Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / Отбасылық жәдігер - апамыздың шолпысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Отбасылық жәдігер - апамыздың шолпысы

библиотека
материалов

Біздін отбасылық жәдігер апамыздың шолпысы


Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып
Дәл сұлу бұрандаған шолпы тағып...

Мағжан Жұмабаев

Қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Шолпы дегенді қазіргі біз тек мұражайдан көретін болдық. Атамыз қазақ қыз баланың сұлу да сымбатты болып өсуіне қатты мән берген. Шолпы тек сәндіктің құралы емес. Шолпы – шашы ұзарған қыздың сымбатына тікелей себепкер бұйым. Демек, бойжеткеннің бойын түзейтін бұйым деген сөз.

Шолпы – күміс немесе алтын тиындар қадалған шашбау, екі баудан тұратын шашқа арналған күміс  әшекей.   Шолпыны өрім аяқталған соң, бұрымның соңына байлаған.

Қазақтардың ежелгі наным-сенімі бойынша, бұрымдағы шолпы сыңғыры бойжеткенді қара ниетті күштерден қорғауға көмектеседі. Шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады.

Шолпының түрлері:

  • үзбелі шолпы,

  • көзді шолпы,

  • қозалы шолпы,

  • шынжырлы шолпы,

  • қос үзбелі шолпы,

  • маржанды шолпы,

  • меруертті шолпы,

  • ақықты шолпы.

Жас қыздар үшін кішкене күміс қоңыраушаларды үзбелеп те шолпы жасайды. Оның сыңғырлаған үні әдемі жарасып тұрады. Шолпы бой-жеткеннің бойында ойлылық, зерделілік, биязылық тәрізді қасиеттерді қалыптастырады.

Бұл әшекейлердің сыңғыры шашты қорғау үшін қажет болған, себебі қазақтың нанымы бойынша «Адам жанының бір ұшығы шаш арасын мекендейді». Қоңыраулар мен сылдырмақтар қозғалып, сыңғырлаған кезде жын-шайтандарды үркітеді деген түсінік болған. Бұрым әшекейлерінің салмағы бойжеткеннің шашын артқа қарай тартып, сымбатты мүсін мен әдемі жүрісті қалыптастырған. Күміс теңгелер қозғалыс кезінде әрбір қыздың жүрісіне сәйкес келетін ерекше әуен шығаратын, көбіне осы сыңғыр бойынша қыздың мінезі мен қылығына баға берілген.

Қазақтар адамның шашын кез келген жерге тастамайды.
Олар әйел шашының ұшында тіршіліктің күші бар деп есептейді. Осы наным-сенімге сәйкес қыздардың шашын қимай, бұрым етіп өсіріп қояды. Оның ұшына шолпы, шашбау байлайды.

Біздің отбасымызда да екі қыз бала өсіп келе жатыр. Оларға жәдігер үлкен нағашы апамыздың, ұзатылған кезіндегі сән-салтанатты жасауының бірі, сақталып қалған шолпы.

Осы шолпы аштық заманында нағашы апамыз, Зарипова Мәдинәнің, Мінахмет деген бауырын аштан сақтап калыпты. 1932-1933 жылдары Сібір және Қазақстан жерінде көп халық азық жетпегендіктен қиын жағдайға ұшырапты. Нағашы апамның да отбасында жағдай нашарлап, жейтін тамақ жоқтықтан, бауыры ауырып нашар жатыпты. Келген дәрігер балаға көп және құнды: сүт, май, ет пен тамақтану керек деп айтыпты. Үйде бар бағалы заттарды жиып ап, Мәдинә базарға барды. Бір сатушы әйел айырбасқа келісіп, Мәдинәнін қолынан сылдырлаған, күміс шолпыны алды. Өз қораптарына шолпыны буктеп салды да:

«Әй, қайыршы кет осы жерден. Саған берерім түк жоқ!» - деп айқкай салды.

«Апа, шолпыны қайтар онда» - деп Мәдинә жылап қалды. Өтіп бара жатқан бір орыс әйел Мәдинәні аяп кетті. Саудагерге алған затты қайтартып, өзі Мәдинәға тағам сатып алып, үйіне жіберді. Алдағы уақытта да сол орыс әйел, өзі мұғалім болыпты екен, нағашы апама көмек беріпті. Әлі күнге дейін апам сол кісінің жақсылығына ризалығын білдіріп, бізге үлгі тұтады.

Ал анам жас кезінде, Наурыз мейрамдарында, қазақша көйлек киіп, би билегенде осы шолпыны мандайша, шекелік, шаш бау қып тағыпты. Ол күміс тиындарын, маржан қадалған ызылған бауын сол күйінде сақтамай, тізілген ұзын күміс шынжырлы бауыларын жоғалтқанын айтады.

Демек, қазіргі қазақ қыздарының көпшілігі шаштарын әсемдеп өсіретін болғандықтарын айтқым келеді, соларға шолпы дегенді қазіргі қазақ тек мұражайдан ғана көретін болмасын. Шолпының сыңғырын қазақ жігіттерінің құлағы естуден қалмасын! Ал сол шолпы тек сәндіктің құралы емес. Ол қыз баланың сұлу да сымбатты болып өсуіне қатты мәні бар, шашы ұзарған қыздың сымбатына, бойжеткеннің бойын түзейтін тікелей себепкер бұйым.


hello_html_4237f5cd.jpg hello_html_m967158a.jpg


hello_html_78b9fd92.jpghello_html_5440cbab.jpg


hello_html_587ae55a.jpghello_html_m1b500989.jpg


hello_html_m42ed47d2.jpghello_html_m2676b418.jpg


hello_html_7a72dd26.jpghello_html_6f744a8.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.08.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров146
Номер материала ДБ-151999
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх