Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Отбасындағы әкенің рөлі жайлы

Отбасындағы әкенің рөлі жайлы



  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Бекітемін»

«Алтын дән» балабақшасы

МҚКК меңгерушісі

___________Дидик С.Г.







Дөңгелек үстел тақырыбы: «Жанұядағы әкенің рөлі»











Өткізген тәрбиешілер: Алдажар Н.Қ

Әбдікенова Б.Т.











2015-2016 оқу жылы



Тақырыбы: « Жанұядағы әкенің рөлі»

Мақсаты: Жанұядағы әке мен ер азаматтың рөлінің мәнін ұғындыру,әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлермен бөлісу.

Өткізу формасы: Дөңгелек үстел

Әдісі:Ой қозғау,пікірталас

Барысы.

Кіріспе бөлім:

1.Әке-шаңырақтың негізгі тірегі» (Әке туралы сөз,әкенің рөлі қандай?)

2.Ашық пікір тыңдау.

3.Сергіту сәті.

4.Отбасындағы әкенің рөлін сипаттап көрсету.

5.Ситуациялық жағдаяттарды шешу.

6.Тренинг: «Қызықты сұрақтар».

7.Сауалнама.

8.Қорытынды

1.Кіріспе бөлім.

Тәрбиеші:»Ана-сая болар бағың болса,

«Әке-асқар тауың» дейді қазақта,

Бір күн бар жылатар күн,жұбатар күн,

Бір күн бар мұңайтар күн,қуантар күн

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын,сәтсіз болсын,

«Әке» деген сөзді қмытар кім?-дей отырып,сіздерге арналған «Жанұядағы әкенің рөлі»атты дөңгелек үстелімізді бастаймыз.

«Жақсыдан жаман туады,бір аяқ асқа алғысыз,

Жаманнан жақсы туады,адам айтса нанғысыз-дейдіхалқымыз.Бүгінгі дөңгелек үстелімізде әке туралы ой қозғалады.Әр шаңырақта әкенің рөлі ерекше.Әке-отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі,қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы,өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын,оған қарап өсетін нысанасы.Баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

2.Ашық пікір тыңдау.

3.Сергіту сәті.(қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру).

«Иә» десеңіздер,қолдарыңызды шапалақтаңыздар.

«жоқ»десеңіздер,аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

  • Газет бетіндегі мақалалардан,теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап,қарап жүресізбе?

  • Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал етеме?

  • Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

  • Егер «әке» десеңіздер,қолды алға созамыз.

  • Егер «ана» десеңіздер,жымиыңыз.

  • Егер «екеуіде десеңіздер,қолдарыңызды шапалақтаңыз.

4.Отбасындағы әкенің рөлін суреттеп көрсету.

5.Ситуациялық жағдаяттарды шешу.

1-жағдаят.

Әкешім,мен бүгін балабақшаға бармай-ақ қояйыншы,өйткені мен кеше апайымды тыңдамай,ойыншықтарды сындырып қойдым.Сіз бұндай жағдайда балаңызға қалай жол көрсетіп,ақыл айтар едіңіз?

2.Балаңыз балабақшадан келісімен,ренжулі,көңіл-күйі жоқ қалпында отыра кетті.Себебі ол өзінің досы Асхатпен ойыншыққа таласып,екеуінің арасында кикілжің туындады.Балаңыз болса Асхатпен енді сөйлеспеймін,ешқашан онымен дос болмаймын деп жылады.Сіз бұл жағдайға қалай қарайсыз?Қандай әрекетке көшесіз?

6.Трентнг:»Қызықты сұрақтар.»

- Балаңыздың туған күні?

-Тәрбиешінің толық аты-жөні?

- Балаңыз қандай өлшемді аяқ киіс киеді?

-Балаңыздың сүйікті асы қандай?

-Балаңыздың тобының аты?

-Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

-Балаңыздың балабақшасы қалай аталады?

-Балаңызды балабақшаға қалай әкелесіз?»жаяу немесе машинамен)

-Балаңызды еркелетіп,қандай сөз айтасыз?

-Балаңыз тектек болып,ашуланғанда ең бірінші аузынызға қандай сөз түсед

Отырған әкелерге парақшалар тарату.

-Өзі қандай әке?

-Баласы қандай?

7.Сауалнама.

8.Қорытынды.

Тәрбиеші: Құрметті,ата-аналар!Әкелер қауымы!сіздерге дөңгелек үстелімізге белсене қатысып,өз ой-пікірлеріңізбен бөлісіп,уақыт бөліп келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз!












Автор
Дата добавления 24.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров262
Номер материала ДБ-050683
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх