Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Қош келдің жаңа жыл" ертеңгілік әзірлемесі ересек тобы

"Қош келдің жаңа жыл" ертеңгілік әзірлемесі ересек тобы

Скачать материал

                                        Қош келдің Жаңа жыл!

Жүргізуші:    Амансын ба халайық?
                         Жаңа жылды тойлайық
                          Ән салайық, билейік
                          Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, әріптестер жоғары топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

(балалар « Келді бізге жаңа жыл» өлеңін айтып кіреді)

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған, 
                      Асыл моншақ тағылған.
                      Міне, сұлу шыршамыз
                      Көптен күткен, сағынған!
-Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой. Ендеше, 
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер.
Бірге үріп шыршаның 
Шамдарын жағып көріңдер!
-    Қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын жағайық!
Бір, екі, үш!(үш шапалақ)
Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)
(Бірнеше рет қайталайды, шыршаның шамдары жанады)
(Ду қол шапалақ!!!!)
Жүргізуші: Балалар қарандаршы шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі.
            Кәне шыршамызға арнап ән айтайық.
Ән: «Тауда туып, тауда өскен»

Жүргізуші: Жарайсыңдар  қандай жақсы өлең! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның қасында үлкен жәшік тұр. Мүмкін мұнда сыйлықтар бар шығар ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Күлдіргіш атып шығады)
Үй иесі:  Мәссаған! ( Таңырқап, жан – жағына қарап)

Жүргізуші: Сен кімсің? өзің киімің қандай тамаша.?!

Үй иесі: Танысып қоюға рұқсат етіңіз, менің атым Күлдіргіш Клепа ( балалармен қол алысып амандасады). Мені мынау қораптан босатқандарыңа көп рахмет.Әйтпесе мен мында жаңа жыл шыршасы болады деген соң асығып келе жатқанда мыстан кемпір сен бармайсын ол мерекеге мен барамын деп мына жәшікке қамап қойды. Кәзір өзі де келіп қалатын шығар.

Жүргізуші:Көңіліңді бұзба кішкентай үй иесі Қарашы , мына бөлмеде қаншама қыздар мен ұлдар.

Үй иесі: Иә, қыздар көп екен, бірақ ұлдар одан да көп! ( жүргізуші екеуі айтысады жүргізуші қыздар көп, ал үй иесі ұлдар көп деп).

Жүргізуші: Кішкентай үй иесі біз ештеңе бітірмейміз, одан да былай жасайық. Мен қыздармен амандасамын сен ұлдармен, кімдердің дауысы қатты шықса солар көп болады. Келісесің бе (иә).

Үй иесі: Қане, ұлдар Сәлеметсіңдерме ұлдар! ( Күлдіргішке ұнамайды ол балаларды мазақ қылады).

Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме қыздар! Көрдің бе қыздар көп.

Үй иесі: Қане ұлдар көрсетіңдер өздеріңді. Сәлеметсіңдерме ұлдар! Міне естідің бе енді сіздер естідіңіздерме? (қонақтарға қарап).

Жүргізуші: Жарайды, енді қане қонақтармен де амандасайық бәріміз.

(Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар).

Үй иесі: Жаңа жылымыз қызықты өту үшін мен сендермен «Саған өмір қызық болса былай ет» деген ойынын ойнағым келіп тұр.

Үй иесі: Ал балалар сендер не білесіңдер?

Жүргізуші:Клепа біздің балалар саған арнап «Домовеноктар» биін билеп береді.

Үй иесі: Тамаша менде биді жақсы көремін, менде сендермен билеймін.

                                               «Домовеноктар» биі
Жүргізуші
: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,
Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: Қәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Менде аяз- ата бола алам менде сыйлық әкеле алам, міне қараңдар (қапшығынын ішінен рогатка, таба керек емес ойыншықтарды көрсетеді).

Жүргізуші:Балалар мұндай сыйлықтар болама?

Балалар:Жоқ

Жалмауыз кемпір: Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді).

 Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң). Ал музыка сабағында ламбада билейміз «Ламбада» (балаларға қарап: Балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)
Балалар: Иә!
Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!

Үй иесі:Балалар жалауыз кемпірден қалай құтылатынымызды білем. Мен казір сиқырлы сөздермен боран шақырамын, ал бораннан жалмауыз кемпір тонып қашып кетеді.Ал бораннын соңынан аяз-ата мен ақшақарда келеді.Сим саладин-деп 3 рет сиқырлы сөздер айтады.
(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды) . - Мына  көлігімде оталмай жатыр. Еее, жарайды осыны қойшы! (сыпырғышты лақтыра салады.)  Мұнымен іс әлі біткен жоқ! (шығып кетеді).
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!

Аяз Ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,

Келе жатырмын, келе жатырмын.

Амансың ба ұлдарым,

Аппақ ару қыздарым!

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың!

Ақшақар: Сәлеметсіздерме ата-аналар сәлеметсіздерме балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз-атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. Менің сіңілдерім де осында екен кәнекей маған жақындап шыр айнала билеңдер!.

Би «Ұлпақарлар»

Жүргізуші: Ақшақар, біздің балалар саған арнап әнде дайындап қойды.

(ақшақарды ортаға алып айналып ән айтылады)

«Ақшақар» әні

Аяз Ата: Сендер балалар өте өнерлі  екенсіңдер! Ал сендер мыстан кемпір сияқты суықтан қорқпайсындар ма? Казыр мен тексерейін казыр қолдарынды тондырамын, құлақтарынды тондырамын т.б. Балалар мен жолдан қатты шаршадым, отырып дем алайын балалардың дайындаған  тақпақтарын тыңдайын.

Балалар тақпағы
Аяз ата: Жаңа жыл шаттықа қызыққа толы. Қанеки тағы қандай өнерлерің бар.

Жүргізуші:Аяз ата біздің балалар сізбен бірге шыршаны айналып шырша әнін  айтқысы келіп тұр.

 «Ән: «Шырша тауда туыпты»

Аяз Ата: - Балалар, тақпақтарды да, әнді де өте тамаша айтып шықтыңдар. Бүгінгі кеш өте көңілді болғандықтан, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: « Пима», «Қар лақтыру»
Ақшақар.:
Ата балаларға сыйлық тарататын кез келді.

Аяз-ата: Дұрыс айтасын қызымау, бүлдіршіндерді қуантатын уақыт келді.

               Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.

(Қой шанамен сүйреп залға сыйлықтарды кіргізеді)

 (Аяз атамен Ақшақар сыйлықтарды үлестіреді)
Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
               Өнерлі ару қыздарың,
               Жарқын, жарқын жүздерің,
               Жайнап өссін, гүлдерің.
               Күнбағыстай жайқалып,
               Биіктердер өздерің.
               Ақ көрпемді жамылып,
               Мұздан алқа тағынып,
               Әр жыл сайын сендерге,
               Келіп тұрамын сағынып.
Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаңғы  топқа арналған жаңа жылдық ертеңгілік

Жүргізуші:    Амансын ба халайық?
                         Жаңа жылды тойлайық
                          Ән салайық, билейік
                          Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, әріптестер жоғары топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

(музыка арқылы кіреді)

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған, 
                      Асыл моншақ тағылған.
                      Міне, сұлу шыршамыз
                      Көптен күткен, сағынған!
-      Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой. Ендеше, 
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер.
Бірге үріп шыршаның 
Шамдарын жағып көріңдер!
-    Қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын жағайық!
Бір, екі, үш!(үш шапалақ)
Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)
(Бірнеше рет қайталайды, шыршаның шамдары жанады)
(Ду қол шапалақ!!!!)
Жүргізуші: Балалар қарандаршы шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі.
            Кәне шыршамызға арнап ән айтайық.
Ән: «Тауда туып, тауда өскен»

Жүргізуші: Жарайсыңдар  қандай жақсы өлең! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның қасында үлкен жәшік тұр. Мүмкін мұнда сыйлықтар бар шығар ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Күлдіргіш атып шығады)
Үй иесі: Мәссаған! ( Таңырқап, жан – жағына қарап)

Жүргізуші: Сен кімсің? өзің киімің қандай тамаша.?!

Үй иесі:Танысып қоюға рұқсат етіңіз, менің атым Күлдіргіш Клепа ( балалармен қол алысып амандасады). Мені мынау қораптан босатқандарыңа көп рахмет.Әйтпесе мен мында жаңа жыл шыршасы болады деген соң асығып келе жатқанда мыстан кемпір сен бармайсын ол мерекеге мен барамын деп мына жәшікке қамап қойды. Кәзір өзі де келіп қалатын шығар.

Жүргізуші:Көңіліңді бұзба Клепа. Қарашы , мына бөлмеде қаншама қыздар мен ұлдар.

Үй иесі:Иә, қыздар көп екен, бірақ ұлдар одан да көп! ( жүргізуші екеуі айтысады жүргізуші қыздар көп, ал Клепа ұлдар көп деп).

Жүргізуші: Кішкентай үй иесі  біз ештеңе бітірмейміз, одан да былай жасайық. Мен қыздармен амандасамын сен ұлдармен, кімдердің дауысы қатты шықса солар көп болады. Келісесің бе (иә).

Үй иесі:Қане, ұлдар Сәлеметсіңдерме ұлдар! ( үй иесіне  ұнамайды ол балаларды мазақ қылады).

Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме қыздар! Көрдің бе қыздар көп.

Үй иесі:Қане ұлдар көрсетіңдер өздеріңді. Сәлеметсіңдерме ұлдар! Міне естідің бе енді сіздер естідіңіздерме? (қонақтарға қарап).

Жүргізуші: Жарайды, енді қане қонақтармен де амандасайық бәріміз.

(Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар).

Үй иесі:Жаңа жылымыз қызықты өту үшін мен сендермен «Саған өмір қызық болса былай ет» деген ойынын ойнағым келіп тұр.

Үй иесі:Ал балалар сендер не білесіңдер?

Жүргізуші:Клепа біздің балалар саған арнап «Қояндар» биін билеп береді.

Үй иесі:Тамаша менде биді жақсы көремін, менде сендермен билеймін.

                                               «Қояндар» биі
Жүргізуші
: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар,
Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: Қәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Менде аяз- ата бола алам менде сыйлық әкеле алам, міне қараңдар (қапшығынын ішінен рогатка, таба керек емес ойыншықтарды көрсетеді).

Жүргізуші:Балалар мұндай сыйлықтар болама?

Балалар:Жоқ

Жалмауыз кемпір: Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді).

 Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң). Ал музыка сабағында ламбада билейміз «Ламбада» (балаларға қарап: Балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)
Балалар: Иә!
Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!

Үй иесі:Балалар жалауыз кемпірден қалай құтылатынымызды білем. Мен казір сиқырлы сөздермен боран шақырамын, ал бораннан жалмауыз кемпір тонып қашып кетеді.Ал бораннын соңынан аяз-ата мен ақшақарда келеді.Сим саладин-деп 3 рет сиқырлы сөздер айтады.
(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды) . - Мына  көлігімде оталмай жатыр. Еее, жарайды осыны қойшы! (сыпырғышты лақтыра салады.)  Мұнымен іс әлі біткен жоқ! (шығып кетеді).
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!

Аяз Ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,

Келе жатырмын, келе жатырмын.

Амансың ба ұлдарым,

Аппақ ару қыздарым!

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың!

Ақшақар: Сәлеметсіздерме ата-аналар сәлеметсіздерме балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз-атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. Мен манна мында кішкентай балапандар көрген сияқты едім.

Жүргізуші:Ия, біздің балапандар сіздерге арнап балапандар биін билеп береді

Би «Балапандар»

Аяз Ата: Сендер балалар өте өнерлі  екенсіңдер! Ал сендер мыстан кемпір сияқты суықтан қорқпайсындар ма? Казыр мен тексерейін казыр қолдарынды тондырамын, құлақтарынды тондырамын т.б. Балалар мен жолдан қатты шаршадым, отырып дем алайын балалардың дайындаған  тақпақтарын тыңдайын.

Балалар тақпағы

Өлең «Шырша тұрды орманда»
Аяз ата
: Жаңа жыл шаттықа қызыққа толы. Қанеки тағы қандай өнерлерің бар.

Жүргізуші:Аяз ата біздің балалар сізбен бірге шыршаны айналып шырша әнін  айтқысы келіп тұр.

 «Ән: «Шырша тауда туыпты»
Аяз Ата:
- Балалар, тақпақтарды да, әнді де өте тамаша айтып шықтыңдар. Бүгінгі кеш өте көңілді болғандықтан, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: « Пима», «Қар лақтыру»
Ақшақар.:
Ата балаларға сыйлық тарататын кез келді.

Аяз-ата: Дұрыс айтасын қызымау, бүлдіршіндерді қуантатын уақыт келді.

               Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.

(Қой шанамен сүйреп залға сыйлықтарды кіргізеді)

 (Аяз атамен Ақшақар сыйлықтарды үлестіреді)
Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
               Өнерлі ару қыздарың,
               Жарқын, жарқын жүздерің,
               Жайнап өссін, гүлдерің.
               Күнбағыстай жайқалып,
               Биіктердер өздерің.
               Ақ көрпемді жамылып,
               Мұздан алқа тағынып,
               Әр жыл сайын сендерге,
               Келіп тұрамын сағынып.
Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!    

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош келдің жаңа жыл" ертеңгілік әзірлемесі ересек тобы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 207 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2016 1285
    • DOCX 78 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гапбасова Зульфия Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гапбасова Зульфия Маратовна
    Гапбасова Зульфия Маратовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3193
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы дошкольной педагогики на современном этапе

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 150 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии на физкультурных занятиях в условиях реализации ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе