Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз»» тақырыбында өткізілген тәрбиелік іс-шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз»» тақырыбында өткізілген тәрбиелік іс-шара

библиотека
материалов


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК










«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз»» тақырыбында өткізілген тәрбиелік іс-шараның материалдары









Дайындаған тілдер циклдық комиссиясының

оқытушысы: Ж.Х.Хусайнова



















2014-2015 оқу жылы


Ойтолғау тақырыбы:

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз»

Мақсаты:

  1. Ата-ана, ұстаз еңбегін үлгі ете отырып, оларды сыйлай білуге әрі құрметтеуге тәрбиелеу.

  2. Ата-ана, ұстаз оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ынтымақтастықты ұйымдастыру.

  3. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтей білуге үйрету. Оқушы бойында адамгершілік, парасаттылық пен ізгілік қасиетін қалыптастыру.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын туғызу.


Түрі: пікірлесу сағаты
Әдіс-тәсіл: әңгімелесу, ойтолғау, сұрақ-жауап, көркем оқу.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты түрлі нақыл сөздер, түрлі-түсті суреттер, мақал-мәтелдер, тақырыпқа негізделген слайдтар.

Жоспары:

1.Кіріспе сөз.

2. «Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.» Баяндама

3.Екі топқа бөлу

4.Ой толғау. І «Ата-аналар»тобы- «Бала адамның бауыр еті»

ІІ «оқушылар» тобы –«Әке-тірек, ана-бақ, бала-шуақ

5.Жағдаяттық тапсырмалар

6. Пікірсайыс

7.Мақал-мәтелдерді толықтыру

ОТБАСЫ – КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ

1. Аймауытов Ж. «Ақбілек» -

2. Бегалин С. «Бала Шоқан» -

3. Момышұлы  Б. «Ұшқан ұя» -
4.Соқпақбаев Б. «Менің атым Қожа» -

5.Айтматов Ш. «Боранды бекет» -

6.Әшімұлы А. «... Жан бөлек» -

7.Қабанбаев М. «Арыстан мен виоланчель және қасапхана» -

8.Ахметова З. «Шуақты күндер» -

9. «Керқұла атты Кендебай» -

10. «Қарттың ұлына өсиеті.» Қазақ ертегілері –
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын тақтаға аудара отырып, пікірлесу тақырыбы мен мақсат-міндетін айтып өту.
ІІ. Таныстыру
ІІІ.Жүргізілу реті.

Қатысатын оқушыларды 3 топқа бөлу

І топ: - ата-аналар

ІІ топ: -Оқушылар


Жүргізуші:
Баланың жақсысы – туған-туысқанның, ата-ананың, жалпы қоғамның-абыройы мен мақтанышы, ал тіл алмайтын, айтқаныңа көнбейтін бала – қайғы-қасірет. Баланы тәрбиелеу үрдісінде табысқа жету үшін әрбір тәрбиелеуші адамның ең алдымен өзінің тәрбиелі болғаны абзал. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтін мәні мен мағынасы осында. Олай болса, ең алдымен екі топқа шығармашылық жұмыс беруді жөн санадық.
Жүргізуші:
Ата-ана, оқушылар тобына «Бала – адамның бауыр еті» тақырыбында өз ойларыңызды жинақтау тапсырмасы берілсе, оқушылар сіздерге «Әке – тірек, ана – бақ, бала – шуақ» деген тақырыпқа өз ойларыңызды зерделеңіздер.
Ал енді әр топ өз шығармашылық жұмыстарын қорғаса екен деймін.

(Әр топ өз ойларын ортаға салып, оны қорғайды)
Мұғалім:
Отбасында сыйластық, бірлік ынтымақ болмаса, тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Баланың тәрбиелі болуы тікелей отбасына байланысты. Олай болса, осы негізде өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар дейміз.
Құрметті оқушылар. Ата-ана, ата-әже, туыс туған, жалпы бізге қамқоршы әрі пана бола білер аялы жандарымыз әрқашан жадымыздан табылуға тырысады. Ендеше, осы орайда отбасындағы кейбір жағдаяттарды шешуде сіздер өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
Жағдаяттық тапсырмалар:

І топқа «Ата-аналар»

Сіздің балаңызға оқу орнынан үнемі білімі нашар, тәртіпсіз деген хаттар келеді.Сіздер не істер едіңіздер?

ІІ топқа: «Оқушылар»

Ата-анаңыз үнемі сіздерге неге сен сондайсың, басқа елдің баласы қандай ақылды,тек қана жақсылықтарын естисің,-деп үнемі ренжиді.Осындай сөзді естігендегі сіздің әрекетіңіз қандай?
(оқушылар ойы)
Мұғалім:
Ынтымақ бар жерде тәрбие бар – ынтымақ бар жерде береке мен бірлік бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Отан жанұядан құралмақ. Бүгінгі таңда ата-аналар бар білімін, ілімін, күш-жігерін игі іске, яғни бала тәрбиесіне, жұмсауда.

Сұрақ:

1.Ел болашағы жастар қолында.Ал сол жастар, «рухани» байлықпен қалыптасады.

2.Олар қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, бүгінгі қоғам қандай келешекті қалыптастыруда? Осы негізде пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар деймін.
(Ата-ана, оқушы пікірі)

Жүргізуші:
Олай болса, тақтада берілген тапсырма бойынша жұмыс жүргізейік. Берілген мақал-мәтелдің жалғасын дұрыс табу қажет.
І топқа:
1. Әдептілік - ………. (әдемілік белгісі)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
ІІ топқа:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
Сіздерге көп рахмет. Бұл берілген тапсырманы жақсы орындап шықтыңыздар.
Жүргізуші:
Халқымызда «Бала қымбат болса, оның тәрбиесі одан да қымбат» деген дана сөз бар. Шынында да солай. Балаларға оқылатын кітап мейлі өлең-жыр, не қара сөз болсын,адамның ойына қозғау салатындай, рухын шыңдайтындай, үміт пен жігереді жанитындай болғаны абзал. Сонда ғана ерік-жігері күшті, ақыл – ойы түзу ұрпақ өсіп шығады. Ендеше, оқушылардың өздері ұнатқан шығармаларынан алынған үзінділерді тыңдап көрейік.
Оқушылардың көркем әдебиеттерден оқыған шығармалардан отбасы туралы үзінділер:

1.ОТБАСЫ – КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ

2. Аймауытов Ж. «Ақбілек» -

3. Бегалин С. «Бала Шоқан» -

4. Момышұлы  Б. «Ұшқан ұя» -
5.Соқпақбаев Б. «Менің атым Қожа» -

6.Айтматов Ш. «Боранды бекет» -

7.Әшімұлы А. «... Жан бөлек» -

8.Қабанбаев М. «Арыстан мен виоланчель және қасапхана» -

9.Ахметова З. «Шуақты күндер» -

10. «Керқұла атты Кендебай» -

11. «Қарттың ұлына өсиеті.» Қазақ ертегілері –
Жүргізуші:
- Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын.
Жүргізуші:
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ата-анамызбен бірлесе отбасымызды,өзімізді тәрбиелейік..

Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ана ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.
Рахмет сіздерге оқушылар.

Сонымен «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз» атты ойтолғау сәтімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер

Оқытушы: Ж.Х.Хусайнова

Автор
Дата добавления 31.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДБ-105270
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх