Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Отбасы " куніне арналған

"Отбасы " куніне арналған

Скачать материал

 

 

Тақырыбы: «Жас  Отау»

Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, әр отбасына арналған слайд - шоу

Барысы:

1-Жүргізуші:

Құрметті қонақтар Сіздерді «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасы мерекесі қарсаңында біздің мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Жас Отау » атты сайыс өткелі отыр.

1-Жүргізуші

Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

2-Жүргізуші;

Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана

Көркіне ақылы да сай келетін

Нұрмұханбетовтар отбасы ортамызда.

1-Жүргізуші

Қуантады білімімен бәрімізді

Қол соғып қарсы алайық енді

Амреевтер  отбасы келіп қалды

Татулықты ту еткен отбасы бұл

2-Жүргізуші

Жігітке ақыл, білім жарасады

Нағыз ер халқыменен санасады

Сайысқа бар күшімді саламын деп

Смағуловтар  отбасы таласады.

1-Жүргізуші

Болашаққа зор үмітпен қарайды

Шайлас атты  ұлы атадан тарайды

Кеудесінде ар мен намыс мақсаты көп,

Шайласовтар отбасы сайыста таласады

2-Жүргізуші

Ұлағатты жандар  бет бұрған ұстаздыққа,

Елімізге пайдалы іс қылмаққа.

Бекарыс атты кішкентай батырлары бар,

Олар да келді жарысқа қатыспаққа.

1-Жүргізуші

Құрметті сайысқа қатысушылар  бүгін сіздер ерекше әдемі, көңілді келіпсіздер. Мерекелеріңіз  құтты болсын.

2-Жүргізуші Баршаларына сәттілік тілеймін!

1-Жүргізуші Әрқашан тату-тәтті болайыңыздар!

2-Жүргізуші Балаларыңыз кішіпейілді, мейірімді болсын!

1-Жүргізуші Аңсаған армандарыңызға жетіңіздер!

2 -Жүргізуші

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырап

1 -Жүргізуші

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-Бикмурзина Н.А

2- Сақаева А.М

3-Смагулова А.Р

4-Көпесбаева Г.С

5-Алтынбекова Н.М

Сайысымыз 7 турдан тұрады  5 балдық жүйемен бағаланады.

2-Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

1-Жүргізуші:

Сайыс 7 кезеңнен  тұрады:

1. Таныстыру

2. Өнер сайысы

3. Ситуациялық сұрақтар

4. Викторина 

5. Балама көмек

6. «Менің отбасым» альбом таныстыру

7. Үй тапсырмасы «Көңілді аспаздар»

  2-Жүргізуші:

Отбасымыз келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен ізетпен танысуға

1-кезең: Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді

 2-Жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.

Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетеді

ІІІ кезең - Ситуациялық сұрақтар:

 /отбасы болып жауап береді.

1.     Сіздің үйіңізге кешке досыңыз келеді, бірақ дастархан мәзірінің реті болмағандықтан әйеліңіз ұялып дастархан жая алмайтындығын айтты. Сіздің әрекетіңіз?

2.     Туыстарыңыз сіздерді ғана қонаққа шақырды, сіздер аяқ асты ренжісіп қалдыңыздар қонаққа баратын көңіл күй жок.Сіздер не істейсіздер?

3.     Сіз үйде отырған кезде әке-шешеңіз қонаққа келді.Сіздің әйеліңіз достарымен көңілді болып үйге оралды. Осы сәтте не істейсіз?

4.     Әйеліңіз жұмыста, кешігіп жатыр, кешкі тамақ дайын емес. Сіздің әрекетіңіз?

5.     Сіздің  күйеуіңізді досы өзімен бірге бір жерге баруын өтініп тұр,Алайда бүгін сіздің  әпкеңіздің  туған күні. 

6.     Тойда сіздің әйеліңіз/күйеуіңіз жақсы көңіл көтеріп билеп жүр. Сіздің әрекетіңіз?

7.     Сіз жалақыны күтіп отырсыз күйеуіңіз бар ақшаны картаға салып 1 тиынсыз  үйге келді.Сіздің әрекетіңіз? 

1-Жүргізуші:

Ыстық – ау  кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында – дей келе әкелерге арнаған сұрақтар

 IV кезең  «Викториналық сұрақтар»  /әйелдері көмектессе жауап есептелмейді/

1.Нұрмұханбетовтар отбасының әкесіне:

1-Қыздарыңыздың аяқ киімінің размері?

2. Амреевтар отбасы

1-Балаларыңыздың тұған күні қашан?

3.Смағуловтар отбасына:

1-Отбасыларыңызда қандай дәстүрлер бар?

4. Амантаевтар отбасы:

1Әйеліңіздің анасының  тұған күні қашан?

5. Шайласовтар отбасы:

1-Отбасылық ұстанымдарыңыз қандай?

 2-Жүргізуші:

Ана деген тіршіліктің иесін

Сыйлайтынын адал бала білесің

Өмір балын тамызар да ерніңе

Шымырлатып еріткен бар жүйесін

Кірпігімнің әр қағысын санаған

Көз аудармай күндіз түні қараған

Айналамда жүргендердің бірінен

Бар ма анамдай тірлігіме жараған дей келе келесі кезекті аналар сайысына береміз.

1-Жүргізуші

Аналарға жасырын қағазда «Күйеуіңіздің сүйікті асы» деген сұрақ болады оны жасырын жазады. Артынан осы сұрақты күйеулеріне қойылады.

2-Жүргізуші

V-кезең «Балама көмек»

Сайыстың шарты бойынша сайысқа отбасы  белгілі бір уақытта  сурет салу керек.

Суреттің тақырыбы «Маша мен Аю»

1-Жүргізуші

УІ кезең

Ана - бала, бала - ана бір ұғым

Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын

Екеуінің өтсін бірге уақыты дей келе сайысымыздың келесі кезегін

«Менің отбасым» альбоммен  таныстыру.

1.Нұрмұханбетовтар отбасы

2. Амреевтар отбасы

3.Смағуловтар отбасына:

4. Амантаевтар отбасы:

5. Шайласовтар отбасы:

Келесі кезеңіміз: Үй тапсырмасы  «Көңілді аспаздар»

Яғни отбасыларымыз үйлерінен дайындап келген аз мәзірімен таныстырады.

Қорытынды Әділ - қазыларға сөз беру

 

1.     Сіздің үйіңізге кешке досыңыз келеді, бірақ дастархан мәзірінің реті болмағандықтан әйеліңіз ұялып дастархан жая алмайтындығын айтты. Сіздің әрекетіңіз?

2.     Туыстарыңыз сіздерді ғана қонаққа шақырды, сіздер аяқ асты ренжісіп қалдыңыздар қонаққа баратын көңіл күй жок.Сіздер не істейсіздер?

3.     Сіз үйде отырған кезде әке-шешеңіз қонаққа келді.Сіздің әйеліңіз достарымен көңілді болып үйге оралды. Осы сәтте не істейсіз?

4.     Әйеліңіз жұмыста, кешігіп жатыр, кешкі тамақ дайын емес. Сіздің әрекетіңіз?

5.     Сіздің  күйеуіңізді досы өзімен бірге бір жерге баруын өтініп тұр,Алайда бүгін сіздің  әпкеңіздің  туған күні. 

6.     Тойда сіздің әйеліңіз/күйеуіңіз жақсы көңіл көтеріп билеп жүр. Сіздің әрекетіңіз?

7.     Сіз жалақыны күтіп отырсыз күйеуіңіз бар ақшаны картаға салып 1 тиынсыз  үйге келді.Сіздің әрекетіңіз? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Отбасы " куніне арналған"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 589 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2016 1066
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдельданова Акмарал Махмутовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6980
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой