Инфоурок Начальные классы Рабочие программыҚош бол,сүйікті Әліппем !

Қош бол,сүйікті Әліппем !

Скачать материал

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!

Мақсаты:  Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз                  

                   өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын                                

                   күшейту.

                   Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,  

                   толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.

                   Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі       

                  дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар

Барысы:

Мұғалім:

           Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы болса, міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!

1 -оқушы Диас

Көз салып қараңызшы боймызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2 – оқушы  Айбол

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппемен қоштассақ,

Өсті білім, бойымыз.

Құтты болсын тойымыз.

3-оқушы  Гүлшар

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Мұғалім:

Іші толы әріпке

Білімдіге жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Олай болса, қымбатты Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:

Әліппе! Әліппе! Әліппе!

 Әліппе: Нұрдәурен

Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата - ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

 

 

 

 

4-оқушы Ақбота

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

5-оқушы  Аяулым

А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.

6-оқушы    Нұрайым

Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

 «Әліппе» әні  Нұрлыхан

БИ: «Жұмыр қылыш»  (Айбол,Бауыберік,Саламат,Диас,Нұрдәулет,Рамазан)

7-оқушы    Нұрсат

Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз

Ғылым, білім жолына

Енді қайық саламыз.

8-оқушы    Қаракөз

Мектебімнің есігін

Қыркүйекте ашқанбыз

Оқушы болып мектепке

Қуанып қадам басқанбыз

9-оқушы: Жасұлан

Үйретіп жазудың да өрнектерін,

Бойымды әріптермен тербеткенмін.

Зор қуаныш маған да, ұстазға да

Тілін біліп әріптерді сөйлеткенім.

10-оқушы .  Нұрай

Үңіліп Әліппенің сырларына

Дыбыстың ілесіп ап ырғағына

Ажыратып дауысты мен дауыссызды

Бірін қызыл, бірін көк бөліп сыздық

11-оқушы: Бауыберік

Мынау менің Әліппем

Көгілдір туым түсіндей

Ақылшы жақын досымдай

Қымбатты маған кісімдей

Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым

12-оқушы Мадина

Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды.

ӘН:  «Ардақты ұстазым»  (Айерке,Нұрайым,Ислам,Рамазан)

БИ: «Қуыршақ»  қыздар  тобы.

Мұғалім:

Ал, қане, мына көпшілікке әріптердің сырын ашайық балалар!

 

 

 

 

 

 

13-оқушы 

А - әрпі.  Айерке

Менің үшін жақсы адам

Артық көрем басқадан,

Апа, ата сөздері

Қайсы әріптен басталған?

14-оқушы    Р - әрпі. Ислам

Қырларда құр - деші,

Жайылып жүр - деші.

Ал енді өзің - ақ

Р - р - р - р - деші.

15-оқушы.   Н-әрпі  Гулзат

Ас  біткеннің анасы

Қасиетті  нан  осы

Қайсы  әріптен басталған

Соңғы  әрпінде  қараша.

16-оқушы  М - әрпі. Мадина

Түйе өркешіне қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?

17-оқушы   С - әрпі. Сұлтан

Білезікке қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?

18-оқушы    Г - әрпі. Рамазан

Егіз десе - екінші,

Сегіз десе - үшінші

Бұл қай әріп екенін

Өзің қарап түсінші.

19-оқушы   П - әрпі. Нұрлыхан

Ата - анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Осы атаулар зер салшы

Басталған қай әріптен

 Әліппе: Нұрдәурен

Көп рахмет балалар,

Менен білім алдыңдар

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтанам.

 Индия биі:  Қыздар тобы

ХОР. «Әліппе» әні  Саламат

20-оқушы Саламат

Әліппе – білім анасы

Әліппе – кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы.

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

«А» деген ол - аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты,

«Б» деген ол - балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Әліппе: Нұрдәурен

- Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық!

 

Мұғалім:

Ана тілі ортаға келіңіз!

Ана тілі: Айерке.

Туған елдің тілімін

Ақылыммен танылам

Түсіндірір бәріне

Ана тілі мен болам.

Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

- Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін!

Олай болса балалар  осы уақытқа дейінгі алған білімдерімізді ата-аналарымызға,ана тіліне   көрсетейік.

Сауат ашу

1.Дауысты,дауыссыз  дыбыстар қандай  белгімен  белгіленеді?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?  (дауысты,дауыссыз)

3.Дауысты дыбыстар қалай  айтылады?

4.Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

5.Вагон, Цирк  сөздеріне дыбыстық талдау жаса. (ауызша)

 Математика

1.Сандарды өсу ретімен санау. (10-ға дейін)

2.Сандарды кему ретімен санау.(10-ға дейін)

3. 10 санының  құрамы ата.

4. 10см=1дм

5. Қосудың,азайтудың компоненттерін ата.(қосылғыш,қосылғыш,қосындының мәні),                   

                                                                          (азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні)

Дүниетану.

1.Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (күз,қыс,көктем,жаз)

2.Тірі табиғаттарды ата. (өсімдік,жануар,адам)

3. Адамның  сезім мүшелерін ата. ( көз,тері,құлақ,мұрын,тіл)

4.Ауа температурасын немен өлшейді? (термометр)

5.Айналадағы дүниеде неше тұс бар? (4.солтүстік,оңтүстік,батыс,шығыс)

Әліппе: Нұрдәурен

Әліппенің бетін жарық ет

Ұл - қызды түгел білімді ет

Келесі оқу жылына

Аман - есен түгел жет.

- Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Хормен:

- Қош сау бол, Әліппе! ( балалар хормен айтады)

ХОР «Рахмет саған әліппе»ән

БИ:  Арива (Диас,Нұрдәурен,Нұрлыхан,Жасұлан,Ақбота,Гүлшар,Мадина,Нұрайым)

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата - ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

21-оқушы.  Асылхан

Қош бол,құтты Әліппем!

Көп нәрсені  үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдаттың,сөйлеттің.

 

 

 

 

 

 

22-оқушы  Нұрдәулет

Баланың да тілегі,

Дананың да тілегі,

Шаншылмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

23-оқушы  Тілекққабыл

Арманмен алыстарға аттанарда

Жас оралар іркіліп жанарларға

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

Сөз берейік әкелер мен аналарға

(Мектеп басшылары мен ата - аналарға сөз беріледі.)

Мұғалім:

- Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп - көп рахмет!

 Қош сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош бол,сүйікті Әліппем !"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!

Мақсаты:  Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз                  

                   өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын                                

                   күшейту.

                   Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,  

                   толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.

                   Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі       

                  дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар

Барысы:

Мұғалім:

           Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын Әліппе оқулығы болса, міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата - аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!

1 -оқушыДиас

Көз салып қараңызшы боймызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2 – оқушы  Айбол

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппемен қоштассақ,

Өсті білім, бойымыз.

Құтты болсын тойымыз.

3-оқушы  Гүлшар

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Мұғалім:

Іші толы әріпке

Білімдіге жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Олай болса, қымбатты Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:

Әліппе! Әліппе! Әліппе!

 Әліппе:Нұрдәурен

Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата - ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

 

 

 

 

4-оқушы Ақбота

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

5-оқушы  Аяулым

А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын білем,

Сөз оқимын айырып әріпті енді.

6-оқушы    Нұрайым

Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

 «Әліппе» әні  Нұрлыхан

БИ: «Жұмыр қылыш»  (Айбол,Бауыберік,Саламат,Диас,Нұрдәулет,Рамазан)

7-оқушы    Нұрсат

Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз

Ғылым, білім жолына

Енді қайық саламыз.

8-оқушы    Қаракөз

Мектебімнің есігін

Қыркүйекте ашқанбыз

Оқушы болып мектепке

Қуанып қадам басқанбыз

9-оқушы: Жасұлан

Үйретіп жазудың да өрнектерін,

Бойымды әріптермен тербеткенмін.

Зор қуаныш маған да, ұстазға да

Тілін біліп әріптерді сөйлеткенім.

10-оқушы .  Нұрай

Үңіліп Әліппенің сырларына

Дыбыстың ілесіп ап ырғағына

Ажыратып дауысты мен дауыссызды

Бірін қызыл, бірін көк бөліп сыздық

11-оқушы: Бауыберік

Мынау менің Әліппем

Көгілдір туым түсіндей

Ақылшы жақын досымдай

Қымбатты маған кісімдей

Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым

12-оқушы Мадина

Барлық әріп бағалы

Айтсақ әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды.

ӘН:  «Ардақты ұстазым»  (Айерке,Нұрайым,Ислам,Рамазан)

БИ: «Қуыршақ»  қыздар  тобы.

Мұғалім:

Ал, қане, мына көпшілікке әріптердің сырын ашайық балалар!

 

 

 

 

 

 

13-оқушы 

А - әрпі.  Айерке

Менің үшін жақсы адам

Артық көрем басқадан,

Апа, ата сөздері

Қайсы әріптен басталған?

14-оқушы    Р - әрпі. Ислам

Қырларда құр - деші,

Жайылып жүр - деші.

Ал енді өзің - ақ

Р - р - р - р - деші.

15-оқушы.   Н-әрпі  Гулзат

Ас  біткеннің анасы

Қасиетті  нан  осы

Қайсы  әріптен басталған

Соңғы  әрпінде  қараша.

16-оқушы  М - әрпі. Мадина

Түйе өркешіне қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?

17-оқушы   С - әрпі. Сұлтан

Білезікке қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?

18-оқушы    Г - әрпі. Рамазан

Егіз десе - екінші,

Сегіз десе - үшінші

Бұл қай әріп екенін

Өзің қарап түсінші.

19-оқушы   П - әрпі. Нұрлыхан

Ата - анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Осы атаулар зер салшы

Басталған қай әріптен

 Әліппе: Нұрдәурен

Көп рахмет балалар,

Менен білім алдыңдар

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтанам.

 Индия биі:  Қыздар тобы

ХОР. «Әліппе» әні  Саламат

20-оқушы Саламат

Әліппе – білім анасы

Әліппе – кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы.

Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

«А» деген ол - аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты,

«Б» деген ол - балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Әліппе:Нұрдәурен

- Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық!

 

Мұғалім:

Ана тілі ортаға келіңіз!

Ана тілі: Айерке.

Туған елдің тілімін

Ақылыммен танылам

Түсіндірір бәріне

Ана тілі мен болам.

Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

- Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін!

Олай болса балалар  осы уақытқа дейінгі алған білімдерімізді ата-аналарымызға,ана тіліне   көрсетейік.

Сауат ашу

1.Дауысты,дауыссыз  дыбыстар қандай  белгімен  белгіленеді?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?  (дауысты,дауыссыз)

3.Дауысты дыбыстар қалай  айтылады?

4.Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

5.Вагон, Цирк  сөздеріне дыбыстық талдау жаса. (ауызша)

 Математика

1.Сандарды өсу ретімен санау. (10-ға дейін)

2.Сандарды кему ретімен санау.(10-ға дейін)

3. 10 санының  құрамы ата.

4. 10см=1дм

5. Қосудың,азайтудың компоненттерін ата.(қосылғыш,қосылғыш,қосындының мәні),                   

                                                                          (азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні)

Дүниетану.

1.Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (күз,қыс,көктем,жаз)

2.Тірі табиғаттарды ата. (өсімдік,жануар,адам)

3. Адамның  сезім мүшелерін ата. ( көз,тері,құлақ,мұрын,тіл)

4.Ауа температурасын немен өлшейді? (термометр)

5.Айналадағы дүниеде неше тұс бар? (4.солтүстік,оңтүстік,батыс,шығыс)

Әліппе: Нұрдәурен

Әліппенің бетін жарық ет

Ұл - қызды түгел білімді ет

Келесі оқу жылына

Аман - есен түгел жет.

- Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Хормен:

- Қош сау бол, Әліппе! ( балалар хормен айтады)

ХОР «Рахмет саған әліппе»ән

БИ:  Арива (Диас,Нұрдәурен,Нұрлыхан,Жасұлан,Ақбота,Гүлшар,Мадина,Нұрайым)

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата - ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

21-оқушы.  Асылхан

Қош бол,құтты Әліппем!

Көп нәрсені  үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдаттың,сөйлеттің.

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 993 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2015 897
    • DOCX 22.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танирбергенова Алия Мендибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22351
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 523 человека

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 352 человека

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе