Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы«Қош келдің, Жаңа жыл» 2016 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2016 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

Скачать материал

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2016 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі


1.Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн
                        Бақытты боп бастады жыл дастанын
                        Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
                        Құтты болсын жаңа бақыт достарым


2.Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


1.Жүргізуші: Құрметті балалар жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Утеулина Нұргүл Жұмаділқызына береміз.


2.Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен кейін біз енді  жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік. Шыршамыз сондай тамаша ,сұлу екен. Осы шыршамызды бізбен бірге тамашалауға бір қонағымыз келіп тұр. Оның кім екенін білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын. 

Циркте жүреді,

Жұртты күлдіреді  (Сайқымазақ)

1.Жүргізуші: Ендеше сол сайқымазақты ертеңгілігімізге шақырайық.  (Музыка ойнайды залға сайқымазақ кіреді).

Сайқымазақ: Сайқымазақ балаларды күлдіреді. Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен бүгін жаңа жылдық мерекені сендермен  тойлағым келеді. Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
1.ән   хоровод  «---------------»
Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.

2.Жүргізуші:Сайқымазақ балалар мерекеге аяз атамен қарша қызды күтіп жүр.

Сайқымазақ:Балалар кешіріңдер,мен сендердің әсем шыршаларыңды өздеріңді көріп ұмытып кетіппін.Аяз ата сендерге хат беріп жіберген.

1.Жүргізуші: Ол хат қайда? Тез әкел!   

Сайқымазақ: Хатты іздейді (балағынан)

Музыка ойналады залға  мыстан самакатқа мініп.

Мыстан: Ха-ха-ха, хат менде!

2.Жүргізуші:Сен өзің кімсің? Бірінші,балалармен,қонақтармен амандасып ал,бізде жаңа жыл мерекесі.

Мыстан:Хатты бермес бұрын менің бір өтінішімді орындаңдар.(Би билеп берсін)

Би  даярлық сынып  (сайқымазақ кәмпит береді)

Мыстан:Ал,енді,мен бір билеп берсем қалай қарайсыңдар?!

                 Шабытым келіп тұр. Музыка ойналады,мыстан билейді.

1.Жүргізуші:Мыстан кемпір,енді аяз атаның хатын беріңіз.

Мыстан:Ой,бір рахаттанып биледім-ау. Енді хаттарыңды берейін. Мә!

2.Жүргізуші: (Хатты оқиды) 

Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Мен сендерді көруге асығудамын.

Сендермен би билеп,өлең айтуға,сендердің тақпақтарыңды тыңдауға асығудамын.Сендер мені күтіп отырған шығарсыңдар,мен жолда келе жатырмын.Жақында жетемін.   Аяз ата.

Сайқымазақ: (орнында секіріп,қуанып) Естідіңдер ме,балалар Аяз атамыз жақындап қалыпты.

  /Осы кезде қоңыраудың дауысы естіледі./

1.Жүргізуші:Бұл Аяз ата шанамен келе жатқан,қане шақырайық,тезірек келсін.

Балалар: Аяз ата,ақшақар. Аяз ата,ақшақар ! келіңіз!

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме,қонақтар!

Балалар:Сәлеметсіңдер ме,Аяз ата,Ақшақар!

Аяз ата: Амансың ба,ұлдарым!?

                Амансың ба,қыздарым!?

                Қандай жарқын жүздерің,

                Қандай әсем жырларың

                Асулармен алысқан.

                Асау желмен жарысқан,

                Аталарың сендерге

                Шаршап келді алыстан.

                Өздеріңе оралдым.

                Бар сыйлығым, жоралғым

                Керемет бір ән тыңдап

                Келіп тұр-ау,демалғым.

                Қасымда бар Ақшақар

                Ол да ренжіп қалмасын.

                Ең бақытты балалар,

                Оған да ән арнасын.

 

2.Жүргізуші: Әсем ән де,би де бар,

                     Отыр ата,сәл демал!

2.Ән  «-----------------»    МДД

Тақпақтар.МДД

Аяз ата:Мына шыршаны танымай қалдым,қандай тамаша етіп безендіргенсіңдер!Мұны мен жаздай өсіріп сендерге беріп жібердім.

Ақшақар:Неге шамдары жанбай тұр?

Аяз ата:Менің бір сиқырлы сөзім бар,соны бәріміз бірге қайталасақ,

 шыршамыздың шамы жанады.

 

 Музыка ойналады.Бәрі бірге:Қуант,бізді,таңырқат,

                                                    Шамдарыңды жарқырат!

Хоровод 2 «                »

1 «  А »    ән, би, тақпақтар

Әннен кейін 12 соққан сағаттың дауысы естіледі.

1.Жүргізуші: Балалар,тыңдаңдар,жаңа жыл келді.

Есіктен қой мен мешін жылы келеді.

Қой: Құрметті қонақтар,балалар,мен сендермен қоштасуға келдім.Осы қой жылы бәрі жақсы болды. Мол егін шықты. Осы жылы балалар көп жетістіктерге жеттіңдер. Маған риза шығарсыңдар? Мен енді балалар кетейін, жолымды мешінге берейін.

/ Балалар қоймен қоштасады.Қой кетеді./

/ Қой кетіп бара жатады.Музыка ойналады./

Мешін: Сәлеметсіңдер ме ,балалар,қонақтар!

               Жаңа жыл боп келдім мен,

               Жақсылықпен ендім мен!

               Тыныш болып еліміз,

               Жайна жарқын жеріміз.

               Жаңа жылымыз құтты болсын.

2.Жүргізуші:Көңілде көп қуаныш,

                    Әр көңілде жақсы үміт.

                    Кетер жылға мың алғыс,

                    Әкелген көп жақсылық.

                    Жаңа жылда алдағы,

                    Көңіл өсіп кеңейсін.

                    Ортақ ойы,арманы,

                    Жақсы дәстүр көбейсін.

                   Оқ атпасын ешкімде,

                   Өмір деген тым ыстық,

                   Жұмыр жердің үстінде.

                   Бұзылмасын тыныштық!

Енді балалар, келген мешін жылына арнап жаңа жылдық өлең айтып берейік.

Хоровод 3

Мыстан кемпір:

Балалар, мына жерде сендермен қалай көңілді. Тағы да билегім келіп кетті ғой. Бірақ мына балалар менен де жақсы билейтін шығар. Дайындалып тұр ғой. Оларды ортаға шақырайықшы.

 

1 «  Ә »    ән, би, тақпақтар.

/ аяз ата кәмпит береді/

Сайқымазақ: Ал, балалар, мен де сендерге өз өнерімді көрсетейін.

Музыка қайда? Музыка !

/ Балалар сайқымазақпен бірге флешмоб билейді/

Ақша қар : Сайқымазақ сенімен балалар қалай тамаша биледі.Рахмет сендерге балалар.

Ал енді тағы қандай өнерлерің бар. Соны тамашалайық.

 

2 «  А »    ән, би, тақпақтар.

Аяз ата: Рахмет, балаларым! Көп жасаңдар!

/ аяз ата кәмпит береді/

Ақша қар: Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

Онда мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақтар.

 

Аяз ата:
- Бәрекелді, балалар! Меңдіқара әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда көп екен. Енді мына балалардың не дайындағандарын көріп тамашалайық.


2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.


2 «  А »    ән, би, тақпақтар.

Аяз ата: Рахмет, құлындарым! Бір жасап қалдым ғой!

/ аяз ата кәмпит береді/ Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

1 жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

2 жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыздар. Біз сізді асыға күтеміз. Аяз ата қызын ертіп,шығып кетеді.

1 жүргізуші: Құрметті достар!

2 жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

1 жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенелейік!

2 жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қош келдің, Жаңа жыл» 2016 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2017 748
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилова Айжан Азирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилова Айжан Азирхановна
    Абилова Айжан Азирхановна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1856
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек