Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыОтбасылық жарыс "Ана ән, бала оның қайырмасы"

Отбасылық жарыс "Ана ән, бала оның қайырмасы"

Скачать материал

 

«Ана – ән, бала – оның қайырмасы»  отбасылық сайысы

Мақсаты: Бөбекжай  өмірімен отбасы байланысын нығайту, ата-ананың бала -тәрбиесіне деген көз қарасын қалыптастыру, бала тәрбиелеуде ата-ана рөлін арттыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, татулық, адамгершілік  сезім қалыптастыру. ата-аналардың басын қосып отбасылық сайыс ұйымдастыру.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, ата-аналар. Бүгінгі бөбекжай  ішілік «Ана – ән, бала – оның қайырмасы» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер!

Баланың басты ұстазы ата-ана!Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Әке отбасы тірегі, қамқоршысы.Ана-отбасына береке әкеліп бақытқа бөлейді.

                                        Бүкіл әлем ата-ананың нұрынан,

                                        Сәлем алып болашаққа жол салған.

                                        Отбасылар бақытын ойлап толғанамын,

                                        Сырын ашып көрерменге  жол салам.

                                        Асқар тауы –сүйеніші әкесі,

                                        Мөлдір бұлақ-тіреушісі анасы.

                                        Жасыл құрақ-келешегі баласы,

                                        Олар бірге болады мықты отбасы – дей отырып, бүгінгі

отбасылық сайысқа қатысқалы отырған  отбасыларымызды ортаға шақырамыз. /сазды әуенмен отбасылар ортаға шығады/

 

1 .Әділбектер отбасы

2. Өмірзақовтар отбасы

3. Сақтағановтар отбасы

4. Қойшымановтар отбасы

5. Есенамановтар отбасы

                                         

 

                                         Отбасынан өнегелі тәлім алған

                                         Өнерлілер талай елді таң қалдырған,

                                         Жыр жырлап, ән салып би билесе

                                         Ешкімнен қалыспаймыз бізде енді-деп,ортамызға үкілі үміттерімен келген отбасыларға қош келдіңіздер демекпіз.

Отбасылық сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлердің өнерін бағалап, әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (сазды әуен)

1.«Қарлығаш» бөбекжайының кәсіподақ төрайымы Жиенбекова Рысалды Абенқызы

2.«Қарлығаш» бөбекжайының тіл маманы Арыстанбекова Ақмарал Арыстанбекқызы

3.«Қарлығаш» бөбекжайының тәрбиешісі Садыкова Айгүл Бархытбекқызы

Бүгінгі отбасылық сайысымыздың ең жоғарғы саны 5 балдық жүйемен бағаланады. Алдымен сайысқа қатысушы отбасыларды сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

1.  Отбасы презентациясы (әр отбасы өз тобын таныстырады)

2.  Бала тілі –бал ( бала жұмбақ жасырады)

3.  Өнерпаз болсаң арқалаң (өз бойындағы өнерлерін ортаға салу)

4.  «Кім жүйрік» сайысы ( қаптың ішіне кіріп секіру)

5.  «Бақытты отбасы» бейнесі (сурет салу айдары)

6.  Ой қозғау(Сұрақтар айдары)

7.  Қимылды ойын: «Көңілді секіртпе»

8.  Шебердің қолы алтын(қағаздан ұлттық ою- өрнек қияды)

9.  «Көңілді старт» (кедергіден өтіп балалар сұрақтарға жауап береді)

10.«Жұмыртқа түсірме» сайысы

11. «Көңілді би» би сайысы

11. «Бұл менің анам» (балалар көздері жұмулы күйде аналарын табады)

12. Бала тілегі (балалардың тілегін тыңдау)

Әр отбасы мүшелері реттік номерді алып, сайыс шарттарына дайын болуларыңыз сұранамыз.

                                               Таңдаған реттік номермен

                                               Шақырайық ортаға.

                                               Олай болса кезекпен

                                               Таныстырсын өздерін –деп, отбасы  презентациясымен  №1топты ортаға  шақырамыз.

№2  отбасы

№3 отбасы

№4 отбасы

№5 отбасы

         Әділ қазылар алқасы «Отбасы презентациясы» бойынша ұпайларыңызды берсеңіздер.

                   Жұмбақты шешіп  көрсек  қиынынан,

                   Бірінші топты  жарып  шығады  кім?

                   Балдай  тәтті  балалардың  бал  тілін 

                   Қай топтан жауабын  тез  табады  кім? дей келе келесі кезеңге де келіп жеттік. Олай болса «Бала тілі –бал» демекші «Бәйтерек» тобының  бүлдіршіндерінің жасырған жұмбағының шешуін  табайық, ойланайық.

                             Бүгінгі сайыскерлер бәйге алуға

                             Тамсандырып қызықты ән салыпты

                             Отбасылар аянбай ән салыпты

                             Кәнекей көрейік өнері бар екен қаншалықты-деп,«Өнерпаз болсаң арқалаң»деп, таңдаған номерлеріңізге байланысты өз өнерлерін ортаға салады.

№1 

№2

№3

№4

№5 

 «Кім жүйрік» сайысы.

Шарты: Қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секіреміз.Ойынның шартын бұзбаймыз,бірінші келген топ жеңімпаз

Ал,енді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.

 

«Бақытты отбасы» бейнесі

Шарты: Екі аяқтың арасымен допты қысып алып, кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс. Мәреге жеткен соң бақытты отбасы суретін салу тиіс.
         Біздің отбасыларымыз суреттерін салып біткенше «Бәйтерек» тобының әнші жігіті Ерболұлы Ерасылдың «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

- Ал, енді біздің сайыскерлеріміз өз отбасыларын қалай салды екен, бұған қазылар алқасы қандай баға берер екен?

Әділ қазылар алқасы отбасыларымыздың салған суреттеріне әділ бағаларыңызды берсеңіздер.

Ой қозғау (сұрақтар айдары)
1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, ос2ы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз.
Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3. Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Балабақшадан келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін балабақшада ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді.
Сіз : «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.
5. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқазар едіңіз?
6. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?
        

 «Көңілді секіртпе» сайысы
           Ойын шарты: Аналарымыз секіртпемен жалаушалардың арасымен жүгіріп жарысады.
           1 - 2 - 3 алға - а - а
           Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде!
        

«Шебердің қолы алтын» (қағаздан ұлттық ою-өрнек қияды)

         Шарты: Отбасыларға түрлі-түсті қағаздар беріледі. Сол қағаздан ою-өрнек ояды. Берілетін уақыт: 3мин.

        

«Көңілді старт»

Шарты: кедергіден өтіп балалар сұрақтарға жауап береді

 

          Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Жұмыртқаны түсірме» сайысы.

          Шарты: Кедергілер арасымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта келеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

         1 - 2 - 3 алға - а - а

         Құрметті әділ қазылар алқасы осы сайысымыз бойынша ұпайларыңызды берсеңіздер.

 

« Көңілді би »  би сайысы

Ойынның шарты: Әр отбасы үш түрлі қысқа әуенге би өнерін көрсетеді.

Біздің әдемі әрі биші отбасыларымызға құрметті әділ қазылар алқасы қандай баға берер екен назар аударайық.

        

«Бұл менің анам»

         Шарты: Балалар көздері жұмулы күйде аналарын іздеп табады.

        

«Бала тілегі» (балалардың тілегін тыңдау)

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ қазылар өз шешімін шығарғанша «Бәйтерек» тобының тағы бір әнші жігіті  Мұстапа Рахматулланың орындауындағы «Ей,тұлпарым» әнін қабыл алыңыздар!

Қорытынды  бөлім:             Жарыс заңы  ежелден

                                                           Жеңімпазды  анықтау

                                                           Жеңімпаз  болу  шарты  сол

                                                            Еңбектену , жалықпау.

                                                            Біреу озса сайыста,

                                                            Біреу  артта  қалады.

                                                            Бұл  сайыстан ренжімей

                                                            Тараса  бізге  жарады -

демекші  сайысымыздың  шарттары  бойынша   қорытынды  шығарып   жеңімпазды  анықтап, марапаттау  сөз  әділқазыларға  беріледі. Жарысқа  қатысушы  ата-аналар мен  бүлдіршіндерге  арналған  сыйлықтарын  табыс етпекші.Қабыл  алыңыздар!

                                           Уа,халқым  назар  аудар денсаулыққа!

                                          Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.

                                          Денсаулық  терең  бақыт  деген  сөзді,

                                          Құр  айтпаған  ұлы  Абай  данамызда –

демекші  Құрметті қонақтар,  келгендеріңізге  көп-көп рамет!

 

 

 

 

 

 

 




 

 



 






 

 

 

 

 

 

 

 

5. Ситуациялық сұрақтар.
Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба? 
3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?

1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, ос2ы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз.
Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3. Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Балабақшадан келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін балабақшада ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді.
Сіз : «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.
5. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқазар едіңіз?
6. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отбасылық жарыс "Ана ән, бала оның қайырмасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2016 1538
    • DOCX 32.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманжолова Әйгерім Байысбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12887
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательного процесса в образовательных организациях в условиях обновленного законодательства

Воспитатель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Курс повышения квалификации

Организация деятельности школьного музея в условиях реализации обновленного ФГОС НОО и ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Управление образовательной организацией дошкольного образования

Руководитель дошкольной образовательной организации

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 148 человек