Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Қош, сүйікті Әліппем!" тақырыбындағы әліппемен қоштасу мерекесі

"Қош, сүйікті Әліппем!" тақырыбындағы әліппемен қоштасу мерекесі

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Қош, сүйікті әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін игеру барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі: Ертеңгілік.

Көрнекілігі: Әліппе, ана тілі, математика оқулықтарының, әріптердің макеттері, шарлар, оқу-білім туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз. Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Міне елдігіміз ескеріліп, көк туымыз желбіреп, тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды. Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін міне, бой түзеп, ойларына ой, саналарына сана қосып, бойларында жауапкершілік сезімі пайда болып, еліміздің саналы бір азаматтары болып отыр.

Бүгін біз барлық ғылымның атасы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің ең жақын досымыз Әліппемен қоштасқалы отырмыз! Олай болса, «Қош, сүйікті әліппем!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1-оқушы:

Шашу, шашу шашайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың 

Бастаңғысын жасайық!

(ұлттық киім киген екі қыз бала шашу шашады)

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

- Балалар, мен сендерге сұрақ қояйын, сендер соған жауап айтыңдаршы:

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: 

Болашаққа жол ашар -

Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар, олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық!

Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Сәлеметсіңдер ме жас достар! Құрмет көрсеткендерің үшін көп рахмет. Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім. 

Армыcыздар жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң сенің әпкең де.

- Балалар сендер мені оқыдыңдар, сонда менен не үйрендіңдер?

2-оқушы: Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйрендік! Дыбыстармен, әріптермен танысып, жазу жазуды үйрендік. Енді кез келген кітапты өзіміз оқи аламыз. Ыбырай, Абай аталарымызбен таныстық.

Ән: «Біз бақытты баламыз».

Әліппе: Кім маған апта күндерінің аттарын, саусақтардың қалай аталатындығын, жеті атаның аттарын айтып береді?

3-оқушы: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

4-оқушы: Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

5-оқушы: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Әліппе: Балалар сендер өтірік өлең білесіңдер ме?

6-оқушы:

Ерттеп мініп кірпіге, 

Айға ұштым бір күні.

Қайда десем айда екен,

Кірпілердің түр-түрі.

Мұғалім: Балалар сендер кез-келген кітапты оқи аламыз деп жатырсыңдар. Енді бізге, мына отырған ата-аналарыңа әліппені кім оқып береді?

7-оқушы: «Бір қазан сүт».

Көбелек келіп күмп етіп,

Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп, жалп етіп,

Жарымын ішіп, ол кетті.

Қарға келіп, қарқ етіп,

Қалғанын ішіп, ол кетті.

Сауысқан келіп, саңқ етіп,

Сарқып ішіп, ол кетті.

Қырғауыл келіп, қиқу сап,

Қазан түбі қаспағын,

Қырнап ішіп, ол кетті.

Би: «Қамажай». Орындайтын қыздар тобы.

8-оқушы:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Алфавиттер шығыңдар,

Қане айтысты бастайық.

9-оқушы:

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші.

10-оқушы:

«А» деген ол аналар ғой, ардақты,

«Ә» деген ол әкелер ғой, салмақты,

«Б» деген ол балалар ғой әдемі,

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

11-оқушы:

Әліппе өзіңізден үйренген бесік жырын тыңдаңыз. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген.

Әлди, әлди бөпешім,

Әлпештейін көкешім.

Тербетейін жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Мұғалім: Балалар біздер әліппеден неше дыбыс, неше әріп бар екенін білдік. Олай болса, қане әріптерді есімізге түсіріп жіберейікші.


Бастарына макет киген балалар келіп тұрады.Барлық әріптер бас иеді: 

«Н»:

Нұр атасын жоқтатпады,

Нарын өзі ноқталады.

«М»:

Төр алдында мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі келіп,

Тісі оның қышып отыр.

«Ж»:

Жайық, Еділ екі су,

Дұшпан тізе бүккен жер.

Жер жаннаты – Жетісу,

Елім туын тіккен жер.

«Т»:

Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.

«О»:

Ораз барды орманға,

Он шақты оған бала ерді.

Омарташы оларға,

Ожау, ожау бал берді.

«Қ»:

Қарағанды көмірі,

Қостанайдың егіні.

Даласындай жомарт қой,

Қазағымның көңілі.

«Б»:

Қазынасы көп екен,

Байқоңырдан ғарышқа,

Көз тігеміз алысқа.

«Ғ»:

Ғарышкер ғаламның,

Намысы елі даламның.

Тоқтар сынды ағамның,

Ізбасары боламын.

«Д»:

Даласындай қазақтың дала бар ма?

Дала бесік болыпты даналарға.

«Е»:

Еділ өзен, Ертісім,

Туған жердің көркісің.

«И»:

Иба, әдеп, асыл ғой.

Имандылық басы ғой.

Исі қазақ баласын,

Үйретеді осылай.

«Ө»:

Жаққан аты өшпеген,

Жұртым талай өскен ел.

Қызықпасын өзгелер,

Мен ешкімге бермеймін,

Өз жеріміз Өскемен.

«С»:

Сазы бар ғажап тым,

Сыр елі – жыр елі.

Семейім қазақтың,

Жаралы жүрегі.

«Я»:

Даурықпаңдар әріптер,

Бәріңді жұрт дәріптер.

Мен «я»-мын, соңғы әріп,

Менен әрі барып көр.

12-оқушы:

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Ән: «Әліппе». Орындайтын хор.

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.


Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.


Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар!

Хормен: Сау болыңыз, Әліппе, Сізге рахмет!

Мұғалім: Олай болса, алғашқы «Әліппені» кім жазды?

Хормен: Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім: - Балалар, сендер «Әліппені» бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың «Ана тілі» оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім - ұраным
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Оқушылар (хормен):

Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.

Ана тілі:

Төтеп беріп сынға,
Қайыспаған ауырға.
Адал болып досына,
Бас имеген жауына,
- Елдің атын кім дейміз?

Оқушылар (хормен): Қазақ елі.

Таулары бар ең биік,
Даласы бар жер ұйық.
Бұл қай ел?

Оқушылар (хормен): Қазақстан.
Мұғалім:

Еңбек білім мәнін де,

Есептейтін бәрін де.

Сөз береміз ардақтап,

Математика пәніне.

- дей отырып, ортаға математика оқулығын шақырсақ қайтеді?

Математика:

Сәлемет пе достарым?

Сабағы боп жоспардың.

4 амалды қолданған

Математика достарың

Қане қайсың жүйріксің?


Екі сиырдың мүйізі нешеу? 4

Үш қаздың аяғы нешеу? 6


Би: «Қара жорға». Орындайтын ұлдар тобы.

Мұғалім: - Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер? Ендеше, сандарды сөйлетіп көрейік.

1-оқушы:

Бір дегенім - білім,
Білім - жарық күнің.

2-оқушы:

Екі дегенім - еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.

3-оқушы:

Үш дегенім - үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.

4-оқушы:

4 дегенім талап,
Талмайтұғын қанат.

5-оқушы:

5 дегенің бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.

6-оқушы:

6 дегенің арман,
Атар таңың алдан.

7-оқушы:

7 дегенің жігер,
Жеңер жолын білер.

8-оқушы:

8 дегенің – сенім,
Сүйенішің сенің.

9-оқушы:

9-дегенің талғам,
Тура жолға салған.

10-оқушы:

10 дегенің – Отан,
Отанды сүй ботам.

Көрініс: «Жеті лақ».

Мұғалім:
Балалар, біз сандарды сөйлеттік. Енді қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.

  1. Оң қолымда 5 алма,
    Сол қолымда 5 алма.
    Барлығын қосқанда,
    Болады екен неше алма?

  2. 5 алманың үшеуін ,
    Досың сұрап алады.
    Айтшы сонда нешеуі
    Өз қолыңда қалады?

Мұғалім:
- Балалар,біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін , бағаларды сөйлетіп көрейік.
«1»: 1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
«2»: 2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
«3»:
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
«4»:
4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
«5»:
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Мұғалім:
- Балалар, ең жаман бағалар қайсы екен? Ендеше бұл бағаларды ортамыздан аластатайық. Ең жақсы бағалар қайсы екен? Әрине ол, «5» пен «4». Ендеше ол бағаларды ортамызға алайық.
Ән: «Дос болайық бәріміз». Орындайтын хор.

Көрініс: «5 болмай ма».

Кәкен деді папасы,

Сабағыңнан не алдың.

Күнделікті көрсетіп,

Міне – деді «бес» алдым.

Мынау тұрған үш делік,

Ал мынауың екілік.

Бес алдым деп бүгін сен,

Неге айтасың өтірік?

Ой папатай есепті

Білмеуіңді қарашы.

3-ке қоссаң 2-ні,

5 болмай ма қарашы.

Хормен: Рахмет сізге. Сау болыңыз, - деп математика оқулығын шығарып салады.

Би: «Айгөлек». Орындайтын қыздар тобы.

Мұғалім: Енді ата-аналармен бірлесіп, «Тапқыр достар» атты ойын ойнайық.

Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулетке кең таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!». Орындайтын хор.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДВ-384116
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх