Инфоурок Начальные классы Рабочие программыОтбасы- қуаныш ортасы .Өзін-өзі тану

Отбасы- қуаныш ортасы .Өзін-өзі тану

Скачать материал

 Тақырыбы: Отбасы- қуаныш ортасы

                                                         Мақсаты :

1.Бір отбасындағы адамдар  арасындағы тату қарым-қатынасты қалыптастыру.

2.Отбасына байланысты сөздермен сөздік қорлатын байыту. Өлең-тақпақтар, мақал- мәтелдер үйрету арқылы ой-өрістерін , тілдерін дамыту.

 3. Бір-біріне қамқор болуға, өз отбасын мақтан ете білуге тәрбиелеу . «Бақытты отбасы», «Тату отбасы» ұғымдарын терең түсіндіру . «Қуаныш», «Бақыт» құндылықтарының мәнін түсіндіру.

Міндетері:

-Отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

-Отбасы мүшелеріне деген қамқорлық , жанашыр сөзімдерін дамыту.

-Отбасында өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

-Жүйелі , жинақы сөйлеуге, көркем оқуға жаттықтыру.  Отбасы ынтымағына баулу.

Көрнекі құралдар: балалардың өздері үйде  ата-аналарымен бірлесе жасаған «Менің отбасым» атты альбомдары  , үлкен плакатқа салынған үйдін суреті , қиылған жүрекшелер мен гүлдер .

Шаттық шеңбері

Балалар қол ұстасып тұрып А.Асылбековтың «ЖАНҰЯ» атты өлеңін тәрбиешімен бірге қайталайды .

  Сенде де бар жанұя,                    Армысыңдар аналар!

Менде де бар жанұя,                     Армысыңдар әкелер!

Балықта да, малда да,                   Қайырлы таң, аталар!

Құстарда да , аңда да                     Қайырлы таң, әжелер!

Үлкенде де, кішіде де ,                    Қайырлы таң, бауырлар!

Жанұя бар әрбір кісіде.

Жанұя бары шуақ қой

Қуаныш пен қуат қой.

Өзімен өзім

Балалар бәріміз жайғасып отырып , көзімізді жұмып , өзіміздің отбасымызды, яғи тату-тәтті жанұямызды көзіміздің алдына елестетейік . Барлығымыз демалыс күні үйдеміз. Отбасы мүшелері түгел үлкен дастархан басына жиналдық  деп ойлайық .

Бәріміздің жүзімізде қуаныш, бір-бірімізге сүйіспеншілікпен, сыйластықпен қараймыз. Біздің қуанышты сәтімізге ортақтас күн сәулесі де үй ішін жылы шуаққа бөлейді. Қандай тамаша, қандай қуанышты күн!  Ал енді, балалар, көзімізді жайлап ашып ,өзіміздің ойымызды, жүрегіміздегі  сезімдерімізді бөлісейік. ( Балалардың жауаптары тыңдалады.)

Әңгімелеу

Әр бала өз отбасы туралы суретерді  көрсете  отырып, әңгімелейді . ( ата-анасының, бауырларының аты-жөндері, жақсы қасиетері туралы айтып береді .)

Әңгімелеу

                                   Тату-тәтті отбасы

Алан мен Арнұр бес жаста. Олар балабақшаға барады. Балабақша олардың

үйлеріне жақын орналасқан. Оларды балабақшаға атасы мен әжесі апарып, алып келеді. Балабақшада оларға өте көңілді, достары да көп. Сонда да олар үйге жеткенше асығады, өйткені кешке барлық отбасы мүшелері үлкен дастархан басына түгел жиналды. Қызықты әңгімелер айтылады.

Күнделікті кешкі астан кейін атасы мен әжесі немерелерін «күндерім», «құлыншақтарым»  , «ботақандарым» деп еркелете отырып , ертегілер айтып береді. Содан кейін олар ата-аналарының ақылдарын тыңдай отырып, үлкендерге көмектеседі . Гүлдерге су құяды, ойыншықтарын жинайды, өз киімдерін реттеп орындарына қояды да:

                                                     Әкемізге еркелеп,

  Анамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

                                                    Атамызды сыйлаймыз,-деп әндетіп қояды.

Атасы мен әжесі немерелерінің ақылдылығына  сүйісініп қарап,

                    Аиналайындарым, үлкен азамат болыңдар!

                    Өркендерің өссін,-деп баталарын береді.

Әкесі мен анасы да балаларының ақылды азамат болып өсіп келе жатқандарына қуанады. «Балапан ұяда не көрсе ,соны іледі» деп, оларды тарбиелі ,ақылды , отбасында тату-тәтті өсіп келе жатқандарына сүйсіне қарайды.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл қандай отбасы?

-Отбасында кімдер тұрады?

-Атасы мен әжесі немерелерін қалай еркелетеді?

-Алан мен Арнұр қандай балалар ?

-Олар үлкендерге қалай көмектеседі?

-Отбасында сыйластық көріне ме?

-Ата-әжесінің берген баталарын еске түсіріңдер.

-Сендер қандай балаларсыңдар?

-Ата-әжелерін сендерді қалай еркелетеді?

(Балалардың жауаптары тыңдалады.)

Дәйексөз

Тәрбиеші «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық даналығы сабақтың дәйексөзі ретінде алып түсіндіріледі .

Ойын «Менің отбасым»

Тақтаға ілінген плакатқа салынған жүрекшелерді, гүлдерді жапсыра отырып, өздерінің тілеектерін айтады.

Мысалы:

-Мен отбасыма  жақсылық тілеймін  !  Ешкім ауырмасын.

-Мен отбасыма бақыт тілеймін ! Мен отбасымды жақсы көремін . – Мен отбасыма татулық тілеймін! Біз бір-бірімізді сыилаймыз.

-Мен отбасыма жақсылық тілеймін !

-Мен отбасыма ашық аспан тілеймін! Олар менің жүрегімде.

-Мен отбасыма әлемдегі бар жақсыны, бар қуанышты тілеймін!

Сергіту сәті/саусақ ойыны/

                                   Бас бармағым-әкем.

                                    Балан үйрек-анам.

                                   Ортан терек- ағам

                                   Шілдір шумек –апам

                                   Кішкентай бөбек –мен

                                   Бір үйде біз бірнешеуміз?

                                   Бір үйде біз, бесеуміз

                                   Жұдырықтай жұмылған,

                                   Біздер тату жанұя.

Ғажайып сөздер

Балалар отбасы  жайлы үйренген бұрыннан білетін мақал- мәтелдерін , өнегелі даналық сөздерді, өлең- тақпағы айтып береді.

Мысалы:

                Анам маған үлкенді сыйла деген

                Сол сөз маған ізгілік құйған екен.

               Үлкендерден ауысқан кішілікті

               Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Әкем-шешем және мен                                      Әке-асқар тау,

Тату-тәтті тұрамыз.                                                 Ана-шалқар көл,

Сыйластықпен, махабатпен                                Бала- жағадағы құрақ.

Сауық-сайран құрамыз.

Балапан ұяда не көрсе,                                      Ана көрген тон пішер.

Ұшқанда соны іледі.                                           Әке көрген оқ жонар.т.б

Қорытындылау

-Балалар, біздер бақытты, тату отбасы туралы әңгімелестік .

Отбасындағы татулық -тәрбиенің бастауы екен. Отбасында бір- бірін сыйлауда құрметтеуге аялауға үйретеді. Біз отбасымызды жан-жүрегімізбен жақсы көреміз .

Жүректен жүреке

Балалар қол ұстасып тұрып Е.Өтетілеуовтің «Біздің шаңырақ» өлеңін тарбиешімен бірге айтады.

Атамнан басталар,                           Әкем мен анам бар.

Әжеммен қосталар                         Бір туған ағам бар.

Отбасым мыналар-                         Бір туған апам бар.

Ең жақын адамдар:                         Бәрін жақсы көремін,

                                                              Еркелеймін еремін!

Бәріне денсаулық , бәріне амандық, бәріне татулық, бәріне махаббат, бәріне жақсылық тілеймін!!!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отбасы- қуаныш ортасы .Өзін-өзі тану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2015 5797
    • DOCX 26.5 кбайт
    • 69 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарбаева Айгуль Оразалиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 104178
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 115 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 143 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 221 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 412 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов