Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Қош келдің жаңа жыл! ертеңгілік

Қош келдің жаңа жыл! ертеңгілік



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізетін әсем безендірілген залға , балалар музыка әуенімен қол ұстасып келеді.

Осы кезде қызыл телпек болып киінген жүргізуші келеді.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін тек, мына арай жаңа жыл.

Сәлеметсіңдер ме балалар? Амансыздарма құрметті қонақтар? Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Жаңа жыл отбасыларыңызға жаңа бақыт, жаңа табыс, құт береке әкелсін.


Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімде сан қилы,

Қызық-қызық сырлар бар. Айтпақшы балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?

Балалар: Қызыл телпек.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар, мен сендердің мерекелеріңе сонау алыс орманнан, ертегілер елінен келдім.

Мұнда қандай мереке болып жатыр?

Балалар: Жаңа жыл.

Қызыл телпек: Қандай жаңа жыл? Жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақар болмайма? А-а балалар, жаңа мен орманнан келе жатқанда Аяз ата мен Ақшақар мүлдем басқа жолмен кетіп бара жатқан. Мүмкін олар адасып кеткен шығар. Қане сендер менімен дос болсаңдар мен сендерге орман ішінен Аяз ата мен Ақшақарды табуға көмектесемін. Менімен дос боласыңдар ма?

Балалар: Ия.

Қызыл телпек: Ендеше маған бір ән айтып беріңдерші.

Ән: Шырша жыры.

Әннен кейін ортаға Қасқыр шығады.

Ау жарандар, ал қараңдар,

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды,

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз,

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап.

Көп қызыққа батамыз!

Қызыл телпек: Оу Қасеке сен не Аяз атаға барар жолды білесің бе?

Қасқыр: Әрине білемін.

Қызыл телпек: Ендеше менің мына достырыма жолды корсетіп жібересің бе? Өтінем.

Қасқыр: Көрсетсем көрсетейін. Бірақ сенің достарың менің көңілімді көтенсін,- деп Қасқыр жерге жантая жата кетеді.

Қызыл телпек: Қасеке сенің көңіліңді көтеру үшін менің шыршы достарым би билеп берсін.

Би: Шырша биі.

Қасқыр: Жарайсыңдар. Қызыл телпек сенің достарың өнерлі екен. Мен сендерге Аяз атаға барар жолды көрсетіп жіберейін. Анау орман ішімен тікке, содан соң оңға, содан соң солға, одан кейін артқа деп күліп шығып кетеді.

Қызыл телпек: Ой балалар мынау не деп кетті, түсінсем бұйырмасын. одан да өзіміз ақ іздеп көрейікші.

Осы кезде шырша түбінде Аю аққаласын құрастыра алмай басы қатып отырады

Қызыл телпек: Қайырлы күн Аю паң.

Аю: Қайырлы таң Қызыл телпек. Мен де

Жаңа жылдың алдын да

Тойды еске алдым да,

Ұйқымды ашып, сергідім.

Ұйықтамаймын мен бүгін.

Қызыл телпек. Жарайсың Аю паң. Жаңа жылда ұйықтағаның жарамас. Сен осында отырғаныңа көп болды ма?

Аю: Ия.

Қызыл телпек: Онда осы маңнан Аяз ата мен Ақшақар өтпеді ме?

Аю: Ойланып тұрып. Көргеніме біраз уақыт өтті.

Қызыл телпек: Ендеше менің достарыма жол көрсетсең қайтеді:

Аю: Көрсетсем көрсетейін. Қызыл телпек сенің достарыңа қарасам өздері сондай ақылды көрінеді. Сенің достарың менің Аққаламды құрастырып берсе , мен Аяз атаның қай жолмен кеткенін айтамын.

Балалар: Аққала құрастырады.

Аю: Рақмет сендерге балалар. Шатаспасам Аяз ата анаау жолмен кетті,-деп Аққаласын алып шығып кетеді.

Қызыл телпек: Балалар Аю да шатасқан сияқты. Ол көрсеткен жолдан Аяз ата мен Ақшақар мүлдем көрінбейді. Балалар мен Аяз ата мен Ақшақарды іздеймін деп шаршаған сияқтымын. Сендерге қалай көмектессем екен а?- деп Қызыл телпек мұңайып тұрғанда қутыңдап қу Түлкі келеді.

Түлкіжан сәлеметсің бе?

Түлкі: Сәлеметсің бе Қызыл телпек. Сенің түріңе не болған? Мүлдем көңілсізсің ғой?

Қызыл телпек: Бізге сенің көмегің қатты қажет болып тұр. Бірақ сен де бізді алдайсың ғой?

Түлкі: Жо-жоқ алдамаймын.

Қызыл телпек: Сен осы орманда көп жүресің ғой. Мен мына достарыммен осы орманда адасып кеткен Аяз ата мен Ақшақарды іздеп таппай жатырмыз. Мүмкін олардың қай жолмен кеткенін сен білетін сияқтысың ғой?

Түлкі: Ия білемін. Мен сенің достарыңа жұмбақ жасырқым келіп тұр. Жұмбағымның жауабын дұрыс шешсе мен тура жолды айтамын.

Қызыл телпек: Жасырсаң жасыр. Менің достарым тез ақ шешіп тастайды.

ЖҰМБАҚ:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

Тікен тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте. (Шырша)

Түлкі: Қызыл телпек мынандай ақылды, тапқыр достарды қайдан тапқансың? Аяз ата мен Ақшақарға қазір мен кетемін мен кеткен жолмен тіке, содан соң оңға, содан тура жүріп, артқа қайтар жолмен барсаңдар табасыңдар деп алдап кетеді.

Қызыл телпек: Балалар түсінсем бұйырмасын. Мынау түлкі бұрынғы әдетіне басып, бізді тағы алдап кетті- ау шамасы. Қане барлығымыз дауыстап Аяз ата Ақшақар деп шақырып көрейік. Мүмкін даусымызды естіп өздері бізді тауып алар.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына барып тұра қалады.

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін -ай! Үйге алып кетсем бе екен?

Қызыл телпек: Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. тимеңіз біздің шыршамызға.

Мыстан: О-О-Оу мынау қандай қызық кілт өзі.Осы кілт бағанағы мен ұшып келе жатып көрген сандықтың кілті болар. Мен шыршаға тимей -ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын. Мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!

Мыстан кемпір кілтті алып кетіп бара жатқанда қалтасынан бір таяқ түсіп қалады.

Осы кезде есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-сала залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Аяз ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді. Ол кіргісі келмейді.

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Мен мұнда кірмеймін, үйге кетемін.

Аяз ата: Айналайыным-ау не болған саған? Ауырып қалған жоқсың ба өзі?

Ақшақар: Жо-жоқ. Ауырып тұрғаным жоқ. Ешқайда барғым келмейді, уйге қайтамын.

Аяз ата: Қызым -ау не айтып тұрсың? Қарашы біз тойға келдік!

Қане балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем.

ҚАНДАЙ ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕРІҢ

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Қане қызым қонақтардан ұят болды. Қане басыңды көтер. Қарашы балалардың киімдері сондай әдемі. Шырша әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

Осы кезде Ақша қар жылап тұрып. Мен шырша шамын жағатын таяғымды жоғалтып алдым.

Аяз ата оны жұбатып тұрып: Қазір мен-ақ оны өзімнің таяғыммен жағамын,- дейді.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Қызыл телпек: Ақшақар сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, ұзынша, басында жұлдызшасы бар. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Қызыл телпек: Жаңа мұнда мыстан болған. Ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затты түсіріп алды. Сол емес пе екен? деп Қызыл телпек Ақшақардың таяқшасын өзіне береді.

Аяз ата: Қана қызым шырша шамдарын жарқырат.

Ақшақар шырша шамдарын таяқшасымен сермеп жағады.

Қызыл телпек: Аяз ата сіз орман ішінде адасып жүріп шаршаған боларсыз. Мұнда отырып дем алып, менің достарымның өнерін тамашалаңыз.

Қане балалар Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

ТАҚПАҚТАР:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, әке- шеше

Құтты болсын жаңа жыл.


Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.


Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.


Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.


Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар. Ендеше Ақшақар менің кішкентай Ұлпа қар достарым саған арналған билерін билеп берсін.

Ұлпа қарлар биі.

Аяз ата: Бәрекелді балалар. Өздерің сондай өнерлі екенсіңдер. Ескі жылға өкпе жоқ. Ендеше барлығымыз қол шапалақтап келер жаңа жылымызды қарсы алайық. Ортаға маймыл шығады.

Маймыл: ӨЗ сөздерімен.

Қызыл телпек: Аяз ата сіз менің достарыма сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде. Ақша қар сандықтың кілті қайда?

Ақшақар: Иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.

Қызыл телпек: Аяз ата мұнда кілт болған, оны мыстан кемпір алып кетті. Ол тіпті шыршамызды да алып кетпекші болды.

Осы кезде мыстан кемпір жүгіріп шығады.

Мыстан: А- а бәлем таптым, сандық мұнда тұр екен ғой.(Сандықты ашайын деп жатқанда оны бір еріксіз күш артқа итереді.

Аяз ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды ғой.

Мыстан: Ойбай мынау тағы не дейді. Сыйлық өзіме де керек.

Аяз ата: Олай болса өзіңнен көр, мен сені қатырып тастаймын. Қане тяғым мына Мыстан кемпірді қатырып таста.

Мыстан: Әй шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой не істесем екен?

Аяз ата: Бересің бе сандықтың кілтін.

Мыстан: Жоқ бермеймін.

Аяз ата: Онда солай тұра бер. Мен кетемін.

Мыстан: Жоқ ,Аяз ата! Беремін кілтіңді, тек балалар менің де көңілімді көтерсінші.

Қызыл телпек: Ал достарым сыйлық алғыларың келсе Мыстан кемпірге менің кішкентай Маймыл достарым би билеп берсін.

БИ: Маймылдар.

Мыстан: Жарайсыңдар балалар. Жақсы билейді екенсіңдер. Мен уәдемде тұрып кілтті қайтары берейін.

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. Киімдерің қандай ідемі. Солай емес пе қызым. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал балалар, сендер өсе беріңдер, өне беріңдер. деп қол бұлғап шығып кетеді.

Қызыл телпек: Құрметті қонақтар, балалар! 2016 жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағаныңызға рақмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасылырыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.08.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров28
Номер материала ДБ-151323
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх