Инфоурок Другое Другие методич. материалыОтбасылық сағат: Ата салты - асыл қазына

Отбасылық сағат: Ата салты - асыл қазына

Скачать материал

Отбасылық сағат:  Ата  салты - асыл  қазына

 

Сабақтың мақсаты: Балалардың  бойына  қазақ  халқының  рухани  байлығын сіңіру. Қазақ  халқының салт дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, ұлтымыздың  дәстүрлерінен үлгі алу.

Дамытушылық: логикалық ойлау  қабілеттерін, қазақ тілінде сөйлеу тілін дамыту, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Туған жерін,елін,қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу. Еліміздің озық  ойлы, кең өрісті азаматын тәрбиелеп, өнегелі, өнерлі  болып  өсуіне ықпал  ету.

Сабақ барысы.

«Той бастар» күйі ойналып  тұрады.

Кіріспе сөз:Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның  үндестігін көрсетеді Наурыз күн мен түннің теңелген күні, яғни бір тәуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады.көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не  ауысқан түні болады.Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн  қысқарады. Наурыз-жыл басы. Парсы  тілінде «ноу»- «жаңа, «руз»- «күн» деген ұғымдарды білдіреді.Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады. Киіз үйдің іші ескі, қажетсіз заттардан тазартылып, үйге  қос шырақ жағылады. Ыдыстардың барлығы ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ  суымен толтырылады. Бұл-тоқшылықтың белгісі.

Мереке  сәлемдесуден басталады. Ер адамдар қос қолдасып амандасса, әйелдер құшақтасып амандасады. Сәлемдескен  кезде !Жасың ұзақ болсын!», «Ұлыс береке берсін!» деген сияқты тілектер мен құттықтаулар айтылады.

Енді  ақсақалдар да, жастар да  көкжиекті көру үшін далаға шығады. Адамдардың барлығы  «Армысың, қайырымды  Күн-Ана!»-деп, күнге басын иеді. Күнге тағзым еткеннен  кейін, ер адамдар қолдарына күрек алып, бұлақтарды тазартады. «Бұлақ көрсең-көзін аш!» деген сөздер айтылады. Бұлақтардың  қасына ағаштар отырғызылады.  «Бір тал кессең, он тал ек!» деген сөз осыдан  шыққан болу  керек.

Наурыз  күні  қыздар жігіттерге дәмді тағам пісіреді. Ал, жігіттер қыздарға сыйлау үшін айна, тарақ, иіс су дайындайды.

Түсте бүкіл халық  жеті  түрлі тағамнан жасалған наурыз көже ішеді. Дастарханға дәстүрлі  ет тағамдары қойылады. «Наурыз  көжені тойып  ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендерден бата алған. Бата-үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын,қайда барса жол болсын!»-леп, бата береді.

Кешке  жақын  жұрт үлкен айтысқа жиналады. Айтыс-домбырамен сүйемелденетін ақындардың  өлең жарысы. Оған үлкендер  де,жастар  да қатысқан. Наурыз айтыс-Жақсылық пен Жамандықтың,суық пен Жылының, Жаз бен Қыстың айтысы.Ақындар таң атқанша  айтысады. Сөз жарысын Жақсылықты дәріптеген ақын жеңеді.

Мереке  қызған  кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды.Ән айтып,би билейді. Той тойға ұласады.

Міне, Наурыз  мерекесі осылай  тойланады.

«Наурыз-думан» әні орындалады.

Құрметті  балалар, сендер  қазақ  халқының  өзге ұлттар сияқты бала тәрбиесі жөнінде бұрынғы  заманнан  бері  жиып-терген  мол тәжірибесі  бар  екенін жақсы білесіңдер. Аға буын  күні  бүгінге дейін өз бойындағы ізгілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін  сүю секілді ең асыл  қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына  сіңіріп  келеді.

Адамның  жарық  дүниеге келгеннен бастап,оның есейіп,қартайып, о дүниеге  аттанып кеткенге  дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынастары  салт-дәстүрден өзекті  орын  алады.Міне, бүгін осы дәстүрді еске түсіріп, өз іс-тәжірибемізде адамгершілік құндылықтардың болуына күш салайық,үйренейік. Сонымен  сіздерді «Ата салты-асыл қазына»  атты мерекелік сайысқа  шақырамыз.

Ортаға сайыскерлер-  «Мұрагер» және «Құлагер» топтарын  шақырамыз.

Әділқазылар  алқасымен  таныстыру.

 

Сайысымыз  төрт бөлімнен  тұрады.

1-бөлім. «Танысу»

Әр  топ  өздерін  жеке-жеке  таныстырып  өтеді.

«Мұрагер» тобының  ұраны: Салт-дәстүрді қастерлеп сақтаймыз.

1-бала:            Ассалаумағалейкум, халқым менің,

                        Ардақта  дәстүріңді, салтыңды  елім.

                        Мереке  басы  болсын  берекенің

                        Қаза  бер  ізгіліктің алтын кенің!

 

«Құлагер» тобының ұраны:  Ата-бабалар өнерін,салт-дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз.

2-бала:            Біздер бұрын  көрмеген,

                        Салт-дәстүрім өлмеген.

                        Үйренеміз дәріптеп

                        Заманымда   өрлеген.

 

1-бала:            Туған соң  адам  боп,

                        Білімсізден  жаман  жоқ.

                        Ел   айтады надан  деп.

                        Ата-бабаң ардақты

                        Жамандыққа  бармапты.

                        Ардай  тұтып  үлкенді,

                        Ата  жолын  жалғапты.

 

2-бала:            Бауырласқан тәніміз,

                        Бұзылмаған антымыз.

                        Кең даланың ежелгі

                        Қазақ дейтін халқымыз.

                        Өзге ұлттай біздің де

                        Бар дәстүр мен салтымыз.

 

2-бөлім. Блиц - турнир.

1. Жеті  ата  деген не?

- Әр  адам  өзінің жеті  атасын  білуі  көрегенділік пен  білімділігін, ата  көргендігін танытады. Білмесе,  «жеті атасын білмеген жетесіз» деп сөккен.

2. Жәшікте қыздардың  бас киіміне тағылатын әсемдік (сәнді) зат бар.Бұл зат  кейде домбыраның  мойнына  да тағылады. Бұл не? Не үшін  пайдаланады?

- Қазақ  қыздарының  бас киіміне үкі тағылады.Бұл әсемдік берумен қатар, қыз баланы тіл - көзден сақтайды деген  наным  негізінде пайдаланылады.

3.  Қазақтың  ұлттық  киімі - шапанның  жеңі неге ұзын?

- Жеңнің  ұзын болуы  қазақ  халқының  көшпелі  өмірімен  байланысты.

4. Қазақ  халқының салтында  үлкен жиындарда  сөз алудың өзіндік қатаң тәртібі болған. Тәртіп  бойынша бір зат сөз алу  қажеттілігін көрсететін болған. Бұл не?

- Бұл  зат  қамшы, оны  ортаға  тастау  өтініш  орнына  жүрген.

5. Қазақ  салты  бойынша  жігіт үйінде  қалыңдықты  қалай  қарсы алады?

- Шашу  шашып, тойға жиналған қонақтар  «Жар-жар» әнін айтып қарсы алады. Шашу-қуаныш  айғағы  ретінде  жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге  келгенде, келін түскенде құда келгенде, осындай  қуанышты күндерде  тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.

6. Қазақ  қыздарының  сәндік  үшін тағатын  әсемдік заттарын  атаңдар.

- Қазақ  қыздарының  сәндік  үшін тағатын  әсемдік  заттары: жүзік, сырға, алқа, шолпы.

7. Жүгіріп  келген адамның  «Сүйінші,сүйінші!» деген  айқайы  нені  білдіреді?

- Қуанышты  адам  «сүйінші,сүйінші!» деп келеді. Мұндайда  қуанған  үй  иесі қалағаныңды  ал  дейді. Немесе  риза  болатындай  сыйлық ұсынады. Бұл шын қуаныштың, ризашылықтың  белгісі.

8. Қазақтың  қандай  ұлттық  ойындарын  білесіңдер?

- Алтыбақан, ақсүйек, қыз қуу, бес тас,  сақина  салмақ  т. б.

9.  Нәресте  дүниеге  келгенде  жасалатын  той.

- Шілдехана.

10. Байғазы  деген  не?

- Байғазы - балалардың, жастардың  жаңа  киімі  үшін  берілетін  ақшалай - заттай сый. Байғазы  сұраудың  ешқандай  артықтығы  жоқ

3-бөлім.  «Ойлан, тап!»

Көрсетілген  салт - дәстүрлердің  аттарын  ата. Слайд көрсетіледі)

 4-бөлім.  Жұмбақ-ойын.

Әр  топ  дыбыссыз  қимылмен  ұлттық  ойындар  көрсетеді. Екінші  топ  қандай  ұлттық ойын  көрсетілгенін  айту  керек.

1-топ:  «Алтыбақан»,  «Арқан тарту»

2-топ:  «Асық ойнау»,  «Күрес».

 Қорытынды  сөз  әділқазылар алқасына  беріледі. Жеңімпаздар аталып, сыйлықтар беріледі.

-Наурыз  тойға  жиналған  халқым  менің,

Бәріңнің  ойға  алғаның жарқын  сенім.

Бүгінгі той ертеңгі ардақты  ісің,

Ғажап  болсын  таппайтын  тепе-теңің!

-Келді  Наурыз  бұлақ  күш-тасқынымен,

Құлпырып  қайта  өзгеріп  жастығымен.

Жер  иіп, тамыр  толып, бүршік  жарып,

Табиғат  ықыласына тас  жібіген.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отбасылық сағат: Ата салты - асыл қазына"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 383 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2017 599
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шегебаева Сандугаш Шакеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шегебаева Сандугаш Шакеновна
    Шегебаева Сандугаш Шакеновна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8206
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой