Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Отбасында қатыгездікке жол жоқ!»

«Отбасында қатыгездікке жол жоқ!»

Скачать материал

«Отбасында қатыгездікке жол жоқ!»

/Ата-аналарға арналған семинар-тренинг/

Мақсаты:  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанның аясында ата-аналарға құқықтық кеңес беру,  бала тәрбиесіндегі ата-ана міндеттері мен жауапкершілігін арттыру, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, буклеттер, үлестірмелі топшамалар.

Семинар-тренинг жоспары:

1.     Кіріспе. Топтастыру.

2.     Есімдер аллитерациясы.

3.     Блиц- тур. «Мен өз баламды қаншалықты жақсы білемін?»

4.     «Біз бақытты жанұя!» Суреті арқылы өз баласын тану.

5.     Тест-релаксация «Жұмыртқаны жарып шыққанда...»

6.     «Қатыгездік қайдан бастау алады?» Пікірталас бөлімі

7.     «Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатамыз?» Оқушы шығармаларынан  ...

Семинар-тренинг барысы:

1.     Кіріспе   

Ата-анаға көз қуаныш

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі.  /А.Құнанбайұлы/

  Қазақ халқы «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.    

 Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

      Қараша айының 19-28 аралығында ұйымдастырылып отырған  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанның аясында ата-аналарға құқықтық кеңес беру,  бала тәрбиесіндегі ата-ана міндеттері мен жауапкершілігін арттыру, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту мақсатында бүгін «Отбасында қатыгездікке жол жоқ!» атты семинар – тренингке бас қосып отырмыз.

 Топтастыру бөлімі. «Геометриялық фигураларды таңдайық!» Психологиялық тест.

2.     Есімдер аллитерациясы.

Әр ата-ана өз есімін айтып және өз есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек. Әр ата-ананың сөзінен кейін қалғандары 3 рет қол соғып, қошеметтеп қояды.

-         Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

-         Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл күйде отырсыз?

3.     Блиц- тур. «Мен өз баламды қаншалықты жақсы білемін?»

   «Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам» деген екен грек философы.

  Бала – әр ата-ананың болашағы, яғни өмірінің жалғасы. Әрқайсысымыз өз баламыздың күнделікті тіршілігінен шұғылданатын ісіне қаншалықты мән бересіздер. Осындай мақсатта әр топ мүшелері келесі сұрақтарға жауап береді.

І топ:

-         Балаңыздың туған күні қашан?

-         Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

-         Балаңыздың ең жақын құрбысы кім?

-         Балаңыздың аяқ киім өлшемі.

-         Балаңыздың ең сүйіп жейтін тағамы.

ІІ топ:

-         Балаңыз қай сыныпта оқиды?

-         Үйдегі сүйікті ісі

-         Балаңыздың оқитын газет-журналы, кітабын атап беріңіз

-         Балаңыздың алғашқы ұстазы

-         Балаңызға үлгі болатын адам кім?

ІІІ топ:

-         Балаңызға еркелетіп қандай сөз ді жиі қолданасыз?

-         Балаңыз бос уақытын қалай өткізеді?

-         Балаңыз қай жылы мектеп бітіреді?

-         Сүйікті пәні

-         Балаңыздың сынып жетекшісінің толық аты-жөні

ІV топ:

-         Балаңыз бүгін қай пәннен, қандай баға алды?

-         Балаңыз болашақта кім болуды армандайды?

-         Сүйікті әншісі

-         Сүйікті фильмі

-         Балаңыздың сүйікті ұстазы.

4.     «Біз бақытты жанұя!» Суреті арқылы өз баласын тану.

Алдын-ала салынған суреттер бойынша өз балаларыңыздың салған суретін тауып алыңыздар.

 Талдау:

-         Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

-         Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

-         Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

5.     Тест-релаксация «Жұмыртқаны жарып шыққанда...»

Мақсаты: Ата-аналардың берілген суреттердегі жұмыртқаларды таңдауы арқылы өз баласынан күтетін үміт, мақсат-мүдделерін анықтау, қажетті кеңестер беру.

Қажетті нәрселер: Жұмыртқа, тауықтың, тасбақаның, жыланның динозаврдың жұмыртқаларының суреттері.

   Жұмыртқа сөзі, жалпы алғанда, тағам сөзімен сабақтасады. Біз оны күнде көріп жүрсек те, жұмыртқада бір жасырын сыр бар секілді, солай емес пе?

  Бұл оның ешқандай тігісі, сызаты жоқ жұп-жұмыр келген сұлбасынан ба екен? Әлде, ақ қабыққа жасырынған алтынды бейнелегендіктен бе? Әйтеуір, жұмыртқада біз білмейтін бір мағына бардай...

   Сіздердің алдарыңызда тауық жұмыртқасы жатыр. Суреттерден жыланның, тасбақаның, динозаврдың және тауықтың  жұмыртқаларын көріп отырсыздар. Қайсысын таңдар едіңіздер?

  Тест жауабы. Біздің ұлан-байтақ Қазақстан жерінің кейбір өлкесінде жұмыртқаны тұқым деп те айтады, яғни жұмыртқаны болашақ ұрпақтың символы ретінде қарастыруға болады. Сіз таңдаған жұмыртқа түрі сіздің өз балаңызға деген үміт-тілегіңіз, мақсат-мүддеңіздің көрінісі...

1.     Жылан жұмыртқасы. Жылан даналық пен жасырын байлықтың символы және сіз де өз балаларыңыздың осындай құндылықтарға ие болуын қалайтыныңызды көрсетеді.  Тепе-теңдікті сақтай біліңіз және балаларыңыз сізден қарапайым ғана сүйіспеншілікті қалайтынын есте сақтаңыз.

2.     Тасбақа жұмыртқасы. Тасбақа баршамызға белгілі денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің  символы. Сіздің ең негізгі тілегіңіз – балаларыңыздың дені сау әрі мықты болып өсуі.

3.     Динозавр жұмыртқасы.  Сізге  ең бастысы - балаларыңыздың ерекше тұлға  болып қалыптасуы.   Сіз өз балаларыңыздың мектеп-жұмыс-қоғамның штампынан өзгеше болғанын қалайсыз. Тіпті олар қателессе де, қателіктерінің өзі ерекше болады деп күтесіз.  Бұл өте жақсы мақсат, алайда балаларыңыздың тәуелсіздікке бастаған алғашқы қадамы ата-аналарына қарсы шығу болатынын   есте сақтаңыз!

4.     Тауық жұмыртқасы. Сіздің өз балаларыңызға қатысты ерекше фантазия мен амбицияларға толы мақсаттарыңыз жоқ.  Егер олар бақытты болса, содан артық не керек? Болашаққа деген сенімділік пен күнделікті өмірдің кішкентай қуаныштарынан артық көп ештеңе керек емес. Тек бір ғана кеңес береміз –  асқақ армандаудың артығы жоқ...                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай «Ұлы болып қалу үшін ғаламда,

     Ұлы арман керек екен адамға!»

6.     «Қатыгездік қайдан бастау алады?» Пікірталас бөлімі

 Баспасөз беттерінен, күнделікті өмірден түрлі жағдаяттарды мысал келтіре отырып, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың қайдан бастау алатыны   жөнінде пікір алмасу.

 

7.       «Қатыгездіксіз әлемді қалай орнатамыз?» Оқушы шығармаларынан...

Оқушылардың ең үздік шығармаларынан үзінділер келтіріп, ата-аналар пікірін тыңдау.

 

8.     Қорытынды.    Немістің ұлы ақыыны Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенде керемет гүлдер өсіп шығатын.  Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен, сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді...

Адамзат дүниесінің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?  Мен былай дегім келеді...

 Әлемнің бір адамы ретінде

Ақ жүрегіммен сөз беремін

Өзіме, жанымдағыларға

Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.

Қараңғыны нұрландырамын,

Суықты жылытамын,

 Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,

Әр күні өзімнің жан дүниемді

Тазартуға тырысамын.

Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,

Мейірімге бөленеді.

Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Отбасында қатыгездікке жол жоқ!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 828 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2016 2774
    • DOCX 19.2 кбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нықмұқанова Ақтолқын Мұратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12146
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой