Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Отбасылық -тәрбие жұмысы: "Мейірімділік жылы жүректен"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Отбасылық -тәрбие жұмысы: "Мейірімділік жылы жүректен"

библиотека
материалов

"Арман" отбасы, тәрбиеші: Шегебаева С.Ш

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік жылы жүректен.

Сабақтың мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу

Ұл - қыздарымызды жеке және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.

Көрнекіліктер: Сара Алпысқызы портреті, қанатты сөздер, слайд «Бөбек қоры», слайд «С.А.Назарбаева».

Сабақтың барысы:

- Қайырлы күн, құрметті балалар!

- Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындағы балаға қарайды)
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталатынын сөзжұмбақ арқылы тауып көрейік.

1. Қазақтың батыр қызы.

2. Әке көрген оқ жонар,

.......көрген тон пішер

3. Бой бергенше, .... берсін.

4. Кітап - ........ бұлағы.

5. Тапқыр болсаң, тауып .......

6. Июль қазақша қалай аталады?

7. Майлиннің есімі.(....)

8. Әдепсіз өскен ............, тәртіппен өскен тал артық.

9. Ер ......., ел есінде.

10. Ешкінің төлі.

11. Ғылым теңіз, ....... қайық.

12. Отан үшін отқа түс ..........





1.







2.





3.



4.






5




6.






7.









8.








9.






10.




11.






12.














Қане, балалар қарап көрейік тігінен берілген тор көзде қандай сөз шықты? Балалар жауабы ( мейірімділік). Дұрыс айтасыңдар, сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Қайрымдылық жасау.
- Ата – анасына көмектесу
- Үлкендерді сыйлау.

Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды баламын.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Қазір мен сендерге « Мазасыз балапан» деген әңгімені айтып беремін.
- Қане, бәріміз отырып мұқият тыңдалық..
Әңгіме / рольге бөлініп ойнайды/
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті Бір күні ол анасынан «Мейірімділік деген не?»- деп сұрайды. Сен әлі кішкентайсың өскеннен кейін түсінесің дейді анасы. Бірақ балапан мазасыз еді. Ол мейрімділіктің не екенін білгісі келіп жолға шығады. Жолда келе жатып бір ешкіні кездестіреді. Ол лағының жоғалып кеткенін айтып көмектесуін сұрайды.
«Менде уақыт жоқ»- дейді балапан. Мен мейрімділіктің не екенін білуім керек дейді де ары қарай жүріп кетеді. Алдынан бір бала кездеседі.
Ол ағашқа ілініп қалған шарын ала алмай жүр екен.
«Балапан, маған шарымды алуға көмектесші» - дейді бала.
«Менде уақыт жоқ» - дейді балапан. «Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек дейді балапан.
- «Мен білемін маған күнде апам мейірімділік туралы айтады»- дейді бала.
- «Маған да айтшы» - дейді балапан.
- «Бірінші сен шарды алып бер»- деді
Балапан ұшып барып шарды алып береді.
«Мінекей, сен қайрымды іс жасадың. Мейірімділік деген осы»- деді қыз. « Қандай оп - оңай» - деп таңқалды.

Сонымен бүгінгі сабақта мейірімділік жайлы әңгіме қозғамақпыз, осындай мейірімді, қамқор жандардың бірі – Сара Алпысқызы Назарбаева.

1-жүргізуші :  Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында  Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.

2-жүргізуші :  Кейде адам баласының қытымыр қыстан жалығып,шуағы мол көктемді аңсайтыны бар.Көктемдегі күн сәулесі көңіліне күн сыйлайды.Біртүрлі қанат біткендей болады.Жақсы ісі жігеріңе жігер қосады.Сенің де жүрегінде ізгілік бүр жарып,мейірімділік бағы жайқала бастайды.Биылғы жылдың  12 ақпанында  73 жасқа толғалы отырған Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева – осындай жандардың бірі.

1-жүргізуші :   Ол Президенттің  зайыбы  ғана емес,ең алдымен  әйел,ана және балаларға қамқор жан. Балаларға жақсылық жасау үшіноларды сүйе білу қажет.
“Балалар  Жаратқанның жер бетіне жіберілген ең ғажайып құбылыс.Сол үшін біз, үлкендер,балаларға ерекше құрметпен қарап,айырықша қамқорлық жасауымыз керек”-дейді Сара Алпысқызы.
Слайд қарау «С.А.Назарбаева»

Балалар арасында Сара Алпысқызына арналған өлеңдер тыңдайық.

1 - бала:

Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы.

Алпыс аға бөбегі, Нұрағаңның Сарасы.

Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,

Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.

Қиындықсыз өмір жоқ қиындықтан өт ептеп,

Дейді бізге Сарамыз, дегенінен анамыз.

2 - бала:

Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан

Баспана боп оларға келе жатсың болыпнан,

Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз - түн.

Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.

3 - бала:

Алда талай қиналу, алд аталай толғаныс,

Жетсе мекендейтұғын арман да асылжол да алыс,

Шешек жару, гүлату – Жерананыңтөлісі.

Жылығанды жұбату - Ел – Анадан қалған іс.

4 - бала.

Осының бәрін кішкентайдан үйреткен

Мейіріммен сәбилерге нұр төккен

Бізтілейміз Сара апаға денсаулық

Шаттыққа толы жүрекпен.


Бала: Сара Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы». «Бөбек»қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып. Елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды.

Бала:«Бөбектің»анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 жылы «SOS Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медальмен, 2002 жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.

Бала: Сара Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И. Дограмачи атындағы және «Юнита»халықаралық сыйлығының лауреаты болып табылады.

Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.

Слайд қарау «Бөбек қоры»

Ойын:Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру үшін «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!

Бала: 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.

2012 жылы С. А. Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы Қазақстанның жас ұрпағына рухани - тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достастық» жұлдызы сыйлығы табыс етілді.

Бала:

Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,

Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.

Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз

Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүрек анамыз. Ән тыңдау «Золотое сердце»


Шығармашылық жұмыс. С. А. Назарбаеваға арналған балалардың тілектерін, құттықтау хаттарын жасау.

«Қуаныш сыйлап әрбір күн!

Келмесін сізге қайғы-мұң!

Жанұя, жұмыс, махаббат,

Тілейміз нұрлы-шапағат!

Сіз туған бұл ұлы күн,

Қабыл алыңыз тілекті,

Балалар қосқан ізгі үнін!

Дос-жараныңыз көп болсын,

Уайым сізде жоқ болсын!

Өрлесін көкке даңқыңыз,

Баянды болсын бағыңыз!

Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық. Бейне фильмнен тамашалау.

Сабақ соңында балалар адамдарға,  айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді: Кіршіксіз ақ қар–мейірімді. Бәрімізді көтеріп тұрған жер –мейірімді. Күлімдеген күн –мейірімді. Тату –тәтті достарым –мейірімді. Әлпештеген әжем –мейірімді. Жылы жүзді тәрбиешім –мейірімді. Қадірлі әкем –мейірімді. Еркелеткен атам –мейірімді. Таза мөлдір су –мейірімді. Аяулы анам -мейірімді. Сабағымызды аяқтау үшін «Мейірімділік алаңы» атты жаттығумен қорытындылауға рұқсат етіңіздер.

«Мейірімділік алаңы» жаттығуы

Мақсаты: Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.

Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.

Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.

Шеңберге тұрып «Бала тілегі»әнімен сабағымызды аяқтайық.





















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу

Ұл - қыздарымызды жеке және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.

Сабақ қуаныш шеңберімен басталды, онда балалар күн шуағына қарап мейірімді сөздер айтады.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталатынын сөзжұмбақ арқылы тауып көрді. Сара Назарбаеваның өмірбаянымен танысып, бейне фильм қарады. Осы отбасылық -тәрбие жұмысы арқылы қамқорлық пен мейірімділікке тәрбиелеу, түсіну.

Автор
Дата добавления 23.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров834
Номер материала 251677
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх