Инфоурок Начальные классы Конспекты"Қош келдің, Әз наурыз"

"Қош келдің, Әз наурыз"

Скачать материал

Тақырыбы: "Наурыз -жыл  басы"

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі наурыз көже туралы түсінік беріп, өнерлерін көпшілік алдында көрсетуге үйрету. Адамгершілікке, сыпайылыққа, бірін - сыйлауға көмектесуге, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд.
Барысы: 

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)
Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықта әжелер,
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар.
2 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Құтты болсын мереке
Болсын думан береке.
1-бала:
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендерің сау; мықты болсын!
Аман есен болайық;
Баршаңызға тілерім осы халайық!
2-бала:
Еліміздің несібесі көп болсын,
Сиыр желіні толатұғын сүт болсын.
Жауын жауып, жер бетіне көк толсын,
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
3-бала:
Құт болып азат күн – Наурызы,
Шырқалсын қазақтың ән – жыры.
Жасына жас қосып баланың,
Алақай келді Жаңа жыл.
Әже киімін киген қыз шашу шашады.
Әже:
Наурыз - көктем тойымыз:
Той дәмі мол: тойыңыз!
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
Төлдеді де малымыз,
Тамыр жайды талымыз!
Той жасап ел енді
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!
1 жүргізуші: Көп жасаңыз әже.
2 жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн – ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
4-бала:
Наурыз тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
5- бала:
Естиміз жыр мен сазды,
Қарамай мол мен азыңа.
Өн бойы шаттық, ән мен күй,
Наурызым ұлттық қазына!
6- бала:
Жүріңіздер наурызда басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен - саяқ.
Ән айтылсын,
Би биленсін қауым болып,
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп:

1-жүргізуші: Уа, қадірменді халайық! Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Біздер Наурыз мейрамы туралы деректер жинап едік. Көп құрбыларымыз Наурыз
тарихы туралы үстірт білетінге ұқсайды, сол себептен мейрамымыздың тарихына бойлау үшін бұрынғы ғасырлар үлгісіне шегініс жасағымыз келіп тұр.
2-жүргізуші: Иә, біздің де білмейтініміз көп екен. Наурыз сөзінің түп төркіні иран тілінде жатқанын бұрын кім білген. Ноу деген – жаңа, руз – күн деген мағынаны білдіріп, жылдың жаңа күнін айғақтап тұр. Ал, қазақ тілінде «наурыз» жыл басында тойланатын мейрам болса, екіншіден ай және ұлыс күнгі пісірілетін көженің аты.

Би:«Қаражорға»
1- жүргізуші: Наурыз мейрам өзге халықтардың да дәстүрінде бар екен.
Ал, ежелгі түркілердің дәстүрі тіптен қызық. Ұлыс күндері барша ер азаматтар бойларын түзеп, жаңа киімдерін киіп, алты күн садақ атып машықтанады. Жетінші күні бәрі жиылып жамбы атады. Көз мергені, қол мергені бар бәрі атып, қай тигізгені сол күні елге хан болып, билігін жүргізуге еркі беріліпті.
2- жүргізуші: Түбі бір түркі халқы – Иранды арабтар жаулап алғанға дейін Наурыз күні күн сөзінің бас әрпі «шин» - мен басталатын жеті затты дастарханға қояды екен. Сол үрдіс әлі күнге дейін бұзылған жоқ. Бұл күндері республикамызда жасайтын барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдері мақтайтын наурыз көжеміз де жеті қасиетті тағамнан дайындалады емес пе...
1- жүргізуші: Халқымыздың айтуынша, 21 - наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көрінетін қиял – ғажайып адам.
Осы кезде сырттан Қызыр баба кіреді
Қызыр баба:
Ау, аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар:
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рахатын тапты жан.
Күннің жаңа нұры бар
Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрам – бұл:
Қарсы алайық, тұрыңдар!
Бәрі орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап, келе жатқан жаңа күн – Наурызды қарсы алады...
Наурыз:
Сәлем, ата – аналар!
Айналайын, балалар!
Қызыр баба, аман ба?.
Қызыр баба:
Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның
Құтты болсын қадамың!
Көрермендер қол соғады Наурыз бас иеді.
Наурыз:
Ашық болса күніміз,
Ашылады нұрымыз:
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Жайнатамын гүл – гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.
Сүтті болсын малымыз!
Қызыр баба: Көп рахмет, Наурыз қызым!
Қызыр баба: Ал, енді мен осы тойға деген өзімнің батамды берейін
Ал тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны!
Ананың сүтін ақтаңдар
Арларыңды сақтаңдар!
Кең пейіл, дарқан халқымыз,
Кеңейді дәстүр салтымыз:
Дәстүрін елдің сыйлаңдар!
Дәстүрлі салтты тойлаңдар!
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Әумин!!!

Ән. «Наурыз»
Наурыз
: Қызыр баба! Мың жасаңыз. Сізге көп рахмет! Ал енді жиналған қауым біздер рұқсат болса үлкен сапарымызды басқа ауылдарда жалғастырмақпыз. Сау, болыңыздар!
1 жүргізуші: Олай болса біз тойымызды ауылдарды аралап, қандай қызықтар болып жатқанын бірге тамашалайық
Осы кезде сырттан Қожанасыр мен Алдар Көсе келеді
Алдар Көсе: Уа, халайық армысың! Осы жақтағы ауылдар наурыз тойын дүркіретіп тойлатпақшы дегенді естіп Қожекең екеуміздің жеткен бетіміз осы.
Қожанасыр: Дұрыс айтасың Алдар. Ендеше қонақтармен бірге барып, тойдың қалай өтіп жатқанын көрейік
2 жүргізуші: Бәрекелді! Жүріңіздер.
Осы кезде қонақтар ауылдарды аралап, өнерлерін тамашалайды
Алдар Көсе: Ау, Қожеке наурыз тойы керемет тойланды. Енді біздер басқа ауылдарға барып сапарымызды одан әрі жалғастырайық
Қожанасыр: Олай болса біз жолға шығайық. Сау, болыңыздар!
1 жүргізуші: Көп рахмет, келгендеріңізге
1 жүргізуші: Халқымыз Ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жылдың жерге түскен күні», «Самарқанның көк тасы еріген күн», деген сияқты бейнелі сөздер сақталып келеді.
2 жүргізуші: Ақ жол! Ал, қадірменді ағайын! Наурыз мерекесімен жалғасқан той бізден басқа сыныпта да өтпекші. Енді ертеде қазақтардың Наурыз тойын қалай қарсы алғаны сіздерді қызықтыратын болуы керек. сөз кезегі сенде.
1жүргізуші: - Наурыз қарсаңында халқымыз Қызыр күні жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде « жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағады екен. Үй іші кір – қоқыстан ада болса, жыл бойы ауру – сырқаудан аман боламыз деген сеніммен мүліктерін жуып, сүртіп, көрпе жастықтарды қағып сілкейтін болған.
2 жүргізуші: Иә, жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойғы өмірің дәл осылай өтеді деген нақыл әр халықта бар. Халқымыз жыл бойы молшылық болсын деп ыдыстарға бидай, арпа, сұлы, жүгері, т. б толтырып, сүт, айран, шұбат, уыз құйып қояды
.

Қорытынды:
1 жүргізуші:
Мұсылман халықтарының көбіне тән Наурыз мейрамы туралы біраз айттық. Әрине біз қамтымаған рәсімдер көп. Күн мен түн теңелген уақытта тойланатын бұл мейрамымыздың ең басты қасиеті теңдік, адамгершілік, молшылық сияқты абзал қасиеттерден тұрады.
2 жүргізуші: Рахмет сіздерге!
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын жаңа жыл!!!
Екеуі бірге: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, алаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл 22- наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар.
2- тәрбиеші: О, жарандар, жарандар,
Бермен қарай қараңдар.
Наурыз тойы басталды.
Құттықтаймын бәріңді
Үлкен - кіші, кәріңді
Ақ дегенің мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Алла қолдап ісіңді,
Қадамың басқан оң болсын!
Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумассалам
Ұлыс оң болсын
Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
2-жаршы: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін!» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Бабалардың үмітін,
Жас ұрпақтар ақтаймыз.
Қыдыр атаны шақырып,
Наурыз тойын бастаймыз.
Көрініс: күн мен түн ортаға шығады.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер бірақ.

3.Қыдыр ата сөзі:Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балалар!
Сендерге арнап көктемде,
«Қарғалдақты» өсірдім.
Белгісі болсын көктемнің
Берекесін берсін өткеннің.
Наурыз көже сыйлықпен,
Сендерге бүгін жеткенмін.
Ал, балалар, балалар,
Би билеп, ән салайық,
Наурыз тойда, думандап.
Ән: «Домбыра сазы».
1-тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже: Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Қоянды» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Ұлу » кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.
Наурыз қыз:
Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!

1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2- бала: Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

3-бала: Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Би:«Қаражорға»
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы - Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жарайды, жалғыз Асанәлі деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Асаналіні іздеп шығады.
Қыздар: Асанәлі, Асанәлі, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Асанәлі керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

1- бала: Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!

2- бала: Қуанайық халайық,
Келді міне жар салып.
Жаңа жылмен тойлайық,
Би билейік, ән салып.

3- бала: Сәнді көктем - Наурыз!
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!

4- бала:Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі

5-бала: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.

6-бала: Қуанайық халайық,
Келді міне жар салып.
Жаңа жылмен тойлайық,
Би билейік, ән салып.
Ән: «Төлдер».
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Асанәліні жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
Қыздар биі: «Қазақ биі»

Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Апа Асанәліні жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ әрине осығанда жіберем бе кәне ұлдар жылдам ба. қыздар жылдам ба соны көргім келіп тұр.
Қыздар: Енді, жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған сендер ұнап қалдыңдар, тағы қандай өнерлерің бар екен, көрейін.
Жылдар:
Тышқан: Мен тышқанмын, тышқанмын,
Көбейгенмін , өргенмін
Кішкене қандай болсам да,
Жылды бұрын көргенмін.
Сиыр: Уа, халайық жиылған,
Бір сәлем келген сиырдан.
12 жыл бойы жол жүріп,
Келдім алыс қиырдан.
Барыс: Шыңда жүрген барыспын,
Ертеден жылмен таныспын.
Қарлы тауда жүремін,
Жердегіден алыспын.
Сиырдан ұлықсат сұрайын,
Биылғы жыл мен болайын.
Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,
Бүгін ерте ояндым.
Аппақ едім қыс бойы,
Қоңыр түске бояндым.
Ұлу: Мен ұлумын, ұлумын,
Теңізден келген сұлумын.
Қамын ойлап келген ем,
Ойын - сауық құрудың.
Жылан: Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балдырған.
Қарды түгел кетіріп,
Жердің бетін жайнатам.
Жылқы: Мен жылқымын желдім ғой
Іздеп жүріп келдім ғой.
Қолыңды соқ қарсы алып,
Жылды маған сендің ғой.
Қой: Қой едім елге ұнайтын,
Бірінен бірі сұрайтын.
Мен боламын білсеңіз,
Малдың басын құрайтын.
Мешін: Мен, Мешінмін, мешінмін,
Көптен келмей кешіктім.
Мың құбылып, түрленіп,
Жайнасын жылым, жайнасын!
Тауық: Менде құспын, тауықпын,
Көркімін ойын - сауықтың.
Күнделікті жемімді,
Шоқып жүріп тауыппын.
Ит: Ит болғанда Құмаймын,
Бір орында тұрмаймын.
Аңды алыстан көремін,
Қуып жетіп төнемін.
Доңыз: Доңызды білсең майлымын,
Халыққа сондай жайлымын.
Берекелі жыл болар,
Шаруаға сайлымын.
Қоян жылы жыл таяғын ұлу жылына тапсырады.
Ендеше, Ұлу жылымыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын, қайда барсақ жол болсын!
Мыстан: Өй, сендерде өнерлі балалар көп екен ғой.
Қыздар: Асанәліні енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар . «Арқан тартыс»
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Асанәліні жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! Мыстан өзі де шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар мінекей әрқашанда жамандық жасаған адамдар өзі ұсталып қалады көрдіңдер ме барлығымыз бірігіп Кенжебегімізді де шығарып алдық, барлықтарыңда көп жақсылық жасауға тырысыңдар. Балалар бүгінгі мейрамға бізге келген Қыдыр атамыздан бата сұрайық.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор баққты! Аумин.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Ән. «Наурыз»
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қош келдің, Әз наурыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: "Наурыз -жыл  басы"

Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі наурыз көже туралы түсінік беріп, өнерлерін көпшілік алдында көрсетуге үйрету. Адамгершілікке, сыпайылыққа, бірін - сыйлауға көмектесуге, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд.
Барысы: 

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)
Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықта әжелер,
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар.
2 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Құтты болсын мереке
Болсын думан береке.
1-бала:
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендерің сау; мықты болсын!
Аман есен болайық;
Баршаңызға тілерім осы халайық!
2-бала:
Еліміздің несібесі көп болсын,
Сиыр желіні толатұғын сүт болсын.
Жауын жауып, жер бетіне көк толсын,
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
3-бала:
Құт болып азат күн – Наурызы,
Шырқалсын қазақтың ән – жыры.
Жасына жас қосып баланың,
Алақай келді Жаңа жыл.
Әже киімін киген қыз шашу шашады.
Әже:
Наурыз - көктем тойымыз:
Той дәмі мол: тойыңыз!
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
Төлдеді де малымыз,
Тамыр жайды талымыз!
Той жасап ел енді
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!
1 жүргізуші: Көп жасаңыз әже.
2 жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн – ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
4-бала:
Наурыз тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
5- бала:
Естиміз жыр мен сазды,
Қарамай мол мен азыңа.
Өн бойы шаттық, ән мен күй,
Наурызым ұлттық қазына!
6- бала:
Жүріңіздер наурызда басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен - саяқ.
Ән айтылсын,
Би биленсін қауым болып,
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп:

1-жүргізуші: Уа, қадірменді халайық! Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Біздер Наурыз мейрамы туралы деректер жинап едік. Көп құрбыларымыз Наурыз
тарихы туралы үстірт білетінге ұқсайды, сол себептен мейрамымыздың тарихына бойлау үшін бұрынғы ғасырлар үлгісіне шегініс жасағымыз келіп тұр.
2-жүргізуші: Иә, біздің де білмейтініміз көп екен. Наурыз сөзінің түп төркіні иран тілінде жатқанын бұрын кім білген. Ноу деген – жаңа, руз – күн деген мағынаны білдіріп, жылдың жаңа күнін айғақтап тұр. Ал, қазақ тілінде «наурыз» жыл басында тойланатын мейрам болса, екіншіден ай және ұлыс күнгі пісірілетін көженің аты.

Би:«Қаражорға»
1- жүргізуші: Наурыз мейрам өзге халықтардың да дәстүрінде бар екен.
Ал, ежелгі түркілердің дәстүрі тіптен қызық. Ұлыс күндері барша ер азаматтар бойларын түзеп, жаңа киімдерін киіп, алты күн садақ атып машықтанады. Жетінші күні бәрі жиылып жамбы атады. Көз мергені, қол мергені бар бәрі атып, қай тигізгені сол күні елге хан болып, билігін жүргізуге еркі беріліпті.
2- жүргізуші: Түбі бір түркі халқы – Иранды арабтар жаулап алғанға дейін Наурыз күні күн сөзінің бас әрпі «шин» - мен басталатын жеті затты дастарханға қояды екен. Сол үрдіс әлі күнге дейін бұзылған жоқ. Бұл күндеріреспубликамызда жасайтын барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдері мақтайтын наурыз көжеміз де жеті қасиетті тағамнан дайындалады емес пе...
1- жүргізуші: Халқымыздың айтуынша, 21 - наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көрінетін қиял – ғажайып адам.
Осы кезде сырттан Қызыр баба кіреді
Қызыр баба:
Ау, аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар:
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рахатын тапты жан.
Күннің жаңа нұры бар
Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрам – бұл:
Қарсы алайық, тұрыңдар!
Бәрі орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап, келе жатқан жаңа күн – Наурызды қарсы алады...
Наурыз:
Сәлем, ата – аналар!
Айналайын, балалар!
Қызыр баба, аман ба?.
Қызыр баба:
Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның
Құтты болсын қадамың!
Көрермендер қол соғады Наурыз бас иеді.
Наурыз:
Ашық болса күніміз,
Ашылады нұрымыз:
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Жайнатамын гүл – гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.
Сүтті болсын малымыз!
Қызыр баба: Көп рахмет, Наурыз қызым!
Қызыр баба: Ал, енді мен осы тойға деген өзімнің батамды берейін
Ал тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны!
Ананың сүтін ақтаңдар
Арларыңды сақтаңдар!
Кең пейіл, дарқан халқымыз,
Кеңейді дәстүр салтымыз:
Дәстүрін елдің сыйлаңдар!
Дәстүрлі салтты тойлаңдар!
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Әумин!!!

Ән. «Наурыз»
Наурыз
: Қызыр баба! Мың жасаңыз. Сізге көп рахмет! Ал енді жиналған қауым біздер рұқсат болса үлкен сапарымызды басқа ауылдарда жалғастырмақпыз. Сау, болыңыздар!
1 жүргізуші: Олай болса біз тойымызды ауылдарды аралап, қандай қызықтар болып жатқанын бірге тамашалайық
Осы кезде сырттан Қожанасыр мен Алдар Көсе келеді
Алдар Көсе: Уа, халайық армысың! Осы жақтағы ауылдар наурыз тойын дүркіретіп тойлатпақшы дегенді естіп Қожекең екеуміздің жеткен бетіміз осы.
Қожанасыр: Дұрыс айтасың Алдар. Ендеше қонақтармен бірге барып, тойдың қалай өтіп жатқанын көрейік
2 жүргізуші: Бәрекелді! Жүріңіздер.
Осы кезде қонақтар ауылдарды аралап, өнерлерін тамашалайды
Алдар Көсе: Ау, Қожеке наурыз тойы керемет тойланды. Енді біздер басқа ауылдарға барып сапарымызды одан әрі жалғастырайық
Қожанасыр: Олай болса біз жолға шығайық. Сау, болыңыздар!
1 жүргізуші: Көп рахмет, келгендеріңізге
1 жүргізуші: Халқымыз Ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жылдың жерге түскен күні», «Самарқанның көк тасы еріген күн», деген сияқты бейнелі сөздер сақталып келеді.
2 жүргізуші: Ақ жол! Ал, қадірменді ағайын! Наурыз мерекесімен жалғасқан той бізден басқа сыныпта да өтпекші. Енді ертеде қазақтардың 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 003 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.05.2015 1462
    • DOCX 68.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алданбекова Дарига Кыдыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алданбекова Дарига Кыдыровна
    Алданбекова Дарига Кыдыровна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14932
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 19 регионов

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе