Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Отбасы махаббаты неде?" ата аналарға тренинг

"Отбасы махаббаты неде?" ата аналарға тренинг

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін: Күні:

Тақырыбы:  «Отбасы махаббаты неде?» ата-аналарға арналған тренинг


Тренингтің міндеттері:
1) өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;
2) баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;
3) баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;
Балалармен  бірге  мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына  ықпал ету.

Қажетті құрал- жабдықтар:  үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, доп және мақал –мәтелдер жазылған плакат,т.б. 

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық  жаттығулар.

Тренинг Бағдарламасы:

1.     Флеш тренинг

2.     Топқа бөлу.

4.     Ой жинақтау.

5.     «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.

6.     Ситуациялық сұрақтар.

7.      Қорытынды.

Сынып жетекші сөзі:

-Сәлеметсіздер ме,  құрметті ата-аналар!

Бүгінгі  біздің «Отбасы махаббаты неде?»

   атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!  Ата-ананың  тілегі –баласының  жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

           Баланы бастан бақпасаң,

          Жамандықтан қақпасаң,

          Қадірден жұрдай қасқа боп,

         Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.

Бүгінгі  ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап  өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.

1.     
 «Танысу» жаттығуы.

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз  Қандай  әсер алдыңыздар ? Не қиындық келтірді ?

2.     
Топқа бөлу.

Ата-аналар сол тұрған күйінде
туған күндері қай мезгілде соған байланысты бөлінеді.

  3.
Ой жинақтау .

Үш топқа тақырып беріледі.Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

1топ.    Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан  жасалатын  жағдайлар.

2 топ.   Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

3топ.   Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек?

4.   
«Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:

       1.   Балаңыздың туған  күні?

      
2.    Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

      3.    Балаңыздың парталас көршісі кім?

      4.    Балаңыз қандай өлшемлі   аяқкиім киеді?

      5     Балаңыздың сүйікті асы қандай?

       6.     Балаңыз кеше қандай баға алды?

      7.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

       8.    Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

       9.    Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

       10.    Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

      11.    Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

      12.   Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

5.Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар үстел үстінен  үлестірмелі қағаздарды  бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден 
«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» дегенбірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»
Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6 .Балаңыз  күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі  бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

    9 . Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

3.Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап
тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана   мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған  азамат болып шығары сөзсіз.

Әдепті     бала

Ата –анасын мақтатар,

Әдепсіз бала,

Ата-анасын қақсатар.
8.Қорытындылау. флеш тренинг «Ата –аналарға кеңес».




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров222
Номер материала ДВ-427463
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх