Отан
тарихын оқытуда Блум таксономиясының тапсырмаларын қолданудың тиімділігі
Павлодар
қ. Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің
тарих
пәнінің мұғалімі Секенова Мақпал Жанатайқызы
Ел
болашағы болашақ ұрпатың қолында. Қазіргі кезде білім саласында оқушылардың
жан-жақты білім алуы, әрі білім сапасы бірінші орында тұрған маңызды
міндеттердің бірі. Заманауи сабақ заманауи талаптармен ерекшеленеді.
Еуропалық Кеңестің
қабылдаған біліктілік стандартына (2006) сай бүгінде тұлғаның бойында сегіз
құзыреттілікті дамытуға баса назар аударылады. Олар ана тілінде сөйлеу, оқу
іскерлігі, кәсіби құзыреттілік, компьютерлік сауаттылық және ақпараттық
технологиялар саласындағы дағдыларды қолдану және өзге де құзыреттіліктер.
Құзыреттеліктерге мән
бере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы ұлттық тарихты оқытуда жақсы
нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мұндағы танымдық үрдістегі дағдылар белгілі
бір тақырыптардағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралуымен
ерекшеленеді. Дәстүрлі білім беруде ойлаудың қарапайым, төменгі деңгейі
берілсе, заманауи сабақта оқушылардың ойлаудың жоғарғы деңгейіне жетуі негізгі
мақсаттарының бірі болып табылады. Демек, оқушылардың білу, түсіну мен өз
білімін проблеманы шешуде қолданумен қоса, тақырыпқа талдау жасап, ойын
жинақтау, оны өзінше пайымдаудың маңызы зор. Бұй жүйе арқылы оқушылардың ойлау
дағдыларын жоғарғы шыңға жеткізуге болады. Білім алушыларды ойлауға үйрету
педагогтерді бұрыннан ойландырған жоғарғы шыңға жеткізуге болады. Білім
алушыларды ойландыруға үйрету педагогтерді бұрынан ойландырған күрделі
мәселелердің бірі. (Джон Дьюи, Эдвард Глейзер)
Менің Блум таксономиясына
ерекше назар аударуымның себебі:
1)Оқу
мақсатын оқушылардың әрекеттері иен дамуына бағыттау;
2)Тарихи
үрдістің себеп-салдардық үрлісі мен заңдылықтарын айқындауға емес, тек біріңғай
тестілеуге бағытталған, фактілік материалдарға, түрлі терминдерге толы
оқулықтармен жұмыс істеуді жеңілдету, мәтінмен жұмыстың тиімділігін арттыру;
3)Мұндай
сабақ оқушылардың нақты әрекеттеріне бағытталатындықтан, сыныптағы оқушылардың
бойындағы қасиеттерін одан әрі дамыту.
4)Ал
сыныптағы дарынды және талантты оқушылар мұғалімнен өзгеше іс-әрекет етуді
талап етеді. Мұндай оқушылар сабақта сыныптастарынан гөрі берілген
тапсырмаларды жылдам орындап, ойлау жүйесінің ерекше қасиетімен ерекшеленеді.
Ренцулли дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі
негізінде нақты анықтады:
-қабілеті
ортадан жоғары
-тапсырманы
жоғары деңгейде беріліп орындау
-жоғары
деңгейлі шығармашылық
Деңгейлік
тапсырмалар арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін дамытуға бола ма және оның
жолдары қандай? деген сауал мәселенің басты сұрағына айналды. Блум
таксономиясына негізделген деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың бойында
құзыреттіліктерді дамытуға болады. Мұнда ерекше ден қойылады:
-құзыреттіліктерді
дамытуға бағытталған әдістерді қолдануға;
-тапсырмаларды
орындау барысында оқушылардың өздік жұмысын қамтамасыз етуде;
-іс-әрекеттегі
зерттеудің ғылыми негіздемесін қоса, практикалық маңызын қамсыздандыруға;
-іс-әрекеттегі
жүйелілік пен сабақтастыққа мән беру.
Таксономия - белгілі
бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе
жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша
ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған
мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына
қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой
қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге
біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес
тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді
әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ
жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді
ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын,
сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды
пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол
өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.
Оқу мақсаттарының
негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу,
жинақтау);
6) Бағалау.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі –
төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай
сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
ІІ Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі –
орта деңгей.
Оқу материалын
түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын
бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті
кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу
материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу
материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары
мен нәтижелерін болжау.
ІІІ Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі –
орта деңгей.
Бұл категория оқу
материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда
ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды,
практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда
материалды тереңірек игеруді талап етеді.
IV Талдау
Таным мен ойлау деңгейі –
жоғарғы деңгей.
Оқу материалының құрылымы
анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: оқиғаның мәнін ажырату; бір оқиға
төңірегіндегі сұрақтардың өзара байланыстарын анықтау, оқиғаның қалай
өрбігенін сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның
ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
V Синтез (жинақтау,
жүйелеу).
Таным мен ойлау деңгейі –
жоғарғы деңгей.
Оқу материалының
элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже
ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз),
жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен
жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап
етеді.
VI Бағалау
Таным мен ойлау деңгейі –
жоғарғы деңгей
Оқу материалының маңызын
анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы
категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Мысалы
«Жаңа замандағы Қазақстан тарихынан» 8-сыныпта «Қазақтардың петициялық
қозғалысы» деген тақырыпты өткен кезде, мен Блум таксономиясы бойынша мынадай
деңгейлік тапсырмаларды құрастырдым
Бірінші кезең «Білім». Тапсырма – сұрақтарға жауап беру.
1) Петициялық қозғалыс қазақтардың
арасында қай кезде кеңінен тарай бастады?
2) Петициялардың мазмұны көбінесе
қандай болды?
3) Петициялар жолданған жерлерді
атаңдар
Бірінші
кезеңді үй тапсырмасын сұрай кезінде де қолдануға болады. Сондай-ақ
сәйкестендіру тапсырмасын да беруге болады.
«Білу»
кезеңіне арналған сұрақтар арқылы оқушының екінші «түсіну» кезеңіне дайындығын
білуге болады.
Екінші
кезең «Түсіну».
1) Отаршыл үкіметке қарсы жолданған
Қарқаралы петициясының мазмұнын айтыңдар.
2) Петицияны құрастырушылар
қазақтарды Зем соборына қатыстырмаудың себебі неде деп білді?
3) Петицияны құрастыруға мемлекеттік
шенеуніктердің кері қатынасын қандай фактілерден көруге болады?
Үшінші
кезең «Қолдану».
1) Діни және жер мәселесін шешу
жолдарын ұсыныңдар.
2) Білім беру мен қазақ тілін
дамытуда қандай ұсыныс енгізер едіңдер?
3) Өздерінің мәселелерін көтерген
миллиондағын қазақтардың құқығын сендер қалай қорғар едіңдер?
Төртінші
кезең «Талдау».
1)
Жоғарғы мемлекеттік органдарға петицияны
жолдаудың салдары қандай болды?
2)
Патшаның отаршылдық билігінің құрылымы қандай?
3) Діни өкілдер
құрастырған петиция мен алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары құрастырған петицияны салыстырыңдар.
Бесінші
кезең « Синтез» .
1) Қанауға ұшыраған қазақ халқының
құқықтарын қорғай алатын өздеріңнің петиция жоспарларыңды құрастырыңдар
Алтыншы кезең
«Бағалау».
1)
Қазақстардың петициялық қозағылысының
тарихи маңызын бағалаңдар.
2) Қазақ
халқының ұйымдасу дәрежесін көрсеткен петицияның рөлі туралы қорытынды
жасаңдар.
Блум
таксономиясын сабаққа бірден толыққанды, жүйелі қолдану өте күрделі, бұл
дәрежеге жету үшін көп еңбек, тәжірибе, жаттығу керек. Алайда осы деңгейге
жетіп, сабақ берген кезде оқушылар алатын білім мен өмірдің байланысы пайда
болып, теория мен практика арасында үзілмейтін көпір пайда болады. Ал алған
білімін өмірде пайдалана алу, яғни функционалдық сауаттылық бұл білім беру
үрдісіндегі басты заманауи қажеттілік. Тапсырмалардың жүйелі, әрі деңгейге
сәйкестігі мұғалімнің біліктілігі мен шеберлігін қажет етеді. Әйтпесе сан мен
сапа арасында айырмашылық туындап, оқушылар тығырыққа тіреледі.
Пайдаланылған
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.