Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы"Отбасы дағдарысы" 6-8 сынып ата-аналары арасында өткізілген дөңгелек үстел

"Отбасы дағдарысы" 6-8 сынып ата-аналары арасында өткізілген дөңгелек үстел

Скачать материал

Отбасы дағдарысы

  (6-8 сынып оқушылары мен ата-аналар арасындағы дөңгелек үстел)

 

          Армысыздар , құрметті ата-аналар , қадірменді оқушылар! Бүгінгі «Отбасы дағдарысы» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

Отбасы-бұл тәрбие ошағы. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің ерекшелігі-оның тұрақтылығында. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттік көрінісі айқын сезіліп тұрады. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады. Отбасының негізгі міндеті - баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында сезімдерді қалыптастырады. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам. Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Егер  отбасында ата-аналар  өзара жақсы қарым-қатынаста болса, перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі.

     «Тәрбие-отбасынан басталады» дейтін болсақ, біздің отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасымыз қандай? Ал ата-ана, ертеңгі үміт күткен балаларымызға беріліп жатқан тәрбиеміз қандай? Міне, осындай сұрақтарға жауап іздеу үшін, құрметті ата-аналар, сіздерді дөңгелек үстелімізге пікірлесуге шақырып отырмыз. Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай өрбітсек.

      1-бөлім: «Ойға шабуыл» (Мұнда оқушылар мен ата-аналарға сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға өз ойымызды айтсақ.

 Ата-аналарға берілетін сұрақтар:

  1. Отбасы дағдарысы дегеніміз не?
  2. Кикілжің отбасындағы бала  тәрбиесі қандай?
  3. Отбасы бақытын бұзатын қандай қандай жағдайлар деп ойлайсыздар?

Оқушыларға берілетін сұрақтар:

  1. Отбасы деген сөзді қалай түсінесің?
  2. Сенің өміріңде ата-ананың орны қандай?
  3. Ата-анаңның  қандай жақсы үлгі алатын қасиеттерін атай аласың?

Осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс жасауына жағдай туғызу керек. Ата-аналар мен оқушылардың жауабынан соң қорытынды жасалып ортаға мынадай сұрақ тасталады.

              -Сіз отбасы дағдарысын болдырмас үшін алдын-ала қандай шара қолданар едіңіз?

    Мұғалім: Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.  Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, Ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Ата-анаға баладан артық  ешкім жоқ. Сондықтан болмасын баласының  білімді, парасатты,  мәдениетті, тәртіпті, , әдепті болуын қалайды.

       2-бөлім. «Бүгінгі менің ойым» деп аталады

Оқушыларға және ата-аналарға жағдаяттар таратылады.

Ата-аналарға берілетін жағдаяттар:

  1. Қызы мектептен келіп анасына: “Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді,”-десе, анасы: “Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма”,-депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?
  2. -Ой, мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз?-деген сөзі сізге ауыр тие ме, әлде бұл сөзді жиі естуге тура келетін кездер болды ма?
  3. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: “Ән тыңдап отырмын”,- деп барудан бас тартады. Сіздің бұл жағдайға әрекетіңіз қандай?

Оқушыларға берілетін жағдаяттар:

  1. -Мұны дұрыс жасаған жоқсың!- деп анаң саған ұрысып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме? Дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?
  2.  Сіздің басыңызға қиын сәттер туды делік. Сіз осы жағдайды ата-анаңа айтар ма едің?
  3. Мектептегі ата-аналар жиналысына анаңыз бара алмайтындығын айтты.Анаңды жиналысқа баруға қалай көндірер едің?

    Мұғалім: Ана - барлық  қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы, сонымен қатар перзент тәрбиелеуші, қамқоршы. «Бала - өмірдің қызығы» сол себепті балаларымызды қадағалаусыз қалдырмай, оларға дұрыс тәлім-тәрбие беруді қолға алған жөн.

 

         3 бөлім          «Ана-аналарға тест»

        Енді  оқушыларға  алфавит бойынша әріптерді  қойғанда шығатын  сөздердің бірнешеуі  беріледі, ал ата-анаға  тест беріледі. Сол тестің  сұрақтарына жауап беру арқылы  ата-ана балл жинайды. Сол балына қарап  бала тәрбиесіне байланысты  бағыт-бағдар беріледі.

Оқушыларға берілген тапсырма:

Мына сандардың астында  бір-бір әріп тұр, соны сөйлесіп көр.

                                                                                                             

1

8

1

10

28

23

8

5

38

18

2

11

38

14

 

20

18

37

10

1

23

1

16

1

17

1

 

 

Тапсырма жауабы: әрбір тұрған сан алфавит бойынша сандардың ретін береді.  Сонда «Ана жүрегі нәзік гүл, оны жаралама» деген сөз шығады.

 

                        Ата-анаға берілген тест: «Сіз қандай ата-анасыз?»

1.Балаңызға айтқаныңызды істете аласыз ба?

а) жоқ   ә) иә  б) кейде ғана

2. Балаңыз сіздің айтқандарыңызды қалай орындайды ? (үй шаруасын)

А) өз еркімен  б) қорыққаннан  в) Айтқызбай орындайды

3. Балаға қатал талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмейді ме?

А) Иә   ә) кейде   б) Жоқ

4. Балаңыз сізді тыңдамаған кезде қолданатын шараңыз қандай?

А) Ұрсасыз  б) ұрасыз   в)  түсіндіресіз

5. Балаңызды әділетсіз  жазалап, кінәлаған болсаңыз, қателігіңізді мойындап  кешірім сұрайсыз ба?

А) иә,  ә) кейде  б) жоқ

6.  Балаңызбен  пікір алысып ой бөлісесіз бе?

А) иә   ә) кейде  б) жоқ

7. Балаңыз ашуланғанда  сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?

А) иә  ә) кейде  б)жоқ

8. Баланың күнделікті  қажетіне жұмсау үшін  берілетін ақша мөлшері оның қалауынша болуы керек деп есептейсіз бе?

А) иә  ә) кейде  б) жоқ

9. Уақытты балаңызбен бірге өткізу  сіз үшін қуаныш па ?

А) иә  ә) кейде  б) жоқ

10. Өзіңіздің алғашқы ойыңыздың  қате екенін түсініп, өз шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

А) иә  ә) кейде   б) жоқ

 

Ата-ананың  өзін -өзі бағалау парағы .   Тест жауабы

Реті

А

Ә

Б

1

0

5

3

2

4

0

5

3

0

3

5

4

0

0

5

5

5

3

0

6

5

3

0

7

5

2

0

8

0

2

5

9

5

2

0

10

5

2

0

          

              45-50-ге дейін ұпай жинасаңыз:

 Сіз бала тәрбиесін дұрыс жолға қойғансыз.

Сіз қаталдықты да қолдауды да орнымен қолдана білесіз. Балаңыз сіздің қамқорлығыңызды сезінеді. Балаңызға өзіңіз ойлағандай  қасиеттердің сіңіруге  сіздің мүмкіндігіңіз жоғары, сонымен қоса өзара қарым-қатынастарыңыз да шынайы.

            Егер  одан төмен ұпай жинасаңыз:

Сізге  бала тәрбиесінде көп ойлануға тура келеді.Сіз балаңызға қаталсыз, сіз үйретіп, жетелеп жүрген көп нәрселерге  де салғырт  тартады. Егер балаңызбен өзара түсініскіңіз келсе, оның жетістікке жеткенін қаласаңыз, тезірек тактикаңызды өзгертіңіз. Балаңыздың артықшылықтарын тауып, оны оған жиі айтып тұрыңыз.

 

          4 бөлім          «Сүйіспеншілік сипаты»

     Енді жапырақтарды пайдаланар сәт туды. «Отбасының бақыты үшін  не керек?» деген сұраққа байланысты  ойларыңызды  көк жапыраққа, ал отбасын бұзатын жағдайлар  туралы пікірлеріңізді  сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтаға  ағашқа жапсырамыз. Енді осы ойларыңыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды деп ойлайсыздар?

    Мұғалім: Әрбір отбасы-өркен жайған ағаш діңгегі. Егер сары жапырақтар көп болса,  сіздің отбасыңызды қауіп-қатер, қорқыныш, бақытсыздық жайлай бастағандығы . Ал егер көк жапырақ көп болса, онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағандығы, яғни түсіністік, сыйластық, бір-біріне деген махаббат, адалдық, жүрек жылуы, баланың анаға, ананың балаға жылуы. Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп жатады, сол сияқты отбасының көктеп-көгеруі үшін, бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек.  Отбасы бақыты ол отбасы мүшесінің барлығын байланысты. 

        Қорытынды: Қадірменді ата-ана, Макаренконың «Біздің балаларымыз-біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие - бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» - деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымыз жақсылап тәрбиелейік.

      Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді , қиындығын жеңілдетер көмекшісі екендігі, яғни  ертеңгі күнгі үміті екеніңді ұмытпа. Әрбір отбасы бақыты сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.         

     Бүгінгі «Отбасы дағдарысы» атты дөңгелек үстелімізге келіп, ат салысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жанұялық бақыт тілеймін. Сіздердің бала тәрбиесіндегі еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
Кездескенше, хош сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Отбасы дағдарысы" 6-8 сынып ата-аналары арасында өткізілген дөңгелек үстел"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Отбасы дағдарысы

(6-8 сынып оқушылары мен ата-аналар арасындағы дөңгелек үстел)

Армысыздар , құрметті ата-аналар , қадірменді оқушылар! Бүгінгі «Отбасы дағдарысы» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

Отбасы-бұл тәрбие ошағы. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің ерекшелігі-оның тұрақтылығында. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттік көрінісі айқын сезіліп тұрады. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады. Отбасының негізгі міндеті - баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында сезімдерді қалыптастырады. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам. Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Егеротбасында ата-аналарөзара жақсы қарым-қатынаста болса, перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі.

«Тәрбие-отбасынан басталады» дейтін болсақ, біздің отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасымыз қандай? Ал ата-ана, ертеңгі үміт күткен балаларымызға беріліп жатқан тәрбиеміз қандай? Міне, осындай сұрақтарға жауап іздеу үшін, құрметті ата-аналар, сіздерді дөңгелек үстелімізге пікірлесуге шақырып отырмыз. Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай өрбітсек.

1-бөлім: «Ойға шабуыл» (Мұнда оқушылар мен ата-аналарға сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға өз ойымызды айтсақ.

Ата-аналарға берілетін сұрақтар:

  1. Отбасы дағдарысы дегеніміз не?
  2. Кикілжің отбасындағы балатәрбиесі қандай?
  3. Отбасы бақытын бұзатын қандай қандай жағдайлар деп ойлайсыздар?

Оқушыларға берілетін сұрақтар:

  1. Отбасы деген сөзді қалай түсінесің?
  2. Сенің өміріңде ата-ананың орны қандай?
  3. Ата-анаңныңқандай жақсы үлгі алатын қасиеттерін атай аласың?

Осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс жасауына жағдай туғызу керек. Ата-аналар мен оқушылардың жауабынан соң қорытынды жасалып ортаға мынадай сұрақ тасталады.

-Сіз отбасы дағдарысын болдырмас үшін алдын-ала қандай шара қолданар едіңіз?

Мұғалім: Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, Ана-отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Ата-анаға баладан артықешкім жоқ. Сондықтан болмасын баласыныңбілімді, парасатты,мәдениетті, тәртіпті, , әдепті болуын қалайды.

2-бөлім. «Бүгінгі менің ойым» деп аталады

Оқушыларға және ата-аналарға жағдаяттар таратылады.

Ата-аналарға берілетін жағдаяттар:

  1. Қызы мектептен келіп анасына: “Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді,”-десе, анасы: “Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма”,-депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?
  2. -Ой, мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз?-деген сөзі сізге ауыр тие ме, әлде бұл сөзді жиі естуге тура келетін кездер болды ма?
  3. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол: “Ән тыңдап отырмын”,- деп барудан бас тартады. Сіздің бұл жағдайға әрекетіңіз қандай?

Оқушыларға берілетін жағдаяттар:

  1. -Мұны дұрыс жасаған жоқсың!- деп анаң саған ұрысып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме? Дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?
  2. Сіздің басыңызға қиын сәттер туды делік. Сіз осы жағдайды ата-анаңа айтар ма едің?
  3. Мектептегі ата-аналар жиналысына анаңыз бара алмайтындығын айтты.Анаңды жиналысқа баруға қалай көндірер едің?

Мұғалім: Ана - барлыққиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы, сонымен қатар перзент тәрбиелеуші, қамқоршы. «Бала - өмірдің қызығы» сол себепті балаларымызды қадағалаусыз қалдырмай, оларға дұрыс тәлім-тәрбие беруді қолға алған жөн.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2016 1775
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дәрібаева Баян Қалмағанбетқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12402
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы гендерной психологии

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Курс повышения квалификации

Основы психологической экспертизы детско-родительских отношений

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1187 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 548 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек