Нургалиева Меруерт
Сазанбаевна
Құрамында қоспасы
бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер
9-сынып
Құрамында қосындысы бар 400 г әктасты өртегенде 78,4
л көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін
(%) есептеңіздер.
Берілгені:
m (әктас)
= 400 г
V (CO2)
= 78,4 л
Т/к ω(қоспа)
Шешуі:
1) Реакция теңдеуін
жазып,кальций карбонатының молярлық массасын есептейміз:
CaCO3 = CaO + CO2↑
1моль
1моль
М (СаCO3)
= 40
+12+16•3 = 100
г/моль
2) Көмірқышқыл газының зат
мөлшері арқылы реакцияға түскен заттың зат мөлшерін табамыз:
V 78,4 л
= ––––– ; (CO2) = –––––––––––––
= 3,5 моль
Vm
22,4
л/моль
(CO2) =(СаCO3) = 3,5 моль 3)
Зат мөлшері бойынша кальций карбонатының массасын
табамыз: m (CaCO3) = 3,5
моль •100 г/моль = 350
г
4) Әктастың құрамындағы қоспаның массасын
анықтаймыз: 400 г –
350 г = 50
г
5) Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін есептейміз:
50 г
ω = –––––– =
0,125 ( немесе 12,5 %)
400 г
Жауабы: 0,125 немесе 12,5%
.
Калий карбонаты мен натрий карбонатынан тұратын
массасы 7 г қоспаны күкірт қышқылымен өңдеді. Реакция нәтижесінде көлемі
1,344 л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспа құрамындағы натрий карбонаты мен калий
карбонатының массалық үлесін есептеңіздер.
Берілгені:
m (қоспа) = 7 г
V (CO2) = 1,344 л
(қ.ж.)
Т/к ω (Na2CO3)
ω (К2CO3)
Шешуі:
1) Реакция теңдеуін жазып,есептеуге қажетті
қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:
Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2↑ + H2O
1моль
1моль
K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2↑ + H2O
1моль
1моль
М (Na2CO3) = 23•2+12+16•3
= 106 г/моль
М (К2CO3) = 39•2+12+16•3 = 138
г/моль
2) Қоспадағы натрий карбонатының массасын х г деп
белгілесек,қоспадағы калий карбонатының массасы (7-х) грамға тең болады. Яғни,
m(Na2CO3) = х
г
m(К2CO3)
= (7- х)
г
Натрий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газдың көлемін у л
деп белгілесек, ал калий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін
газ көлемі (1,344 - у) литрге тең
болады:
V1=
у
V2 =
(1,344 - у) л 3)
Реакция теңдеулеріндегі сәйкес заттардың формуласының үстіне белгіленген
мәндерді қоямыз: х
г у
л Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2↑ + H2O
(1)
(7-х)г
(1,344-у)л
K2CO3 +
H2SO4 = K2SO4 + CO2 ↑+ H2O (2)
х у
––––––– = ––––––
(1)
106 22,4
(7 - х)
––––––– = ( 1,344 -
у) (2)
138
Бірінші
теңдеуде у-ті х арқылы өрнектейміз:
22,4•х
у = –––––––– (3)
106
22,4 • х
(1,344 - ––––––––– ) •138 = 22,4 •(7 - х) (4)
106
Теңдеуден х-тің мәнін табамыз: 185,472 -
29,16•х = 156,8 -
22,4•х
6,76•х =
28,672
х = 4,24 m (Na2CO3) = 4,24
г m (К2CO3) = 7 – 4,24 =
2,76 г
6)
Карбонаттардың массалық үлестерін формула бойынша есептейміз:
m (Na2CO3
) 4,24 г
ω (Na2CO3)
= –––––––––––– = ––––––––– = 0,6057 ( немесе 60,57 %)
m (қоспа) 7 г
m (К2CO3
) 2,76 г
ω (К2CO3) =
–––––––––––– = ––––––––– = 0, 3943 ( немесе 39,43
%)
m
(қоспа) 7 г
Есепті
тексеру.
Әрбір карбонат күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінген көмірқышқыл газының
көлемін сәйкес теңдеулер бойынша есептеп алып, көмірқышқыл газының жалпы
көлемін табамыз:
1) Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 +
CO2á + H2O
1моль 1моль
Реакция теңдеуі
бойынша:
106 г Na2CO3
әрекеттескенде
22,4 л CO2 бөлінсе,
4,24 г Na2CO3 әрекеттескенде
у 1 л CO2 бөлінеді.
4,24 •22,4
у1 =
–––––––––––– = 0,896
л
106
2)
K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2á + H2O
1моль
1моль
Реакция теңдеуі
бойынша:
138 г К2CO3
әрекеттескенде
22,4 л CO2 бөлінсе,
2,76
г К2CO3 әрекеттескенде
у 2
л CO2
бөлінеді.
2,76 •22,4
у2 = –––––––––––– = 0,448 л
138
3)
у = у 1 + у 2 = 0,896 + 0,448 = 1,344 л Нәтиже есептің шартында берілген газдың көлеміне сәйкес
келеді.
Жауабы: ω(Na2CO3)
- 60,57 %
,
ω (К2CO3) - 39,43 %.
ЕСЕПТЕР
1)
Массасы 400 г натрий селитрасы айырылғанда 33,6 л оттек түзілді.
Селитра құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Жауабы: 36 %.
2)
Құрамында 16 % қосындысы бар 119 г ізбестастан қанша литр көмірқышқыл газы
бөлінетінін есептеңіздер.
Жауабы:
22,4 л.
3) Көлемі 67,2 л ( қ.ж.) метан алу үшін жұмсалатын
құрамында 3 % қосындысы бар техникалық көмірдің массасын есептеңіздер.
Жауабы: 37,1
г.
4) Көлемі 10 л этан мен этиленнің қоспасының
құрамындағы этиленнің массалық үлесі 28 % . Бром суындағы
бромның массалық үлесі 3,2 % . Этан мен этиленнің қоспасымен әрекеттесу үшін жұмсалатын
бром суының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 625 г.
5) Натрий карбонаты мен калий карбонатының 10 г
қоспасы суда ерітіліп, оған артық мөлшерде алынған тұз қышқылымен әсер етілді.
Реакция нәтижесінде бөлінген газ натрий пероксидінің ерітіндісі арқылы
өткізілді. Нәтижесінде бөлінген оттек көлемі 1,9 л (қ.ж.) сутек газын
жағуға жеткілікті болды. Реакция теңдеуін жазып, қоспаның құрамын (%)
есептеңіздер.
Жауабы: ω(Na2CO3)
- 56,5 % ,
ω (К2CO3) - 43,5 %.
6) Массасы 1,8 г натрий хлориді мен натрий иодидінің
қоспасы суда ерітілді. Ерітінді арқылы хлордың артық мөлшері өткізілгеннен
кейін, натрий хлоридінің массасы 1,3 граммға тең болды. Бастапқыда алынған
қоспа құрамындағы натрий иодидінің массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Жауабы: ω (Na
І) - 45,6 %.
7) Құрамында фенол мен сірке қышқылы бар қоспаны
нейтралдау үшін 20 %-қ 23,4 мл калий гидроксидінің ерітіндісі (р = 1,1 г/мл)
жұмсалды. Бастапқыда алынған қоспа бром суымен әрекеттескенде массасы 16,55 г
тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның құрамын ( г) анықтаңыздар.
Жауабы: фенол
4,7 г, сірке қышқылы 28,6 г.
8) Мыс (ІІ) оксиді мен темір (ІІІ) оксидінің 31,9 г
қоспасы сутегімен тотықсыздандырылды. Реакция нәтижесінде массасы 9 г су
түзілді. Қоспадағы металдардың массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: Сu - 22 %, Fe -78 % .
9) Жабық ыдыста көлемі 1,5 л (қ.ж.) күкіртсутек пен
артық мөлшерде алынған оттектен тұратын қоспаны жақты. Реакция өнімі көлемі
49,2 см³ суда ерітіліп, нәтижесінде 1,64 % -қ қышқыл ерітіндісі алынды. Бастапқыда
алынған қоспаның құрамын (л) анықтаңыздар.
Жауабы:
Н2S - 0,22 л, O2 -1,28 л.
10) Темір мен күкірт ұнтағынан тұратын қоспа
қыздырылып,тұз қышқылының ерітіндісінде толық ерітілді. Реакция нәтижесінде
(қ.ж.) бөлінген 4,48 л газ қорғасын (ІІ) нитратының ерітіндісі арқылы
өткізілгенде массасы 23,9 г тұнба түзілді. Бастапқыда алынған қоспаның
құрамын (г) анықтаңыздар.
Жауабы: Fe - 11,2 г, S -3,2 г.
11) Массасы 16 г калий хлориді мен натрий
хлоридінің қоспасын артық мөлшерде алынған концентрлі күкірт қышқылының
ерітіндісімен өңдегенде көлемі 5,6 л хлорсутек газы түзілді. Қоспаның құрамын
(г) анықтаңыздар.
Жауабы: KCІ -7 г, NaCІ - 9 г.
12) Күкірт қышқылы мен азот қышқылының
қоспасынан тұратын массасы 630 г ерітіндіге барий хлоридінің артық мөлшерін
қосқанда массасы 46,6 г тұнба түзілді.Түзілген тұнбаны бөліп алғаннан кейін
қалған қышқыл ерітіндісін нейтралдау үшін 40 % -қ 100 мл калий гидроксидінің
ерітіндісі (р = 1,4 г/мл) жұмсалды. Бастапқы ерітіндідегі азот қышқылының
массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 6 %.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.