Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.Балалар менімен ойнайсыңдар ма?  Қазір менің артымнан қайталайсыңдар

-Біз көңілді балақаймыз

Ойынға да біз  тоймаймыз.

Шапалақ та ұрамыз

Аяқпен де соғамыз.

Құлақты да қалқитып,

Басымызды шайқаймыз.

Ұртымызды үрлейміз

Ұялуды білмейміз.

Он, жиырма ,қырық

 Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.

Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.

Бірнеше рет ойнау.

Аяз Ата:

-Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің  шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма?

 

 

- Менің ойынымның шарты былай . Менің немерем Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі суреттер салынған.Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек. Кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит беремін.   Ойын ойналады.

Сиқыршы:

- Құрметті Аяз ата.Сіздердің ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы.

Аяз Ата:

-әрине ойна.

Сиқыршы:

-Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен   «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем  артқа секіресіңдер.Кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген балаларАяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық.

«Қаппен жарысу» ойыны

Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Мен сендермен қоштасып,келесі шырша тойына барсам, сендер ойнап, өздерің билей беріңдер! Қош,сау болыңдар,балақайлар!  

Жүргізуші:

Кетті атамыз  сүйікті де, сүйкімді

Енді қалай келтіресің ұйқыңды.

Шыршамызды шыр айналып өмір жүр,

Біз білмейміз одан өткен сиқырды.

Музыка ойналып мыстан келеді.

Мыстан:Аспанда қайдағы бір тікұшақтар мен ұшақтар ұшып жүр. Ал жерге түссең мынандай менің сұлулығыма шек келтіретін балалар жүреді. Аяқтың астында. Тфу, МАИ нені қарап жүр. Осыларды тексермей. Сендерге алаңдаймын деп таяғымды сындырып алдым.  

Жүргізуші: Мыстан әже, қош келдіңіз, жаңа жылыңызбен! Сізсіз Жаңа жылдың сәні кірмес, бізбен  бірге бір ойын, не бір би билеп кетіңіз. Келіп қалдыңыз гой. Балаларда соны қалайды  Солайма балалар.

Мыстан: Ай, жарайды менің мына сыпырғышыма мына шыршадан қосып қойыңдар. Мен енді жылдам жететін болайын.

Ал, қандай ойын, қандай би бар мен бір билеп қалайын. Ааа , таптым , таптым мына шарды ішке үрлеп , жылдам жаңа жылға тілек не тақпақ айтамыз. Сонда бір қызық болады. 8 шар. 4 баладан 2 топ.

Ойын. «Шарды ішке үрлеп жаңа жылдық тақпақ айту.

Мыстан кемпір жұмбақ жасырады: 

Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына,
Бip-ақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына,
Сыйлық алып келеді.       /Аяз Ата/

Суды елекпен қалай тасуға болады?  Жауабы: мұз қылып қатырып

Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол полициясы

Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке

Патша кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың

Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Жауабы: мен

Жеген сайын жылататын нәрсе? Жауабы: Таяқ

Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? Жауабы: Ұзынағашта

Мыстан: Аяз ата мен ақшақар кеттік енді балалар күтіп қалған болар-деп іздейді.

Жүргізуші: Аяз ата мен Ақша қар бағана  кетіп қалған.

Мыстан: Не-дит Ай,ай тағыда алдандым, жаңа қащейге Ақшақарды алып келем деп сөз беріп едім. Жаңа жылда басын қосып үйлендірембе деп едім. Кап, қап

Енді мен сендермен бірге қала берейін, мен кащейге келер жылы барармын.

Жүргізуші:Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік.

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.  Барлығымыз қосылып бір ән орындайық!

-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.


Жүргізуші: Гүлсара

Мұзханшайымы: Әсел

Маша : Гүлмира Б

Аю: Самал

Сайқымазақ:Панар

Түлкі: Анар

Мыстан:Гүлмира Н

Аяз ата:

Ақшақар:

Сиқыршы:  Айман

Тауықтар:   Гүлстан балалар

Маймыл:  Өрік балалар


 

№68 МИББ кешені

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қош келдің, Жаңа жыл!

 

 

 

Похожее изображение

 

 

 

 

 

 

Қарағанды қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош келдің жаңа жыл!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2017 646
    • DOCX 202.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тишмагамбетова Самал Аманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 7887
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 280 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе