Инфоурок Начальные классы Презентации"Отбасымның әр мүшесі- баға жетпес байлығым" -презентация

"Отбасымның әр мүшесі- баға жетпес байлығым" -презентация

Скачать материал

Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебі

 

 

                                                                       

 

 

 

 

 

                                                 

 

Отбасымның әр мүшесі –
баға жетпес байлығым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Дайындаған: Садвакасова Ж.Б.

                                                                      3 «В» сыныбы

                                                                            02.12.2015                                

 

 

 

Тақырыбы: Отбасымның әр мүшесі –баға жетпес байлығым.

Мақсаты:
1. «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту,  

Отбасы - әр адамның шағын отаны. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білуге үйрету.
2. Ұл мен қыздар әке - шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: отбасы жайлы жазылған ән, слайд, мақал – мәтелдер

 

                                              Барысы

1-слайд (сурет)

2-слайд. Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкен кезде, сары торкөзде кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.
1. Тілсіз жау. /от /
2. Мемлекеттік рәміздің бірі. /ту/
3. Еңбек құралы. /балға/
4. Ең жақын адам. /ана/
5. Уақыт өлшемі. /секунд/
6. Ырыс алды - /ынтымақ/
Кіріспе сөз
3-слайд. Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сынып сағаттың тақырыбы «
Отбасымның әр мүшесі –баға жетпес байлығым» деп аталады.

• Отбасы дегеніміз не? (отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз).

• Сен отбасында кімсің? (мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын, атам мен әжемнің немересімін).

• Отбасы мүшелері туралы мәліметті үйде қайдан алуға болады? (ата-әжеден, туыстардан білуге болады).

4-слайд. (Мақсаты)

 5-слайд. Сонымен, ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. 

6-слайд. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.

 

7-слайд. Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай:Отбасы – отанымыздың ошағы.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

 

8-слайд. Былтыр,   8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өттi.  Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл мереке  қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткiм келедi.

9-слайд. Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа.

         Әрбір отбасы үшін бақыт сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.

Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата – ананы,  үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында, яғни бірге, жанымызда болады. Отбасы ата – әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.

               
10-слайд
. Балалар, сендер байқаған боларсыңдар. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Ал енді алғаш қонағымызды таныстыру үшін  мен сендерге жұмбақ айтамын сендер оны шешіп, хормен айтуларың керек.

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған   (Ата)

 

Мұғалім: Бізге келген бірінші қонағымызды А.Ділназ таныстырады.

(А.Ділназ атасын толық таныстырады.)

 

Мұғалім: Құрметті А.Ділназдың атасы, өзіңіздің өмірбаяныңызбен таныстырып өтсеңіз..

 

11-слайд. Мұғалім: Бала—өмір жалғасы, халықтың мұрагері. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әсіресе, әже тәрбиесінің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Әже тәрбиесін көрген бала болашақта ізетті, ибалы адам болып өседі.

-Әже деп кімді айтамыз?

(Бізге өмір сыйлаған анамыз бен әкеміз болса, сол ананың анасы бізге нағашы әже, әкеміздің анасы әже болады. Біз әжемізге немере боламыз)

 

Мұғалім: Бүгін бізге қонаққа ............................... әжесі келіп отыр.

(Оқушы өз әжесін таныстырып өтеді) Фото слайд

 

12-слайд.  Әжеге сұрақ: Немереңіздің есіңізде қалған бір қылығын айтып берсеңіз...

Немереге сұрақ: Әжең екеуің автобуста отырсыңдар. Тағы бір әже есіктен кірді. Сен орын берейін деп жатыр ең, әжең отыр деді. Үлкенді тыңдау керек. Не істейсің?

 

13-слайд.  Енді кезеңде осы отбасы мүшелерін біртіндеп баяндап айтатын құрдастарыңның баяндамасы мен өлең шумақтарын тыңдап, тамашалайық?!
Оқушы:Әке – асқар тау
Болаттай берік, құрыштай қайсар рухы бар әкенің өз перзентіне көрсетер үлгі - өнегесі мол. Отбасының, балалардың, әке – шешесінің қамын ойлап, туған – туысқа көмек жасайды. Шығыс халқы “Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ” деп әкені айрықша дәріптеген.

Әкеме
Асқар тау әкешім бар, сүйенішім,
Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.
Қабақ шытса балалық қылығыма,
Ешқашан болмақ емес ренішім.


Ойлайды әрқашанда бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.


Мұғалім: Жарайсыңдар, ия әке орны қашанда отбасында ерекшеленіп тұрары сөзсіз. Ал ана туралы баяндаманы кім айтады?


14-слайд
.  Оқушы: Ана – аққан бұлақ
Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан «Ананы» ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы  дүниеге келтіріп қана қоймай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.

 

15-слайд.  Мұғалім:  Олай болса Ы. Алтынсариннің бала ұғымына лайық тілмен ананың қадір – қасиетін жүрекке жылы етіп жеткізген «Ананың сүюі» деген өлеңін тыңдалық.


Кім сендерді балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып, тұр ұмытпа, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді, келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле - өлгенше.
Құрметті қонақпен кездесу( «Алтын алқа иегері – К.Бақдәулеттің анасы. Алқаны көрсету, түсіндіру)


Слайд-Клип «Ана туралы» (Қарақат Әбілдина)

16-слайд.  Бала – бауырыңдағы құрақ
Ата - анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ.
Демек ата - ана өмірінің жалғасы – бала. Бала – ата - ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы – өзінің ұшқан ұясы.  Айналадағы адамдарды сыйлау ата - ананы құрметтеуден басталады. Әке - шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды.

Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

 

 «Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан, өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірін түсінбеген

 

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен

 

Ер жетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны

 

17-слайд.   Отбасы туралы мақал-мәтелдер   (жалғастыру)

1. Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, ...(бала-жағасындағы құрақ)

2. Ұлың-қымбат,...( немерең-ыстық)

3. Әке көрген оқ жонар,...( шеше көрген тон пішер)

4. Ата-бәйтерек, ...(бала-жапырақ)

5. Ұлы бар үйде қуат бар, ...(қызы бар үйде шуақ бар)
6. Бала – ананың бауыр еті.
7. Балаң жаман болса,... (Көрінгеннің мазағы)
8. Өз үйім...( өлең төсегім)
9. Ағасы бардың жағасы бар, ...(Інісі бардың тынысы бар)

10. Атаның көңілі балада, ...(Баланың көңілі далада)

18-слайд. Ендігі кезекте ата - ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
1 Ұл – қыз ата - анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата - ананың ұл - қызы болып өседі.
2 Адам жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата - анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
3 Әдепті, адал ұл қыздардың міндеті ата - аналарының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата - аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
4 Сәби шағыңда олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту керек.
5 Ата - анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

  

Қорытындылау

19-слайд.  Жүректен жүрекке

Бір сәт көзімізді жұмып, әрқайсысымыз өз отбасымызды көз алдымызға елестетіп көрейік. Енді әрқайсысымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсылық тілегімізді іштей айтайық. Сәл тыныштықтан соң мұғалім:

• Көзімізді ашайық. Отбасыларыды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар

• Отбасыларыңа  қандай жақсы тілек тіледіңдер?

• Үйлеріңе қайтқыларың келгендері бар ма?

• Кімді сағындыңдар?

Ендеше, сендердің барлығың отбасыларыңды жақсы көресіңдер. Сол үшін сағынасыңдар. Бұл сендердің отбасыларыңа деген сүйіспеншіліктеріңді білдіреді.

 

20-слайд.  « Қоржындағы асық» ойыны.

 Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.

1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
4. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болуды кімнен үйренесіңдер? (оқушылар атасынан, әжесінен, әке-шешесінен, аға-тәтесінен үйренетінін айтады. Отбасынан өрбитін адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені одан әрі жалғастыра беруге болады).

5. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
6. Отбасының басшысы кім?
( Әке)

 

 21-слайд.  Біз не білдік?
Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.
Ата әже әке ана, ұл қыз – бәрін отбасы дейміз.
Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.


22-слайд.  Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар

Өз отбасымызды қорғай білейік!  Ата-анамызды аялай білейік!  Құрмет көрсете білейік!

Өйткені отбасымыздың әр мүшесі –баға жетпес байлығы деп  сынып сағатымызды «Ата- әже» әнімен аяқтаймыз.


Ән «Ата- әже»

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Отбасымның әр мүшесі- баға жетпес байлығым" -презентация"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 210 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 1731
    • DOCX 30.4 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садвакасова Жанар Бидайбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садвакасова Жанар Бидайбаевна
    Садвакасова Жанар Бидайбаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14690
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 102 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе