Инфоурок / География / Конспекты / Қостанай облысының демалыс орындары мен туризм дамуының қазіргі жағдайы ғылыми жұмыс
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Қостанай облысының демалыс орындары мен туризм дамуының қазіргі жағдайы ғылыми жұмыс

библиотека
материалов



Рудный қаласы әкімдігінің «№7 орта мектебі» КММ









«Менің өлкемнің тарихы» республикалық зерттеу жұмыстар байқауы.

«Туған өлкемнің шежіресі» номинациясы











Қостанай облысының демалыс орындары мен туризм дамуының қазіргі жағдайы






Каримова Алтын Мерекеқызы, 11-сынып

Рудный қаласы әкімдігінің «№7 орта мектебі» КММ

Жетекшісі: Кистаубаева Сәуле Кәрімқызы

Рудный қаласы әкімдігінің «№7 орта мектебі» КММ,

география пәнінің мұғалімі

























Рудный қаласы, 2015 жыл


Аннотация


Бұл зерттеу жұмыста Алтын қазіргі уақыттағы Қостанай облысының демалыс орындары мен туризмнің қазіргі жағдайы мен даму болашағы мәселесін зерттей келе, Аймақтың туристік қызметін дамытудың бірден бір жолы рекрециялық ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қоса туризм саласында туристерге сапалы қызмет көрсету үлкен проблеманы көтере білуде екенін баяндалады. Облыс территориясында көрнекті тарихи және мәдени орындар жеткілікті болғанымен, туристік мәдени объектілерде туристерге сапалы қызмет көрсету арқылы туристерді таратады, туристік ауданның беделін көтеретінің айқын кесте жұмыстары арқылы көрсетеді. Аймақтың мәдени демалыс орындарының қоғамын әрбір мүшесінің психологиялық куш – қуатын қалпына келтіруде, оның рухани дүниесін жан - жақты дамытуда қосар үлесі зор болып табылатыны паш етіледі.










































Кіріспе.

Өзектілілігі: Туризм – мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық жағдайына әсер ететін, мемлекеттер арасындағы халықаралық қатынасты реттейтін зор маңызға ие басты және жедел өрлейтін экономика салаларының бірі. Халықаралық зерттеулер қазіргі туризмді тоқырауды өткермейтін әлемдік экономика салаларына жатқызады. Көп елдерде жалпы ішкі өнім қалыптастыруда, қосымша жұмыс орын жасауда және халықты жұмыспен қамтамасыз етуде, сондай – ақ сыртқы сауда балансын дамытуда туризм айтарлықтай маңызды роль атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) деректері бойынша туризм әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестицияның 11% астамын, әлемдік өндірістегі

9-шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік экспортта туризм мұнай мен мұнай өнімдерін және автомобиль экспортынан кейін 3-ші орын алады. Бұл көрсеткіш туризмді экономиканың жедел өрлейтін салаларының бірі екенін дәлелдейді. Соңғы уақытта туризм әлемдегі мол кіріс әкелетін бизнес түрлерінің біріне айналды. Қаржы түсімін көбейту және халықаралық байланысты кеңейту барысында туризмнің маңызы күннен күнге артуда.

Қазақстанда 80 елдің туристік фирмаларымен келісім шарт арқылы қатынас орнатқан 400 астам туристік фирмалар жұмыс істейді. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай – ақ Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда ілгері дамыған. Аталған облыстар мен қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын 88 % туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристері көбінесе Ресей, Польша, Турция, Біріккен Араб Эмираты елдеріне сапар шегеді. Ал, біздің республикамызға көбіне Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Польша, Турция тұрғындары келеді.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамыған аймақтарының қатарына Қостанай облысы да кіреді. Алайда, аймақта экономика салаларының бірі болып табылатын туризмнің даму проблемасы айтарлықтай жағдайда емес.

Қостанай облысы еліміздің басқа аудандарына қарағанда туризмі әлсіз дамыған аймақ болып есептеледі. Облыс территориясы Қазақстан территориясының жалпы көлемінің 7,7 % құрайды. Осындай территорияны алып жатқан Қостанай облысы демалушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын, рекреация және туризм формаларын дамытуға мүмкіндік туғызатын байлығы бар жерде орналасқан.

Зерттеудің өзектілігі Қостанай облысының біртұтас туристік қарқынын, рекреациялық ресурстары мен антропогендік объектілерді анықтауға және демалыс орындары мен туризмнің дамуын бағыттауға негізделген. Зерттеу жұмысы халық шаруашылығының маңызды міндеті – Қостанай облысында қазіргі жоғары нәтижелі туристік саланы құруды шешуге бағытталған.

Мақсаты: туризм географиясының алдында біртұтас маңызды міндеттер тұр. Солардың ішінен ең бастысын 1971 жылы Б№Б№Родаман дәл тауып айтқан: «Географтардың мақсаты – басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау және картаға түсіру бойынша әдістемелерді жасау, территорияны үнемді пайдалану, табиғатты және ландшафттардың рекреация үшін сұлулығын қорғау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандарының типтік модельдерін салу, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық географиялық зоналарды табу.» Тәжірибелік көзбен қарағанда жоспарлап реттеуге туризм географиясында ең маңыздысы – оның жорамалдық функциясы. Туризмді дамыту облысында ең негізгісі туристік қозғалысқа жорамал жасау. Осындай пікірлерді негізге ала отырып алға қойған мақсатымыз – табиғи, экономикалқ және әлеуметтік аспектілерн ескере отырып Қостанай облысының демалыс орындары мен туризмнің біртұтас қарқынын сипаттап, рекреациялық ресурстардың туристік қызметтегі ролін анықтау.

Негізгі зертеу міндеттері: Ғылыми жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нәтижелі ашу үшін бірнеше міндеттер қарастырылады:

  • Қостанай облысының демалыс орындары мен туризм дамуының табиғи және әлеуметтік – экономикалық алғышарттарына баға беру;

  • Облыстың біртұтас туристік қатынасын анықтау;

  • Облыстың туризм дамуының қазіргі жағдайын талдау;

  • Облыс туризмі дамуының негізгі бағыттарын өндеу.

Зерттеудің негізігі міндеттері жұмыстың жоспарланған құрылымында анықталады.

Жұмыста қаралатын мәселе – облыстың демалыс орындары мен туризм дамуының қазіргі жағдайы. Мұнда облыс территориясында орналасқан рекреациялық ресурстарға сипаттама беріліп, олардың қазіргі жағдайы қамтылды. Сондай – ақ, тарауда аймақтың антропогендік – тарихи және мәдени объектілері жайында баяндалып, олардың туристік қызметті дамытуға қосар үлесі сандық көрсеткіштер арқылы анықталады. Сонымен қатар, тараудың соңғы бөлімінде облыстың туристік қатынасы, яғни Қостанай облысының орналасқан орны, Қазақстан аймақтарымен және шет ел қалаларымен транспорттық байланысы, тасымалданған туристер және жылдар бойынша туристік қызметтің өзгерісі салыстырмалы түрде қарастырылады.

Зерттеудің теориялық негізі: негізгі зерттеу міндеттерінің теориялық негізін тақырып мәселесі бойынша жазылған Қазақстандық және шет елдік авторлардың ғылыми еңбектері құрайды. Олар: С.Р.Ердаулетов, Ж.А.Алиева, Д.В.Николаенко, Н.Морган, В.А.Квартальнов, т.б. Жұмыстың негізі ретінде Қазақстандағы жаңа бағыттағы қоғамдық географияның негізін салушы, туризм географиясының теорияларының алғашқы авторы, география ғылымдарының докторы, профессор С.Р.Ердаулетовтың ғылыми жұмыстары алынды. Атап айтқанда, «География туризма Казахстана», «География туризма: история, теория, методы, практика». Сондай – ақ, Д.В.Квартальновтың «Биосфера и туризм» кітабын, Ж.Н.Алиеваның «Туризмология негіздері», «Экологический туризм» атты еңбектерін, жергілікті зерттеушілер Е.А.Брагин және Т.М.Брагинаның «Фауна Наурузумского заповедника» еңбегін және баспасөз беттерінде жариялаған бірнеше мақалаларды қолданды. Сонымен қатар, туризмді дамыту жөніндегі нормативтік құжаттарға, Қазақстан туризімінің және әлеуметтік – экономикалық статистикалық жинақтараға, туризмді дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаға сүйендік.

Зерттеу жаңашылдығы Қостанай облысының территориясы үшін алғаш рет туристік – рекреациялық сфераның қазіргі жағдайының комплекстік анализін жүргізуге талаптануымен ерекшелінеді. Қостанай облысының территориялық – рекреациялық аймақтарды қалыптастыру және дамыту үшін негізін құруға болатын демалыс орындары мен туризмнің даму бағыттарын анықтау болып табылады.

Тәжірибелік маңызы: Зерттеу барысындағы тәжірибе нәтижелері облыстың туристік қатынастарды болжауға, жорамал жасауға негіз болып ықпал жасайды.

Зерттеу әдісі: Салыстырмалы – аналитикалық, жүйелі талдау, топтау, тарихи, экономикалық – статистикалық.

Қорғалатын табиғи зоналарына саяхаттайтын туристердің барлығы сол зонаға кері тигізбеуі, зиян келтірмеуі мүмкін бе ? Экотуризмнен түскен кірістен шығын жылдан жылға басымдылық көрсетіп, жоғалтқан табиғи шығынды қалпына келтіруге бөлінген кіріс бөлігі жеткіліксіз болып қалуы мүмкін бе ? Осындай сұрақтар тумас үшін Тим Хилинг өзінің « Экотуризм и Казахстан » деген еңбегінде экотуризм келесідегідей міндеттерден тұру керек деп көрсетеді:

Табиғатты бүлдірмей, оны қорғауға көмектесу. Оны әр түрлі тәсілдермен шешуге болады. Мысалы, сол қорықта болған турдан кейін табыстың 5 пайызын қорыққа беруге болады.

Жұмыс орнын құру және жергілікті халықтың табысын көбейту. Бұл жергілікті адамадарды гид есебінде жұмысқа алып, жергілікті құралдарды жалға алып және қосымша қызмет түрлері ( туристік топтың жергілікті шатханаларда тамахтануы, туристердің жергілікті тұрғындардың үйінде тұруы ) қолдануға мүмкіндік туғызады.

Жергілікті жердің мәденеиетін әңгімелеу. Бұны да бірнеше тәсілмен шешуге болады. Халық шаруашылығын ауызша және жазбаша демонстрациялау, жергілікті және жеке меншік сувенирлерді сату. Туристерге барлық дәстүрлі орындарға баруға, яғни ұлттық тағамдар, сусындар, көкөністер, жемістер және басқа да тағамдар пайдалануға мүмкіндік жасау қажет.

Туристерді оқытудың өз мақсатын қою керек. Туристер әрдайым экотуризмдерге не үшін, қалай саяхаттау қажет екенін нақты білу керек.

Сонымен қатар, концепцияда мынадай жолдар берілген. « Тұрақты болу үшін экотуризм масштаб бойынша ірі болмау керек және жергілікті адамдардың басқаруында болу керек. Уақыт өте келе әлеуметтік және қоршаған ортамен байланысты проблемалар тудырмау үшін, экотуризмді дамытудың тұрақты мониторингін құру қажет.»

Қазіргі осы экологиялық туризмге сұраныс көбейіп отыр. Әлемді қоршаған ортаның техногендік ластануы, адамдардың әрқашан бетон қабырғаларында уақыт өткізуі, электроника және басқа адам өміріне жағымсыз факторлардың әсерінен адамадардың жабайы табиғатқа, таза ауаға, ешқандай зиян тимеген жемістерге қызығушылығы артқан. Олар таза табиғи қоршаған ортада болғысы келеді. Осыларды есепке ала отырып, осындай экологиялық туризмді Наурызым Мемлекеттік табиғи қорығында ұйымдастыру қолайлы екенін байқауға болады.

Аймақтың туристік қызметін дамытудың бірден бір жолы рекрециялық ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қоса туризм саласында туристерге сапалы қызмет көрсету болып табылады. Облыс территориясында көрнекті тарихи және мәдени орындар жеткілікті. Туристік мәдени объектілерде туристерге сапалы қызмет көрсету арқылы туристерді таратады, туристік ауданның беделін ктереді. Аймақтың мәдени демалыс орындарының қоғамын әрбір мүшесінің психологиялық куш – қуатын қалпына келтіруде, оның рухани дүниесін жан - жақты дамытуда қосар үлесі зор.

Қорытынды:

Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық - әлеуметтік құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қандай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай – осы мәселелер жұмысты зерттеу барысында қарастырылады.

Қостанай облысының демалыс орындары мен туризмнің қазіргі жағдайы мен даму болашағы мәселесін зерттей келе, Қостанай аймағында туризм инфрақұрылымын өркендету үшін Наурызым Мемлекеттік табиғи қорығында экологиялық туризмді дамыту мүмкіндігін жүзеге асыруға болады деген қорытындыға келдік.

Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасыр туризм ғасыры болмақ. Қазақстанда туризм нарқының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқаратын мамндарға қажеттілік өсті. Яғни, қазіргі уақытта сапалы біліммен қамтамсыз етілген туризм мамандарына сұраныс жоғары. Біздің елімізде туризмді дұрыс жоспарлап дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте қажет. Тиянақты білімі бар мамандар туризм әлемінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады.






















Қостанай облысының демалыс орындары мен туризм дамуының қазіргі жағдайы.

1 Облыстың рекреациялық ресурстары.

Рекреация – адамдардың демалу арқылы дене күші мен рухани күшін қайта қалпына келтіріп жетілдіру. Рекреация дегеніміз – этнологиялық мәндердің жинағы ( латынша – қайта қалпына келу, французша – демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі). Рекреациялық ресурстарға оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданатын қоршаған ортаның мына компоненттері жатады: климат, бедер, өсімдік, үстіңгі және жер асты суы, лайлы және шымтезекті батпақ, тұз, т.с.с.

Рекреация” – бұл халықтық тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандылылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір цикліндегі, адамдардың бос уақыттарын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени көңіл көтеруге арналған қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.

Рекреациялық ресурстар – табиғи компоненттері мен әлеуметтік феноменнің сипатымен ерекшеленетін рекреациялық ұйымның қызметі. Рекреациялық ресурстарға төмендегідей 2 түрді жатқызуға болады. 1) күнделікті адамдар тіршілігінен ажыратылатын жерлер; 2) екі немесе одан да көп табиғи орта кездесетін жерлер. Табиғи рекреациялық объектілер – табиғаттың тылсым күшімен жаратылған ерекше жерлерде адамдардың демалу, күш жинау мақсатына қолайлы объектілер. Ондай рекреациялық объектілерге – санаторийлер, демалыс үйлері, курорттық зоналар, ерекше қорғалатын табиғи орта сияқты тағы басқа жерлер жатады.Қостанай облысындағы Наурызым Мемлекеттік табиғи қорығы тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ Орта Азия елдерінің ғажайып табиғи комплексінің бірі болып табылады. Солтүстік Қазақстанның дала ландшафттарын сақтау үшін құрылған Наурызым қорығының құрамына ірі көл жүйелері және аралдық қайыңдар мен ұсақ жапырақты орман кіреді. Сонымен қатар олармен бірге жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көптеген түрлері кездеседі.

Қорық 1931 жылы 30 шілдеде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының (РСФСР) Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысымен ұйымдастырылды. 1934 жылдың 9 қыркүйегінде қаулы қайта қаралып, Қаз АКСР-ның Халық Комиссарлары Кеңесінің және Қазақ атқарушы комитетінің президиумымен бекітілді. Іс жүзінде құрамына жалпы көлемі 320 мың га. құрайтын екі аумақ кіретін, табиғат қорғау ғылыми – зерттеу мекемесі ретіндегі қорық 1934 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Осы жылы қорықта ғылыми бөлім құрылды. Қорық территориясын ұйымдастырғаннан бастап өзгерістерге ұшырады. 1951 жылы Кеңес Одағының басқа қорықтарының қатарынан жойылды, ал оның ормандар базасында орман шаруашылығы құрылды. Кейін құрамына көлдер жүйесінің қорғалатын территориясы енгізіліп, қорықтағы аңшылық шаруашылығы болып қайта құрылды.Қорық тек 1966 жылы ғана қайта қалыптасты. Бұл уақыттқа дейін бетегелі даланың үлкен бөлігі тегіс жыртылды, ал Торғай жырасының комплекстік даласы мен шалғыны жайылым ретінде интенсивті қолданылды. Қорық көлемінің жаңа шекарасы 85,7 мың га. дейін азайды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының (Қаз КСР) Министрлер Кеңесінің 1968 жылғы 9 шілдедегі № 404 Қаулысының негізінде Қостанай облыстық атқарушы комитетінің 1975 жылғы 30 мамырдағы № 369 шешімімен Наурызым қорығына 2000 га. дала бөлігі берілді. Қостанай облыстық кеңесінің еңбекшілер депутаттарының атқарушы комитетінің 1977 жылғы 17 наурыз айындағы № 188 шешімімен Қаз КСР Министрлер Кеңесінің 1972 жылдың 2 тамызындағы № 445 қаулысының орындалуы кезінде Наурызым қорығының айналасына жақын маңдағы совхоздардың жеріне жалпы көлемі 116 550 га. екі километрлік қорғау зонасы орнатылып, “Наурызым Мемлекеттік қорығының қорғау зонасы туралы жағдайы ” бекітілді.

Келесі жылдары шекараның оптимизациясы және нақты ұсыныстармен территорияның кеңеюі туралы мәселе қаралды. Бірақ, тек 2001 жылы ғана Қостанай облысының Әкімі және Наурызым ауданының Әкімі қорыққа қосымша 103 мың га. жер беру туралы шешімге қол қойылды. Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекіткеннен кейін қорықтың көлемі 190,7 мың га. құрады.

Қазіргі уақытта қорықтың көлемі 87 694 га., қорғау зонасы – 116 550 га. құрайды. Қорықтың қазіргі әкімшілік шекаралары Қостанай облысының Наурызым, көбіне, Әулиекөл аудандарында орналасқан және төрт бөліктен тұрады: орталық – көлемі 71,6 мың га. құрайтын Наурызым-Қарағай боры, көлдер экожүйесі және дала аймағы; Сыпсын орман аймағы құмды бетегелі даламен – 7,0 мың га.; Терсек боры зональды бетегелі дала аймақтарымен – 6,7 мың га. және Жаркөл көлінің плес жүйесі жайылымдармен, көкпек-жусанды далалармен немесе қара жусанды бөліктермен – 2,4 мың га.

Қорықтың орталық бөлігінің географиялық координаттары – 510301 солтүстік ендік,

64 030 1 шығыс бойлық. Климаты – шұғыл континентальды, қаңтар айларының орташа температурасы -180 С, шілде айында +420 С, абсолютті минимумы -420 С жетеді, жауын-шашынның орташа мөлшері жылына 230-250 мм. Күн радиациясының түсу биіктігі шамамен 100-140 ккал/см2 тербеледі.

Қорықта кеңінен таралған дала өсімдіктері түрлі шөптесінді, құмды бетегелі болып табылады. Қорықта комплексті дала шамамен 15 мың га. жерді алып жатыр. Олардың құрамында аздаған қызыл селеу және бетегелі жерлер кездеседі, бірақ көп бөлігін шөлді тип: қара жусанды, жусанды-бетегелі, көкпек-жусанды, ақ жусанды, сондай-ақ сор және сортаңды комплекстер алып жатыр. Дала экосистемасы дала жануарларының жиі және сирек кездесетін түрлерінің қоректену орыны болып табылады. Солардың ішінде безгелдек, сұңқар, лашын, сұлы тырналар, дала бүркіті, дала ақсары құсы және т.б. құстар кездеседі. Наурызым қорығы Орал маңы-Торғай биогеографиялық ауданының түрлі флора мен фаунасын сақтап, дала экосистемасын қорғайтын Қазақстандағы жалғыз қорық болып есептеледі.

Қорықтағы ормандар үш оқшауланған массивтерде байқалады. Наурызым боры (16 мың га.) ұсақ және ірі кедірлі-бұдырлы құмды жерде орналасқан. Наурызым боры сирек отырғызылған қарағай, қайыңы бар саябақ сипатына ие және оған көк теректі торғай жалғасады. Наурызым борына үстірт беткейі бойынша ұсақ жапырақты орман Бетағаш жанасып жатыр. Терсек боры биік жусан қарағайлы орман тізбегінен тұрады және аздаған көк терек пен қайың үлесі араласқан. Сыпсын көк терек-қайыңды орманымен және қарағай тобы өскен ұсақ кедір-бұдырлы құмды бетегелі даласымен ерекшеленеді. Наурызым қорығының осы аталған ормандары тек ботаникалық қызығушылық тудырып қана қоймайды, сондай-ақ олар жыртқыш құстардың сирек кездесетін түрлерін сақтау үшін өте қажет. Сирек кездесетін жыртқыш құстардың ірілері – бүркіт, ақ құйрықты су қарақұсы, т.б. Қорық территориясында 44 аң түрі, құстардың 281 түрі, 9 балық түрі, өсімдіктердің 687 түрі кездеседі.

Наурызым қорығындағы көлдер қорық көлемінің үштен бір бөлігін алып жатыр (судың толуына байланысты 33-42 %). Көлдердің ішінде ірілері – Ақсуат және Сары-мойын максимальды су толу жылдарында көлемі 176-200 шаршы километрге дейін жетеді.

Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамдардың күнделікті дұрыс өмір сүру жағжайына айналып отыр. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен сапасына әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны қалпына келтіру үшін өте қажет. Рекреациялық сұраныстың арқасында курорттар, демалыс зоналары және туризм жерлері ұйымдастырылып, туризм жүйесі реттелінеді.

Қостанай өңірінде Арақарағайда XX ғасырдың 70-ші жылдарынан бері демалыс аймағы жұмыс істейді. Арақарағай ормандарында орналасқан шипажай 1971 жылы өз құрылыс жұмысын бастады. Бұл шипажай 1972 жылы “Сосновый бор” деген атпен алғашқы тынығушыларын қабылдай бастады. Арақарағайдағы “Сосновый бор” сансторийі Қазақстан Республикасы көлемінде және шет елдерде де белгілі. “Сосновый бор” емдеу – сауықтыру шипажайы Қостанай қаласынан 40 шақырым жерде, негізінен шырша мен қайың, қарағай жайқала өскен, тұнып тұрған жнр асты минералды суы бар көлдің жағасында орналысқан. “Сосновый бор” санаторийі - Қостанай облысы туризмін дамыту, қосар үлесі зор рекреациялық аймақ болып табылады. Санаторий жыл сайын шамамен 8000 адам қабылдайды. “Сосновый бор” санаторийінің сыйымдылығы - 161 номер, яғни орташа есеппен 483 орын. Сонымен қатар, 40 люкс орны бар “Пейш” қонақ үй комплексі, су-батпақпен емделу орны, әр түрлі демалыс және спорт комплекстері орналасқан.

Санаторий территориясында орналасқан минералды суы Қазақстанда теңдесі жоқ шипалы су болып табылады. Санаторийдің минералды суы өз құрамы бойынша “Есентуки – 17 Трускавецкінің минералды суымен ұқсас келеді және адам ағзасын түрлі қалдықтардан тазартады. Шипажайда ауруларды емдеудің келесідей тәсілдері бар: бірінші кезекте, ішек-қарын жүйесінің ауруларын емдейді. Себебі, жер астынан ағып жатқан минералды судың асқазан, қарын, ішек, бауыр, бүйрек жолдарын емдеуде шипилық ролі зор. Сол сияқты жүрек, тамыр, жүйке, қан қысымы төмен, жоғары адамдарға арнайы емдеу тәсілдері, оларға қолданылатын күрделі аппараттар баршылық. ЭКГ,УЗИ ректормоноскопия, инемен емдеу, сүлік салу, “Мыльное” көлінен арнайы әкелетін батпақпен емдейді. Адам ағзасының қозғалыс органдарының омыртқа, жілік, сүйек аурулары, радикулит, полиатрит, әйелдердің жыныс органдарының аурулары сияқтыларды емдеу де оң жолға қойылған. Диагностикалық база, минералды бұлақтар, орманды аймақ – осының барлығы санаторийді нағыз денсаулық көзі екенін дәлелдейді. “Сосновый бор” санаторийінің алдына қойған міндеті – адамдардың демалуына жағдай жасау, денсаулық түзету мекемесін қайткен күнде де сақтап қалу және жай ғана сақтап қалмай, заман талабына сай одан әрі дамыту.

Қостанай облысының рекреациялық ресурстарының бірі – емдеу орнын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын Қарғалы табиғи ыстық суы. Қарғалы қайнары Торғай қаласының күн батысында орналасқан. Іргеде Торғай өзені ағып жатыр. Келесі беті Тосынқұмы. Қарғалының ыстық суы -343 метр тереңдіктен шығып жатыр. Жылылығы 370 С. Суының құрамында 37 г бром, 6 мг йод бар. Ресей және Қазақстан ғалымдарының берген қорытындысы Қарғалы табиғи ыстық суы төмендегідей 7 түрлі ауруға ем екенін көрсетеді.

1. Туберкулез және буын ауруларының барлық түрінде.

2. Жүрек, қан тамырлары ауруларына.

3. Орталық жүйке жүйесі сырқаттарына.

4. Тері ауруларына.

5. Зат алмасу жүйесінің бұзылуына.

6. Әйелдердің жыныс науқастарына.

7. Табиғи бедеулік пен жүре пайда болатын бедеулікке.

Көпшіліктің ықыласын аударған Қарғалы қайнарының маңызы зор екені ешқандай талас тудырмайды. Бұл қайнарды XX ғасырдың 80 – жылдары КСРО ғалымдары зерттеп, оң баға берген. Еліміз тәуелсіздігін алған соң, Қазақстан ғалымдары да арнайы зерттеулер жүргізіп, орыс ғалымдары берген қорытындыны қолдады.

Қостанай тұрғындарының және облыс қонақтарының бос уақыттарын ұйымдастыру үшін “Мұрагер” ат-спорттық демалу базасы ұйымдастырылған. Мұны қонақтар үшін ұлттық тағамдар, туристік қонақ үй типіндегі демалуға арналған бөлмелер ұсынады. Қазақстанның үш гольф-клубтарының бірі “Қостанай гольф-клубы” осы спорт түрін ұнататын туристерді қабылдауға дайын. Қостанай облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментіндегі “сауда және туристік қызметті дамыту” бөлімі аймақтағы ғажайып рекреациялық ресурстарды тиімді қолдану мүмкіндіктерін қарастырады:

  • Сосновый бор санаторийінде асқазаны ауыратын туристтерді емдеу;

  • Аң аулайтын жерлерге туристерді қабылдау;

  • Балық аулау маршрутын ұйымдастыру;

  • Студеттерге, соның ішінде шет елдіктерге арнап Наурызым қорығының бай өсімдіктер мен жануарлар дүниесін көру мүмкіндігін туғызатын облыстық білімдік этникалық туризмін ұйымдастыру

2 Аймақтың антропогендік мәдени және тарихи объектілері.

Антропогендік мәдени және тарихи объектілері арқылы туристік салада қызметтер көрсетіледі, олар туристердің рухани қажеттіліктерін өтейді. Мәдени-тарихи байлықтарды туризмде өндіріс пен қажеттілікке қолдану арнайы ресурстарды тартумен байланысты. Соның арқасында ойын-сауықта, мәдени жағдайларда, іскерлік қарым қатынастарда өз қажеттіліктерін өтейді. Мұндай процестерде адамдардың психологиялық көңіл-күйі көтеріліп, өсе түседі. Антропогендік рекреациялық объектілерге адам қолымен, күшімен жасалған істердің барлығы жатады. Олардың түрлерін атап айтсақ мыналар: ескерткіштер, мұражайлар, тарихи жерлер, ғимараттар, мешіттер, театрлар, көркем галереялар, т.б. жатады

Қостанай облысында туристерге қызмет көрсету кезінде басты орынды антропогендік туристік ресурстар алады және олардың ұсынған өнімдері туристерге айрықша қызмет етеді.Кәсіптік театрлар (театр – студиялар) – бұл театр өнердің шығармашылық ұжымдары, өз құрамында кәсіби группасы бар мәдени ағарту мекемелері. Олардың қатарына опера және балет, музыкалық комедия (операторлар), драмалық, балалар, жас көрермен, қуыршақ және марионетка театрлары, сондай-ақ жылжымалы (жанрына қарамастан) театрлар кіреді.

2011-2014 жылдардағы санақ бойынша Қостанай облысында театрлар мен өткізілген спектакльдер саны төмендегідей көрсеткіштерді көрсетеді.

№1 кесте

Театрлар мен өткізілген спектакльдер саны.

Туристік қызмет

2011

2012

2013

2014

Есеп берген кәсіпорындар саны

Спектакльдер саны, барлығы

Олардан өз қаласы шегінен тыс көшпелі және гастрольдық

3

477


148

3

567


97

3

628


105

3

639


65


№2 кесте.

2011-2014 жылдардағы көрермендер залындағы орын мен театрға келген көрермендер саны.

Туристік қызмет

2011

2012

2013

2014

Көрермендер саны мың адам

Көрермендер залындағы орын саны, бірлік

57,4


962

64,4


965

87,5


965

88,1


965

Мұражай – тарих пен мәдениет ескерткіштерін және табиғат объектілерін жиынтықтауды, есепке алуды, зерттеуді және халыққа таратуды жүзеге асыратын ғылыми зерттеу және мәдени-ағарту мекемесі.

3 кесте.

2011-2014 жылдарғы мұражайлар саны және негізгі қор экспонаттары

бойынша деректер

Туристік қызмет

2011

2012

2013

2014

Есепке берген кәсіпорындар саны

Негізгі қор экспонаттары, барлығы

Одан жыл бойы экспонатталғандары

Жандандыруды қажет етеді

6

126 320

66 393

286

8

144 202

23 559

452

8

225 562

23 316

600

9

150 446

25 562

621

4кесте


2011-2014 жылдардағы мұражайға келушілер, онда өткізілетін экскурсиялар

мен дәрістер саны.


2014

2013

2012

2011

Туристік қызмет


233,2

232,9

105,8

2849

377


228,7

228,2

75,1

2264

384


216,1

215,6

58,8

2464

393


219,0

219,0

45,1

1634

325


Кеушілер, мың адам. барлығы

Одан резиденттер

Жалпы саннан экскурсиялық

Жетекшісі бар экскурсиялар

Дәрістер


Концерттік ұйымдар дербес - баланстағы, сондай ақ басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың балансындағы филармониялар, концерттік бірлестіктер, концерт залдары және дербес музыка, хор, би ұжымда


№5 кесте

Туристік қызмет

2012

2013

2014

Есеп берген кәсіпорындар

Концерттер саны, барлығы

Олардан:филормониялық эстрадалық

2

284

181

86

2

204

118

86

2

288

190

98


Клуб үлгісіндегі мәдениет мекемесі халықтың бос уақытын халық шығармашылығы ұжымдардың және басқа да клубтық құрылымдардың қызметін ұйымдыстыратын мәдени - ағарту мекемесі. Қостанай аймағындағы 2011-2014 жылдырғы клуб үлгісіндегі мекемелер саны және басқа көрсеткіштер.

6 кесте

Клуб үлгісіндегі мекемелер саны және басқа көрсеткіштер.

Туристік қызмет

2011

2012

2013

2014


Клуб үлгісіндегі мекемелер саны

Көркемөнерпаздық үйірме ұжымдары барлығы

Солардағы қатысушылар саны, адам

19

368


5563

120

521


7166

127

614


8867

175

639


9285



Кітапхана – ұйымдасқан түрде жиналған кітаптары, мерзімдік басылымдары жіне басқа да құжаттары бар мәдени ағарту мекемесі. Көпшілік кітапханалар қатарына әмбебап кітап қорлары бар және әдебиетке деген халықтың жаппай сұранысын қанағаттандыратын кітапханалар кіреді. Қостанай облысындағы 2011-2014 жылдарғы кітапханалар саны және басқа да көрсеткіштер.

7 кесте

Кітапханалар саны және басқа да көрсеткіштер.

Туристік қызмет

2011

2012

2013

2014

Есеп бергкн кітапханалар саны

Оқу залдарындағы орын саны

Оқырмандар саныы, адам

Одан 15жасқа дейінгі балалар, саны

308

1686

283 961

333

2166

352 842

340

2281

349 663

123 445

349

2357

354 618

131 281

Кинотеатр – фильмдерді көрсету үшін жабдықталған ғимарат. Киноқондырғы – фильмдерді көрсету үшін киноаппаратуралар қондырылған жиынтық. Киноқондырғылар аппаратурасы арнайы жабдықталған ұй жайдың ішінде тұрақты қондырылған стационарлық және аппаратурасы кинофильмді көрсету уақытына ғана орнатылатын жылжымалы болып бөлінеді.2012-2014 жылдарғы тұрақты кинотеатрлар, жылжымалы және стационарлық киноқұрылғылар саны.

8 кесте

Тұрақты кинотеатрлар, жылжымалы және стационарлық киноқұрылғылар саны.

Туристік қызмет

2012

2013

2014

Жылжымалы және тұрақты

киноқұрылымдар саны

Тұрақты кинотеатрлар, барлығы

Олардан: кинозалдар

Орын саны



1

1

860

25

2

2

1135


26

2

2

1135

Парк – ағашы, көкмайсалы алабы бар, табиғи және мәдени – рекреациялық объекті болып табылатын, мәдени демалысты ұйымдастыратын және халық арасындағы дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын жүргізетін кешенді, көп функциялы медениет мекемесі.

9 кесте

2013-2014 жылдарғы парктер мен мәдени-көпшілік шаралар саны.


Туристік қызмет

2013

2014

Жұмыс істеп тұрған парктер саны

Мәдени көпшілік шаралар, барлығы

Одан: мейрамдар, серуендер

Концерттер, спектакльдер

1

19

12

7

2

20

12

8

Рекреациялық мәдени - әулеметтік функциясы – бұл рекреацияның ең басты жетекші функциясы. Мәдени талғам – бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп – түсіну. Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо – физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Облыстағы антропогендік тарихи – мәдени және әлеуметтік байлықтары адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Соның ішінде облыс орталығы Қостанай қаласында антропогендік мәдени – тарихи жерлер баршылық. Мәселен, Мұсылман мешіті, Православтық шіркеу, Воронов көпесінің үйі ( балалар кітапханасы ), Воищенов көпесінің үйі ( қалалық білім басқармасы ), қалалық қазына ғимараты ( Надежда комплексі ), Сенокосов көпесінің үйі, Лорец көпесінің үйі ( Қазагроэкспертиза ), Қостанай Мемлекеттік университеті, Сити – орталық, Орталық әмбебап дүкені,“ Қостанай” кинотеатры, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық музей, бас поштаның ғимараты, Мұзды спорт сарайы, І. Омаров атындағы қазақ драма театры, Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филормониясы, Темір жол вокзалының ғимараты , т.б.

Қостанай қаласындағы мәдени – тарихи құндылықтардың бірі болып табылатын ескерткіштер де туристердің қызығушылығын тудырып , олардың рухани қажетін өтейді. Олар; Даңқты Еңбек ескерткіші – 1954 жылдың 28 ақпандағы алғашқы тың игерушілерге арналған ескерткіш ( 1980 ж. орнатылды ), Вокзал алаңындағы Б.Майлинге арналған ескерткіш, Тың игерушілерге арналған монумент ( 1984 ж. ), Ұлы Отан соғысына қатысқан Қостанай батырларына арнап салынған ескерткіш, Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрескен батырларға мүсін және ерлікпен қайтыс болған батырлардың есімі мемориальды тақта ( 1975 ж. ), XX ғасырдың басындағы саяси қуғын – сүргінге ұшыраған жандарға арнап тұрғызған ескерткіш ( 2003 ж.), В. И. Ленин ескерткіші ( 1967 ж.), А. Байтұрсыновқа тұрғызған ескерткіш, төрт рет Кеңес Одағының батыры атағын алған И. Ф. Павлов, екі рет Кеңес Одағының батыры атағын алған Л. И. Беда, Ы. Алтынсарин, Л. Таран, А. Имановқа арнап тұрғызылған ескерткіш бюсттері бар.

Сондай – ақ, Қостанай облысында антропогендік – тарихи орындар да жеткілікті. Антропогендік – тарихи обьектілерге сонымен қатар, тарихи ескерткіштер жатады. Тарихи ескерткіштерге : қоғандар, молалар, мазарлар, кесенелер кіреді. Туристерді ерекше қызықтыратыны археологиялық ескерткіштер. Қостанай облысында қола дәуіріндегі ескерткіштер көп. Солардың бірі Алексеевка мәдени кешені ( Рудный қаласының маңында ). Лисаков қаласының шетінде осындай ескерткіштер өте көп орналасқан. Сондай обьектілердің бірі “ Абыз қорғаны ” . Ол өзінің ерекшелімгімен көрген адамдардың бәрін қызықтырады.

Тарихи ескерткіштердің жақсы сақталған жері – Торғай. Торғайдың ежелгі тарихының асыл жәдігерлерінің бірі іспетті Бабай би бабаларының кешенді кесенелері. ХХ ғасырдың басында өзіндік архитектуралық ерекшеліктерімен қазақ еліне мәлім болған. Қызбелдің күншығыс жағындағы үлкен құлшық биік қырдың басына салынған. Оспан және Смайыл қажылардың күмбезді қызыл мазарлары мен бірнеше түрлі ою өрнекпен әсем безендіріліп орнатылған Досжанның төртқұлақты үлкен тамы өзара үндестік тауып, туристерді ерекше қызықтырады. Бірақ ұзақ жылдар бойы сақталып келген мазарлар ХХ ғасырдың 70 – 80 жылдарында қолдан котловандар жасау кезінде зақымданған. 2000 жылы бұл ескерткіштер күрделі жөндеу жүргізіліп , қайтадан қалпына келтірілді.


3. Облыстың туристік қатынасы.

Қостанай облысының территориясы 196000 шаршы километр , яғни Қазақстан территориясының жалпы көлемінің 7, 7 пайызын құрайды. Облыстың әкімшілігі – территориялық бөлінуі бойынша 5 қала – Қостанай, Рудный , Лисаков , Жітіқара , Арқалық , 16 аудан, 13 қала типіндегі поселок, 750 ауыл ұсынылған. Облыстың әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы. Қостанай қаласынан Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласына дейінгі ара қашықтық 760 километрді құрайды.

Қостанай облысы Қазақстан Республикасының 4 облысы – Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарымен және Ресей Федерациясының 3 облысымен – Қорған, Орынбор және Челябі облыстарымен шектеседі. Облыстың Ресей Федерациясымен шектескен шекаркның жалпы ұөындығы – 1242 километрді құрайды. Жалпы Республика бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 23 мың шақырым, соның 1400 шақырымы Қостанай облысының аймағында. Темір жол және әуе транспорты, автомобиль жолдары облысты Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің қалаларымен , тура авиарейстер Германия қалаларымен байланыстырады.

2013 жылғы қантарда автомобиль көліктерімен 69, 6 млн. Жолаушы тасымалданады. 2014 жылмен салыстырғанда жолаушы тасымалдау өткен жылғы сәйкес кезеңге 94, 8 пайызды құрды. Негізгі қызмет түрі – жолаушы тасымалдау құралы болып келетін автомобиль көліктері кәсіпорндарымен 723, 5 мың жолаушы тасымалданды.


10 кесте.

Тасымалдаданған жолаушылар және шақырым көрсеткіші.


Автожол көлігінің қызметі

2012

2013

2013 ж. 2044 ж. % - бен.

Тасымалданған жолаушылар, мың адам

Жолаушылар айналымы, млн. Жолаушы шақырым

69645,6



605,8

73443,1



580,6

94,8



104,3



Қостанай облысының территориясында қазіргі уақытта туристік қызметпен айналысуға құқылы лицензиясы бар 11 туристік ұйым жұмыс істейді. 2004 жылы туристік фирмалармен 1365 туристке қызмет көрсетіледі. Олардың ішінде 16 шетел туристері облыстың аң аулайтын жерлеріне, 249 турист ішкі туризм бойынша саяхат жасады. Туристік фирмалардың көрсеткен қызметіне түскен кіріс 8307,9 мың теңгені құрды. Ал , туристерді орналастыру обьектілерінен түскен кіріс – 172 699 мың теңгені құрды. Орналастыру обьектілерінде қызмет көрсетілген туристер саны – 27449 адам, соның ішінде резидент еместер – 5982 адам. Соңғы жылдары облыста ішкі туризм бойынша алға жылжулар байқалды.

11 кесте.

Туристік қызмет көрсеткіштері.

Туристік қызмет

2011

2012

2013

2014

Туристік фирмалар саны

Қызмет көрсетілген туристер

Соның ішінде ішкі туризм бойынша

Сатылған жолдамалар құны

Туристік фирмалар қызметінен түскен кіріс

12

349

116

2042,3

7885,5

11

822

112

15684,0

7473,5

8

1374

87

38726,7

8335,7

9

1365

249

38859,6

8307,9


Қостанай облысы бойынша келу туризмі – Қостанай облысының аумағында тұрақты адамдардың облыс шегіндегі саяхаты. Туристерді резидент және резидент емес деп екіге бөледі. Қостанай облысы бойынша резидент – Қостанай облысында тұрақты туратын адам , ал резидент еместер – Қостанай облысында тұрақты тұрмайтын басқа аймақ тұрғындарынан құрылатын туристер. Дүниежүзілік туристік ұйым туристерді сапар мақсаттарына қарай бірнеше категорияға топтастырады:

Жұмыстан бос уақыт, рекреация және демалыс – құндылықтарды тамашалау, спорттық және мәдени шараларға қатысу, рекреациялық және мәдени шараларға қатысу, кәсіби емес спортпен айналысу, табиғатта саяхаттау, сонымен қатар демалыс уақытында аңшылықпен, балықшылықпен айналысатындарды да жатқызады.

Таныстар мен туысқандарға бару – туысқандар немесе танысиарға жол жүру, жерлеу рәсіміне қатысу, мүгедектерге барып көмек көрсету, т.б.

Іскерлік және кәсіби мақсаттар – отырыс , конференция және конгресстерге, сауда жәрмеңкесі мен көрме жұмыстарына қатысу , дәріс оқу және концерттік бағдарламалар көрсетің туристік жолсапар бағдарламасын дайындау , орналастыру және транспортқа келісім жасау , туризм саласында гид ретінде және басқа қызметкер ретінде жұмыс , кәсіби спорт шараларына , үкіметтік қзмет бабы бойынша жолсапарларға қатысу, ақылы оқу , білім және зерттеу жұмыстары , т.б.

Емделу мақсаты – санаторийлер , сауықтыру , емді суларды пайдалану , курорттар және басқа емделу , сауықтыру түрлері.

Діни мақсат – діни шараларға қатысу.

Өзге мақсаттар - транзитті жолсапар , басқа және белгісіз қызмет түрлері .

12 кесте.

Қостанай облысы бойынша туристер – резиденттерді сапар мақсаттарына қарай бөлу

Сапар мақсаттары

2014

2013

2014

Жұмыстан бос уақыт, реакция, демалыс

Таныстар мен туысқандарға бару

Өзге мақсаттар

58

-

357

479

753

29

540

460

100


Қостанай облысы бойынша туристер – резидент еместердің жұмыстан бос уақыт , рекреация және демалыс мақсаты бойынша көрсеткіші : 2012 ж. – 23 адам , 2013 ж. – 22 , 2014 ж.- 16 адамды құрайды . Дүниежүзілік туристік ұйымның топтастырған басқа бірнеше категориялы мақсаттары бойынша Қостанай облысы туристеренің көрсеткіштері анықталмаған.

Облыста ішкі туризм дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Аймақта шамаланған бағдарламамен: “ Сосновый бор ” санаторийінде демалу және емделу , Қостанай облысының тиісті жерлерінде аң аулау және балық аулаумен туризмді дамыту үшін қажетті шарттар қарастырылған. Әр түрлі деңгейдегі халықтың туристік сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында қарапайым адамдарға : жастар , мектеп оқушылар , зейнеткерлерге арналған әлеуметтік туризмді , сондай – ақ отбасы туризмін дамыту мәселесі қарастырылған. Жақын маңдағы территорияның табиғи мүмкіндіктері табиғатқа аз уақытқа шығуды ұйымдастыруға , яғни < Демалыс күндері > маршрутын жасауға мүмкіндік тұғызады . Сондай – ақ , үлкен капитал салымын қажет етпейтін спорт туризмін дамыту мүмкіндіктері де бар . Туристік клубтар , жабдықтау прокаты бөлімдерінің торабын ұйымдастыру , тартымды маршруттар жасау ұйымдастырылмаған демалыс орнын ұнатушылардың қызығушылығын арттырады

Облыстың қалалары бойынша (Қостанай, Рудный, Лисаков) экскурсиялық маршруттарды дамытуға көңіл аудару қажет. Тек бай тарихи өткені бар аудандарға ғана емес, сондай – ақ облыстың ірі өнеркәсіптік болып табылатын аудандарға да ерекше назар аудару керек.

Қостанай облысының жануарлар дүниесі мен өсімдіктер жамылғысы ресурстары - өркениетті балық аулау және аң аулау зонасы мен обьектілерін ұйымдастыру және келу туризмін дамыту үшін жарамды. Облыстың жануарлар фаунасына сүтқоректілердің 52 түрі, құстармен үнемі немесе уақытша қоректенетін жануарлардың 267 түрі, қосмекенділер және жорғалаушылардың 10 түрі кіреді, облыстың өзен қорында балықтың 24 түрі тіршілік етеді.

Мамандандырылған туризмнің дамушы түрі ретінде экологиялық туризмді қарастыруға болады. Облыста Науырызым қорығы, 3 табиғи кіші қорық бар. Облыс территориясын алып жатқан орманды алқап көлемі 217,5 мың гектарды құрайды. Туризмнің бұл түрі көбінесе < өмір сүру > өркениетінен алшақтап келетін туристердің шағын тобын демалыс орнымен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Алайда, ең алдымен барлық табиғат қорғау нормаларын қатаң сақтау қажет. Қостанай облысы этникалық туризмді дамыту үшін Қазақстаннан сыртқа кеткендерге Отанына келу мүмкіндігін туғызатын және оларды халық дәстүрлерімен, салттарымен, шығармашылығы және мәдениетімен таныстыратын мүмкіндіктерге ие. Аймақта шет ел туристері үшін игерілмеген ғылыми және гуманитарлық қызығушылықтардың үлкен қарқыны бар








Қорытынды

Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық - әлеуметтік құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қандай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай – осы мәселелер жұмысты зерттеу барысында қарастырылады.

Сонымен қатар, келесі жағдайды ескеру қажет. Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-эконмикалық дамыдың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамадар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.

Туризм - әлемнің көптеген елдердің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік-эконмикалық дамудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына ( көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т. б. ) үлкен әсерін тигізеді.

Әлемнің, мемлекеттің және белгілі бір аймақтағы әлеуметтік топтың туристік қызметке сұранысын қанағаттандырудағы басты қажеттіліктердің бірі – рекрециялық ресурстар. Демалыс пен туризмнің дамуының басты шарты – « рекрециялық потенциалдың » болуы. Рекрециялық потенциал дегеніміз бір белгіленген территорияда рекрециялық іс-әрекетті ұйымдастыруға және де басқа да жағдайдың барлығының жиынтығы. Қазіргі уақытта рекреция іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамдардың күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен сапасына әсерін тигізетін қоршаған ортаны қорғау және оны қалпына келтіру үшін өте қажет. Қазіргі уақыттағы техниканың жан - жақты дамуы, эконоомиканың өркендеуі, фабрика, заводтардың кеңінен таралуы, қоршаған ортаның ластануының салдарынан ұзақ мерзімді демалыс пен сауықтыруда сұраныс өседі. Рекрециялық сұраныстың арқасында курорттар, демалыс зоналары және туризм торабы ұйымдастырылып, туризм жүйесі реттелінеді. Қазіргі XXI ғасырда ғылыми -техникалық прогрестің дамуы және биосфераның экологиялық жағдайының бұзылуына байланысты рекрециялық ресурстардың туристік ролі артуда.

Қостанай облысының демалыс орындары мен туризмнің қазіргі жағдайы мен даму болашағы мәселесін зерттей келе, Қостанай аймағында туризм инфрақұрылымын өркендету үшін Наурызым Мемлекеттік табиғи қорығында экологиялық туризмді дамыту мүмкіндігін жүзеге асыруға болады деген қорытындыға келдік. Дүниежүзілік туристік ұйым экотуризмді туризм индустриясында жылдамырақ дамитын сектор деп бекітеді. Алдымен, « экологиялық туризм » ұғымына түсінік беретін болсақ, Тим Хилингтің анықтамасы бойынша « Экотуризм – бұл қоршаған ортаны сақтауға және жергілікті халықтың жағдайын жақсартуға көмектесетін жауапкершілігі мол саяхат.» « Thet World Wildlife Fund for Nature » дүниежүзілік ұйымы экотуризмді қорғалатын табиғат зоналарына саяхат деп, сонымен қатар, табиғи ресурстарды сақтау арқылы экономикалық дамыту құралы ретінде анықтайды Басқаша айтқанда, « туризмді ( табиғат объектілеріне саяхаттау ) табиғи құндылықтарды сақтай отырып, кіріс алу үшін пайдалану ».

Дегенмен, экотуризм ғылыми түрде анықталса да, осы жерде бірнеше сұрақтар туындайды. Қорғалатын табиғи зоналарына саяхаттайтын туристердің барлығы сол зонаға кері тигізбеуі, зиян келтірмеуі мүмкін бе? Экотуризмнен түскен кірістен шығын жылдан жылға басымдылық көрсетіп, жоғалтқан табиғи шығынды қалпына келтіруге бөлінген кіріс бөлігі жеткіліксіз болып қалуы мүмкін бе ? Осындай сұрақтар тумас үшін Тим Хилинг өзінің « Экотуризм и Казахстан » деген еңбегінде экотуризм келесідегідей міндеттерден тұру керек деп көрсетеді:

    1. Табиғатты бүлдірмей, оны қорғауға көмектесу. Оны әр түрлі тәсілдермен шешуге болады. Мысалы, сол қорықта болған турдан кейін табыстың 5 пайызын қорыққа беруге болады.

    2. Жұмыс орнын құру және жергілікті халықтың табысын көбейту. Бұл жергілікті адамадарды гид есебінде жұмысқа алып, жергілікті құралдарды жалға алып және қосымша қызмет түрлері ( туристік топтың жергілікті шатханаларда тамахтануы, туристердің жергілікті тұрғындардың үйінде тұруы ) қолдануға мүмкіндік туғызады.

    3. Жергілікті жердің мәденеиетін әңгімелеу. Бұны да бірнеше тәсілмен шешуге болады. Халық шаруашылығын ауызша және жазбаша демонстрациялау, жергілікті және жеке меншік сувенирлерді сату. Туристерге барлық дәстүрлі орындарға баруға, яғни ұлттық тағамдар, сусындар, көкөністер, жемістер және басқа да тағамдар пайдалануға мүмкіндік жасау қажет.

    4. Туристерді оқытудың өз мақсатын қою керек. Туристер әрдайым экотуризмдерге не үшін, қалай саяхаттау қажет екенін нақты білу керек.

Сонымен қатар, концепцияда мынадай жолдар берілген. « Тұрақты болу үшін экотуризм масштаб бойынша ірі болмау керек және жергілікті адамдардың басқаруында болу керек. Уақыт өте келе әлеуметтік және қоршаған ортамен байланысты проблемалар тудырмау үшін, экотуризмді дамытудың тұрақты мониторингін құру қажет.»

Қазіргі осы экологиялық туризмге сұраныс көбейіп отыр. Әлемді қоршаған ортаның техногендік ластануы, адамдардың әрқашан бетон қабырғаларында уақыт өткізуі, электроника және басқа адам өміріне жағымсыз факторлардың әсерінен адамадардың жабайы табиғатқа, таза ауаға, ешқандай зиян тимеген жемістерге қызығушылығы артқан. Олар таза табиғи қоршаған ортада болғысы келеді. Осыларды есепке ала отырып, осындай экологиялық туризмді Наурызым Мемлекеттік табиғи қорығында ұйымдастыру қолайлы екенін байқауға болады.

Аймақтың туристік қызметін дамытудың бірден бір жолы рекрециялық ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қоса туризм саласында туристерге сапалы қызмет көрсету болып табылады. Облыс территориясында көрнекті тарихи және мәдени орындар жеткілікті. Туристік мәдени объектілерде туристерге сапалы қызмет көрсету арқылы туристерді таратады, туристік ауданның беделін ктереді. Аймақтың мәдени демалыс орындарының қоғамын әрбір мүшесінің психологиялық куш – қуатын қалпына келтіруде, оның рухани дүниесін жан - жақты дамытуда қосар үлесі зор.

Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасыр туризм ғасыры болмақ. Қазақстанда туризм нарқының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқаратын мамндарға қажеттілік өсті. Яғни, қазіргі уақытта сапалы біліммен қамтамсыз етілген туризм мамандарына сұраныс жоғары. Біздің елімізде туризмді дұрыс жоспарлап дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте қажет. Тиянақты білімі бар мамандар туризм әлемінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады.





















Қолданылған әдебиеттер тізімі.


  1. Ж.Н. Алиева. Туризмология негіздері. – Алматы, 2004 ж, б. 22-24

  2. С.Сыздықов. Тобыл бойы – тұнған байлық. //Қостанай таңы.–2013,17 қаңтар б.89-90.

  3. Қостанай облысының әлеуметтік–экономикалық дамуы. Статистикалық жинақ /Қостанай облысының статистика басқармасы./Қостанай, 2012, б74-76.

  4. Е. А. Брагин, Т. М. Брагина. Фауна Наурузумского заповедника.- Костанай, 2012, б 62-63.

  5. № 263 «Региональная прогрмма развития туризма в Костанайской области на 2012- 2015годы.»- Костанай, 2014 б15-17.

  6. Г. Тұрсынқожа. Туризм - табыс көзі. // Қазақстан Zаман.- 2014, 24 қыркүйек б.32-34

  7. Ж. Жүнісбеков. Қазақстан қорықтары. // Заң. – 1999, №6 б.45-47

  8. Б.Ілияс. Наурызым қорығы. // Атамекен.- 2011, 15 қазан б.39-40.

  9. Б.Ілияс. Наурызым деген абат жер. // Егемен Қазақстан. – 1996, 7 маусым б.43-45.

  10. Ж. Бейісұлы. Асқазанды бабаына келтіретін бөлімше. // Қостанай таңы – 1994, 20 тамыз б.36-38.

  11. Б. Бекентаев. Облыстың басты санаторийі елдегі ең тиімді емдеу орнына айналды. // Қостанай таңы – 1995, 21 шілде б.32-34.

  12. А. Шакиров, М. Тілеуов. <<Сосновый бор>> санаторийінде.// Қостанай таңы. – 1995, 30 шілде б.41-43.

  13. С. Жекетұлы. Сауықтыру орнының тынысы тарылмасын:<<Сосновый бор>>санаторийі.// Қостанай таңы. – 1997, 4 қараша б.25-26.

  14. Ж.Кәкімжанов. << Сосновый бор >> шипажайы шақырады. // Қостанай таңы. – 2011,11 қыркүйек б.36-37.

  15. Е. Хасенов. Емі шипалы санаторий.// Қостанай таңы – 2014, 7 шілде б.45.

  16. М. Дәдікбай. Қарғаланың шипалы суы халықтың игілігіне айналса көп ауруға ем болар еді. // Қостанай таңы – 2014, 8 ақпан б.65.

  17. Л.Қасымжанова.Экотуризмнің еңсесін көтерейік. //Заң. – 2002, №8б.36




















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Аннотация

 

         Бұл зерттеу жұмыста  Алтын қазіргі уақыттағы    Қостанай облысының демалыс орындары мен туризмнің қазіргі жағдайы мен даму болашағы мәселесін зерттей келе, Аймақтың туристік қызметін дамытудың бірден бір жолы рекрециялық ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қоса туризм саласында туристерге сапалы қызмет көрсету үлкен проблеманы көтере білуде екенін баяндалады. Облыс территориясында көрнекті тарихи және мәдени орындар жеткілікті болғанымен, туристік мәдени объектілерде туристерге сапалы қызмет көрсету арқылы туристерді таратады, туристік ауданның беделін көтеретінің айқын кесте жұмыстары арқылы көрсетеді. Аймақтың мәдени демалыс орындарының қоғамын әрбір мүшесінің психологиялық куш – қуатын қалпына келтіруде, оның рухани дүниесін жан - жақты дамытуда қосар үлесі зор болып табылатыны паш етіледі.

Общая информация

Номер материала: 438443

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"