Инфоурок Обществознание КонспектыОтанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі.

Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі.

Скачать материал

«Бекітемін»

Мектеп директоры :

________А.Ерали



Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ҚРҚК отансүйгіштік және көп ұлттылық мектебі, әскери Анттың әскери қызметшілерге қоятын талабы.ҚРҚК рәміздері. Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әскери анттың қасиеттерімен таныстыру.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.

Өткізілетін күні: 22.10.2015ж. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, әскери жарғы.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Сап элеметтерін атаңдар.

  • Сапты басқару қалай орындалады?

  • Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?

  • Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі. Әскери ант қабылдау. Әскери анттың талаптары.Алғаш рет әскери қызметке алынған, бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери жиынға алғаш рет шақырылған ҚР-ның азаматы ҚР-ның Мемлекеттік жалауының және әскери бөлімнің жауынгерлік туының алдында әскери ант қабылдайды.

Әскери ант – мемлекеттік маңыздылығы зор құжат.

ҚР Президентінің 1992жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен бекітілген және заң күші бар. Әскери антты - толықтыруға келген жауынгелер мен матростар, тиісті бағдарламадан өтіп, жауынгердің негізгі міндеттерін, әскери анттың мәнін, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының, әскери тәртіпті жете білгеннен соң, әскери бөлімге келген күннен бастап екі айдан кешіктірмей қабылдайды.Әскери антты қабылдау уақыты әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады.Тағайындалған уақытта әскери бөлім салтанатты сапқа тұрады. Әскери антты қабылдаушы әскери қызметшілер бірінші саптарда болады. Әскери антты қабылдаушы әрбір әскери қызметші бөлімше сабының алдында әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды, одан соң арнайы тізімге өз қолын қояды да, саптағы өз орнына тұрады. Әскери ант қабылдау салтанаты аяқталған соң, әскери бөлімнің командирі бүкіл бөлімді жаңа толықтырумен құттықтайды, бұдан соң оркестр ҚР-ның мемлекеттік әнұранын орындайды. Мемлекеттік әнұран орындалған соң, әскери бөлім саптық



байқау үшін салтанатты шерумен өтеді. Әскери антты қабылдау күні осы бөлім үшін жұмыс күні емес болып табылады және мереке күні ретінде өтіледі.

Қазақстан Республикасы

Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен

Б Е К І Т І Л Г Е Н

ӘСКЕРИ АНТ

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.

Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін. Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін.

Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны өтеуге әзірмін.

ҚР Президентінің Жарлығы және Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес, бір жылда екі рет белгіленген мерзімде қызмет атқарған жауынгерлер өз бөлімшелерімен қоштасады, олардың орнына жаңа толықтырма келеді. Әскери шеберлікті игеріп, Достастық мемлекеттер мен Қазақстан халқының бейбіт еңбегінің қорғаушысы болу үшін, жауынгерлердің жас толықтырмасы аға буындардың жауынгерлік эстафетасын қабылдап, оны абыроймен алып жүруге, жауынгерлік дәстүрді барынша өркендетуге, Отан қорғаушылардың абыройы мен жауынгерлік даңқын қастерлеуге шақырылып - әскери антты қабылдайды. «ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында Отанды қоғау мен Республиканың ҚК-інде қызмет ету – Отан алдындағы ҚР азаматтарының конституциялық міндеті және борышы болып табылатыны көрсетілген.«ҚР ҚК және қорғанысы туралы» заңында үкімет және басқару органдарының өкілеттілігі, ҚК-ді басқару және қорғаныс саласындағы азаматтардың міндеттері мен құқықтары баяндалады. Заңға сәйкес ҚР-ның азаматтары өз мемлекетінің мүддесін сақтауға, оның қуатын нығайтуға, Отанды қорғауға өзін дайындауға және ҚР-ның заңдылықтарында қарастырылған қорғаныс мақсатындағы басқа да міндеттерді орындауға міндетті. Республикадағы әскери қызмет атқарудан бас тартқан азаматтар заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Қазақстанның әрбір азаматы үшін ар - намыс мәселесі дегеніміз – халық алдындағы өзінің конституциялық міндетін орындауы, оның бейбіт кезде жасампаз еңбегін сенімді қорғауда бөлімдер мен бөлімшелердің ұрысқа дайындығын барынша нығайту болып саналады.

Әскери ант мәтіні Конституция мен ҚР-ның заңдарын, әскери тәртіпті қатаң сақтауды, әскери жарғыларды, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын мүлтіксіз орындауды, адал да ержүрек және қырағы жауынгер болуды, Қазақстанның жарқын болашағы үшін берген сертін есіне ұстап, оның мемлекеттік мүддесімен тәуелсіздігінің лайықты қорғаушысы болуды талап етеді.Әскери абырой – жауынгердің тек өзіне деген адамгершілік қатынасы ғана емес, сонымен бірге оған деген әскери ұжымның және бүтіндей қоғамның қатынасы.

Әскери ар-намыс - әскери қызметшінің тәртібін, әскери ұжымға қатынасын, әскери борышты орындауын сипаттайтын оның ішкі ізгілік қасиеті.

Әскери қызметшінің моральдық - саяси, жауынгерлік қасиеттері - әскери антқа адал болу, ержүректік, қырағылық. Ең негізгі талаптың бірі – адал болу. Бұл кездейсоқтық емес. Адамнан адалдықты, шындықты талап ететін армиялық заң ғана емес. Тек адал адам өз мемлекетінің қауіпсіздігін, оның қорғаныс қабілеттілігінің нығаюы үшін күреске белсене қатынасады. Ант қабылдаған кезінде, жауынгер ержүрек батыл болуға ант береді. Ал батырлық ерлік дегеніміз не? Батылдық, ерлік дегеніміз – жауынгердің ең қиын, қауіпті жағдайларда да өз өмірі үшін қорқыныш сезімін жеңіп, өз Отанын қорғау үшін ерлік жасауға барғаны. Егер поста тұрған жауынгер өз міндеттерін нақты орындап қырағылық танытса, постқа шабуыл жасау жағдайлары болмайды. Қазақстан армиясында біздің республикамыздың барлық өкілдері қызмет етеді. Мұнда олар әскери жолдастық пен әскери туысқандықтың өзіндік мектебінен өтеді. ҚР ҚК бұрынғы одақтық армия құрамалары мен бөлімдерінің базасында құрылған, олардың ішінде көпшілігі ұрыстық әрекеттерге қатысып, құрметті атауларға ие болған, ұрыс наградаларымен марапатталған. Олар аса мол тәжірибе жинақтаған, оларда белгілі бір адамгершілік нормалары, армия өмірінің ережелері мен салттары қалыптасып, жауынгерлердің бір ұрпағынан екінші ұрпағына өте отырып, жауынгерлік дәстүрге айналған. Ауғаныстан мен Тәжікстандағы өткен оқиғалар, сондай-ақ «Казбаттың» Ирактағы бітімгершілік қызметінің мысалдары Республика армиясы мен флоты жастары өздерінің әкелері мен аталарының, үлкен ағаларының тәжірибесі мен жауынгерлік дәстүрін қабылдап, кеңейте түскенін, олардың ісін абыроймен және лайықты жалғастырып келе жатқанын көрсетті.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Әскери антты қабылдау рәсімдері қалай өтеді?


ҚР-ның әскери анты дүниеге қалай келді?

ҚР Конституциясында және «ҚР ҚК мен қорғанысы туралы», «Мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі туралы» заңдарда әскери қызметшілердің құқығы мен міндеттемелері туралы не айтылған?

Әскери антта Қазақстан жауынгерлерінің ары мен абыройы туралы не айтылған?

Әскери антта жауынгердің моральдық-саяси, жауынгерлік қасиеттері туралы не айтылған?

Жауынгерлік дәстүрлер соғыс және бейбіт уақытта қалай көрсетілуі тиіс?




Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы- оқытушысы: ____________







Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отанды қорғау - мемлекеттің маңызды қызметі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 047 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2015 3733
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бердибаев Хамидин Умирзакович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бердибаев Хамидин Умирзакович
    Бердибаев Хамидин Умирзакович
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3834
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Обществознание» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 305 человек

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 290 человек

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов