Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Қош бол, құтты Әліппем!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Қош бол, құтты Әліппем!"

библиотека
материалов

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.

Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»
Сабақтың мақсаты : оқушылардың алған білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік, дағдыларын көрсету;  тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту; ұқыптылыққа, жинақылыққа үлкендерді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.Ойын арқылы ұйымшылдыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, ойынға қажетті заттар.


Сабақтың барысы:


Мұғалім: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, келген қонақтар! Бала біздің болашағымыз , еліміздің ертеңі . Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды белі бесіктен шықпастан бастап жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу бүгінгі біздердің-ұстаздардың және ата-аналардың міндеті. Соның бір көрінісі-бүгінгі «Қош бол, құтты әліппем» ертеңгілігін көріп тамашалаңыздар.

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл- ойларын

Қуанышқа ортақпын

Құты болсын тойларын


Кеше ғана білім баспалдағына  алғаш рет қадам басқан бүгінгі шәкірттеріміз, ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

Күй ойналады.

1.Әдепті де, тәртіпті - Еркежан
2 .Мың бұралған бишіміз- Жанерке

3. Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз- Бекзат
4. Ерке, бірақ ақылды- Сымбат
6. Үлкендерді құрмет, кішіге ізетті бола білетін - Ернар
7 .Көп оқитын
Оқығанын көңіліне тоқитын -Томирис
8.
Балалалығы бітпеген,

Ойынқұмар - Аяулым
10. Елімізді өркендететін
Ана тілін көркемдететін -Елік
11. Тиянақты, ұқыпты - Әділжан

12. Тахмина қызың кең маңдай,

Әдемі екен ол қандай.

13.Сабырлы да салмақты

Әр ісіне ол нақты- Амиржан

14. Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті- Ағжан

15.Сүйкімді қыз -Гүлсінай.

16. Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын -Ерасыл

17. Жанып тұрған шырақтай

Сылдырлаған бұлақтай -Айдынгүл

18.Көркем сөздің шебері -Назерке

(музыка ойналады, ортаға оқушылар келеді)

1-оқушы:

Армысыздар мұғалімдер , әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар


2-оқушы: Міне, біз бүгін барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың  негізі – Әліппені бітіріп отырмыз.

3-оқушы: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан сүйікті «Әліппемізді» бітірдік.

 4-оқушы: -Мен енді өзім-ақ оқып, жаза аламын. Ертегі, әңгімелерді өз бетіммен оқитын болдым.

5-оқушы: Біздер көп нәрсе үйрендік : (барлығы қосылып) – кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды.


Мұғалім: Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету- біздің міндетіміз. Сондықтан қазір біз осы уақытқа дейінгі алған білімімізді көрсетіп, ән-күйменен , өлеңдермен, жұмбақтармен, мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.

Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін «Білім еліне »саяхат жасаймыз.

            «БІЛІМ ЕЛІНЕ» САЯХАТЫМЫЗДЫҢ БАСЫ ҚАЙДАН БАСТАЛАДЫ?

-          МЕКТЕПТЕН.

-          Ендеше, Аянжол Айдынгүл

«Анадай асыл мектебім» әнін орындайды.

М: Мектепке келгенде алғаш қолға ұстаған кітаптарың қалай аталады?

-          «ӘЛІППЕ!»

-          Ендеше, сүйікті «Әліппемізді» ортамызға шақырайық.

«Әліппе»: -Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым!

(Балалар амандасады)

   Ә.: — Балалар, мені осы уақытқа дейін оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер?

Барлығы : — Дыбысты танытып, буыннан сөз құрауды, сөзден сөйлем құрауды, ана тілімізде дұрыс сөйлеуді үйреттіңіз.

Ә.: - Жарайсыңдар, менің ақылды достарым!

 Мұғалім: — Әліппе, балалар өзіңіз туралы өлең тақпақтар жаттаған еді, соны тыңдасаңыз.

Ә.: -Жарайды, тыңдайын.

 5-оқушы:       Іші толы әріпке,                        

Мынау әйбат Әліппе. 

       Барлық ілім-білімнің 

Әжесі – осы Әліппе.                                               

 6-о.:   Сырлы әріптер сыр түйіп

Сабырмен саған қарайды.

Сырларын білсең, бас иіп,

Керегіңе жарайды.

7-оқушы: Әріптерді жаттаймыз,                      

                     Есте мықтап сақтаймыз                         

                        Ұмытпаймыз бәрін де,                         

                        Атын, затын, түрін де

 8-О.: Біз жазамыз «АНА »деп,

Біз жазамыз  «ДАНА» деп.

Біз жазамыз «БАЛА» деп, .                       

   Біз жазамыз «ҚАЛА» деп.

9-О.:       Биік, биік таулар деп,                            

Қызыл – жасыл баулар деп,                          

                Қаһарман ел  – қазақ деп,                                

                Болашағы ғажап деп.                                       

 10-О: Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдық сауатты,

Білімнің кенін қазатын.

11-о.: — Әліппе деген алтын жол                 

           Апарар сені алысқа.                                  

            Жеңіл емес ауыр жол,                                          

            Тырысып бақ намысқа.                                           

 12-о.: Апа, ата атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе.

Бізге нағыз жақын сен,

Сенен білдік әріпті.

13-о.: Таудай болса, талабың,                    

                      Айтары көп әріптің.                                    

            Қуанышы баланың –                                   

            Қуанышы халықтың.                                   

14-о.:  Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

«Әліппеден» басталған

Даналықтың данасы.

Хормен : «ӘЛІППЕГЕ РАХМЕТ!»

Ән : «ӘЛІППЕ».

Ә.: Жақсы , рахмет, жас достарым!

15-о:         Ең алғаш алғанымда «Әліппені»,         

Қызығып қарай бердім әріптерге.               

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,                      

Ұстазым оның кілтін алып берді

16-о.: Анаңдай аяулы,       

  Мәпелеп өсірген

Үйретіп санауды 

Көп еңбек сіңірген

Мұғалім апай ғой

17-о.:   Үйретіп алғаш бізге әліппені,

   Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы , мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

 

18-о.:  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған егінші де, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан да ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

(бас иеді.)

Барлығы : Ұстаздарға мың алғыс! 

Хор : «Ұстазым».

 Әліппе : — Ал, балалар, айтыңдаршы, біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?

Барлығы: 42 әріп бар

Әліппе:          Алфавитті біліңдер

Онда қалып, жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Оқушы: Алфавиттер шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық кәне айтысты

Жібермейік намысты.

Ортаға бастарына әріп киген оқушылар шығып алфавит ретімен тұрады.

«А»

Ата – ананыңтілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтын тірегі

Адам болып өскенің

«Ә»

Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре-сарсаң әлегің

«Б»

Бол бұлақтың басында

Бір бәйтерек қасында

Бұлан, бұғы келіпті

Бір-біріне кезікті

«Ғ»

Ғалым болсан ғалымда

Ғажайыптар аша біл

Ғарыштың да тыңына

Ғылым нәрін шаша біл

«Д»

Думан кейде кемеде

Дамыл таппай шабады

Достарын бір кез сағынса

Диасты іздеп шабады

«Е»

Есті бала ер жетіп

Елдің қамын ойлаған

Ессіз бала кері кетіп

Есерлігін қоймаған

«Ж»

Жарыс, сайыс ортадан

Жайрандаумен тарайсың

Жеңіп шықтың ортаға

Жарайсың сен жарайсың

«И»

Иба, әдеп, ақыл-ой,

Имандылық басы ғой.

Иісі қазақ баласын,

Инабатты дейді ғой.

«Қ»

Қиындықтан қорықпа

Қаймығып еш торықпа

Қайратың мен жігерің

Қолғанатың жорықта

«М»

Махабат біздің жүгіріп

Мектепке жылдам келеді

Мадияр атқа отырып

Мәдимен бірге желеді

«Н»

Нұрлан тағы армандап

Нұрланады, қуанып

Ноян болып жүрсем деп

Найза менен ту алып

«П»

Парахотпен жүземіз

Парашютпен қонамыз

Пайдамызды тигізіп

Парасатты боламыз

«Т»

Тәртіпті бала сүйеніш

Төбен көкке жетеді

Тәртіпсіз бала күйініш

Төмеңдеп басын кетеді


Оқушы: Әріптерді жаттадық

Есте мықтам сақтадық

Ұмытпаймыз бірінде

Атын – затын түрінде


Ә: Олай болса, алфавит сырына үңілейік.

 19-о.:   Алфавиттің «А» тұрады басында,

                   Әрқашан да «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба? – «Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде?-түсінші.

20-о: «А» деген ол аналар ғой , ардақты,

                        «Ә» деген ол әкелер ғой ,салмақты.

                        «Б» деген ол балалар ғой, әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

                     Екеуі бірге:   Сондықтан да, алшақ кетпей расында,

Тұрады олар – алфавиттіңбасында.

Мұғалім: Отан-анаға деген құрметімізді білдіре кетейік

19-о.: Атыраудың айдыны,                                   ,

(А)       Алтай таудың айбыны!                        

Ел ордамыз – Астана,                                        

     Бас қаламыз – Алматы                                       .

    Болды елге әйгілі.

20-о.:Балқаш деген көл екен

(Б)    Қазынасы көп екен!

Байқоңырдан ғарышқа,

Көз тігемін алысқа

 21-о.:    Ата-баба жерінің                              

(Ә)         Қасиетін мен білдім.               

     Әжеміз ғой өмірдің                                      

     Әліппесін үйреткен.                                    

 22-о.:  Ғарышкері ғаламның,                           

(Ғ)       Намысты ері даламның

  Тоқтар сынды елімнің                                    

  Ізбасары боламын

23-о.:Жайық, Еділ — екі су,

(Ж)     Дұшпан тізе бүккен жер!

Жер жаннаты — Жетісу.                                         

  Елім туын тіккен жер!

 

24-о.:  Жарақты жаумен алысқан               

(Т)     Қылышты жаумен қырқысқан.          

          Ең ежелгі астана —                                             

           Қасиетті Түркістан,                                          

 

М.: Төтеп беріп сынға,                                            

            Қайыспаған ауырға                                      

            Адал болып досына,                                    

            Бас имеген жауына

Елдің аты кім

М.: Таулары бар ең биік

Даласы бар жер ұйық

Бұл қай ел?                          

Оқушылар:    «ҚАЗАҚСТАН»!

(Оқушылар әріптерді көтереді)

Хор: Отан туралы ән

 Әліппе: Балалар, мен сендерге өте ризамын. Мені жақсы игеріпсіңдер Рахмет, балғындарым. Өнерлерің өрге жүзсін. Мен енді досымды ортаға шақырсам ба? — деп тұрмын.

Музыка ойнайды. (ортаға «Ана тілі» келеді)

Оқушылар «Ана тілі » келді!- деп қуанысады.

Ә.: — Мені оқып тамамдадыңдар, бұдан былай «Ана тілі » оқулығын оқитын боласыңдар.

Ана тілі:                  Ана тілің – арың бұл

                                   Ұятың боп тұр бетте.

                                   Өзге тілдің бәрін біл,

                                   Өз тіліңді құрметте.

Ана тілі : — Армысыңдар, жас достар!  Сендер мені таниды екенсіңдер, рахмет!

М: Келіңіз, төрлетіңіз!

Жеміске құты тола ма?                             

Білім де сондай қарағым,

Бір-бірлеп теріп алмасаң.                          

Біртіндеп сіңер ойыңа.

Әп-сәтте шыға қоя ма,                              

Ұғып ал: -Білім боларын

Еккен дәнің ойласаң.                                           

  Шам-шырағың жолында.

 М: Ал балалар әліппемен қош айтысуға дайындалайық. Алдыменен Әліппе сіздерге ән айтып бергісі келіп тұр

Әліппенің әні


Оқушы: Әліппем менің, Әліппем,     

  Сені қолға алып мен.                                    

    Есігін аштым мектептің,                             

      Ертеңгі сәуле жарықпен

Хормен:        Қош бол, құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің                           

 

Ә: Айналайын балғындар

Меннен білім алдыңдар

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтанам

Рахмет айтып шаттанам\

Риза болып аттанам

Оқумен өсіп толыңдар

Аман- есен болындар

О.:- Хош, сау болыңыз, Әліппе!Сізге рахмет!

МҰғалім: Ал менің білімді бүлдіршіндерім.Осылайша Әліппемізді шығарып салдық.Ана тіліміз ортамызда. Ендеше Ана тілімізге,Ата-аналарымызға және қонақтарымызға әліппеден не үйренгенімізді көрсетейік.

Қай әріп жоғалған? ойыны

Мұғалім сөздер көрсетеді. Оқушылар қай әріптің жоқ екенін айтады.

Мект*п, к*тап, ұс*аз, көй*ек, монша*, *ауық, г*л, б*дай, с*ыр, бө*ме.

Орныңды тез тап! ойыны , ҚАЗАҚСТАН сөзінің әріптерімен ойын

Мұғалім сөз оқиды. Сол әріпті ұстаған балалар өз орындарына тұра қалулары керек.

Қаз, зат, сан,тас, тана,сақа, саз,қас,санат,азат.



Назерке . «Көрікті өлке» өлең

Мектеп өмірінен көріністер.

-Әділжан, сен кеше сабаққа неге келмедің?

-Ағам ауырып қалды

-Оған сенің қандай қатысың бар,Әлде емдедің бе?

-Жоқ, мен оның велосипедін тептім.


-Кәне балам айта қойшы, үшке төртті қосқанда неше болады?

-7

-Ой жарайсың.Ал екіге үшті қосқанда ше?

-5

Ой бәркекелді! Міне сол үшін саған 5 кәмпит

-Туу,қап он бес демегенімді-ай


-Кәне ,Бекзат айта қойшы бестен бесті алғанда неше болады?

Білмеймін дегендей иығын көтереді.Мұғалім бес саусағын көрсетіп, содан соң кезекпен бүге берді.Ақырында түгел бүкті.

-сонда бестен бесті алғанда қанша қалады?

-Жұдырық қалады?


-Кеше сабаққа неге келмедің?

-Басым ауырды

-Ал бүгін неге кешігіп келдің?

-Тағы басым ауыратын шығар деп тостым.

Томирис «Ертегілер» әні

Мұғалім:- Балалар , әліппені сендерге үйде күнбе- күн оқуға көмектескен ол сендердің- ата-аналарың. Сол кісілерге рахметімізді білдірейік.

Ата- аналарға арнап «Әжесі мен немересі » көрініс

-Әже

-О, не құлыным

-Мен үлкен болғанда

Саған әдемі көйлек әперем

Ал ауылдан қалаға

Сені «Джиппен » әкелем

-Ниетіңнен айналдым

-Көйлегіңді әдейі киермін

Ал «жіппен» әкелсең

Қылқынып қалай жүрермін

-Туу мәшине ғой

-Түсіндім қарағым, сол


Назерке ән «Құлыншағым»


Ата-аналарға арналған сұрақ-жауап ойыны

1.Әліппедегі алғашқы тақырып. (Менің Отаным-Қазақстан. Назарбаевтің суреті және карта берілген)

2.Әліппеде А әріпінен кейін қандай әріп өттік? (Р әрпі)

3.Бұл мәтін қай әріпке берілген?

Ол-сары сыр.Ырыс сыр ал.Сырла.Асыл сыр ал.Сырлашы. АСЫЛ,Ырыс-сырлаушылар . (Ы әрпіне)

4.У дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

5.М әрпіне қандай сурет берілген ? (Мақта)

6.Таңқурай мен қорбаңбай деген өлең қай әріпке берілген (Ю әрпіне)

7.Әліппеде ең соңғы танысқан әріп (айыру белгісі)


Құттықтау сөз беру

(Мектеп директорына , ата-анаға , мұғалімдерге)







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты : оқушылардың алған білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік, дағдыларын көрсету;  тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту; ұқыптылыққа, жинақылыққа үлкендерді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.Ойын арқылы ұйымшылдыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

Бұл тәрбие сағаты 1-сыныпты енді алған жас мұғалімдерге  үлкен көмек болар деген ойдамын.Тәрбие сағаты акт залында өткізілді. Әр оқушының есімі  жеке таныстырылып сахна төріне шақырылды.Осы сәттен басталған тәрбие сағаты өте тартымды өтті.

Автор
Дата добавления 25.11.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров586
Номер материала 154538
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх