Инфоурок Всеобщая история Конспекты«Отанымыздың жүрегі- Тәуелсіздік тірегім»

«Отанымыздың жүрегі- Тәуелсіздік тірегім»

Скачать материал

  Тарих пәні мұғалімі:   Амиреева Кулзина Жанабековна                                                                                                                              Тақырыбы:  «Отанымыздың жүрегі- Тәуелсіздік тірегім»

 Мақсаты: Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі, оның негізгі кезеңдері туралы білім алушыларға терең мағлұматтар бере отырып, өз туған елінің тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру 

Міндеті:

Білімділік: Қазақстанның тәуелсіздік қарсаңындағы саяси-тарихи жағдайымен таныса отырып бүгінгі келбетіне тоқталу

 Дамытушылық:  Ойлау қабілеттерін тереңдету, шығармашылық ізденістерге,ой қорыта білу белсенділік танытуға дағдыландыру;

 Тәрбиелік: Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы,құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу

  Жұмыс түрі: Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел жұмысының негізгі бағыттары:

1.Қазақстанның тәуелсіздік қарсаңындағы саяси- тарихи жағдайы 

            2.Қазақстанның экономикалық –демографиялық жағдайы

3.Қазақстан халқы Ассамблиясы-елдің тұтастығы мен бірлігі

Жоспары:

1. Ән Ұран орындалады

2.Кіріспе сөз   (Амиреева К.Ж.)

3.Баяндама.

4.Пікір алмасу.

5.Қорытынды.

 

1.Кіріспе сөз:

     Құрметті  «Отанымыздың жүрегі- Тәуелсіздік тірегім » тақырыбындағы дөңгелек үстелге жиналған оқушылар!

     2015ж- ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.  

     Ұлы даламызда даналықтың дәні, кемелдіктің кені, тектіліктің тамыры бар. Арманның асқағы, бейбітшіліктің бастауы ,елдіктің еңсесі де қазақ халқының еншісінде.  Тарихымыз туралы Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев «Көк түріктер мен Алтын Орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы –біздің елдігіміздің түп- тамыры» деп атап көрсетті. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Ұлт болып тойлаған   ұлы мереке болды. Қазақ хандығының торқалы тойының шымылдығы Астана қаласында Елбасының арнайы қатысуымен түрілген еді. Оған әлемнің  бірқатар елдерінің  мемлекет басшылары мен көрнекті қайраткер ғалымдары қатысқан болатын . Төрткүл дүние тамсана көз салған  Қазақ хандығының ұлы  550 жылдық тойы Тараз топырағында жалғасын тапты. Әрдайым бейбітшілік пен татулықты ту еткен , әлемалдында абыройы артқан қазақ халқының торқалы тойы тарихымызүшін айырықша дата.

       Ата-бабамыз бүгінгі Қазақстанның ұлан-байтақ жерін қанаттығы қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай аман сақтап, қорғап, бізге мұра қалдырды.Осы мекенде тұратын адамдар еліміздің негізгі байлығы. Кең-байтақ Қазақстан жерінде 17 миллионнан аса адам тұрады.Республикамыздың басты жетістігі мен мақтанышы-этносаралық келісім мен тұрақтылықты одан әрі сақтай білу.140 этнос пен 46 конфессияға ортақ үй болып отырған Қазақстан Республикасына 24 жыл толып отыр.

    Халықаралық   саяси және экономикалық қатынастар жүйесіндегі ЭКСПО дүниежүзілік көрмелерінің рөлі өте зор.Қандайда бір өнеркәсібі дамыған елдің дүниежүзілік әмбебеп ЭХРО көрмелерін өткізуі бұл жаһандық маңызы бар оқиға. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Астананың Халықаралық  көрмені өткізу құқығын жеңіп алған кезде: «Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам уақытта олар негізінен экономикалық алыптар саналатын-АҚШ, Франция, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Қытай т.б елдерде өтсе, енді олардың қатарына Қазақстанда еніп отыр»- деп атап көрсетті.

      Елбасы   ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының мұраты да кешегі өткен бабалардың ұлы идеясымен мазмұндас, мағыналас болып отыр.Адам баласы өзінің өткенін , тарихын білу арқылы ғана мәңгілікке жол тартады.Қазақ хандығының бұл ұлы тойлары ұрпақ қамы үшін   жасалып отыр. Қазақ елі мәңгіліктің көшіне түсті. Бұдан кейін де өзгеге  бұйырмаған бақытымен, өзінің дархандығымен кең байтақ даласында салтанат құра бермек.  

Баяндамашы: 10 «Б» сынып оқушысы  Мэлс Мадина

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.Тәуелсіздік тек  Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

       1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін  ашты.ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 24 жыл толды.

Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне он тоғыз жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.

Мемлекет басшысының көрегендігі мен дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында экономикасын түзеп, тығырықтан шықты. Қазақстанда шұғыл бетбұрыс 1995 жылдан басталды. 2000 жылдың басында Еуропа қауымдастығы, ал 2002 жылы Америка тарапынан Қазақстан нарықтық экономикасын қалыптастырып ел ретінде танылды. Елбасының жүргізіп жатқан саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақ елінің дүние жүзі қауымдастығы алдындығы беделін биіктете түсті. Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан 2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері,Елбасының Қазақстан халқына жасаған әр жылдардағы Жолдаулары ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты – Конституциямызбен бекітілген: «Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Демек, қоғамда тұрақтылықты татулықты қалыптастырып, елдің тұрмыстық әл ауқатын жақсарту басты мәселе болып табылады. Біз қазір шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашып, азат ойлауды қалыптастыру жолындамыз. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр.

Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.

Бүгінгі таңда елімізде халықаралық стандарттарға сай заң базасы құрылды, әділет органдарының өкілеттігі кеңейіп құлаш жайып, алға қойылған міндеттерді атқаруда.

Қазіргі кезде халықты құқықтық институттар мен құқықтық көмекпен қамту, жас ұрпақ заңгерлерімен толықтыру әділет органдарын дамытудың негізгі мақсаты болып табылады. Құқықтық жүйені жетілдіру, халыққа нотариалды, заңи басқа да қызмет көрсету, қазіргі заманғы талаптар деңгейіне сай бағытталған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу саласында заңи сараптама жасау жолымен мемлекеттің құқықтық дамуына айтарлықтар үлесін қосуда.

Сонымен, өз ойымды қорытындылай келсем, біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.

    

      Бүгінгі дөңгелек үстел тақырыбын «Отанымыздың жүрегі- Тәуелсіздік тірегім » деп алуымыздың мақсаты осы жетістіктерімізді паш етіп, ұлықтау. Бүгінгі дөңгелек үстелде төмендегідей сұрақтар қойылып , оған оқушылар өз ойларын айтып жеткізді.

 1.Қазақстанның тәуелсіздік қарсаңындағы саяси- тарихи жағдайы жөнінде не білеміз?

2.Қазақстанның экономикалық –демографиялық жағдайы қандай деңгейде өсуде?

3.Қазақстан халқы Ассамблиясы-елдің тұтастығы мен бірлігі екендігін айқындайтын деректер жөнінде не білеміз?

Берілген сұрақтар бойынша оқушылар өз пікірлерін айтып,тарихи деректер келтіре отырып ой тұжырымдады.

 

Қорытынды сөз:   Құрметті  оқушылар бүгінгі дөңгелек үстелге катысып ат салысқандарыңызға үлкен рахмет. Дөңгелек үстелді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын арқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік. Ел Тәуелсіздігін құрметтеп, оның биікке көтерілуіне өз үлесімізді қосайық!

   

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Отанымыздың жүрегі- Тәуелсіздік тірегім»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 870 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.05.2016 1663
    • DOCX 23.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амиреева Кулзина Жанабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амиреева Кулзина Жанабековна
    Амиреева Кулзина Жанабековна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7566
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе