Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыОтбасы – баланың өмір тәжірибесін жинақтайтын қайнар бұлақтың бастауы

Отбасы – баланың өмір тәжірибесін жинақтайтын қайнар бұлақтың бастауы

Скачать материал

Отбасы – баланың өмір тәжірибесін жинақтайтын қайнар бұлақтың бастауы.

        Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету.
Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі — ата-анадан жауапкершілікті талап етеді.
Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995
Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз – балаларыңыз бен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
«Бала тәрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті»деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. «Жапырақ тамырдан нәр алады» дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап сол ортаның бар – жоғына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетіп, өз отбасын құрады. Әр заманның ақыл – парасат алыптары өз заманында отбасы, ұрпақ тәрбиесі туралы келелі ой түйіндерін жеткізген. Қорқыт атаның мақалдары отбасындағы әрбір жанның келбетін толғайды :

—         Тезесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті

—         Самай шашы ағарған баба көрікті

—         Ақ сүтіне тойғыза – тойғыза емізген ана көрікті

—         Жанашыр ағайын – туған көрікті

—         Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілегн келіннің отау үйі көрікті

—         Өнегелі бала көрікті.

Қазақ халқының ұлы данышпаны Абай: «Адамның адамшылығы –

ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» — дейді.

Ұрпақ – қазақ халқының ұлы мұраты «Балалы үй – базар, баласыз үй — мазар» деп байлықты баланың көптігіне теңеген емес пе?

Тағылымы мен таңымы мол халқымыздың ауыз әдебиетінде жырланатын «Құдайдан жалғыз перзент тілеп» басталатын.

Жыр жолдары – халқымыздың ұрпақ сабақтастығы бірінші орынға қоятынын айғақтайды. Халық жырларындағы түске енетін ақ сақалды, ақ киімді бабаның «Оң бала берейін бе, әлде онға балаға татитын бір бала берейін бе?» деуіне отбасындағы тектілікке үндесетін өсиет ұлағаы жатқан секілді.

Ата – бабамыз «Адам адаммен бай», «Кісі болар баланың кісі менен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен иесі бар» деп адамдар арасындағы туысқандық қарым – қатынасқа зор мән берген. Қазақта туысқандық қарым – қатынастарды өзара топтастырып, сабақтас үш жұртқа бөліп қарастырады.

1)    Адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты әйел адамдар «төркін жұрт» деп атайды.

2)    Шеше жағынан туысатын нағашы жұрты

3)    Әйел не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты

Адамның өз жұртына жататын туыстары [3] – баба, ата , әже, көке, апа,

әке, шеше, аға, әпке, іні, қарындас, ұл, қыз, немере, жиен, шөбере, жиен, жиеншар, немене, шөпшек, туажат, немере апа, немере іні, немере қарындас, шөбере аға, шөбере апа, шөбере қарындас болып таратылады. Жетінші ұрпақты қазақтар «немене» немесе «туажат» деп атайды. «Немене» деген атаудың өзі беймәлім, түсініксіз деп сұрақ қойып тұрған сияқты. Ал «шөпшек» шөбереден кейінгі ұрпақ. «Шөпшек» деп қазақстар ағаштың қурап сынып түскен жіңішке бұтақтарын айтады. Осыған қарағанда, жеті атаға толғанда сегізінші ұрпақтың туыстық мәні жойылып, туажат (бөтен) елге саналады да, қыз алысуға жол ашылады.

Әке – отбасының пірі, қара шаңырақтың қожасы. Әкесін сыйламаған балада адамдық сезім болмайды, оның рухани күш – қуаты төмен, жақсы мінезді келеді [4].

Ата – бала жүрегінің нұрлы шуағы. Тылсым дүниенің жұмбақтарын ананың ыстық лебі арқылы сезініп өскен бала биіктен орын табары анық.

Халықымыз «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар», «Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без», «Ағаға қарап іні өсер, апаға қарап сіңлі өсер» деп тегін айтпаған. Туысқандар арасындағы өнегелі қарым – қатынас үлкенді – кішілі адамдардың өзара сыйласуынан, кішіпейілділігін, қайырымдылығынан, адалдығынан туындайды.

Отбасындағы ақыл мен парасаттың, мейірім мен кісіліктің қазығы – ата мен әже. Қазақ отбасындағы ата — әжеге деген отбасы мүшелерінің кемеңгер мінезі таңқалдырады.

Б. Омарұлының «Ару ана бауыр дүние» кітабындағы бұл үзінді қазақ отбасындағы әдемі үндестік, ауызбіршілікті сақтау айтылмайтын тылсым түйін арқылы шешіледі [5].

…Кей күндері үйге қонақ келеді. Көкем жасы үлкендерге қол беріп амандасыңдар деп үйреткен. Естияр боп қалған інім екеуміз төргі бөлмеде отырғанда бір – бір көрініп қайтамыз.

         Қонақ қарап отыра ма:

         — Мына бала, — дейді мені көрсетіп, — тұңғыштарың болар? Әншейінде айқайлап айтқанда қағыс естіп, «Не дейсің?» деп қайталап жататын әжем мұндайды қалт жібермейді. Құлағын түріп, көкем жаққа елеңдей қалады. Соны аңғарған көкем аңдамаса қып – қызыл шатақ шыққалы тұрғанын біле қояды да:

         — Жоқ – дейді жүткірініп ап, — анакемпірдің кенжесі ғой. Содан соң ғана әжемнің көңілі жай тауып, жүзі жадырап, әжімі жазыла түседі.

         Ұрпаққа ата — әже, әке – шешеден кейінгі ең жақын, жанашыр адам – нағашы. «Жиенге сот жоқ» деп «Берсе қолынан, бермесе жолынан» қалағанын алып кете берер еркелік тек жиендерге ғана жарасқандай.

Дулат Бабатайұлының «Еспембет» поэзиясындағы төмендегі салт дәстүр нағашы мен жиен арасындағы әдемі үндестікті дәлелдеп тұрғандай.

…Еспембет он төрт жасқа келгенде «Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне» дегенді есіне алып, алыстағы ата – жұртына кеткісі келеді. «Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Нағашысы жиенінің тілегін қабыл алып, рұқсатын береді. Салт бойынша – басыңа үй, алдыңа мал салып, қалыңдық әперіп қайтарамын», — дейді…

         Бұл поэмада ұрпақты ел қатарына қосу, үй қылып, алдына мал салу дәстүрінің мәні – ұрпағының малды жанды және үйлі болсын деген ниетінен туған.

Бала барлық үлгі — өнегелі алдымен өзі шыққан отбасымен ата – анасынан алады. Оның азаматтық келбеті, мінез – құлқы жанұядағы жандардың күшті ықпалымен қалыптасады. Аяғын апыл – тапыл басқан сәби алғашқы қылықтардын ата – анасынан, аға – апаларынан көрген, үйренген үлгі бойынша жасайды. Не көрсе соны үйренуге, не естісе  соны айтуға тырысады. Сондықтан да баланың алдында ата – ана үлкен жауапкершілікті сезіну керек.

Баланы жас екен деп бағаламай, оның көзқарастарына ерекше деп қоя зерттеу жасап, бақылаған «Ерте жастан тәрбиелеу тағылымдары» кітабының авторы Ш. Алтынбай «Жас баланың мықты дипломат» екенін таңдана айтады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отбасы – баланың өмір тәжірибесін жинақтайтын қайнар бұлақтың бастауы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 125 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2017 804
    • DOCX 17.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балтаева Салтанат Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балтаева Салтанат Болатовна
    Балтаева Салтанат Болатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56470
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 619 человек

Курс повышения квалификации

Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 2 079 человек

Курс повышения квалификации

Основы управления дошкольной образовательной организацией

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 296 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек