Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Отанның батыр ұлы" (11 - класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Отанның батыр ұлы" (11 - класс)




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов













«Отанның батыр ұлы»



МақсатыҰлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.





1-Жүргізуші: Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп, «көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады.  Сондықтан халық соғыс әкелген қайғы – қасіретті, миллиондаған адамның өмірін қиып, өркениетін кейінге қайтарған, адам қолымен жасаған ұлы құндылықтарды талқандаған қантөгіс, сұрапыл соғысты ешқашан ұмыта алмайды». Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне, биыл 70 жыл толғалы отыр. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда.

2-жүргізуші
Соғыс не? Арпалысқан өлім – өмір,
Тұрса ағаш, сынса отын, жақса көмір.
Өлім мен өмір батыр алысқанда,
Бұрқылдап қызуына қайнар темір.
Соғыстың жоқ ешқандай тамашасы,
Бір өлім, мың өлімнің арашасы.
Соғыста өлім құлап, өмір жеңер
Оны сезбес пікірдің аласасы.
1-ж.       Армысыздар  қымбатты да, аяулы ұстаздар және оқушылар!
     Ұлы Жеңістің70 жылдық мерекесіне орай өткізгелі отырған «Отанның батыр ұлы» атты Ұлы Отан соғысының батыры,жерлесіміз-Николай Владимирович Терещенко туралы еске алу кешіне қош келіпсіздер!
2-ж.     Бұл кеш 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында елі үшін жанын қиған және елі үшін аянбай ерлік көрсеткен ағаларымыздың бірінің өмірін дәріптеп, оның ерліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өткелі отыр.      
 1-ж.     Жеңіс! Осынау сөз екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапылын басынан өткерген халқымыздың жадында мықтап сақталары анық. Талай жауынгерҰлыЖеңісжолында опат болды.Біз сөз еткелі отырған ағамызда осындай жауынгер болатын.Ендеше сөз кезегін 11-сынып оқушыларына берсек.
    

Айман: Николай Владимирович Терещенко-1924 жылыАқтөбе облысы Хобда ауданы Калиновка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.Ол отбасындағы 12-ші бала еді.Еңбек сүйгіш,өз қатарларына үлгі болған.



Асқар: Сұрапыл соғыс басталысымен ,1941 жылы Терещенко жас болуына қарамастан өз еркімен Қызыл Армия қатарына қосылды.Бұл кезде ол 10-класта оқитын.Қысқа мерзімді әскери дайындық курсын аяқтап, фронтқа аттанды.










2-ж. Иә, бүгінде  үлкен қиыншылықпен қол жеткізген шат өмірді, біз жастар қалай пайдаланып жүр екенбіз ?-деген сұрақ көпшілікті мазаласа керек.Оқушыларымыздың оқыған естеліктеріне қарасақ өрімдей жастар отан үшін от кешіп, опат болған. 70 жыл бұрын жеңіс туын желбіреткен ардагерлер қатары сиреп барады. Олардың алдында бәріміз мәңгілік қарыздармыз. Фашизм құлдығынан азат етілген күллі әлем қарыздар. 1-ж. Дұрыс айтасың, білесіңбе Фариза апамыздың мынадай жыр жолдары болатын:



-Шүберекке түйіп от жанымызды,

Буыны да қатпаған тәнімізді

Ажалменен тайталасып,

Оққа балғын денені айқара ашып,

Қара жердің құшағын аймаладық,

Қалай бүгін жүрсіңдер пайдаланып?!

Қымбат түскен біз үшін бұл күндерді.



2-ж. Қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Бұл кеш бір – бірімізбен пікір алысып, естелік әңгімелер тыңдап, көкейіміздегі сұрақтарға жауап алу кеші.Олай болса, сол жылдардың естелігіне және бір шолу жасап көрелік.

Біз шыныменен қалай пайдаланып жүрміз?(оқушылардың ойлары,пікірлері тыңдалады)



Гүлназ:Терещенко Николай- ең бірінші Волга жағалауына соғысқа қатысты.

1942 жылы кіші лейтенант Украина майданы 46-армияның 83-ші теңізші атқыштар ротасының командирі болды.

Украинаны азат ету барысында Терещенко басқарған топ: 120-мотоциклде немістерді,7-атқыш ауыр қаруды,26-атарбаны пайдалы жүктерімен және 60-атты қолға түсірді.



Ақбөбек;Терещенко Н.В. басқарған топ:Новороссйск,Тамани,Ануш,Ялта,Балаклавы,Севастопольді жаудан азат етті.

Бұл туралы 83-ші бригаданы басқарған гвардия полковнигі Смирнов өз естеліктерінде жазған.

1942-44 жылдың тамызына дейінУкраина фронтында шайқасқан ТерещенкоДнестр сайы жанынан өтіп плацдармды алды.Рота 800 ден астам фашисті тұтқынға алды.



1-ж. Ән: «Ана туралы баллада» орындайтын Гүлназ бен Ақбобек.





2-ж.Отанын сүйіп, ар- намысын сақтаған,

Жарты Еуропаны жаяу өтіп аттаған. 70 жылда тат баспаған есімін, Ел қорғаған ерлеріммен мақтанам!



1-ж. От, саз кешіп 5 жылдай толарсақтан, Тіршіліктің шырағын солар жаққан. Жанын қиса сан есіл алғы шепте, Қалғандары ауылға нұрын шашқан.









. Өкінішке орай ,от пен жалынға оранған 1418 күн небір жанның шырағын ерте сөндірді.



Асқар:1944 жылы сәуірде Терещенко Коммунистік партия қатарына қабылданды.Ол кезде небәрі 20 жаста болатын.

12-рет жарақат алған ол, ерліктері үшін екі Қызыл Ту,Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. 1944 жылдың 23 тамызында Терещенко ауыр шайқаста батырларша қаза болды.

Сахналық қойылым.(11-сынып оқушылары)



Дамир:

.Украйнаны азат етудегі ерліктері үшін Терещенко Н.В .1945 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қазіргі таңда оның атымен аталатын Ақбұлақта көше мен мектеп бар.

Ерлер есімі мәңгілік естен кетпес.



Күй: (көңіл толқыны)



1 ж.. Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп қатерге толы болғанын қолынан қару алып, соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар, ер азаматтардың орнын басып еңбек етті. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол соғыс ауыртпалығын көзімен көріп, басынан кешірген майдангерлеріміздің өмірлерін оқып,көріп,осындай кештерден есітіп келеміз.



2-ж.   Батырлығың кем соқпас ешкімнен де,

Өзіңді өзің баулыдың ес білгенде. Шаңырақта шалқайып жата алмадың, Жау дүбірі алыстан естілгенде.

Би:(катюша)



Қорытынды: сынып жетекші:

-Халықты қиындықтан алып шығатын рухы мықты ұрпақ.Рухтың мықтылығы Отанын шексіз сүюден басталады.Мына елдің иесі сендерсіңдер.Сондықтан құрметті оқушылар,ендігі бейбіт өмірдің келешегі сендердің қолдарыңда.

Ерлерін,елдігін ұмытпайтын,ерлерімен мақтана білетін де біз болайық..

Отан үшін от кешкендерді 1-минут үнсіздікпен еске алсақ!





1-ж   О, бабалар, ерлігіңе бас ұрдым, Із баспауы мүмкін емес хас ұлдың! Ерен ерлік жасайды, әлі, күмән жоқ, Жігіттері жиырма бірінші ғасырдың.



2-ж .Назарларыңызға рахмет!





















































































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.

-Халықты қиындықтан алып шығатын рухы мықты ұрпақ.Рухтың мықтылығы Отанын шексіз сүюден басталады.Мына елдің иесі сендерсіңдер.Сондықтан құрметті оқушылар,ендігі бейбіт өмірдің келешегі сендердің қолдарыңда.

Ерлерін,елдігін ұмытпайтын,ерлерімен мақтана білетін де біз болайық..

 

Отан үшін от кешкендерді 1-минут үнсіздікпен еске алсақ!

Общая информация

Номер материала: 402752
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>