Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері. (5-сынып)

Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері. (5-сынып)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері

Қатысушылар:Ата-аналар,мұғалімдер
Жауапты:М.М.Аканова А.С.Исина

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға,отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
1. «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу.

2 .Баланың жаңа ортаға бейімделуі
3. Ата-анамен бала арасындағы байланыс туралы ситуациялық сұрақтар
4.Отбасы тәрбиесі жағдайында әдіс- тәсілдерін ұсыну.
5. Ата-анаға кеңес

6.Рефлексия

Өтілу формасы:Тренинг

І-Топқа бөлу:Топқа ат қою

ІІ-Слайд: Ұлы ғұлама адамдардың сөздеріне сүйене отырып,отбасы тарбиесі туралы түйіндеу.


1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;

Әдістері: Топтастыру,Екі жақты күнделік,

Көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т. б.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған тренингімізге қош келдіңіздер!
Құрметті ата-аналар!

Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету.
Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі — ата-анадан жауапкершілікті талап етеді.
Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда.

Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!
Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.




Адамзат бесігін тербеткен ұя

Үлгі – өнеге бастауы

Жағымды қасиеттерге баулиды
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.

Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
І. Ендеше, осы аталған қасиеттер біздің осы жерде отырған отбасы мүшелерінен табылар ма екен? Сонымен «Бақытты жанұяға» жетудің алғашқы сатысында ата - аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді. Ал бұл кезде балалар да жазбаша сұрақтарға жауап береді:
Ситуациялық сұрақтар қоры:
1. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?
2. Мектепте озат, үлгілі оқушы үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз?
3. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»- десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»- депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
4. Балаңыз үйге мектептен уақытынан кеш келді. Қалай қарсы аласыз?
5. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын» - деп барудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңызға үй шаруасымен айналысуды тапсырдыңыз. Бірақ ол оқитын сабағы көп екенін айтып жасағысы келмеді. Сіздің әрекетіңіз?
7. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің балаңызға достары қонаққа келетінін естідіңіз. Сол сәттегі әрекетіңіз?
8. Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз?
9. Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
10. Балаңыздың досы сізге ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің тарапыңыздан әсер етесіз бе?
11. Сіз балаңыздың күнде сабаққа барғысы келмей, көңіл - күйі төмендеп жүргенін байқадыңыз. Онда тәрбиенің қай түрін пайдаланасыз?
12. Жоғарғы сыныпта оқитын ұлыңыздың темекіге әуестеніп жүргенін білдіңіз. Оны дұрыс жолға қалай саласыз?
13. Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала сынып жетекшісіне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?
14. 9 - сыныпта оқитын кенже ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптасының туған күніне сұранды. Бірақ сіз ондай мерекелерді мектеп оқушысына үйде тойлауға болмайтынын естіп жүрсіз. Қайтесіз? Рұқсат бересіз бе, әлде?


Әңгімелесу сұрақтары:
1. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау неге байланысты?
2. Отбасындағы тату тәтті өмір сүруге басты қасиеттер қандай болу керек?
3.“Қарым-қатынас мәдениетін” қалай құру керек?
4. Мұғалімдердің үлесі қаншалықты?

Екі жақты күнделік:

Оқушыларға:


Ата-аналарға:


1.Сіздің балаңыз сабақ қарауға қанша сағат уақыт бөледі

2.Балаңыздың жақын досы кім

3.Қай пәнді жақсы көріп оқиды

4.Күніне неше сағат компьютер алдында отырады

5.Күнделігін аптасына неше рет тексересіз

6.Қай сабақтан киналады

7.Бос уақытын қалай өткізеді

Келесі ,сөз кезегін мектеп психологына берсек

Ата-аналар «жүрекшелер» арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді. Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын,
Ұл-қызымыз аман болсын!

Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата - ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор. Ендеше, құрметті ата-аналар! Сіздерден сұрайтынымыз балаларыңыздың ұстаздарымен, мектеппен үнемі, жиі байланыс жасауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана сіздің балаңыз тәрбиелі де тәртіпті болып өседі.
Сонымен мен бүгінгі іс- шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 30.10.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров28
Номер материала ДБ-302259
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх