Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"қосындыны санға бөлу"3 класс

"қосындыны санға бөлу"3 класс

Скачать материал

Сабактың такырыбы: Қосындыны санға бөлу.

Сабақтың максаты:

а)  Қосындыны санға бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.

ө) Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу, есептеу дағдыларын дамыту.

б) Мысалдарды шығара отырып, оқушыларға халықтық педагогикалық тәрбие беру. Экологиялық тәрбие беру.

Сабактың көрнекілігі: суреттер, тесттер, сөзжұмбақ, плакаттар, кестелер, Қазақстан Республикасының картасы, кодоскоп, телевизор, бейнетаспа,қамшы.

Пән аралық байланыс: ұлттық дүниетаным, дүниетану, ана тілі.

Сабактын түрі: кіріктірілген сабақ.

Сабактың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жүмбақтау әдісі, ойын, өзіндік жұмысы, ұжымдық жұмыс, тестпен жұмыс, деңгейлік тапсырма, математикалық диктант.

Сабактын барысы:

I.       Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқулық, оқу-құралдарын түгелдеу. ө) Психологиялық дайындық.

II.    Өткен сабактарды пысықтау.

 а) Кіріспе сөз. Жоспармен таныстыру.

 ә) — Балалар, маған кім бірлік сандарды атап береді?

- 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандары.

- Бірліктер туралы не білесіңдер? Мысалы: 7 саны туралы не білесіндер?     Жеті жұт, жеті ата, жеті теңге, жеті шелпек, жеті жетім, жеті қазына, жеті күн. _

-3 саны туралы не білесіңдер?

Үш көз, үш жамандық. үш жүз, үш жұрт, үш қуат, үш ғайып, үш арсыз, үш қадірлі, үш мұрат, үш тоқтам, үш тәтті.

-          4 саны туралы не білесіндер?

     Төрт кітап, төрт қылыш, дүниенің төрт бұрышы.

-          Ал 5 саны туралы не білесіндер?

Бес қару, бес асыл, бес дұшпан, бес парыз.

 - Дұрыс, балалар, олай болса осы бірлік сандарға байланысты адамдарға Үшкемпір, Алтыбай, Жетібай, Бескемпір деген сияқты аттар қойған.

  - Енді сендер мына сандарды оқыңдаршы.

1       сурет.

image1


Осы сандарда неше ондық, неше бірлік бар?

-        72 санында 7 ондық, 2 бірлік бар.

-        65 санында 6 ондық, 5 бірлік бар.

-        33 санында 3 ондық, 3 бірлік бар.

-   98 санында 9 ондық, 8 бірлік бар.

-        Дұрыс, балалар, енді осы ондықтарға байланысты Әбубәкір Кердері Шоқанұлының өлең шумақтарын кім еске түсіреді?

1       - оқушы:           Жел кірді көңіліме он бесімде,

Айдады ерікке қоймай жел несібе.

Ол күнде ойлағанның бәрі қызық,

Түседі адасқаным енді есіме.

Бұл өлендегі 15 санында 1 ондық, 5 бірлік бар.

 

2       - оқушы:           Он жеті, он сегіздің бәрі бірдей,

Шегініп калғаным жоқ топқа кірмей.

Түрікпенің құс қанатты көк мойыны,

Шабылып, жер танымас  бәйге көрмей.             

-        Бүл өлеңдегі 17 санында 17 бірлік, болмаса 1 ондық 7 бірлік , 18 санында 18 бірлік, болмаса, 1 ондық 8 бірлік бар.                                                       

-        Ал енді үй жұмысын тексереміз. Бірліктерін 5-ке көбейткенде 65=30 теңдігі

  қолданылатын екі таңбалы санды жазу керек болатын, көне кім окып береді?

6 5=30

16 5=(10+6) 5=10 5 + 6 5=50+30=80\    \       

Демек, ізделінді сан тек қана 16.

-        Енді. 5-ке бөлгенде 30:5= 6 теңдігі қолданылатын екі таңбалы санды жазу керек болатын, кәне кім оқып береді?

-            30 : 5=6

-          80 : 5=(50+30) : 5=50 : 5 + 30 : 5 =10+6=16

 Демек, ізделінді сан : 80.

-         Дұрыс, балалар, есепті дұрыс шығарып келіппіз.

III. Жаңа сабақ.

а) Жаңа сабақтың мақсатымен таныстырамын. Плакаттан жаңа сабақтың жоспарымен таныстырамын.

ә) Кіріспе сөз. Бейнетаспадан  «Арал теңізі»  жайлы сюжетті көрсетемін. Картадан Арал теңізін көрсетіп тұрып, балалар Арал теңізінің суының азайып бара жатқаны дүниежүзін алаңдатуда. Өйткені, тартылған теңіз орнынан ұшқан тұз тозаңы бүкіл әлемге жайылыгі, жердің бетін  бүлдіруге, өсімдігінің азайуына, жан-жануарлардың қырылуына әкеліп отыр. Белгілі ақын Мұқтар Шаханов дүниежүзіне жар салып, «Арал қорын»  ашқан. Сол қорға жиналған қаржымен Арал проблемасын шешу көзделуде. Сондықтан, біз бүгінгі сабақта Арал теңізін қалпына келтіру жұмысына өз үлесімізді қоспақпыз.

Біздің үлесіміз — біліміміз.

Ендеше білімімізбен Аралды құтқарайық.

1 - тапсырма.

Егер сендер жаңа материалды жақсы меңгерсендер жоспардың дұрыс жасалғаны. Кодоскопты пайдалана отырып, жаңа материалды түсіндіремін.

image1

 

-         ЕКДМ тік төртбұрышты неше шаршыдан құрастырылған?

-         Осы тік төртбұрышты тең екі бөлікке қалай бөлуге болады?

Бірінші тәсіл.

-          Неше қызыл щаршы бар? (6)

-         Көк шаршы нешеу? (4)

-          Барлығы неше шаршы бар? (10)

-         Оны калай жазып корсстуге болады? (6+4)

Барлық  шаршылар санын тез екіге бөлу керек. Оны қалай жазып көрсетуге болады? (6+4):2

-        Мұнда неше амал бар? (Екі амал)

-       Сурет бойынша түсіндіре отырып, олардың орындалу ретін анықта. Өрнектің мәнін тап.

-       Қосу амалын орындағанда не табылды? (Шаршылардың саны)

-       Бөлу амалын орындағанда ше? (Барлық шаршылар санын тең екіге бөлдік).

Олай болса, әуелі косындының мәнін есептеп, содан кейін оны санға бөліп, бөліндінің мәнін таптық.

Екінші тәсіл

-       Неше қызыл шаршы бар? Оларды екіге бөлейік. Оны қалай жазып көрсетуге болады? (6:2)

Неше көк шаршы бар? Оларды екіге бөлейік. Оны қалай жазып көрсетуге болады? (4:2)

-       Әр бөлікте барлығы қанша шаршы бар? Оны қалай жазып көрсетуге  болады? (6:2+4:2)

-       6:2+4:2 жазуы нені білдіреді? Мұнда неше амал бар? ( Үш амал).

-       Олардың орындалу ретін анықта, өрнектің мәнін тап. (Бірінші бөлуді орындаймыз, онда 3 шығады, екінші бөлуді орындаймыз, онда 2 шығады, қосуды орындаймыз, нотижесі 5)

Олай болса, әуелі қосылғыштардың әркайсысын санға бөліп, бөлінділердің мәндерін  есептеп, содан кейін оларды қосып, қосындының мәнін таптык. Ендеше, (6+4): 2 =6 : 2 +4 : 2 = 3 + 2= 5

2-    тапсырма.

Жоспар жасалды. Жоспардың 1-ші бөлімі қаржы мәселесіне арналыпты. Еліміздің бизнесмендері «Арал»  қорына миллиард доллардан қаржы аудармақ

-         Кәне. сендер жаңа сабақты жақсы түсінгендеріңді корсете білсендер, каржы мәселесі шешіледі. Олай болса ұжым болып үлесімді қосайық.

Ұжымдык жүмыс

2-    тапсырма

Берілген есептің шартын 1 оқушы оқиды. Барлық оқушыларды қатыстырып шартын құрамыз, сұрағын тауып, шешеміз, жауабын жазамыз. Тақтада 1 оқушы орындайды.

Алдымен -24 (п)

4        сыныпқа бөлгенде

Соңында -32 (п)

 

Әр сыныпта неше парта бар?

Бұл үшін мынадай амалдар орындалады:

24+32=56,

56:4

Мұндағы 56 : 4 түріндегі есептеу тәсілімен оқушылар таныс емес. Сондықтан мен оқушыларға түсіндіремін, мұндай тәсілдің қате еместігін, оның бізге тиімсіз екен деп ескере отырып, екінші тәсілге көшемін. Ол тәсіл бойынша:       ^

(24 + 32) : 4 = 24 : 4 + 32 : 4 = 6 + 8 = 14

24 : 4 = 6 - алдымен әкелінген парталардың әр сыныпқа бөлінгені.

32 : 4 = 8 — соңынан әкелінген парталардың әр сыныпқа бөлінгені.

6 + 8 = 14 - әр сыныптың алған парталар саны.

3-тапсырма.

Арал теңізіне Сырдария, Амудария өзендері құяды. Өзендер суы толық құйылу үшін Түркіменстан Президентімен Қызылорда әкімі келісім шарт жасауы керек. Егер осы тапсырманы дұрыс орындап шықсақ, онда келісім шарт жасалады.

Олай болса, «Қыз қуу» ойынын ойнайық. Тақтаға бір ұл жөне бір қыз  шығады. Тақтаға 2 плакат ілінген. Ойынның шарты есіктен кірген оқушы жолдағы кедергі есептерді шығарып, ертерек мәреге жетуі керек. Кім бұрын мәреге жетсе, сол оқушы ұпайын алып жеңіске жетеді. Қалған оқушылар 3-мысалдың а) —ның (2) жөне  ә) —нің (2) өз дәптерлерінде орындайды. Болған соң тақтамен салыстырады.

2-сурет                                                                3-сурет

 

 

 

 

100:2+20:2=

(200+300):2=

ҰПАЙ

(10+18):2=

(10+15):5=

 

 

200:2+20:2=

(150+50):3=

ҰПАЙ

(6+9):3=

(8+6):2=

 
20020022ііііі

 

 

 

 

 

 


4 - тапсырма.

Арал теңізі астындағы су көзі бітелген. Соны ашу керек. Ол оңай жұмыс емес. Ертеде жүзгіштердің жүзгіші ғана аша алған екен. 4-есепті шығарсақ, біздің жүзгіштер теңіз көзін ашады.

Математикалық диктант

Екі қатарды 2 топқа бөлемін. Әр топпен әрбір оқушы сұрақты оқып, оған ауызша жауап береді.

а) 1м = 100 см                                   1дм = 10см

100см : 2 = 50см                          10см : 2 = 5см

ә) 1т = 1000кг                                   1ц = 100кг

1000кг : 5 = 200кг              ^        100кг :  2 = 50 кг.

Сергіту сәті:

Қол ұстасып тұрамыз,

Керегені ұрамыз.

Уықтай боп иіліп,

Киіз үйді құрамыз.

5-тапсырма. Жан-жаққа қоныс аударып, көшіп кеткен Арал тұрғындары туған жерлеріне оралмақ. Кәнеки, туған жеріне оралып, ата кәсіптері балық шаруашылығымен айналысуына көмектесейік.

Ұжымдық жұмыс.

-           Балалар, менің қолымдағы затқа қараңдаршы. Осылар қандай геометриялық фигураларға және үй жиһаздарының қайсысына ұқсайды?

-         Мұның ішінде үшбұрыш, квадраттар, яғни шаршы, төртбұрыштар бар. Олар үй жиһаздарының құрақ көрпелеріне, жастықтың көздеріне ұқсайды.

-         Үйдегі қандай заттар геометриялық фигураларға ұқсайды?

-         Үйдегі кілем, көрпеше, алаша, киіз, палас, сандық, есік, терезелер ұқсайды.

-         Сынып ішіндегі қандай заттар геометриялық фигураларға ұқсайды?

-         Балалар атайды.

Сөзжүмбак шешу:

-         Мынау сөзжүмбақтың ішінде бізге керек бір сөз бар , оның сұрақтарына дұрыс жауап берсек геометриялық фигура шығады, соның көмегімен 5 есепті шығарамыз.

image1


 

1.      Үй жиһазының аты.

2.      Жемістердің түрі.

3.      Үй жануарларының түрі.

4. Асықтың түрі.

5. Бірліктерден бір санды атау.

-Дұрыс балалар, олай болса шаршы қандай фигура. Шаршының қасиеттерін айтқызамын. Бір оқушыға есептің шартын оқытамын. Сыныптағы барлық оқушыларды катыстырып талдап шығарамыз.

Р = 20 см                  Шешуі:   20 : 4 = 5 (см) - бір қабырғасы, барлық қабырғасы-?

                                                 Олай болса, қабырғалары тең.

S -?                                        S = 5 5 = 25 (см2 )

                                Жауабы: S = 25 (см2 )

6-тапсырма. Өзіндік жұмысы.

Оқушылар өз бетінше теңдеулерді шешеді, бір-біріне тексереді. Жауабын 2 оқушыға оқытып тексеремін.

С ∙ 3 = 210                    210 : а = 30

7-тапсырма.

Шығармашылық тапсырма.

Жаңа сабақты бекіту.

Тестпен жұмыс. (Деңгейлік тапсырма) Әрбір оқушының жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мақсатында, тест жұмысын аламын. Әрбір оқушыға таратып беріп, 1-2 минутта орындауларын тапсырамын.

 Тақтаға ілінген плакатта тест жұмысының сұрақтары берілген, соған қарап, алдарындағы берілген қағаздарға жауабын жазады.

Тест. (Денгейлік тапеырма).

1.Бірінші тәсілмен берілген өрнекті  тап, оны шеш

 а) 9 (19-11)                 ә) 5 9+5              б) (8+4):2

2. Екінші тәсілмен берілген өрнекті  тап, оны шеш

а) 3 (25-20)                   ә) 6+8 6            б) 8:2+4:2

3. Өрнектің мәнін тап

а) 5 2+7                          ә) 27:3

 
 

 

 

 

 

 

 


«5» - 3 тапсырманы орындаған оқушы

«4» - 2 тапсырманы орындаған оқушы

«3» - 1 тапсырманы орындаған оқушы

Жұмыстарын жиып алып, тез тексеремін, бағалаймын.

Балалар, біз бүгін азаматтық іс атқардық. Арал теңізін қалпына келтіру арқылы дүниежүзі табиғатын қорғап қалдық.

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

 Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақындар жырлағандай, та-биғатымызды аялайық.

Макал-мәтелдер айткызу.

1.      Сулы жер -нұлы жер.

2.      Сусыз өмір жоқ.

3.      Судың да сұрауы бар.

Қорытынды бөлім: - Балалар, біз бүгін нені өттік?

-   Нені үйрендік?

-   Нені білу керек?  

- Қосындыны санға қалай бөлдік?

Оқушылардың білімдерін қорытып бағалаймын, мадақтаймын.

Үйге тапсырма беремін: 1326. 7-мысал.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""қосындыны санға бөлу"3 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 681 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2015 1127
    • DOCX 49.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абданбекова Райхан Джаксылыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9395
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 826 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 187 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции