Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Отбасы-тәрбиенің алтын ұясы" тақырыбындағы шебер сынып

"Отбасы-тәрбиенің алтын ұясы" тақырыбындағы шебер сынып



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Отбасы-тәрбиенің алтын ұясы.


Сабақтың мақсаты:Танымдылық: бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты

ұялату, ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл

мен қыз болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: халқымыздың тәлім-тәрбиесінің ананың

ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін,

өзіндік ұлттық қаситімізді балар бойына дарыту.

Тәрбиелік: отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,

қайырымдылық, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер, топтастыру, суреттер

Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз.


Өнер-білім берем десең басынан

Бер оқуға балаларды жасынан

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы-жаман болса бала солардан-деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Бала тәрбиесі-баршамыз үшін күрделі де, жауапты міндет.

Халық «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған.

Отбасы- бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі.

Ендеше «Отбасы-тәрбиенің алтын ұясы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.


ІІ. Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл.

Сабағымыздың келесі кезеңі «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деп аталады. Адамның жақсы қасиеттерінің бірі-өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлап, қамқорлық жасайды. Ата тегін білген бала, тілін, дәстүрін құрметтеп сақтайды.

Қариялар халқымның қазынасы,

Бабалардың демеу болсын ақ батасы-дей отырып, Ақсақалды атамыздың батасын тыңдап көрелік.

Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол. (Ақбота)


Балаларымыз қуаныш әкелсін, немереліміз жұбаныш әкелсін. (Нұртай)


Қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын. (Жанерке)




Бабамнан басталар

Өз жұртым мыналар

Ең жақын адамдар

Әкем мен Анам бар (Еркеназ)


Әкемнің әкесі

Ақ басты Атам бар

Әкемнің шешесі

Ақ шашты Әжем бар (Дина)


Әкеге мен –бала

Атаға –немере

Немере баласы

Болады шөбере (Айсезім)


Шөбере баласы

Шөпшек деп аталар

Шөпшектің баласы

Немене саналар (Анель)


ІІІ. Топтастыру Отбасы – алтын ұя.

Отбасы мүшелеріне кімдер жатады.


әкпе, ата, әже, сіңлі, ана, әке


Таза ұстаймын үйімді

Мене жұмыс қалмайды

Ілгішке іліп киімді

Көмектесем анама


Елгезекпін-бұл анық

Анамды мен сыйлаймын

Білегімді сыбанып

Ыдысты да жинаймын


Боласың – деп жақсы адам

Қостар анам мұнымды

Кешке балабақшадан

Алып келем інімді


Күн суық қой, тоңбасын

Деп қояды анам да

Інім жігіт болғансын

Көмектесер маған да


Мен мектепте оқимын

Інім болса бақшада

Ақ нама кім жетсін

Әлемдегі жақсы ана


Әкемізге еркелеп

Анамызды тыңдаймыз

Әжем айтар ертек көп

Атамызды сыйлаймыз


Біздің үйде ән тарап

Думандатар өмірді

Біздің үйде салтанат

Біздің үйде көңілді


Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтаған

Анашым деп ән салам-демекші Арман баламыздың ана туралы әнін тамашалаңыздар.


Ән: Арман (Анашым)


ІҮ. Адамның сәні-өнер, білім, ақылы

Жердің сәні-жеміс, өнім дақылы

Сөздің сәні-өнегесі, нақылы

Сөз мәйегі-дана халық мақалы-дей келе ендігі кезегімізді отбасы туралы мақа-мәтелдерге берейік.


Ү. Тыйым сөзде тәлім мол.

Отбасы тәрбиесінде тыйым сөздердің алатын орны ерекше. Тыйым сөздерде тәлім тәрбие көп.

Ешқашан айтар сөзді бос айтпа

Кісіге саусағыңды шошайтпа


Түнде айнаға қарама

Пышақтың жүзін жалама


Жарасады сыпайылық балаға

Ұстазыңа ожырайып қарама –осы сияқты отбасы, шаңырақ туралы қандай тыйым сөздер білеміз.

Есікті керме, аяғыңды көтерме


ҮІ. Суретпен жұмыс. «Бақытты балалық»


Әркім отбасындағы өздеріне ең жақын, ұнайтын адамның суретін салу.

(Үнтаспадан ән айтылып тұрады)


Қорытынды:













57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров134
Номер материала ДВ-471781
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх