Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / "Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілігінің жүрісі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

"Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілігінің жүрісі

библиотека
материалов

hello_html_m5ae19b13.gifhello_html_m73ea658.gifhello_html_m56d4e9cb.gifhello_html_m56ea67fe.gifhello_html_1f9ec19e.gifhello_html_m60bf0ed4.gifhello_html_2d5c98bb.gifhello_html_m4bf5f2c5.gifhello_html_m50c1bb0c.gifhello_html_m339d0228.gifhello_html_65231134.gifhello_html_m3e7f7805.gifhello_html_7a367d4f.gifhello_html_m49dde563.gifhello_html_182233f2.gifhello_html_m566e8b5e.gifhello_html_53055a51.gif

Аудандық «Ертегілер елінде» атты Президент шыршасының сценарий

1 сахна


Жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!


Балаларға арналған «Ертегілер елінде» атты Президент Шыршасына қош келдіңіздер!

(Дауыс беріледі) От шашулар атылып, әр түрлі шамдар жағылады.



Ұл: Ақтолқын бізге жаңа ғана жеделхат келді.

Қыз:Кімнен?

Ұл: - Ертегі кейіпкерлерінен.

Қыз:Қане мен оқып көрейін. (хатты алып оқыды)

Саламатсыздарма Бейнеу ауданының бүлдіршіндері.Жаңа жылдарыңызбен! Көп бүдіршіндер ішінен сіздердің ерекше ықлатарыңды ескеріп, ендерді таңдадық. Біздер сіздердің мерекелеріңізге асығып келе жатырмыз. Күтіңіздер !

Сәлеммен: Ертегі кейіпкерлері және 12 жыл басы.

Ұл: - Көрдің бе күтіңіз деп жазыпты.

Қыз: - Бақытжан, қандай керемет біздің мерекемізге ертегі кейіпкерлері келе жатыр. Ендеше біз оларға мекен жайымызды анық көрсетіп, жеделхат жазып жіберейік .

Қыз: - Дұрыс айтасыңБақытжан жүр бірге жазайық. (Сахнадан екеуі жүгіріп кетеді)

Жүргізуші: Балалар біздің Бақытжан мен Ақтолқын жедел хатты тезірек жіберсе екен.

Жарық сөніп, екінші сахна орман іші көрсетіледі.

2 сахна

( Ұл мен қыз орман ішінде келе жатады)

Жүргізуші: Достар менің көмекшілерімді көрген жоқсыздарма. Олар әлі келген жоқ. Меніңше олар орман ішінде қыстың боранды күнінде адасып кеткен сияқты.

Қыз: Бақытжан мына жол келген жолымызға ұқсамайды, біз адасқан сияқтымыз. (қорқынышты дауыспен)

Ұл: Ақтолқын, орманда жауыз мыстан бар деуші еді, біз соған тап болсақ қайтеміз?

(Орман ішндегі бейтаныс дауыстан мыстан оянып кетеді)

Мыстан: Адамның иісі шығады.( тімсікіленіп)

Ұл: Ақтолқын мынау мыстан кемпір ғой. Тығылып қалайық , бізді көріп қалмасын. (Мыстаннан қорқып ағаштың түбіне жасырына бастайды. Қыз түшкіріп қалған кезде, мыстан баланы ұстап алып түскі ас әзірлемек болады.)





Мыстан: Ха-ха-ха, бүгін менің түскі асым дәмді әрі ерекше болайын деп тұрған сияқты. Мен сені қазір қуырып жеймін. (қомағайланып, баланы табаға сала бастайды)

Жүргізуші: Балалар, мына жауыз мыстан Бақытжанды шынымен жеп қойса қайтеміз?

Қыз: Досымды жібер,жібер, жібер! Мыстан әже досымды жіберіңізші, өтінемін жіберіңізші (аянышты дауыспен жан – жағына қарап)

Көмектесіңдер,көмектесіңдер... (айғайлап)

Түлкі: Мыстан достым бұл не шу? (Сумаңдап)

Мыстан: Көрмей тұрсыңба? Бұлар менің түскі асым.

Түлкі:Досым-ау, сен өте мейірімді , әдемі, керемет жансың. Мүмкін түскі асты бірге жерміз.

Қыз: Шыршалар, шыршалар көмектесіңіздерші!

(шыршаға қолы тигенде жан біте бастайды)

  1. шырша: Осы мыстан тағы да бүлік шығарды-ау.

  2. шырша: Тоқтат мыстан!Бұның не? Әуелі балалардан жөн сұрайық.

Қыз:Біз Жаңа жыл мерекеге осы ормандағы аңдарды шақырып келе жатқанда Мыстан әжеге тап болдық.Мыстан әжей досымды босатыңызшы, есесіне біз сіздерге мерекелік кеш сыйлаймыз.

Түлкі:Мыстан біз біріншімерекелік кешке барайық, содан соң бұларды бәрі бір жейміз.

Мыстан: Жарайды! (Ойланып жүріп) Ым-ым-ым-м, менің бір шартым бар. Егер кеш ұнаса мен сендерді босатамын, ал егер ұнамаса сендерді жейтін боламын.

Ұл: Ендеше жүріңдер бірге барайық.

3-Шырша: Мыстан бір келісімгекелгенің үшін ризамыз. Біз саған арнапби билеп берейік. (Би аяқталған кезде Мыстан, түлкі және ұл мен қыз шығып кетеді)

Жарық сөніп, жанады

3сахна

(Орман ішінде кешке аңдармен ертегі кейіпкерлер келе жатады)

Ертегі кейіпкерлері пайда болады.(Таңырқап, жан - жағына қарайды)

Жүргізуші: Балалар ертегі кейіпкерлері орманда адасып жүрген сияқты.

Барыс: - Біз қайда келдік? Жолдан адасып қалған сияқтымыз .

Буратино:Жолдың бәрін қар басып қалыпты, мүмкін оңға қарай әлде солға қарай жүрерміз.

Қоян: Ой, ойййй мен қорқа бастадым бізге енді кім жол көрсетеді.

Сиыр: Мөөөөөө барысқа сеніп келе жатқанда қайда тап болдық.


Жылан: Онда жолды мен көрсетейін, еріңдер соңымнан.

Маймыл: Мына, жыланға еретін болсақ,біз кештен құр қаламыз-ғой.

Мальвина: Достар мыналар аққалалар ғой, жолдың жөнін осылардан сұрайық.

Аққала биі.

Аққала: Мына боранда қайда шықтыңдар?

Буратино: Балалардың Жаңа жылдық кешіне барайын деп жүргенде адасып кеттік. Аққалалар бізге жол көрсетіңізші.






Аққала: Жарайды мерекелік кешке бірге барайық.

Мальвина:Жүріңдер, уақытты босқа өткізбейік, бізді күтіп отыр ғой.


(Жарық сөніп, музыка ойналады персонаждар ораға балалардың жанына қарайбет алады.)

Екі жүргізуші , мыстан, түлкіні ертегі кейіпкерлері күтіп алады.

Жарық жанып «Ертегілер» әні орындалады, шырша жанады

Тауық: (Таңырқап) Қандай әдемі әсем кеш, балаларда өте сүйкімді , мына кешке дер кезінде келгеніміз жақсы болды достар.

Ұл: (Қуанышты дауыспен) Сәлем достар! Біз күткен достарымыздың бәрі келіпті. Ендеше мерекелік кешемізді бастасақ та болады.

Қыз: Тамаша, біз сіздерді күтіп отыр едік.

Мерекелік кешімізді бастайық.(екуеі бірге айтады)

Ән: Жаңа Жыл ( Әли Байжан)

Жүргізуші: Құрметті бүгінгі жаңа жыл кешіне жиналған қонақтар...

Мыстан: (тосыннан шығады жүргізушіні тоқтатып тастайды, таяғын шошаңдатады) Мен мына балалармен ойын ойнауым керек.Балалар менімен ойын ойнауға қалай қарайсыздар?

Мыстанның ойыны: «»

Жүргізуші:Мыстан әже кешімізді жалғастыруға рұқсат етіңіз.

Балалар кешіміз көңілді өтіп жатырма? Жаңа жыл мерекесіне сонау алыстан сыйлықтарын ала келетін қадірлі қонағымыз кімдер балалар?Әрине Аяз ата мен Ақша қар.

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Бәріміз бірге Аяз атамызды қарсы алайық.

 Би: Сантаклоус.

Аяз ата:Армызсыздар, бармысыздар тәуелсіз елдің қырағы ұландары. Кешке жиылған ата-аналар мен қонақтар.Мен бүкіл қазақ сахарасын шарлап, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Берекелі Бейнеу жеріне жеткенше асықтым. Сендердің жарқын жүздеріңді көріп, мен жасарып, масаттанып тұрмын.

Аяз ата: Қызымау, осы менің қоржыным қайда, алып келші!

«Қоржын ауысу » қыймылы (екі санта куады, қапшығын әкеліп береді)

Аяз ата: Балалар көрдіңздерме сіздердің жарқын жүздеріңізді көріп, менің сыйға толы қоржыныма жан бітті. Қыздарыма мың алғыс.



Ақша қар: Саламатсыздарма балалар. Біз сіздерге сонау алыстан келдік. Ендеше өз өнерлеріңізді ортаға салыңыздар. Бірге тамашалайық!

(Балалар өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші: Балалар өте алғыр да зерек екенсіңдер. Аяз атамыз сіздерге риза болып, сыйлықтарын тарту етті.Алған сыйлықтарың қандай әдемі.

Біздің Бақытжан мен Ақтолқынның жаңа жыл мерекесіне қатысты апа-ағайлары мен достарына қойатын сұрақтары бар екен.

Қыз: Досым, Жаңа жыл мерекесі өзге мерекелерден несімен ерекшеленеді?







Ұл: Қуанғали ағай ең алғаш Аяз атадан сыйлық алған кезіңіз есіңізде ме?

Қыз: Жолан ағай Аяз атаға арнап тақпақ айтып беріңізші!(Сыйлық табысталады)

Жүргізуші: Жас пен кәріні қуанышқа бөлейтін айтулы мерекені әсем әнмен жалғастырайық.

Армысың, аманбысың Жаңа жылың.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Қой жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Ән: «Жаңа Жыл»

Жүргізуші: Балалар, біз Жаңа жылда армандарымыздың орындалатынына сенеміз ғой.Ринат сен тағы қандай қызықты қойылым көргің келеді. Олай болса бәріміз ортаға әйгілі Сайқымазақты шақырайық. (Оңғар шығады)

Сайқымазақ: Сен мұндай қойылымды бұрын көріп пе едің?

Қызықты қойылым көрсеткен Сайқымазақ Арманиға Қошемет көрсетейік

Жүргізуші: Балалар жыл атауларын білеміз бе? Жарайды.

2014 жыл қай жылы еді балалар? Дұрыс жылқы жылы. Өткен жылы бізге бір жылқы келсе, олар көбейіп бұл күнде үйір-үйір жылқыға айналды. Ендеше достар сөз кезегін жылқыларға берейік.

Жылқы: Ал балалар менің кететін уақытым болып қалды. Жаңа жыл басын шақырайық!Қанекей айтыңдаршы биылғы келетін жаңа – жылымыз қандай жыл балалар? (Оқушылар бәрі бірге Қой жылы) Дұрыс айтасыңдар, ендеше қойды ортаға шақырайық.

Би: «Тентек Қошақандар»

Жылқы: Міне, санаулы уақыттан соң өздеріңізбен қоштасып, жыл басын Қойға табыстаймын. Еліміздегі жетістіктерге назар аударайық.

( Слайдпен жылқы өз жетістіктерін айтып, жаңа жылды аманат етіп тапсырады.)

Тәуелсіз Елімнің тыныштығы мен дамып өркендеуі сенің қолыңда. Жыл басын саған аманат етіп табыстаймын.

Қой: Рахмет сеніміңізге. Мен егемен еліміздің өсуі үшін өз үлесімді қосатын боламын. Құтты қой жылында мол табысқа кенеліп, елімізде бейбітшілік болсын.

Жүргізуші:Қазақы дәстүр бойынша 12 жыл атауынның өзіндік қасиеті бар. Өткен жылқы еліміз үшін табысты жыл болды. Бір жасқа ұлғайып, есейе бастадық. Ескі жылқы жылына өпкеміз жоқ. Балалар жыл басын қойға табыстады. Біз қимастықпен жылқыларымызды шығарып салайық.

Жүргізуші: Жылқы - қазақ халқының қадір тұтатын киелі жануар. Жылқы жылында еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздегі игі жақсылықтардың бәрі тек қана сіздер үшін. Өздеріңді арнайы Елбасы құттықтайды. Экранға назар аударайық!


Сөз осы мерекеге ұйытқы болып отырған аудан әкімі Әзірханов Басшы Айжанақұлына беріледі.



Жүргізуші: Келесі сөз қайырмыдылық қорының төрағасы

---------------------------------------------------------------------------------------------

Жаңа жылдық шыршаға қатысушы оқушылар тізім бойынша сыйлықтарын алады.

Сайқымазақ: Гүлдана саған қай кейіпкер көбірек ұнады. (сыйлық табыстау)

Жүргізуші:Қандай тамаша кеш. Солайма мыстан . Балалалар қандай қуанышты. Ал, балалардың әрбір күні қызықты өтсін деген қонақтар оң қолын, Аяз ата мен Ақша қар жыл сайын сыйлықтарын алып келе берсін дегендер сол қолын көтереміз. Жыл санап бүлдіршіндеріміз артып, ауданымыз көркейсін дегендер екі қолмен бірге қол соғамыз. Деніміз сау, еліміз тыныш қой жылы құтты жыл болсын дегендер отырамыз.Жайғасып отырып, қол ұстасып елімізге ашық аспан тілейік.Елімізде қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын заман болсын дейтіндер бірге қол соғамыз. Орнымыздан тұрамыз 2015 жылы Қазақ елі биік белестерді бағындырып, әлемге өз атын таныта берсін дегендер тағыда қол соғамыз. Еліміздің болашағы жастарымыздың жүздерінен қуаныш арылмасын деп қошеметтеп қаттырақ қол соғайық.

Жүргізуші:Міне, балалар сіздерді елбасы құттықтап,үлкен сенім артып отыр.Жаңа 2015 жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-береке болуын тілейміз. Осындай көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған Елбасымызға үлкен алғыс білдіреміз.

Ақшақар:Балалар біз сендердің өнерлеріңізге тәнті болдық. Менде сендерге өз өнерімді көрсетейін.

Ән " Жаңа жыл " Гүлбаршын

Қыз: Ақшақар сіз біздің бүгінгі думанды кешімізге келіп балаларға ерекше көңіл-күй сыйлағаның үшін сізге рахмет айтамыз.

Жүргізуші: Ал, балалар Аяз атамызды өздерің сияқты достарыңыз асыға күтіп отырған болар. Бәріміз бірге Аяз ата мен Ақша қарды шығарып салайық.



Аяз ата:Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аудандарыңыздың жетістіктері мол, аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(Санталар щығарып салады)

Жүргізуші:Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп,жаңа 2015 жылы кіріп келді. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Түлкі: Мыстан досым-аусенің қарның ашқан жоқ па?Менің қарным аша бастады. Кешкі ас ішетін уақыт болған сияқты.

Мыстан: Жоқ түлкі мен бүгін уәдемде тұрамын, маған бүгінгі ұйымшылдықпен, достыққа толы көңілмен, ақ жарқын пейілмен өткізген Жаңа жыл кеші қатты ұнады, сондықтан бұл балларды мен босатамын.

Жүргізуші: Балалар сіздерге кеш ұнаған болар. Көрдіңбе мыстан әже қашанда бәріміз бірге бас қоып, бірімізге біріміз жақсы ниетте болғанымыз қандай жақсы. Сіз енді жыл сайын ормандағы барлық аңдармен бірге келіп, балалардың мерекелік кешіне қатысасыз деген сенімдеміз. Солай ма балалар.

Қыз: Келесі жылғы Жаңа жылдық кешімізге міндетті түрде келіңіз.



Жүргізуші:Жаңа  жыл  әр-біріңіздің  отбасыңызға  жаңа нұр, жаңа  шуақ, табыс пен  береке, қуаныш  пен  мереке алып  келсін. Жаңа  жыл  баршамыз  үшін берекелі,

мерекелі  жыл  болсын!

Ұл: Достар көңіл –күйлеріңіз қалай? (Тамаша) көрдіңбе Ақтолқын бүгінгі кешімізде достарымыз өте жақсы көңіл –күйде екен. Саған мерекелік кешіміз ұнадыма? Қыз:Әрине Бахытжан, Осы мерекені ұйымдастырушыаға-апайларымызғадостарымыздың атынан алғысымызды білдіреміз.

Достар келесі кездескенше сау болыңыздар! (Екеуі бірге)

























«Манашы орта мектебі» ММ



Аудандық



«»

атты

Президенттік шыршасы



























2014-2015 оқу жылы

Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров115
Номер материала ДВ-564159
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх