Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Отан өз әскерімен тәуелсіз
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Отан өз әскерімен тәуелсіз

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Отан өз әскерімен тәуелсіз»

Күні: 15.05.2015

Класы: 6 «А»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту, Отан алдындағы борышын сезіне білуге және оны қорғай білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Көрнекіліктер: плакаттар, ойындарға қажетті құралдар,төсбелгілер


Сабақтың барысы:

І жүргізуші: Кеш жарық, ардақты мұғалімдер, оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезіммен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы.

Жансая:

Көрген мен көрмегенде көп парық бар,

Болмайды жігіт жақсы сыннан өтпей.

Үлкенге, кішіге де ілтипат қыл,

Жатырқап еш адамды сыртқа теппей.

Ғибрат ал жақсылықтан жақын жүріп,

Аулақ қаш жамандықтан сырттан шеттей.

Орынсыз батырлыққа арандама,

Әр істің мазмұнына көзің жетпей.

Ақлима

Алға, алға, алға қазақ жігіттері,
Сенім артқан жансын халық үміттері.
Көк аспанда желбіресін көк байрағың,
Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.
Жұлдыз

Жігіттерміз бәріміз ой аулаған,
дауысынан солардың, оян далам!
Бүгінгі күн ерлердің мерекесі,
Күнтізбеде қызылменен боялған.

Жанел:

Жігіттер, жігіттер, 
Биікке өрлеңдер.
Ел үшін, жер үшін,
 
Намысты бермеңдер.
Нардың күші дарып,
 
Жүрек дүрсіл қағып.
Жетіңдер жеңіске,
 
Шаршы топты жарып.

Раушан

Жігіттер, жүректерің таза болсын,
Жолдарың биік-шыңға ашық болсын.
Егіз бір қозыдай боп бақ-дәулетің,
Өмірің толысқан бір бақыт болсын.

І жүргізуші. Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары, 5 «А» класс жігіттері! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.

ІІ жүргізуші.Сіздер болашақ отын қорғаушыларсыздар! Сондықтан қазірден бастап нағыз жігітке тән қасиеттерді бойларынызға дарытуыңыз қажет. Біздің әскерімізідің қандай болатындығы сіздерге байланысты.

7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай 5 «А» класс жігіттерінін арасында өткізгелі отырған сайыста ашық деп жариялаймыз.

Сайысымызды бастамас бұрын «Миналарды жою» ойыны арқылы 2 топқа бөлінеміз.

Біз өз жерімізді минадан қорғап алуымыз қажет, ол үшін жатқан миналарды аламыз, астында жасырылған сұраққа жауап беріп миналарды жоямыз. Миналарды құрастырған кезде 2 сурет шығды, сол сурет бойынша 2 топ шығады.

Сұрақтар:

1.ҚР президенті

2. Қазақстан Республикасының қандай мемлекет? (тәуелсіз)

3.ҚР рәміздері

4. ҚР ту авторы

5. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіз ел болды? 1991ж 16 желтоқсан

6. ҚР әнұран авторлары

7.ҚР елтаңба авторлары

8.ҚР астанасы

9.ҚР қандай қалаларын білесің? Атап бер

10.Қазақ елінің мейрамдары

11. Қазақ хандығына биыл неше жыл? 550


2 топқа бөлініп болсақ сайысымызда бастайық

Сайысымыз 4 шарттан тұрады


1 Солдат қандай болуы керек?

2 Мерген солдат

3 Көңілді аспазшы

4 Білімді солдаттар

1. Солдат қандай болуы керек?

Біінші сайыс «Солдат қандай болуы керек?» Алдарынызға тасталған постерлерге кластер сызуымыз өажет. Әрбір сөз 1 баллмен есептеледі. Қай топта көбірек сөз жазады екен?


Ән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Мерекеге бүгінгі,
Әннен шашу шашайық,

«Ризамын»

Замира Баян Нұрай

2. Мерген солдат

Екінші сайыста әр топ өз мергендіктерін көрсетеді. Әр топ мүшелеріне таратылып берілген снарядтарды бос кәрзенкелерге дәл түсіру керек. Әр дәл түсірілген снаряд бір балл.

3. Көңілді аспазшы

Әрбір солдат ас дайындай білуі қажет.

Үшінші сайыс «Көңілді аспазшы» деп аталады. Бұл сайыста әр топтың келісуімен әр топтан 3 оқушы кезекпен-кезек келіп үстелде тұрған ал жапқышты киіп алып, қасықты алып қарсы бетте турған ыдыстағы суды қасықпен төкпей бөтелкелерге құюы қажет. Сөйтіп келесі топ мүшесіне беріп отырады. Қай топта көбірек су толады екен?

4. Білімді солдаттар

Соңғы сайысымызда 2 топ өздерінің білімдерін ортаға салады, топқа берілген тақырып бойынша 5 минуттық эссе жазады.

«Мен әскерге барсам...»

І жүргізуші : Міне біздің бүгінгі жігіттерімізге арналған сайысымыз өз мәресіне жетті. Өз белсенділіктерін көрсеткен 5 «А» класс жігіттеріне алғыс айтамыз.
ІІ жүргізуші: Енді әділ қазыларымыз сайыскерлеріміздің ұпайының есептері дайын болғанша сіздердің құрметтеріңізге

Класс қыздарының әнін қабыл алыңыздар.

«Сарбаздар»


Қорытынды

 І жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Жігіттерімізге арманменен бақыт жолда, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

Жеңімпаз топты анықтау үшін және тәрбие сағатымызды аяқтау сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каримова Ғалима Амиржанқызына беріледі


Марапаттау
ІІ жүргізуші:Сайыскерлерімізге алдағы уақытта көптеген сайыстардың жеңімпаздары атанып, өз өнерлерімен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-115885

Похожие материалы