Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Оспанхан Әубәкіров " Дүрбелең "

Оспанхан Әубәкіров " Дүрбелең "


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 27.01.16.

Әдіскер: Жахметова Б.К.

Сабақтың тақырыбы: Оспанхан Әубәкіров «Дүрбелең»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыны Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлеңімен таныстырып, мәнерлеп оқуға, мәтінге сүйене отырып Бектайдың ісіне баға бере білуге баулу.

Дамытушылық: Өлеңнің түйінін ашуға жағдай жасау,өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: Пәнді, мұғалімді, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.


б) Психологиялық дайындық:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстап қаламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.


Үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар өткен сабақта біз Алғашқы көмек тақырыбының бірінші бөлімін өттік.Үйге сол әңгімені мазмұндауға берілген. Қане, үй жұмысын кім айтады?

-Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?

-Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты?

-Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?

-Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын барлығың жақсы орындар келіпсіңдер.Олай болса біз жаңа сабағымызды бастайық.


Жаңа сабақ

- Балалар 2 сыныпта Оспанхан Әубәкіровтің қандай ертегісін оқып едік? (Сүт қалай ұйықтады?) Бүгін, Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлең оқи отырып Бектайдың қылжағы жайлы білеміз.

Оспанхан Әубәкіров(4 мамыр 1934, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылы-1986, Алматы) - сықақшы.

Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан.

Оқулықпен жұмыс. түсініп, жалғастырып, рөлмен оқу.

-Бектай неге үй ішін әуреге салды?

-Үйге кім келді? Дәрігер не деді?

-Дәрігер Бектайдың істеген қулығын білді ме? Оны өлеңнің қай жолынан аңғаруға болады? («Үндеме» дегендей, Ол бізге ымдады. ...).

-Мәтінге сүйеніп, Бектайдың ісіне баға бер.








Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Жоғары қолды созамыз,

Тып - тыныш қана отырамыз.


Дәптермен жұмыс.

Мына сызба бойынша талдау жаса. Есіңе түспесе, оқулықтан ізде.

Автор туралы

Шығармалары

Басты кейіпкерлері

Автордың негізгі ойы (идеясы)


Қорытынды.

-Бүгін не жайлы өттік?

-Сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Жалпы бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қалай?


Үйге тапсырма: Оспанхан Әубәкіров «Дүрбелең» оқу,мазмұндау.


Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.



Мұғалім:

Баға:




Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров501
Номер материала ДБ-068491
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх