Инфоурок Другое СтатьиҚосымша білім беру туралы мақала

Қосымша білім беру туралы мақала

Скачать материал

Асылша Нұрмағамбетова, Қараман орта мектебінің жоғары санатты мұғалімі,Қарасу ауданы, Қостанай облысы

 

Қосымша білім беру жүйесін дамыту-оқушыға  кәсіптік бағдар берудің тиімді  жолы

              Бүгінгі таңда адамзаттың жоғары индустриалды және ақпаратты қоғамға қарқынды түрде өтуіне байланысты өркениеттің бет-бейнесі тұтастай өзгеруде. Елдің өркендеуі білім беру жүйесін, онын мазмұны мен құрылымын жаңартуды қажет етеді. Яғни, қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі - бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға  шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болуы қажет. Жасөспірімдердің қалыптасу кезеңі мен жетілуді бастарынан өткізіп ,болашақта қиын және күрделі өзгерістер арқылы ересектер әлеміне бейімделуі үшін көптеген дайындықтар қажет.Бұлай дейтініміз, жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі: адам өмірден ең алдымен білім мен тәжірибе алады, әдептілік ережелерін, үлгілерін меңгереді, моралдік нормалар мен құндылықтарды қабылдайды. Одан барып, жасөспірімдер ерекше қасиеттерімен өз алдына әлеуметтік-демографиялық топ ретінде танылады. Біздің еліміздегі нарық заманында адамдардың экономикалық белсенділігі мен ынтасын жаңарту, жас ұрпақтың жаңаша өмір сүруіне қызмет етуіне жағдай жасауда. Жасөспірімдерді кәсіби бағыттау барысында :

- олардың мамандыққа деген тұрақтылығы мен өзінің қабілеттілігін көрсете білу;

- болашақ мамандығына байланысты оқу пәндерін тереңдеп оқу;    

- болашақ қызметінің талаптарына жауап беретін жеке басының қасиеттерін дамыту;

- еріктілік және сезімдік қасиеттерді, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру;

- өзінің еңбек қызметі, мамандық әлемі, еңбек нарығының жай-күйі туралы түсінік қалыптастыру;

- жұмыс істеуге ынтасын арттыру; ой-өрісінің дамығанын сезінуі керек.

       Осы мақсаттарға жету үшін оқушылармен, ата-аналармен, басқа пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс істелуі қажет. Демек, оқушы мен ұстаз бір-бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы, бұл кәсіптік бағдар берудегі басты міндет. Жасөспірімдерді білімді, жан-жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып жұмыла кіріскен нәтижелі болады.

             Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Осымен қатар кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы болып табылады. Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіби бағдар беру жүйесінде кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғы шарттары жоғары сыныптарда туындайды. Олардың бойында танымдық қызығушылық дами отырып, жеке мәнді мақсат қою талабы, кәсіби мүддесі пайда бола бастайды. Алайда, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын өз деңгейінде біле бермейді. Соңғы кездерде жастар арасында ғылыми қызмет беделі төмендеп, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтары баяу өсуде. Мұндай құбылыстарды жою үшін ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары қажет болып отыр.

             Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: « Тұлғаның шығармашылық құзыреттіліктегі, үздіксіз білім мен тәрбиедегі, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындауындағы бәсекелі басымдықтарын қалыптастыру мақсатында балаларға қосымша білім берудің мазмұны мынадай негізгі бағыттар бойынша жаңартылатын болады: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру-сауықтыру және т.б.»- деп жазылған.
     Елімізде кәсіптік бағдар беруде қосымша білім берудің мән –мағанасының артуы оның балалар мен жасөспірімдердің қолы бос жағдайында еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту дербес талаптарын қанағаттандыру, өз еркіне сай мақсатты айналысуына әсіресе кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, сайып келгенде бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауында. Шындығында да, қосымша білім беру ұйымдары білімнің адам өмірі мен қоғамдағы рөлін балаларға түсіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл жағдайдағы педагогикалық процесс объект- субъектердің өзара ынтымақтастық пен шығармашылық қарым-қатынас принципіне, яғни тұлғалық даму педагогикасы идеясына құрылады. Неміс философы Зиммель «Білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам» деген екен. Оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартатын, қоғамдық пайдалы еңбекке баулитын ең маңызды қосымша білім беру саласының бірі – үйірмелер.  Сондықтан оқушылардың сабақтан тыс білім үйірмелеріне қатысуы маңызды. Үйірмені ұйымдастыру мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту,  тәжірибелік     іс -әрекеттер, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыру.Үйірме сабақтары, оқушылардың жалпы және арнайы білімдерін кеңейтуге көмектеседі.Үйірме жұмысы-балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі ерікті, дәстүрлі балалар бірлестігінің кең тараған түрі.Үйірмелер алғашқыда өнерпаздар бірлестігі ретінде пайда болып,кейіннен сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыс түрінде жүзеге асып отырды.Сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмысы ретінде үйірме келесі функциялар  атқарады:

      -Оқу пәндерінің білімін тереңдету,кеңейту,толықтыру;

      -Балаларды мәдени-әлеуметтік іс-әрекет түрлеріне баулу;

      -Коммуникативтік тәжірибені кеңейту;

      -Кәсіби бағдар беру;

      -Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру;

      Үйірмелер-баланы қызықтыратын іс-әрекет саласында өз мүмкіншіліктерін сынайтын , шыңдайтын ынтымақ пен қарым-қатынас ортасы.

       Үйірме арқылы баланың қарапайым қызығушылығы мазмұнды ұйымдастырылған маңызды іс-әрекетпен айналысуға,сол арқылы өзін-өзі дамытып жетілдіруге көмектеседі.

             Мен жұмыс істейтін Қараман орта мектебінде оқушылардың қосымша білім алуына көп көңіл бөлінеді. Атап айтар болсақ мектебімізде математика пәнінен «Жас математик» үйірмесі, технология пәнінен «Шебер қолдар» үйірмесі, информатика пәнінен «Компьютерлік графика» үйірмесі жұмыс істесе, «Көңілді тапқырлар клубы» және «Дебат» клубының мүшелері өздерінің өнерлерімен ауданда және облыста өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысып, нәтижелерге қол жеткізіп жүргенін мақтанышпен айта аламын. Біздің мектепте жаз мезгілінде «Жас патриот» деген әскери-сауықтыру лагері жұмыс істейді. Бұл лагерьде оқушылар демалады, әскери талаптарды орындайды, түрлі жаттығулар жасап денсаулықтарын жақсартады.Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.   Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. 

             Сонымен, қосымша білім беру ұйымдары - клубтық бірлестіктер, үйірме жұмыстары, факультатив сабақтары,таңдау курстары балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, жаңа білім, дағды, іскерліктерді игеруіне, көркем – эстетикалық сезімдері мен талғамдарының қалыптасуына, ұжымдық жұмыс дағдыларын игеруге ықпал жасап, кәсіптік бағыт-бағдар береді.

         Қазақ ағартушысы М. Жұмабаев «....Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие , сапалы білім беру және кәсіби бағыттау ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

       Ел Президенті 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып,  «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» - дейді. Ендеше, біздер, ұстаздар қауымы 2030 жылдары еңбек етіп, ел басқаратын болашақ жастарымыздың білімдігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Президентіміздің үкілі үмітін ақтауға барлық іс-әрекет, күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қосымша білім беру туралы мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.10.2016 5439
    • DOCX 619 кбайт
    • 61 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмагамбетова Асылша Куанышбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 112285
    • Всего материалов: 42

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой