Инфоурок Начальные классы КонспектыОтбасы. Сенің отбасың (2 сынып)

Отбасы. Сенің отбасың (2 сынып)

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы: Отбасы. Сенің  отбасың

Сабақтың  мақсаттары

Білімділік:  Оқушыларға  отбасы  туралы түсінігін қалыптастыру,отбасы мүшелерінің аттарын  дұрыс әрі анық  атауға  үйрету, әр отбасының  өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің  міндеттері мен өзара қарым қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы  түсіндіру.

Түрлі  тапсырмаларды  орындау  арқылы   сөйлеу  дағдыларын,шеберліктерін  қалыптастыру.

Дамытушылық:Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени  ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін,  топта жұмыс  жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге  деген  қызығушылығын,  дүниетанымын  дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды  сауаттылыққа,үлкендерді сыйлауға, жинақылыққа  бірін-бірі  тыңдауға, қадірлеуге, еңбексүйгіштікке,  шығармашылыққа, жан-жақтылық  қасиеттерін  шыңдау  арқылы  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың  типі:  Дәстүрлі  емес

Сабақтың  әдістері: көрнекілік, түсіндіру,  сөздік, шығармашылық жұмыс  ,  әңгімелесу,  баяндау, өз  бетінше  жұмыс,  нұсқау  беру. топтастыру.

Сабақтың  көрнекілігі: Көрнекі, көркем  суреттер,үлестірмелі  материалдар,бағалау  фишкалары,прожектор.

 Оқыту  технологиясы: Дамыта  оқыту  технологиясы.

 Пәнаралық  байланыс:  Дүниетану,  музыка, ана тілі, бейнелеу  өнері.

                                       

Сабақ  барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды  сабаққа даярлау

ә) Назарларын  сабаққа  аудару

б)Сабақтың  мақсат-міндетімен таныстыру.

І.Мотивациялық  кезең.

Сабақтың  мақсат-міндетімен  түсіндіру

    -Балалар  бүгінгі  дүниетану  пәнінен ашық сабағымыздың  тақырыбы:

 «Отбасы», «Сенің   отбасың», яғни, біз алғаш  дүниеге  келгеннен бастап  бізге  ең  қымбат  отбасында   өсіп-өніп, тәрбие мен  адамгершіліктің ең құндылығын  аламыз.олай  болса  бүгінгі  сабағымызға   белсене аралауға шақырамыз.

II. Сәлемдесу.

“Қайырлы  күн” деп айтамыз,

Түсте бірге  қайтамыз.

Отбасының гүліміз.

Көңілді өтер күніміз. ( Қимылмен орындау.)

ІІІ.Жаңа сабақ.

Отбасы.Сенің  отбасың.

Топтастыру.

Атасы                            Анасы

                 Отбасы                     Әкесі

Әжесі                         Балалар

Суретпен  жұмыс. 

          Менің атам                                                   
  Жүзі жарқын, жаны ізгі
  Жан бар ма екен атамдай,
  Бірақ  бала  тәрізді
  Тұрады  әкем бата алмай
 

  Мәнді және маңызды,
  Толған  ылғи ой басы,
  Ертегі  мен  аңыздың

  Таусылмайтын қоймасы.

Ой толғау.

«Өзіңнің отбасың туралы айтып бер»

Оқушылардың  ойын  талдау.

1.Сені кешке ұйықтатып, таңертең оятатын кім?

Отбасында сендерді қалай еркелетеді?

              Менің  әжем

Менің әжем ақ  әжем,

Ұл мен қыздың  бағы әжем

Ертегі  айтып  бер десең

Айтып  берер  тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем.

Алтын  әжем,  күн   әжем

Апам  үшін,  мен үшін

Нағыз  ана тілі- әжем

Менің әжем,нар  әжем,

Көп жасаған  кәрі әжем

Ауырғанда,

Мен   үшін

Әр  сүйгені  дәрі  әжем.

Оқулықпен  жұмыс.

Отбасы Сенің Отбасың

   Отбасы әр адамның  шағын  отаны.Отбасынды өсіп-өніп  тәрбие алады. Біз жастаймыздан  өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді  сыйлауды, жақсы  көруді  отбасынан  үйренеміз. Бізге ең  жақын ең қымбат  жандар  отбасында яғни бірге  жанымызда  болады.  Отбасы ата –әженің  ұрпағынан  тарап,  шағын  мемлекетке  айналады.

Менің есімім Маржан 1- сынып оқушысымын.  Мен анама үйді  жинауға көмектесемін.Менің   оқуыма  ағам мен  ата-анам   көмектеседі. Біз тату –тәтті  отбасымыз .Менің  киімдерім шкафта тұрады. Ал  ойыншықтар   бәрімізге ортақ.

Әр  оқушы  Маржанның   жазғанына   қарап  өзін  суреттеп айтады. 

Мен  қолғабыс етемін  деген

 тақырыпта  әңгімелесу.

        Сергіту сәті.

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым –атам.

Балаң үйрек-апам.

Ортан  терек –ағам.

Шылдыр  шүмек –мен.

Кішкене  бөбек- сен.

Бір үйде  біз нешеуміз?

Бір  үйде бесеуміз

      Дәптермен жұмыс

Дүниетану  жұмыс дәптеріне өз отбасым  менің  туған үйім атты тақырыпта сурет салу.

Салған  суреттерін талдау.

      Қорытындылау:

Отбасы мүшелерін ата.

Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?

Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?

Ата – анаң қайда жұмыс істейді?

         Біз не білдік?

•      Ата,әже –отбасы тірегі.Оларды  сыйлау керек.

•      Ата әже әке ана,ұл қыз –бәрін отбасы дейміз.

•      Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

     Қорытынды сөз.

Отбасы -әр адамның шағын     отаны.

Отбасы шағын-мемлекет.

     Үйге тапсырма:

1.Мәтінді оқып, түсінік айтуға дайындалып келу;

2. “Менің Отбасым” тақырыбында сурет салу.

Бағалау. Оқушыларды  жұлдызшалар арқылы бағалау. М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Көптік жалғауы

А) білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайд
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы,

Сәлем- сөздің анасы.

Алдымызда отырған,

Қонақтарға ізетпен,

Біздер сәлем береміз!

Оқушылардың оқу құралдары түгелденіп, бүгінгі сабақтың ерекше екендігі айтылады және қонақтар келіп отырғанын ескертемін

 

ІІІ. Өткенді пысықтау
-Үйге қандай тапсырма бер
ілді?

       1) 142-бет  5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жекеше, көпше айтылған зат есімдерді  табу. Өлең мазмұны бойынша әңгіме құрастырып жазу.

      

- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?
- Көптік жалғауларды ата.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін сурет арқылы айту

 

Жүзім -жүзімдер ,
Қарбыз - қарбыздар.

Кітап  -кітаптар  
 Мағынаны тани білу 

 

3.Жаңа  сабақ

 - Ендеше балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алайық.
                Ақпанның 24-і.
 Көптік жалғауы.
Көркем жазу (Оо) Омар, қоңыз, орамал, қораз.

1-жаттығу. Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жазу.

Іні (-лар, -лер), қарындаш (-дар, -тар), терезе (-дер, -лер),  ағаш (-дар, -тар),  жіп (-тар,  -тер),  жүзім (-тер, -дер).

 

 2-жаттығу. Берілген сөздерді кестедегі орындарына жазу.

Әжелер,  қояндар,  бала,  дәптер,  жазушы,  шелектер,  шаңғы, балалар.

кім?

не?

кімдер?

нелер?

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

Сәйкестендіру тесті
алам..........................лар
Жануар.......................лер
Кілем..........................дар
Ит................................дер
Ине..............................тар
Доп..............................тер

 

 3-жаттығу. Н.Әлімқұловтың «Тау көрінісі» өлеңін мәнерлеп оқып,  көптік жалғауы бар зат есімдерді теріп жазу.  Қия  сөзіне түсінік бер

 ҚИЯ – Бip жағына қарай қисайған, құлама, тік. ~ жартас, ~ бет, ~ жол.
Көптік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазу
Бұлттар, боталар, жоталар (тақтада орындалады
)

 

 

 

Сөздік диктанты.

Қайықтар, қала, қалпақтар, қарындаштар, қасық.

1.      Зат есімнің жекеше түрін бір сызықпен, көпше түрін екі сызықпен сызып шық.

2.      Зат есімнің жекеше түрін көпше түрге, көпше түрін жекеше түрге айналдыр

3.      Сергіту сәті

   Ал,балалар,тұрайық                                                        

   Алақанды ұрайық                                                                                     

  Бір отырып,бір тұрып,                                                                  

Бір отырып,бір тұрып.                                                        

Орнымызды табайық

 

Өлең құрастыра білеміз бе?

Көктем (не?) келіп

Құстар (нелер?) оралды.

Балалар (кімдер?) қуанып.

Ұялар (нелер?) жасады

 

4-жаттығу.Сөйлемдерді оқы.Көптік жалғауы жалғанған зат сімдерді жекеше түрге айналдырып жаз.

Бақалар судан жағаға шықса,күн жауады.Бозторғайлар күн ашылғанша қар астында жатады.Саятшылар қыста аңға шығады.Аңдарды тормен де ұстайды.Қалың қар жауғаннан кейін қасқырды ізіне түсіп аулайды.

 

  «Көптік жалғауын дұрыс жалға» ойынын жүргізу. Шарты: дұрыс жалғанбаған көптік жалғауларын тауып, қатесін түзеу.

  Гүлдар,  оюдар,  кітаптер,  оқулықдар,  кемедер,  судар,  суреттар,  көршідер.

 

            

 

Сабақты қорыту.

«Кім жылдам?» ойыны. Қай топ көп жазса, сол топ ұтады.

І қатар ІІ қатар ІІІ қатар

Аналар Әкелер Балалар

Апалар Әжелер Борлар

А Ағалар Ә Әндер Б Бәтеңкелер

Аңдар Әншілер Барыстар

Бүгін не білдік? (Көптік жалғауларын.)

·         Зат есімнің түрлері? (Зат есімнің жекеше және көпше түрін.)

·         Сұрақтары қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)

·         Көптік жалғауларды атап бер? (- лар, - лер, - тар, - тер, - дар, - дер)

 

ҮІІ. Бағалау.Ү. Үйге: 4– жаттығу. Ереже жаттау.

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Астана. К Ахметова.

Сабақтың мақсаты: 1)Оқушыларды еліміздің астанасы  Астана қаласымен және тарихымен  таныстыру. Еліміздің бұрынғы астаналары Алматы, Орынбор, Қызылорда туралы түсінік бере отырып, білімдерін  арттыру.

2)Оқушылардың сөздік қорын, тілін және ойлау қабілетін дамыту.

3)Елжандыққа, шапшаңдыққа, түсінгенінен  нәтеже шығара білуге тәрбиелеу.

Түрі : Жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап Венн диограмма

 Көрнекілігі:компютер, слайд, Қ Р картасы

Сабақтың барысы:

                 I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу. Балалар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қазақпыз, қонақжай елміз. Бүгін бестік баға алып, қонақтарымызды қуантайық. Ал сабағымызды аутотрентпен бастайық.

1-слайд .Хор:   Ойға толып санамыз,

                            Бестік баға аламыз

                            Баласындай әр үйдің

                            Тату болсын арамыз.

            2-слайд.    II.Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар бүгін үй тапсырмасын саяхат жасау арқылы сұраймыз. Ол үшін өзіміздің Алға қаласынан бас қаламыз Астанаға саяхат жасау арқылы баруымыз керек.            Әр қаланың сұрақтарына жауап береміз.

Алға     «Кімнің мекені жақсы» мәтінің авторы  кім?

 Ақтөбе.   Кімнің жақсы мекені жайлы қонысы бар екенін білу үшін нелер жолға шықты.

Қостанай.       Көкқұтанның мекені қандай  жер? Ол жер саяхатшыларға ұнады ма?

 Торғай. –Шіркін, жауынды жерге не жетсін? Жердің ылғал тартып тұрғаны қандай рахат- деп мәз болып жатқан не?

Арқалық.   Мәтін кейіпкерлерін ата?

          III.  Жаңа сабақ

3- слайд.   Ребусты шеш

 

Ой қозғау.

Астана туралы  не білеміз?

Біздің  елордамыз қалай аталады?(Астана)

4-слайд

- Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыздың аты-   Астана. Астана өлеңінің авторы-

Күлаш  Ахметова.

.  Ол  1946  жылы 4- сәуірде Қырғыстан қаласы, Талас ауданында, Киров ауылында дүниеге келген. Күлаш Ахметова – қазақтың көрнекті ақыны. Ол Жамбыл медициналық училищесін және Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Жалын баспасында бөлім меңгерушісі әрі редактор болып  қызмет істеген.Биыл Күлаш апамыз 65 жаста. (Слайдтан суретін,қысқаша өмірбаянын көрсету.)

5-слайд.

1.Өлеңді мұғалімнің дауыстап оқуы.

2.Оқушылардың іштей оқуы.

3.Оқушылардың дауыстап әрі тізбектей  оқуы.

4.Сұрақ-жауап  (6- cлайд)

 

(7-слайд)

Елордамыз Астанамен таныспас бұрын,Қазақстанның бұрынғы  астаналарымен танысып өтейік.

Қазақстанның бұрынғы астанасы – Орынбор (1920-1925)

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.

 

1929 жылы Қазақстан астанасы  Қызылордадан  Алматыға көшіп келді.

Басын қар  басқан Алатаудың  етегінде орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстанның Республикасының орталығы болуға  лайық еді. Алайда, 1997- жылдың 20- қазанында  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының  Астанасы деп  жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың  6-мамырында Елбасының жарлығымен Қ Р астанасы –Астана қаласы болып атанды. Ал 20- мамырда Қ Растанасының мәртебесі туралы Қ Р заңы қабылданды. Міне, содан бері жылдан-жылға көркейіп, бүкіл дүние жүзі таныған, мемлекетіміздің мәйегі,дербестігіміздің дәйегі болған Елордамызды мақтан  тұтайық!

8-слайд

Еліміздің бас қаласы Астана туралы  мәлімет.

-Астана есілдің жағасында орналасқан.

- Қ.Р Президентінің резиденциясы.

 -Нұр Астана мешіті.

 -Тәуелсіздік монументінің биіктігі 91 метр.

-Бәйтерек есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы  өнер туындысы. Еңсесі биік, көркем Бәйтерек бас қаламыздың символы. Егемен мемлекетіміздің бойтұмары. Ескеткіштің биіктігі-97см.

                        

              IV.Сабақты бекіту:

 Венн диограмасы толтырылады.

            Астана және Алматы. (9-слайд)

 

 

        

 

                                                                                     

 

Ребусты шеш ( 2-слайд)

 

 

 

V. Сабақты қорытындылау.

 

«Қазақстан» сөзжұмбағын шешу. (10-слайд)

1.1925-1929 жылдардағы Қазақстан астанасы. (Қызылорда)

2. Алматы қай таудың баурайында орналасқан?  (Алатау)

3. Астана қаласындағы биіктігі 91 метр болатын монумент. (Тәуелсіздік)

4. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында ? (Алматы)

5.Астананың бұрынғы аты қалай аталады? (Ақмола)

6. Астана қай өзенің бойында орналасқан?(Есіл)

7. Биіктігі 97 метр болатын бас қаламыздың символы. ( Бәйтерек)

8. Мемлекетіміздің мәйегі,

Дербестігіміздің дәйегі........ (Елорда)

9.1920-1925 жылдардағы Қазақстанның астанасы. (Орынбор)

 

                    VI.  Бағалау.

 Оқушылар ды жинаған ұпай санына байланысты оқушылады мадақтау.

 

                 VII. Үйге тапсырма

 «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу және астана туралы рефарат дайындау

Сабақтың тақырыбы:  Астана-арман  қала.
Мақсаты:
1) Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қанатты сөздер,  видеоклип.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, жұптық,сезімнен туған өлеңдер, 
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу;

- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;

- Оқушылардың назарын өзіне аударту;

 -  Оқушыларды  4-топқа бөлу.

Психологиялық дайындық.

Күліп қағып қолымды,

Бір,екі,үш деп соғайын

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын

Жылы- жылы  жүзбенен,

Маңдайыңнан  сыйпайын.

Жылы жылы   сөзбенен,

Жүрегімді   сыйлайын.

Ыстық  алақаныммен

Қолыңды  бер  қысайын.

Амандасып  өзіңмен

Құшақтап  бір   қысайын.

ІІ Үй жұмысын тексеру. 1. « Менің туым» өлеңін мәнерлеп оқу.

Тест тапсырмасы.  

1.Тудың авторы.

А)  Шотаман Уәлиханов

Ә)  Шәкен  Ниязбеков

Б) Жұмекен Нәжімеденов

2.«  Менің туым» өлеңінің авторы

А) БолатҮсенаев

Ә) Қайрат  Әлімқұлов

Б) Абай  Құнанбаев

3.Тәуелсіздік алған   жылы?

А) 1992ж   30-тамызда 

 Ә) 1992ж  4-маусым  

Б)  1991ж  16- желтоқсан

4. Елтаңба авторы.

А)  Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов

Ә) Шәмші Қалдаяқов ,Нұрсұлтан Назарбаев

Б) Шәкен  Ниязбеков

5. Әнұранның авторы.

А) Шәкен  Ниязбеков

Ә) Жандарбек Мәлібеков,Шотаман  Уәлиханов

Б)Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев

(Оқушылар  тапсырманы орындап,бірін- бірі тексереді.)

Сұрақ -жауап әдісі арқылы үй жұмысын бекіту.

                                        III Жаңа сабақ

ІІІ Қызығушылықты ояту.

Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың  тақырыбын ашу.

    Елордамыз Астанамен таныспас бұрын,Қазақстанның бұрынғы  астаналарымен танысып өтейік.

Қазақстанның бұрынғы астанасы – Орынбор (1920-1925)

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.

1929 жылы Қазақстан астанасы  Қызылордадан  Алматыға көшіп келді.

Басын қар  басқан Алатаудың  етегінде орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстанның Республикасының орталығы болуға  лайық еді. Алайда, 1997- жылдың 20- қазанында  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының  Астанасы деп  жариялау туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың  6-мамырында Елбасының жарлығымен Қ Р астанасы –Астана қаласы болып аталды. Ал 20- мамырда Қ Р астанасының мәртебесі туралы Қ Р заңы қабылданды. Міне, содан бері жылдан-жылға көркейіп, бүкіл дүние жүзі таныған, мемлекетіміздің мәйегі,дербестігіміздің дәйегі болған Елордамызды мақтан  тұтайық! 

(Астана қаласының көрнекті жерлері интерактивті тақтадан көрсету және әрқайсысына жеке - жеке тоқталу) Астана Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Президенттік мәдени орталық, Конгресс - холл, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, Пирамида, Ақ Орда,Ханшатыр, Нұр Астана» мешіті тағы басқа ғажап құрылыстар бой түзеген. Ертегі гүліне ұқсайтын биік Бәйтерек мұнарасы бар биіктігі105м. Астанаға әлемнің көптеген елдерінен Президенттері, өзге де мәртебелі қонақтар жиі келеді. Сол себепті ЮНЕСКО « Әлем қаласы»деген атақ беріпті.

Оқушыларға Астана қаласы туралы видеороликті тыңдату.

Махмұтбай ӘміреұлыАвтор туралы мағлұмат беру.

1.Өлеңді мұғалімнің дауыстап оқуы.

2.Оқушылардың іштей оқуы.

3.Оқушылардың дауыстап әрі тізбектей  оқуы.

4.Сұрақ-жауап 

 

 

                          Топпен жұмыс

Бәйтерек            Астана өлеңін мәнерлеп оқу   

Ханшатыр         Астана қаласына арнап бес жолды өлең жазу

Перамида          Астананың әсем жерлерінің суретін салу 

Нұр Астана       Астана қаласы туралы шығарма жазу.

 

                  Сергіту сәті   (Қара жорға биі)

«Сөз ойла ,тез ойла» ойыны

Төрт топқа бір- бір сөзден  беріледі. Сол сөздерден сөз құрайды.

 

V. Сабақты қорытындылау. Бәйтеректің басына шыққыларын келе ме? Олай болса мына сұрақтарға толық жауап берейік.

 

 1.1925-1929 жылдардағы Қазақстан астанасы. (Қызылорда)

2. Астана қаласындағы биіктігі 91 метр болатын монумент. (Тәуелсіздік)

3Астан қаласының қандай көрікті жерлерін білесің?

4.Астананың бұрынғы аты қалай аталады? (Ақмола)

5. Астана қай өзенің бойында орналасқан?(Есіл)

6. Биіктігі 97 метр болатын бас қаламыздың символы. ( Бәйтерек)

 

                    VI.  Бағалау.

 Оқушыларды смайлинк  арқылы бағалау.

                    Үйге тапсырма.

Астана өлеңін жаттау. Астана қаласына арнап өлең шығару. 106- бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Сабақтың тақырыбы:

 Уақыт бірліктері - секунд, жыл, ғасыр

Сабақтың мақсаты: уақыттың жаңа өлшем бірліктері -секунд, жыл, ғасырмен таныстыру; уақыт бірліктерінің өзара қатынасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды ойланту, ізденіске салу, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Күнделікті өмірде уақытты дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді меңгерту.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік,, ойын, дәлелдеу.

Көрнекілік: Сағат модельдері, плакат,интер.тақта

Сабақтың барысы

І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.

А) Психологиялық дайындық.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан,- деп математика сабағымызды бастайық.

- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болма қ. Сабаққа қонақтар келіп отыр. Біз бүгін өз білімімізді көрсете білуіміз керек.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру жұмысы  Сыныпты үш топқа бөлу: Уақыт ,Сағат,Апта,

2.Үй тапсырмасын тексеру

212-бет.№6. Баған түрінде жазып, есептеу..

3.Тірек білімдерін жетілдіру.

Математикалық диктант.

                1-топ

• 645 санын 40-қа кеміт;

·         320 санын 40-қа арттыр;

·         582 мен 580 сандарының айырмасының мәнін тап;

·         2-топ

·         420 санын 80-ге арттыр;

·         982 санын 900-ге кеміт;

·         236 санын 6-ға кеміт;

·         3-топ

·         500 бен 32 сандарының қосындысының мәнін тап.

·         58 санын 400-ге арттыр;

·         872 санын 72-ге кеміт;

·          

4.Жаңа материалды түсіндіру.

1)Жаңа материалды қабылдауға дайындық ретінде 1-жаттығу орындалады.

2)№2.Уақыт туралы жұмбақтарды шешу.

Көп болса алыстайсың мезетпен қашықтайсың

Асықсаң аз болады

Табасың мұны қайсысың?

                                      (Уақыт!)

Уақытты өлшеп, санап,

Таппайды бір тағат.  (Сағат)

Бұл не сонда?…

Екі доп ауысты,

Бір шеңберді тауысты.

                         /Күн, Ай, Тәулік/

Бір адамға он екі егіз,

Бір егізде біреусіз сегіз.

                        (Ай мен апта)

 

Жұмбақтарды шешу арқылы жыл, ай, апта, күн сездерін шығарып алады. Содан соң уақыт туралы балалардың не білетіндігі анықталады: «Неше жыл мезгілі бар? Жазда неше ай бар? Қыста, көктемде, күзде ше? Бір айда неше күн бар?» Содан соң мұғалім секунд тілі бар сағатты көрсетіп, сағаттың ең жылдам тілі нені, ең баяу тілі нені корсететінін сұрайды. 1 минутта неше секунд бар екені сұралады.

3)№3. Рим цифрларымен таныстыру. 3-топқа тапсырма

а) Әр бағандағы артық күнді табу. (32/ІХ, 31/ІV, 30/ІІ )

ә) 4 және 7 желтоқсан аралығында неше күн бар? (2 күн)

б)Айдың бесінші және жиырма бесіншікүндері аралығында неше күн бар? (19 күн бар)

4)№4.Тиісті сандарды қою.

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

 

5)№5.а)Есепті шығару.

1-топ

Қайың – 25м                           

 Эвкалипт - ?      75м  артық                                                

 Шешуі:25+75=100(м) 

  Жауабы: эвкалипт ағашының биіктігі 75 метр.

2-топ. І гүлшоғында  -  27,  12-сі артық 

           ІІ гүлшоғында - ?

Барлығы-  ?  бақбақ                                                                                                                                     Шешуі: 27+(27-12)=42(б)

                                                              

Жауабы: екеуінде 42 бақбақ бар.

3-топ

Машина – 80о

Қуыршақ - ?о.    29-ы кем

 Барлығы- ?ойыншық                                                                      

  Шешуі:80+(80-29)=80+51=131(ой.)

                                                 

Жауабы:барлығы 131 ойыншық әкелінді.

 

7)№8.Фигуралардыңқабырғаларынөлшеп,периметрінтабу.

1-топ.          Р=1см+1см+1см+1см+1см+1см=6см  

 2-топ.       Р=2см+2см+2см+2см+2см=10см

3-топ.       Р=2см+2см+2см+3см=9см

Тақырыпқа қатысты сұрақ – жауап алу.Әр топқа 5 сұрақтан

1. Біз 21 ғасырда өмір сүрудеміз

2. Пойыз 48 сағат жолда болды

3. Ұшақ 3 сағат ұшты

4. Сабақтың ұзақтығы 45 минут

5.  1 аптада 10күн бар.

6. Оқушы 60 м қашықтықты 38 секунд уақыт жұмсады

7. Еліміздің Ата заңы қай айда? 31 тамыз

8. Жеңіс күні қай күні? 9 мамыр

 9. Қыс айының 2-ші айы

10. Наурыз мейрамы ше? 22 наурыз

11. Халықаралық әйелдер күні ше? 8 наурыз

12. Жаңа жыл қай айдан басталады? Қаңтар

13. Көктем, жаз, күз, қыс айларын ата? Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

14.Тәулікте қанша сағат? (24 сағат)

15.1 жылда қанша күн бар

8)№9.Логикалық тапсырма.Логикалық тапсырманы шешу кезінде балалар былай пайымдауы тиіс: «Жанар «3» те, «5» те алмаған болса, онда ол «4» алды, ал Анар «3» те, «4» те алған жоқ, демек ол «5» алды. Онда Қарлығаш «3» алды.

 (Жанар -4, Анар – 5, Қарлығаш – 3 алған.)

5.Қорыту.

Кім жылдам.

1)Кестені толтыр.

1 ғасыр = жыл                          1 сағ = мин

1 жыл = ай                                1 мин = секунд

1 тәулік = сағ                           1 жыл =тәулік

 

2) Бос орындарды толықтыр.

Біз ... ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Қазір ... жыл, ... ай, ... күн. Сағат моделі... сағат ... минутты көрсетіп түр. ... минуттан кейін жаңа сағат басталады. ... сағат ... минуттан кейін жаңа тәулік басталады. Келесі ... жылға ... күн қалды.

6. Үйге тапсырма:

212-бет.№6. Салыстыру.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қош келдің, Әз-Наурыз!


Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

На правах рекламы

Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.

Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса, тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық.
Би «Қара жорға» оқушылар бір мезгілде билейді.

1-жүргізуші:Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Хор: «Наурыз той».

1-оқушы: Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.
2-оқушы: Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Көрініс: «Сүйінші»
Ата-ана сүйінші туралы мағлұмат береді.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне, әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі мен атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе аңда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.

Сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген. Ол біріншіден арнайы ат терлетіп қуанышты хабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден жақындықтың белгісі болып саналған. Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде кездеседі. Бұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалған.
Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса, «Ат ұстар» деп, қыз болса «қырық жеті» деп хабарлаған.

4-оқушы: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр-аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы саналады.
Көрініс: «Шашу»
Келін түсіру тойында ауылдың әйелдері көштің алдынан шығып шашу шашады.
«Шашу» биі. Орындайтын қыздар тобы.
10-оқушы: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

11-оқушы: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
12-оқушы: Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

13-оқушы: Көктем келді. Күн күліп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні.
Көктем! Күн нұрын көктен төккен.
Көктем! Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,
Танытар, ырыс – құтын берекесі.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәпелеп аялаған ел еркесі.

Киіз үй жабдықтары мен ұлттық тағамдарды таныстыру.
Наурыз бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың оңға, қызың қырға қонсын!
Айың тусын солыңнан,
Жұлдызың тусын оңыңнан,
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
1-жүргізуші: Шашу!Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.

2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Ән: «Наурыз думан»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отбасы. Сенің отбасың (2 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 917 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2016 2077
    • DOCX 3.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимова Базаргул Габдоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алимова Базаргул Габдоловна
    Алимова Базаргул Габдоловна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17445
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции