Тақырыбы: «Қош
келдің, Жаңа жыл!»
1-жүргізуші:Құрметті:
ата-аналар, мейірімді апайлар, бал бөбек балалар! Міне көптен күткен жаңа жыл
мерекесі де келіп жетті . Ендеше барша қонақтар сіздерді жаңа жыл мерекесімен
құттықтаймыз.
Жаңа жыл,жаңа нұр,
Нұрдан ләззат ала біл,
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
2-жүргізуші:Балалар
сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Бүгін қандай мереке?
Балалар:
Жаңа жыл!
Ендеше «Зерек» тобының «Қош келдің,
Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Балалар қараңдаршы қандай әсем көрікті
шырша . Әдемі моншақтарын тағып алып сендерді күтуде.
Ендеше кәне барлығымыз бірге шыршамыздың
шамын жағайық.
Балалар:
Тауду туып
Тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз , -дей келе
Ән:
«Шыршаға бардық !»
1-жүргізуші:
Ой балалар жарайсыңдар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ : Ақ
сақалды шал, жылына бір рет келеді, Қызы
мен ұлына сыйлық алып келеді. /Аяз ата/
Балалар біздің шырша тойымызға
кімдер жетіспей тұр. Ендеше аяз атамыз бен ақшақарымызды шақырайық.
Балалар:
Аяз ата-ауу, аяз
ата-ауу!
Аяз ата: Амансың ба,
ұлдарым,
Амансың ба,
қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің, Қандай
әсем
жырларың,
Асулармен
алысқан,
Асау жолмен жарысқан,
Аталарың
сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Ақшақарың: сәлеметсіздер
ме балалар!
Қарлы боран болсада,
Қорықпаймын тоңбаймын
Өйткені мен немересі атайдың
Ақшақари боламын.
көрсетпек.
2-Жүгіжуші:Ауламызда
ұшып жүрген Ақ мамық қар себелеп, Ұлпа қарды шақырдық біз,Бізге би билеп берсін
деп.
Би: Ұлпа
қарлар
2-Жүргізуші
Келесі кезекті ойынға берейік
Ойын:
Қар жинау
Ойының шарты: шашылған қарларды
шапшаңдықпен жинау
1-жүргізуші:
Ел құрметтеп көп
тосқан,
Келді аяз
атамыз
Келіңдер , кел достар
, Шырқап
ән саламыз.
Ән:
Жаңа жыл
2-жүргізуші:Ертегімде
сан
қилы,
Қызық, қызық, сырлар бар. Жаңа
жылдың кешінде, Жаңа
жылға
арналған,
Ертегі кейіпкерлерінің биін тамашалайық.
Би:
Аюлармен аралар биі.
Тақпақтарды жаттадық
,
Биде үйрендік көрсін
деп,
Аяз ата
шаттанып,
Бізге
риза болсын деп, кезекті тақпақтарға
берейік:
Аршат:Сақалы
аппақ
күмістей,
Тістері аппақ
күріштей,
Қызыл ала
шапаны,
Сағындым Аяз атаны.
Ернұр:Жаңа
жылмен, жаңа
жылмен,
Құттықтаймыз
әрине,
Папамызды
,мамызды,
Қонақтардың бәрінде.
Нұржігіт:Тамаша,
тамаша, Шыршамыз
тұр
жараса,
Басында әсем жұлдызы , Көз
тоймайды қараса.
Әдемі:
Аяз ата
тыңдаңыз
Тақпақ айтып
берейік,
Ортамызда
шыршамыз,
Ойнап бірге күлейік.
Хатидже:
келді міне жаңа жыл
Қарсалайық бәріміз
Күліп ойнап би билеп
Ән салайық бәріміз
Айым:
Аяз ата жол
салып
Ақ боранен
алысқан,
Балаларға
базарлық
Алып келді алыстан.
Қабілет: Аппақ
тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Алина:
Әкелсін жыл ырыс құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша.
Айсезім
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сылу шыршамыз
Көптен күткен сағынған.
Телжан: Жаңжылды
біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Өлеңде әзір ән әзір
Ойында әзір бәрі әзір
Кел жаңа жыл жаңа жыл.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.