Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҚош бол,сүйікті Әліппем!1 -сынып ертеңгілік

Қош бол,сүйікті Әліппем!1 -сынып ертеңгілік

Скачать материал

Тақырыбы:    Қош, сүйікті Әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың қабілеттерін, икемділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, Елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әліппе,Ана тілі,Математика оқулықтары, нақыл сөздер,шарлар.

Барысы:

« Немере»  әні  ойнатылып тұрады.

Мұғалім: Жеті жасар немересін,

             Аққыз әже жетектеп,

             Келе жатыр көшеде

             Қайда әлгі мектеп, - деп

             Жетпіс келеді сүрініп,

             Жеті келеді жүгіріп.

Аққыз әже: Балам, балам, жақсы бол,

        Міне, сенің мектебің.

        Сабағыңа зейін сал,

        Ақылды бол тентегім.

Немере: Қыркүйекте келдім де,

               Сыныпқа кірдім қуанып.

               Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

               Қадамымды құп алып.

Мұғалім :

            Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

            Мұндай күй болған сірә баршаңызда.

            Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

            1 сынып оқушыларын ортамызға.

Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады.

«  Учать   в  школе »

 

Мұғалім:  - Бала  деген  шіркін-ай  балдай  екен,

                    Тәттілігі  жая  мен  жалдай  екен.

                    Арып-ашып  даладан  келгеніңде,

                    Бал  иісін  таттырып  алдайды  екен, - деп  Кенен  атамыз  айтқандай, кішкене  бүлдіршіндерді таныстыруға  кезек  берейік.

 (Мұғалім  оқушыларды  таныстырады.)

 

          1.Жұмсағанда  баратын,

   Айтқан  тілді  алатын,

   Ол  болады   Даяна.

 

2.Бүгін  үлкен  салтанат,

   Ділназ  бізді қуантат .

 

3.Сәулелі  де  сымбатты,

   Сөйлегені  тым  тәтті.

   Даяна деген  қыздарың,

  Сіздерге  арнап  тіл  қатты.

 

4.Қызы болар  әженің,

   Ділназ деген  баламын.

   Тілін  алар  үлкеннің,

   Әже  сенімін   ақтармын .

 

      

 

 Мұғалім: Құрметті  ата-аналар, ұстаздар! 1  сынып  оқушыларының  «Қош ,сүйікті  Әліппе!»  атты  ертеңгілігіне  қош  келдіңіздер!

  Балалардың  қолдарына  тұңғыш  рет  ұстап, бетін  ашқан  оқулығы  -  «Әліппе»

  Бұл  кітап  -  бүкіл  әлем  дүниесінің  алғашқы  есігі, білімге  бастайтын  алғашқы  соқпақ.

 Сүйікті  әліппенің  арқасында  сауатты адам  қатарына  енді. Сондықтан  әліппемен  қоштасу  салтанатты  мерекеге  қатысушы  балаларды  қошеметтеп  отырайық.

 

Мұғалім: Іші толы әріпке,
                  Білімдегі жарық не ?

Оқушылар: Ол, сүйікті Әліппе !
Мұғалім : Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық !
Оқушылар: Әліппе ! Әліппе ! Әліппе !

Әліппе: Қасиет :
Армысыздар , жас достар!
Армысыздар, ата –ана !
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық !

 

Мұғалім: Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін Әліппенің   өзі  саралап берсін . Ұғып  алыңдар .

Қасиет :

 

 Ә – әлемді
Л – легімен
І – ізгілікпен

П – парасатпен
П – паш
Е – етеміз.

Мұғалім:   - Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей , рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету-біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет
ті  орынға жайғасыңыз.

Даяна: Іші толы әріпке
            Мынау әйбәт Әліппе.
            Барлық ілім-білімнің
           Әжесі осы Әліппе.
Дильназ: Әліппем, менің Әліппем
              Сені қолға алып мен
              Есігін аштым мектептің
              Ертеңі сәуле жарықпен

Даяна :           Ата-апа атын сен,
                      Бізге үйреттің Әліппе
                      Бізге нағыз жақынсың
                      Сенен білдік әріпті.
Дильназ: Арта берді кітапқа
          Бойымдағы құмарым.
          Бірге жүрген қасымда
          Кітап болды сыңарым
Даяна: Әсем ою өрнекпен,
                Көмкерілген Әліппем.
                Сен болмасаң білімге,
               Бастайтын жолды біліп пе ем.
Дильназ: Енді жаза білеміз,
                  Әріпті қосып әріпке.
                  Риза болып саған жүреміз,
                 Сүйікті біздің әліппе.
Әліппе оқушыларға тапсырмалар береді. Оқушылар асық  алу  арқылы өздеріне тапсырма таңдайды.

Ойын: «Кім көп біледі?»

  1. Қазақстанның Президенті кім?
  2. Әліпбиде  қанша әріп  бар ?
  3. Дыбыстар  нешеге  бөлінеді?
  4. Сен  неше  жастасың?

 5.Көбелек сөзінде қанша буын бар?

 

Мұғалім: -Балалар, біз 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды , жазуды үйрендік. Әліппемен қоштасу тек біздің ғана мектепте ғана емес, біздің еліміздің мыңдаған балалары «Әліппе» кітабын бітіргендерін мерекелеуде.
Балалар, Әліппеден өткен әріптер туралы қандай өлеңдер білесіңдер ?

Даяна: Алфавитің «А» тұрады басында ,
 Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
 Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші
 Ал, осының сыры неде ?
Дильназ: А-деген ол аналар ғой ардақты,
               Ә-деген ол әкелер ғой салмақты
               Б-деген ол балалар ғой әдемі
               Біздің елде үшеуі де кәделі

Ән :

Мұғалім: -Балалар, біз Әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді , сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік.

Даяна :
Мынау менің кітабым,

Аса құрмет тұтамын
Білім нәрін жұтамын
Біздің келер шамамыз
5-ке 3-ті қосамыз
Жауабын тез табамыз.

Мұғалім: -Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер ? Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.
           Бір дегенім-білім,
           Білім-жарық күнің
           Екі-дегенім-еңбек,
           Еңбек бәрін жеңбек.

           Үш дегенім-үміт,
           Үмітсіз жоқ жігіт.
          4-дегенім талап,
           Талмайтұғын қанат.

           5-дегенің бірлік,
            Бірліксіз жоқ тірлік.
            6-дегенің арман,
            Атар таңың алдан.
            7-дегенің жігер,
             Жеңер жолын білер.
            8-дегенің –сенім,
            Сүйенішің сенің

            9-дегенің талғам,
           Тура жолға салған.
           10-дегенің –Отан,
            Отанды сүй ботам.


Мұғалім: Балалар, біз сандарды сөйлеттік .
Енді қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.
1. Оң қолымда 5 алма,
Сол қолымда 5 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма ?

2. 5 алманың үшеуін ,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады ?

3. Сымда 5 үйрек отыр еді, екеуін үркітіп жіберсек, нешеуі қалады ?

Математиканың тапсырмасы:

 Оқушыларға берілген суреттерден қандай сан бар. Соны тауып көрсетуін сұрайды.

 

Мұғалім:
-Балалар, біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін , бағаларды сөйлетіп көрейік.
1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.

Мұғалім:
-Балалар, ең жаман бағалар қайсы екен ?
-Ендеше , ең жақсы бағалар қайсы екен ?
  Айыра  аламыз  ба ?

Мұғалім :   Оны  дәлелдеу  үшін      кері  байланыс   жасайық .Қонақтарға стикерлер   таратып  беру ,  бағалау  барысын  түсіндіру .    таратып  беру .

 

 

 

 

Мұғалім:

   -  Балалар  ,биылғы  жылы Елбасы  мен  Білім  министрінің   қолдауымен   1  сыныптан  бастап  шет  тілін  оқыту   бағдарламаға  енгізілді . Сол  сияқты    біздің  мектепте   де  ағылшын  тілін  меңгеруді   бастадыңдар .Енді  бізге  ағылшын сабағында  не  үйрендіңдер? Айтып  берсеңдер .

 

« Ағылшын  сабағына  саяхат 7

Ән: « Мұғалім -ол  біздің»

Мұғалім: -Балалар, біз  білімімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек ?


Хормен:
Әліппеге рахмет !


Дильназ: Қош бол, құтты Әліппем,
             Көп нәрсені үйреттің.
             Таныстырып әріппен
             Тақылдатып сөйлеттің.

Даяна : Сөйледі олар тіл бітіп,

          Небір қызық сырларды.

          Тыңдай бердім мен жұтып,

          Тіл біткен тақпақ, жырларды.

          Ашыла берді алдымнан

          Кең дүние есігі.

          Соғылған сомдап алтыннан

          Әліппе - білім бесігі.

 

Әліппе(Қасиет) -Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар !

Хормен: Қош, қош Әліппем!


Даяна: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
                   Енді қолға басқа кітап аламыз.
                   Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
                   Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
Мұғалім:
-Міне біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік.
Әліппені оқу барысында ата-аналардың қосқан үлесі өте мол.

-          Бақытты балалық шағымыз  үшін, ата-аналарымыз сіздерге

 КӨП  РАХМЕТ !

Енді ата-аналармен бірлесіп «Тапқыр   жанұя» атты ойын ойнайық.

Ойын. Балалар мен аналарын ортаға шығарып, ойын  барысымен  таныстырамын Аналар балаларымен  бірге  есімдерді   айтады .


Мұғалім:
- Балалар, сендер « Әліппені » бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.


Ана тілі келеді.
Меруерт: Туған елдің тілімін,
          Ақылы мен танымын.
          Түсіндірер бәріне
          Ана тілі пәнімін.
          Ана тілім-ұраным
          Ана тілім-құралым.
          Ана тілім болмаса
          Мықты болмас тұрағым.

 

      Ән : «   Ана  тілі »


Әліппеден  кейінгі  кезеңде Әліппе   серігінен «Қожанасырдың   мысығын  өлтіріп  алуы   » әңгімесін  оқыдық  енді  соны  сіздерге  айтып  берейік .


Көрініс «Қожанасырдың   мысығын  өлтіріп  алуы»

Кемпірі :Дильназ,Қожанасыр : Даяна .

 

-          Кемпірі : Қожеке , не  істеп  отырсың?

-          Қожанасыр :Көрмейсің  бе , мысығымды  шомылдырып  отырмын.

-          Кемпірі :Қожеке  мысығың салқын  судан  өліп  қалмасын.

-          Қожанасыр :Ойбай –ай ,мысығым –ай, мысығым!

-          Кемпірі : Айттым  ғой  өліп  қалмасын  деп .

-          Қожанасыр: Шомылдырғаннан   өлген  жоқ,  сығып  едім ,  өліп  қалды .

Мұғалім:

- Біз    тағыда 
Нені үйрендік ?
 Оқуды
 Жазуды
  Есеп шығаруды
   Ән айтуды
   Би билеуді
    Үлкенді сыйлауды
     Кішіге қамқор болуды
      Елімізге жақсылық жасауды

Біз нені ажырата білеміз ?
Жақсылық пен жамандықты
 Ақ пен қараны
  Арамдық пен адалдықты
Біз нені сүйеміз ?
 Отанды
  Ата-ананы
   Халқымызды
   Достарымызды
    Ұстаздарымызды
     Мектебімізді

Біз кім боламыз ?
               
Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын
                Елін сүйген ер «боламыз»

Мұғалім: «Батамен ел көгерер,

                 Жаңбырмен жер көгерер» - дегендей,

                 Ақ тілеу, аямайтын баталарын,

                 Өздеріңнен күш қуат от аламын.

                 Сынағындай асылдың,

                 Ақ жүрек, қасиетті паналарым дей келіп, ақ шашты анамыздан бата сұрақпыз.
- Біз сендерден үлкен үміт күтеміз.
Қымбатты балалар ! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа , мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын !

 

Би :« Кел,  балалар ,келіңдер !»

 

«  ӨНЕР»   орталығында  тамашалаңыздар :

 БИ :    «  Ақтоғай»

БИ: « Шекер  қыз »

 

Мұғалім;

Әліппені  бітірді  балаларым,

Әліппеден  нәр  алған  даналарым.

Өзі  жазып,  оқитын  халге  жетті

Құтты  болсын  білімі  балалардың.

Балалардың  білімі  құтты  болсын,

Денсаулығы  ауырмайтын  мықты  болсын

Білімдерін  ары  қарай  дамытатын

Ерінбейтін  еңбекқор  күшті  болсын-  дей  келе  тойымызды 

 «  Білім  кілтін   рәсімдеумен »  аяқтайық !

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош бол,сүйікті Әліппем!1 -сынып ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

 Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың қабілеттерін, икемділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, Елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Әліппе,Ана тілі,Математика оқулықтары,нақыл сөздер,шарлар.

Барысы:

« Немере»  әні  ойнатылып тұрады.

Мұғалім: Жеті жасар немересін,

             Аққыз әже жетектеп,

             Келе жатыр көшеде

             Қайда әлгі мектеп, - деп

             Жетпіс келеді сүрініп,

             Жеті келеді жүгіріп.

Аққыз әже: Балам, балам, жақсы бол,

        Міне, сенің мектебің.

        Сабағыңа зейін сал,

        Ақылды бол тентегім.

Немере: Қыркүйекте келдім де,

               Сыныпқа кірдім қуанып.

               Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

               Қадамымды құп алып.

Мұғалім :

            Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

            Мұндай күй болған сірә баршаңызда.

            Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

            1 сынып оқушыларын ортамызға.

Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады.

«  Учать   в  школе »

 

Мұғалім:  - Бала  деген  шіркін-ай  балдай  екен,

                    Тәттілігі  жая  мен  жалдай  екен.

                    Арып-ашып  даладан  келгеніңде,

                    Бал  иісін  таттырып  алдайды  екен, - деп  Кенен  атамыз  айтқандай, кішкене  бүлдіршіндерді таныстыруға  кезек  берейік.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2015 878
    • DOCX 79.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамедиярова Шынар Жаксыкельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 28465
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 765 человек из 75 регионов

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 39 регионов