Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Отбасылық-қоғамдық тәрбие негіздері - ғылыми-әдістемелік әзірлеме
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Отбасылық-қоғамдық тәрбие негіздері - ғылыми-әдістемелік әзірлеме

библиотека
материалов


Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Зеленобор мектеп-гимназиясы












Отбасылық-қоғамдық

тәрбие негіздері

(бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал)










Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі

Хасенова Аягоз Бельгибаевна













2013 жыл


Мазмұны


І. Кіріспе

Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы..............................................................................2 бет

ІІ. Тәрбие жұмысымның жүйесі...............................................................................3 бет

1. Тәрбие жұмысымдағы мақсат пен міндеттерім

2. Атқаратын қызметтерім

3. Ұстанатын заңдылықтарым

ІІІ. Отбасылық-қоғамдық тәрбие

1. Отбасылық-қоғамдық тәрбие беруде қолданатын әдістерім, амалдарым және тәсілдерім ......................................................................................................................4 бет

а) педагогикалық білімдер университеті

ә) дәріс

б) конференция

в) тәжірибелік сабақтар

г) ашық сабақтар мен сынып сағаттары

ғ) жеке тақырыптық кеңестер

д) ата-аналардың қоғамдық тапсырмаларды орындауы

ІҮ. Қорытынды мен әдістемелік нұсқаулар.........................................................10бет

Ү. Қолданған әдебиеттер тізімі...............................................................................11 бет


Қосымшалар

Сыныптан тыс іс-шаралар


І. «Балалық шаққа саяхат»........................................................................................12 бет

ІІ. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»..............................................15 бет








Кіріспе


Білім беру жасындағы баланы тәрбиелеу- жалпы тәрбие үрдісінің ең негізгі кезеңі. Сондықтан мұғалім алдымен жалпы тәрбие үрдісінің теориясы мен жетекші идеясын және білім сатысындағы оқушылардың жас ерекшеліктерін, соған орай балаға педагогикалық қолдау көрсетуді қатар білуі тиіс.

Тәрбие – бұл өмірлік шығармашылық. Сондықтан мұнда бала бейнесі, адам бейнесі деген ұғымдар педагогикада соңғы жылдарға дейін өз мәнінде әр қырынан айтылмай келеді. Біз баланы тәрбие субъектісі емес, объектісі ретінде көріп келдік. Тек соңғы жылдары ғана оған субъекті ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын басты қасиеттер мен сапаларды айқындауға ұмтылыстар жасалып келеді.

Аса ірі ойшылдардың бірі Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»- деген.

Бала тәрбиесі ең алдымен отбасындағы ата-анасының ықпалымен жүзеге асырылып, қоғамдық тәрбиемен ұштасып жатады. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген халық даналығына мән беретін болсақ, мектеп табалдырығын аттаған баланың бойында әке мен шешеден берілген «сүтпен біткен мінездің» берік негізі қалыптасқан. Өйткені, әр дәуірде, әр кезеңде ата-ана арман-мақсаттарын ертеңгі мұрагерлерінің тәлім-тәрбиесіне негізделген саналы тіршілігімен тығыз байланыста қараған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақалдың түп-төркіні осында.

Өйткені «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген халықта тұжырым бар. Атаның батасы, әженің әңгімесі, әкенің тәлімі, шешенің өнегесі – бала тәрбиесіндегі ықпалы зор халықтық мұра. Мектепте берілетін білім және тәрбие негізі де осы мұра.

Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Олардың алтынға бағалануы неде? Екеуі де қасиетті әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып,жетілдіріп жатса, мектеп пен қоғамдықтың ақылы мен білімі, тәжірибесі азаматтық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім азамат тәрбиелеп шығарады.

Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ, міндеті – біреу. Сондықтан білімді игерту мен тәлімі мол тәрбие беру ісі ата-ана мен оқытушыларды бірдей толғандыруы тиіс. Ортадағы жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасалатын еңбектің маңыздылығы екі жақтың балаға сүйіспеншілігінде.

Мейірімін білдіріп, жүрек жылуын жеткізуге уақыт қажет секілді көңіл бөлмей жүрген ата-аналар қаншама. Мұндай бала аялы алақан қызуын басқадан іздейтінін, әсіресе мұғалімнен күтетінін тәжірибе көрсетіп жүр.

Сондықтан да отбасылық – қоғамдық бағытта тәрбиелеу, яғни жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта отырып тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күн тәртібіне шығып отыр.


Тәрбие жұмысымның жүйесі


Тәрбие - бұл тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс. Тәрбиенің негізгі категорияларын төменгі жүйе ретінде қарастырып, өзімнің тәжірибемде қолданамын.


Жалпы алғанда тәрбие дегеніміз- тұлғаны қалыптастыруды, әлеуметтік және рухани тәжірибені, құндылықтар мен қатынастарды меңгерулері бойынша тәрбиеленушілердің белсенді әрекетін ұйымдастыруды және ынталандыруды мақсат еткен тұлғаның өзінің және қоғамның мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес ұйымдастырылған тәрбиелік ықпалы бар өзара қарым-қатынас.

Тәрбие жұмысымдағы басты мақсатым - жастардың бойында

азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, отбасылық-қоғамдық тәлім-тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Ата заңға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.


Алдыма қойған мақсатқа жетудегі негізгі міндеттерім:

  • балалардың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптасыру;

  • әрбір тұлғаның қарым-қатынас, құқықтық, экономикалық, экологиялық, талғам мәдениетін жоғары деңгейге жеткізу;

  • ата-аналардың отбасылық мәдениетін және гендер мәселесіндегі сауаттылықтарын қалыптастыру;

  • тәрбиеленушілердің рухани-адамгершілік, этномәдениет, ұлтаралық қатынас пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру;

  • ата-аналардың және оқушылардың сыни ойлау дағдысы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • өзімнің кәсіби қабілеттілігімді үнемі жетілдіріп отыру.


Тәрбие үрдісінде атқаратын негізгі қызметтерім:

  • атадан әкеге, әкеден балаға мұра болып келе жатқан ұлттық мәдениетті сақтау, жалғастыру;

  • тәрбиеленушілердің тән және психикалық денсаулықтарын қорғау;

  • алдымда отырған бала тұлғасын заманымызға сай әлеуметтендіру;

  • кішкентай бүлдіршіндердің жан-жақты (сыныптық, мектептік, отбасылық, қоғамдық) қызметін ұйымдастыру;

  • ата-аналармен тығыз байланыста болу үшін түрлі жағдайлар жасау;

  • әдейі ұйымдастырылған қоғамдық құнды адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.


Балаларды тәрбиелеудегі ұстанатын заңдылықтарым:

  • бала бойында басқаға қажетті екеніне сенімдерін қалыптастырып, оны жағымды әсер етумен және сүйіспеншілікпен тікелей байланыстыру;

  • тұлғаны қалыптастыру үрдісін әсерлі және нәтижелі жүзеге асыру үшін оқушылардың түрлі қызметтерін неғұрлым мазмұнды етіп құру және ұйымдастыру;

  • тұлғаны қалыптастыру әсерлі және нәтижелі болу үшін тәрбие үрдісінде тәрбиеленушінің парасаттылық және сезім белсенділігін үнемі дамытып отыру;

  • жас жеткіншектерді тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін баланың қабілетін дамытуға әкелетін өзінің белсенділігі, күш-жігері арқылы мәдениетке және әлеуметке ендіру ;

  • тәрбие үрдісі нәтижелі әрі құнды болу үшін мектептің, отбасының және қоғамдық орындардың жұмысын үйлесімді етіп ұйымдастыру.


Отбасылық-қоғамдық тәрбие беруде қолданатын әдістерім, амалдарым және тәсілдерім


Қазіргі кезде балаға отбасылық-қоғамдық тәрбие беруде мектептің, отбасының және қоғамның мақсат пен міндеттері бірдей. Кез келген ата-ана өз баласының жан – жақты дамыған, бойларында рухани байлық, жан дүниесінің тазалығының және дене бітімінің әсемділігінің үйлесімді болуын қалайды. Бірақ та бұл тілектерін жүзеге асыру өте қиын. Бұл жерде ата-аналарға қоғамның көмегі қажет. Мұндай көмек Қазақстан Республикасының Ата Заңымен ескерілген. ҚР «Білім беру туралы» заңында «Ата-аналардың жаппай педагогикалық оқытылу жүйесінің кеңейюі отбасы тәрбиесін жақсартуда маңызды рөл атқарады» деп көрсетілген.

Сонымен, оқушылардың отбасындағы тәрбиесінің әсерлі болуы алдымен мектепалды мекемелердің және мектептің көмегі негізінде ғана ойдағыдай бола алады.

Мектеп және ата-ананың бірлескен қызмет үрдісі ата-аналарды оқу-тәрбие жұмысына, мектепішілік және қоғамдық жұмыстарға, сабақтан тыс бос уақытты ұйымдастыруға, балалар мен мұғалімдердің бірлескен қызметтеріне белсенді қатысуына бағытталуға тиісті.


Тәрбие- тұлғаны қалыптастырудың тұтастық идеясына бағынатын, тәрбие үрдісінің мақсат, міндет, мазмұн, форма, әдістер бірлігін білдіреді.

Өзімнің жұмысымда ата-аналармен бірлескен қызметті келесідей ұйымдастырып аламын:

Бірінші кезекте, сынып оқушыларын және өзінің балаларын отбасылық-қоғамдық тәрбиелеу бойынша мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасыларды зерделеу жұмыстарын жүргіземін. Бұл бағыттағы жұмысымда алдымен ата-аналарды мектепке шақырып жеке әңгімелесулер жүргіземін. Әңгіме тақырыптары сан алуан болуы мүмкін, мысалға: «Балаңыз мектепке барғанда», «Балаңыздың мектептен алған әсерлері», «Отбасыңыздағы бос уақыт» немесе «Балаңыздың қызығушылығы» т.б.

Екіншіден, өзінің балаларын отбасылық-қоғамдық

тәрбиелеуге қажетті адамгершілік әлеуеттілігіннің мүмкіндіктері қағидалары бойынша отбасыларын топтастырып аламын. Мұндай жұмыс жүргізген өте қолайлы. Осындай жұмыс барысында өзіме келесідей кесте ретінде сыныптың әлеуметік паспортын құрып аламын:


Аз қамтылған отбасы

Көп

балалы отбасы

Жетім балалар

Толық

емес отбасылар

Тұрмысы төмен

отбасы












Мектептің және отбасының бірлескен қызметі отбасы тәрбиесінің микроклиматы мен жағдайларын, ата-аналар мен балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерделеп алудан басталады.

Тәрбие жұмысымның барысында ата-аналармен жұмыстың мазмұны негізгі үш топқа бөліп аламын: ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жоғарлату, ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту, ата-аналарды мектептің басқару жүйесіне қатыстыру. Әрбір блокты қызметтің түрі мен үлгілер жүйесі ретінде ұсынғым келеді.












-педагогикалық білімдер университеті

-дәрістер, семинарлар,тәжірибе алмасу

-конференциялар

-ашық сабақтар мен сыныптық шаралар

-жеке тақырыптық кеңестер

-шығармашылық топтар

-ата-аналар жиналыстары

-үйірмелер, секциялар, бірлескен шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру

-материалдық-техникалық қорды нығайту

-отбасылық-қоғамдық істерге қатыстыру

-игіліксіз отбасыларға қамқоршы болу

-мектеп кеңесі

-қоғамдық бақылау комитеті

-сынып кеңестері, сыныптық ата-аналар комитеті

-отбасы мен мектепке қызмет көрсету кеңесі


hello_html_30ced864.gif


hello_html_750bf144.gif

hello_html_m60d90223.gif


hello_html_mecca5c0.gif

hello_html_m51fa86d.gif

hello_html_m19c801d3.gif



hello_html_m427a1681.gifhello_html_mecca5c0.gif


hello_html_m4fc14351.gif


hello_html_m19c801d3.gif





Сонымен қатар ата-аналармен көпшілік, топтық және жеке жұмыс түрлері мен әдістерін жүргіземін. Олардың барлығы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жоғарлатуға, мектеп, отбасы және қоғам арасындағы қарым-қатынасты жоғарлатуға, олардың тәрбиелік әлеуетін нығайтуға және сыныптағы балаларды тәрбиелеуге ата-аналарды тартуға бағытталған.


Педагогикалық – бұл ата-аналарды психологиялық-

Білімдер педагогикалық ағарту түрі. Ол ата-аналарды

университеті қажетті педагогикалық біліммен қаруландыруға көмектеседі. Ата-аналардың мектеппен, қоғамдықпен қатынас жасауына, тәрбие жұмысындағы ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы бірлескен әрекеттеріне ықпал етеді. Педагогикалық білімдер университетінің сабақтарын ұйымдастырудың түрлері айтарлықтай көп: дәрістер, әңгімелер, тәжірибе алмасу, ата-аналарға арналған конференциялар және т.б.


Дәріс – тәрбиедегі кандай да бір мәселенің мәнін ашатын психологиялық-педагогикалық ағарту түрі. Ең жақсы дәріс оқушы- мұғалімнің өзі. Дәрісті даярлаған кезде оның құрылымын, логикасын есепке алып отырамын. Дәрістің қажетті жағдайларының бірі- отбасының тәрбие беру тәжірибесіне сүйену. Дәріс оқыған кездегі сөйлесу ырғағын- жай ұстап, орташа дауыспен, көңілді әңгіме тәрізді немесе ортақ мақсат көздеген адамдардың арасындағы қарапайым әңгімесі ретінде ұйымдастырып отырамын.

Дәрістің тақырыптарын сан алуан етіп аламын, ата-аналарды шынайы қызықтыратын және көкейкесті болуға мақсат көздеймін, мысалға: «Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктері», «Баланың үйдегі, мектептегі және қоғамдық арасындағы өзін-өзі ұстау ережелері», «Көше тазалығы – ортақ іс», «Бала және табиғат», «Саналы ұрпақ тәрбиелеу», «Ұлттық тәрбие және отбасы» және т.б.


Конференция- ата-аналардың бала тәрбиесі туралы білімдерін кеңейтетін, тереңдететін және бекітетін педагогикалық ағарту түрі болып табылады. Конференциялар ғылыми-практикалық, теориялық, оқырмандық, тәжірибе алмасу, аналар конференциялары, әкелер конференциялары түрлерінде ұйымдастырып келемін. Конференцияларды жылына бір рет өткіземін, алдын ала дайындалып аламын, ата-аналардың белсенді қатысуын алдын ала есепке алып отырамын. Оған балалардың жұмыстарының, ата-аналар сөресі атты көрмелерін әзірлеп, көркемөнерпаздар бағдарламаларын ұйымдастырымын. Мұндай жұмыстар ата-аналардың ризашылықтарын айқын көруге мүмкіндік береді. Сондықтан да ата-аналар мектепке болсын, сыныпқа болсын өздерінің көмектерін ұсынып жатады. Мысалға: ата-аналардың күшімен сынып бөлмесіне жөндеу жұмыстары жасалады, балаларға мерекелер ұйымдастыруда ата-аналар шетте қалмай музыкалық бағдарламаларға, қойылымдарға белсенді қатысып жатады. Сонымен қатар табиғатқа серуенге баруда, мемлекеттік табиғи және жануарлар мұражайларына экскуриялар, ауылдық сенбіліктер де ата-аналардың көмегімен, бірлескен еңбектері арқылы жүзеге асырылып отырады. Бұл орайда балалардың ата-аналарына деген сүйіспеншіліктері айтарлықтай молаяды. Ал ата-аналар өздерінің балаларын үйден тыс жерлерде әр қырларынан танып біліп жатады.

Конференциялар тақырыптарын нақты белгілеп аламын, мысалы: «Бала өміріндегі ойынның рөлі», «Отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбиесі», «Отбасындағы еңбек тәрбиесі», «Отбасындағы қоғамдық тәрбие» т.б. алдын ала дайындалып келген ата-аналарға «Менің отбасылық тәрбиедегі іс-тәжірибем» атты баяндамасын оқуға мүмкіндік туғызамын.

Осы орайда тағы айта кеткім келетіні, ата-аналар өздерінің балаларының тәрбиесіне, өсіп жетілулеріне, жан-жақты дамуларына көптеген жағдайлар жасайды. Олардың көпшіл, қоғамшыл азаматтар болуға әбден ниетті. Сондықтан сыныбымыздың балалары да, ата-аналары да ауылымыздағы мәдениет ошақтарына үнемі барып, іс-шараларға өздерінің мүмкіндіктерінше ат салысып жатады. Мысалға айта кететін болсам: спорт кешеніндегі түрлі секцияларға, соның ішінде хауызға, еркін күрес бойынша үйірмелерге, тренажер залдарына, үстел теннисіне біздің сыныптың балалары да, ата-аналары да жұмасына бір рет барып отырады. Бұл балаларға өте жақсы үлгі деп есептеймін.­ Өйткені балаларымыз көпшілікте болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың ортасында болуға мүмкіндік алады. Осы жерде «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халқымыздың мақалын келтіріп кету өте орынды болар.

Мектепте ата-аналармен отбасылық-қоғамдық жұмыстар жүйелі әрі мазмұнды болса оның жемісін де зор қуанышпен көруге болады.


Келесі ата-аналармен жүргізетін жұмысымның түрі тәжірибелік сабақтар деп аталады.


Тәжірибелік - бұл ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі

сабақтар педагогикалық икемділіктерін, туындайтын педагогикалық ахуалдардан табысты шығып кету іскерліктерін шыңдайтын жұмыс түрі.

Педагогикалық сабақтар барысында ата-аналармен түрлі жанжалдық жағдайлардан шығудың жолдарын қарастырамыз, ең тиімдісін табуды іздестіреміз. Ата-аналар ішінен де өз тәжірибесімен бөлісетіндерге сөз беремін. Жиынның соңында ата-аналардан сауалнамалар алып отырамын. Оның тақырыптары әртүрлі етіп аламын, мысалға: «Сіз балаңызға кімсіз: ата-ана ма, әлде жолдассыз ба?», «Отбасы-міндет пе, бақыт па?» , ата-анамен баланың қарым-қатынасын анықтайтын тесттер мен сауалнамалар және т.б. жұмыстарды жүргіземін.


Ашық сабақтар мен - ата-аналарды жаңа оқу бағдарламасымен,

сынып сағаттары балаларға қойылатын талаптарыммен,

сабақты оқыту әдіс-тәсілдеріммен таныстыру мақсатында ұйымдастырамын. Сонымен қатар ата-аналардың сыныптан тыс іс-шараларға қатысулары да әсерлі нәтижелер береді. Олар: «Әкем, шешем және мен» спорттық ойын, «Балалық шаққа саяхат» , «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» ертеңгіліктері, «Табиғат- адамзаттың анасы» атты эскурсияларға бару және т.б. Тәрбиенің мұндай жолдары ата-ана мен баланың, ата-ана мен мұғалімнің, мұғалім мен баланың арасындағы қарым-қатынасты жақындата түседі, бір-бірін жақынырақ тануға көмектеседі.


Жеке тақырыптық - көп жағдайда қандай да ахуалданшығудың

кеңестер жолдарын ата-аналармен әңгімелесе отырып тауып аламын. Ата-аналармен кеңестер жүргізу өзіме де, ата-аналарға да пайдалы. Ата-ана баланың мектептегі тәртібі және мектеп жұмысы туралы ақпарат алса, мен ата-аналардан - әрбір баланың мәселесін тереңірек түсіну үшін қажетті мәліметтер ала аламын.

Ақпарат алмасқаннан кейін екі жақ болып бір шешімге келудің жолын қарастырамыз. Ата-аналармен қарым-қатынас жасауда өте ұстамды, кішіпейіл, әдепті болуға тырысамын. Мәселені ортақтастыруға жағдайлар жасаймын. Табысты кеңесудің басты шарты- бір-бірімізге деген сенімді қарым-қатынастың болуы, өзара сыйластық, қызығушылық, құзыреттілік.

Айта берсек ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар түрлері көп. Соның ішінде: отбасыларды аралау, ата-аналармен хат алмасу, ата-аналар жиналыстары, жиналыстарда жиі өткізетін рөлдік ойындар және т.б.


Ата-аналардың - педагогикалық мәдениетті жоғарлатудың бұл

қоғамдық түрі балаларды тәрбиелеу бойынша іскерлікті

тапсырмаларды қалыптастырады, белсенді педагогикалық

орындауы ойлауға дағдыландырады. Отбасылық-қоғамдық тәрбиенің қажетті ұстанымдарының бірі «Әр ата-анаға - мектептік тапсырыс!» Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін ата-аналар жиналыстарының соңында өткізілетін сауалнамадан кейін алдын ала тақтаға жазып қойған «Пайдалы істер» атты тізімін ашып қоямын.


Кезекшіліктер жүргізу

Үйірме басқару


hello_html_6bafbc6b.gifhello_html_m53787671.gif

Ертеңгіліктер өткізу


hello_html_m7ccdacb8.gif

Қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру


hello_html_mb60b119.gifhello_html_m311f0002.gif


Көрнекі-құралдар дайындауға көмек

hello_html_4885e2cd.gifhello_html_m3667e188.gif

Демеуші болу





Ата-аналар берілген тізімді оқып ішінен қалағандарын таңдап алады да қағаздарына жазып береді, өздерінің ұсыныстарын енгізеді. Осыны есепке ала отырып ерікті түрде әрбір тілек білдірген ата-анаға қоғамдық пайдалы еңбектер беріледі. Сондықтан осындай шараларға неғұрлым көп ата-ана қатысса, соғұрлым көбірек пайда болады. Осындай жұмыстарды жүргізудің келесідей нәтижелерін көруге болады.




Отбасылық – қоғамдық тәрбиенің соңғы нәтижесі - Қазақстан Республикасының болашақ азаматының тұлғасының негізі ретінде тәрбиеленушілердің белсенді азаматтық тұғыры және патриоттық сезімдері.




Қорытынды


Сонымен, ұсынылып отырған тәрбие жұмысымның жүйесі бастауыш сынып ата-аналарының педагогикалық біліктіліктері мен білімдерін кеңейтуге және отбасылық – қоғамдық тәрбиенің ықпалын анықтап, оның тиімділігін дәлелдеуге, оларды сол тәрбиеге даярлауға көмектеседі. Халқымыздың санғасырлық жинақталған отбасылық тәрбие дәстүрімен қаруландырады.

Біз өміріне жауапты және міндетті бүлдіршіндеріміз қазақстандық патриотизмге және азаматтық белсенділікке тәрбиеленеді, қоғамдық өмірге және заманның өзгерістеріне бейімделеді. Рухани – адамгершілік құндылықтарымен сусындайды. Жан – жақты дамыған, кез келген әлеуметтік жағдайларға әлеуметтенетін тұлға тәрбиелеп шығарсақ – еңбегіміздің жанғанын көре аламыз және болашағымыз жарқын боларына нық сенуге болады.


Отбасылық – қоғамдық тәрбие беру бағытында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарым:


  1. Әрбір отбасының әлеуметтік деңгейін және біліктілік дәрежесін анықтап алу.

  2. Ата-аналармен тығыз және жағымды қарым-қатынаста болу.

  3. Мектеп – отбасы – қоғамдық орындар байланысын жасау.

  4. Отбасында ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынас мәдениетін анықтап алу.

  5. Тәрбие үрдісінің құрылымын құрып алу, тәрбие жұмысы барысында түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану.

  6. Ата-аналар мен балалардың бірлескен жұмыстарын жиі ұйымдастырып отыру.

  7. Әрбір отбасы бойынша мәліметтер қорын жасау.

  8. Түрлі жұмыс нәтижелерін саралап, диагностикалап отыру.

  9. Тәрбие үрдісінде отбасылық - қоғамдық тәрбиеге және этнопедагогикаға сүйене отырып өзіндік бағдарламалар әзірлеу.












Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. М.Г.Коджаспирова «Педагогика в схемах, таблицах и опорных конспектах» Москва, 2007 жыл.

  2. О.С. Газман «Гуманизация воспитания в современных условиях» Москва, 1995жыл.

  3. Мақалалар жинағы. «Отбасылық қарым-қатынас мәдениеті» Алматы, 2000 жыл.

  4. Ф.Т. Саметова «Бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» Алматы, 2004 жыл.

  5. К.Жүнісова «Жаңа бастауыш білім мазмұнын тәжірибеге енгізудің кейбір мәселелері» Бастауыш мектеп, № 1, 1998 жыл.

  6. Б.И.Иманбекова «Тәрбиеге жетекші» Алматы, 2004 жыл.

  7. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңнама.

Алматы, 2003 жыл.

  1. Журнал. «Ауыл мектебі» № 3, 2004 жыл.

  2. Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының анықтамасы.

  3. Әдістемелік құрал. «Очаг, согревающий душу» Алматы, 2006 жыл.

  4. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» Алматы, 2000 жыл.

  5. «Бабаңнан саған не қалған» Алматы, 2003 жыл.






















Балалық шаққа саяхат ( Қосымша № 1)


І. Мақсаты: Оқушылардың қоммуникативті мәдениеттерін қалыптастыру. Қоршаған ортадағы адамдарды, өзінің отбасын, жолдастарын, ұстаздарын бағалай білуге тәрбиелеу. Отбасылық-қоғамдық тәрбие беру.


ІІ. Болжамды нәтиже: Қоршаған дүние туралы көзқарастарын, отбасына, туыстарына және ата-аналарына деген қарым-қатынастарын жақсарту.


ІІІ. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Сынып оқушылары алдын ала ата-аналарының балалық шақтары, әсіресе қазіргі өздерінің балалық шақтары туралы сұрастыру. Балалар алынған естеліктерді үлкен кітап түрінде безендіреді. Кітапты ватманнан жасауға болады, бір әңгіме бір бетке. Суреттерді жалпы бір атаумен «Менің ата-аналарымның балалық шақтары» болады. Ата-аналарының балалық шақтары туралы барлық оқушылар жазады. Содан соң оларға түрлі тапсырмаларды орындау ұшін кішкене топшалар құрау ұсынылады.

1-топ: - «Ата-аналарымыздың балалық шақтары» атты фото көрме ұйымдастыру.

2-топ - әндерді іздестіру. «Балалық шақ әуендері» атты музыкалық бағдарлама дайындау.

3-топ - «Балалық шаққа саяхат» атты мерекеге шақыру билеттерін дайындау.

4-топ – мерекенің ересек қатысушыларына арнап айырықша сыйлықтар жасау.

5-топ – мереке уақытында блиц-интервью дайындау және жүргізу.

Мереке барысы

Балалар ата-аналарына шақыру билеттерін табыс етеді.

Ата-аналар сыныпқа музыка әуенімен кіреді.

І. Жүргізушінің кіріспе сөзі:

Армысыздар қадірменді қонақтар, балалар және ұстаздар қауымы! Бүгінгі бәріміз жиналып отырған мерекеміз «Балалық шаққа саяхат» деп бекер аталмаған. Балалық-қайран балалық! Өзің сондай ыстықсың, сондай қызықтысың. Бір сағатқа, жоқ бір минутқа мейлі бір сәтке өзіңе оралсам ғой! Сенің әрбір сәтің көз алдымда. Жаңбыр астында жалаң аяқ жүгіргенім, жасыл шөпте доп теуіп жүргіргенім, орманда бүлдірген тергенім, анамның құшағына келіп балалық өкпелерімді айтқаным, достарыммен сыр шерткенім бәрі-бәрі де есімде. Сені ұмыту қиын. Сен есіме түскенде жан дүнием сондай ыстық, сондай нәзік бір сезімге бөленіп, бар тұла бойым қайта-қайта өзіңе ұмтылады. Әтең-ай, әттең әп сәтте өттің де кеттің. Оралмайсың, оралмайсың! Енді, міне, ересек өмір басталып, үлкен өмір-өзен ағымында ағып бара жатырмын. Қош, Балалық, қош! – дей отырып, құрметті, ата-аналар, бүгін бәріміз бір сағатқа күнделікті өмірдің мәселелерін тастап, балалық еліне саяхатқа шығайық. Сіздерден сұрайтынымыз барлық сайыстарға белсенді қатысып, өмірбаяндарыңызбен кішкене болсын бөліссеңіздер.


ІІ. Ата-аналарға блиц-интервью жүргізу:

  1. «Балалық» деген сөзге сізде қандай ассоциациялар пайда болады?

  2. Сізді бала кезіңізде қандай аттармен атаушы еді?

  3. Қазіргі кезде бала кезден дос болған қандай жолдастарыңызбен кездесесіздер?

  4. Балалық шақта немен айналысқанды жақсы көрдіңіз?

  5. Бала кезінде жақсы көрген көйлегіңіз қандай болды?

  6. Бала кезіңізде анаңыз сізді көп жазалаушы ма еді?


ІІІ. Музыкалық сыйлық:

Ата-аналардың балалықтан әндерін орындау. Ата-аналар қосылғысы келсе балалармен бірлесе айтуға болады. Жалғыз айтқылары келсе олай да айтқызуға болады.


ІҮ. Балалар мерекеге дайындаған суреттер кітабын ата-аналарына көрсетіп таныстырады. Өздерінің шығармаларына салған суреттерді көрсетеді.


Ү. Фотосуреттер көрмесін ашу.

«Ата-аналарымыздың балалық шақтары» атты көрме сюрприз ретінде дайындалып, кездесудің негізгі сыйлығы болу керек. Балалар суреттерді көрсете отырып, суретте кім екенін, қай жылы түсірілгені туралы айтып береді.


ҮІ. «Бір-біріміз туралы не білеміз?» - сайыс

Сайысқа қатысуға ата-аналармен балалардың балалық шақтары туралы білімдерін көрсете алатын отбасылары шақырылады.

Балаларға сұрақтар

  1. Балалықта әкең мен анаң қандай кәмпиттерді жақсы көрді?

  2. Бала кездерінде жақсы көрген әндері қандай? Білесің бе?

  3. Әкең немесе анаң бала кездерінде немен айналысқанды жақсы көрген?

  4. Мектепте қандай сабақтарды ұнатқан жоқ?

  5. Сүйікті мұғалімдерінің ата-жөні.

  6. Әкең мен анаңның кішкентай кездерінде кличка немесе лақап аттары болды ма?

  7. Балалық шақтан есте қалған кездерін білесің бе?

  8. Әкең мен анаңның ең жақсы жолдастарының аттары қалай?

  9. Анаңның сүйікті түсі қандай?

  10. Әжеңнің сүйікті тағамын ата.

  11. Анаңның сүйікті ойыншығы қандай болған?

  12. Әкеңнің жақсы досы кім болған?

  13. Бала кездерінде қандай ойындарды жақсы көрген?



Ата-аналарға сұрақтар

  1. Балаңыздың сүйікті киімі.

  2. Балаңыздың білдірген ең үлкен тілегі№

  3. Балаңыздың сүйікті тағамы.

  4. Балаңыздың жан жолдасы кім?

  5. Ең қатал жазаларыңыз.

  6. Мектептегі сүйікті пәні.

  7. Ұнататын мұғалімі.

  8. Балаңыз қандай әнді жақсы көреді?

  9. Немен айналысқанды жақсы көреді?

  10. Балаңыз сізді жиі алдайды ма?

  11. Қатты ренжіткен жағдайы болды ма, қандай?

  12. Таңертең төсектен қай аяқпен түседі? Байқадыңыз ба?

  13. Балаңыздың жүрісін көрсетіңіз.

ҮІІ. Сынып мұрағатын толықтыру. Фотоға түсу.


ҮІІІ. Сурет салу сайысы.

Отбасылар бойынша топтарға бөлу. Карточка тартып алады. Қандай сөз шықса сол сөзді салу керек. (3 мин.)


ІХ. Кім шапшаң? – ойын

Ата-аналарды жұптастырып арқаларына доп салып бір-бірін итеру арқылы жару керек. Қол тигізуге болмайды. (5 жұп)


Х. Балалық әуендері. Ән шашу.

Ата-аналарды сахнаға шығарып бала кездерінен естерінде қалған бір ән, тақпақ немесе күлкілі оқиғаны айтып беру.

ХІ. Әділ-қазыларға сөз беру. Марапаттау қағаздарын табыс ету.


ХІІ. Мерекеге рефлексия.

Мереке басында ата-аналарға түрлі – түсті жұлдызшалар таратылады. Ертеңгілік соңында ата-аналар келесі сұрақтарға жауапты сол жұлдызшаларға жазады.

  1. Мерекеден қандай әсер алдыңыздар?

  2. Балалар, әке- шешелерің туралы жаңа мәлімет алдыңыдар ма?

  3. Осындай кездесулерге қатысқыларыңыз келеді ме?

Соңында таза ватман плакатқа әсерлеріне сәйкес жұлдызшаларды жапсырады., тілектерін білдіреді, қолдарын қояды. Сыныпқа тілектері білдіреді.

Қоштасу. Музыка ойналады.


hello_html_185e2869.gif

( Қосымша № 2)


Мақсаты: ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу. Ата-аналардың білімділігін тексере отырып, жаңа мағлұматтармен қаруландыру. Туған елінің тарихын, әдеп-ғұрыптарын

Қатысушылар: ата-аналар, оқушылар, ұстаздар

Қажетті құрал жабдықтар:тапсырмалар, сандықша, конверттер, асықтар, қазақша үстелдер, көрпелер, плакаттар (ұлағатты сөздерді жазып қою)

Сынып сағатының барысы:

(сахнада сазды әуен, «Сарыарқа» күйі орындалады).

І, ІІ жүргізушілер ортаға шығады.

І-жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен-кіші , жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтары

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

ІІ-жүргізуші: Жаңарғаны сананың

Ұмытады мұны кім?

Ата-салтын бабамның

Алып келді, осы күн.

Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

«Шаңырақ сыны» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

(Ортаға отбасылары шақырылады. Әр отбасы жайғасып отырғаннан кейін, әдіо қазылар алқасын таныстыру басталады.

Содан кейін осы сайыстың басталу салтанатына қарт әжелер тілегін айтып, батасын беріп, шашу шашады. Шашу шашып жатқан кезде әдемі, нәзік әуен ойнатып қою).


ІІ-жүргізуші: Той деп көңіл шіркін тасады,

Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Арамызда, бүгін болар сайыстың

Сөзден жүйрік, жыршы бетін ашады!

(Ән сабағының мұғалімі Жанар апайдың орындауында «Ауыл тойы» әні. ән орындалғаннан кейін жүргізушілер тойдың өтілу барысымен таныстырып өтеді).

І-жүргізуші:

1-кезең: «Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер».

(Әр отбасы өзін-өзі таныстырып өтеді. Осы кезеңде өздерін өлеңмен немесе басқа бір түрде таныстыру керек).

Айдын мен Гүлбаршынның орындауында «Қазақтың дастарханы»- әні.

ІІ-жүргізуші:

2-кезең: «Ата мұраң – асыл қазынаң».

Ұлттық киім киген Айзат және Марлен сандық және конвертті алып шығады. Әр отбасынан балалар ортаға шақырылады. Сандық ішінен нөмірленген асықтарды алып шығады. Асықтың нөміріне сәйкес конверттегі тапсырманы алып отбасына оралады.бір-бірімен ақылдасып сұраққа жауап береді.

Конверттегі тапсырмалар:

1. «Байғазы» және «Көрімдік» салт-дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?

2. «Бастаңғы» және «Қыз ұзату» салтының мазмұнын түсіндіріңіз және атап беріңіздер...

3. «Жасау» және «Енші» салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығын атаңыз...

4. «Иткөйлек» және «Қырқынан шығару» ғұрып- салттарының мағынасын түсіндіріңіз...

5. «Тәбәкір» және «Ерулік» ғұрып- салттарының мағынасын түсіндіріңіз...


Музыкалық көрініс. Балалардың орындауында «Қазақтық дәстүрлері-ай» әні


І-жүргізуші:

3-кезең: «Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер».

Әкелерге тапсырма: домбыраға тиек жасау.

Аналарға тапсырма: көрпешеге ою ойып тігеді.

Балаларға тапсырма: жұмбақтар шешкізу.

Үзіліс: балаларға асық ойнату.

ІІ-жүргізуші:

4-кезең: «Халық тәлімі- тәрбие бастауы»

І-жүргізуші: атақты тәлімгеріміз Ахмет Байтұрсынов «Ырым етсең, адал ет, амандықтан аман ет» - деп тегін айтпаған ғой.

Күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған халқымыздың кейбір тәрбиесін, тыйым мен сөздерін алып қарасақ, көтерген мәселесі бала жанына, зердесіне ізгілік, инабаттылық дәнін себу.

Бала – біздің болашағымыз.

Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»- деген дана мақал бар.

Олай болса, «балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын атада қыран болу керек» - деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған.

Әр отбасының балалары ортаға шақырылып, сандықшадан нөмірленген асықтарды алуына байланысты тапсырмалар алады.

Бала тәрбиесіне байланысты тапсырмалар мен сұрақтар және жауаптар

1 а) Үйде ысқырма!

ә) үйдегі жан басын санама! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Жауабы: а) Үйде ысқырма – үйге жылан келеді дейтін ұғым бар. Жалпы қазақ ұғымында жылан- дұшпан. Немесе айдалада ысқырған желдей ұлыған қасқырдай баспанасыз қаласың деген ырым.

ә) Көп балалы ата-аналар жан басын санағанды жек көрген. «Көз тиеді», «Көп екен», «Сұқтанба» деп қорыққан.

2 а) Нанды бір қолыңмен үзбе!

ә) Нан уағын тастама! – осы тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіздер...

Жауабы: а) Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей.

ә) Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастама, «обал» болады, «жеп қойсаң, бай боласың» деп тәрбиелеген.

3 а) Қайтыс болған адамға топырақ салғанда, керекті табаныңмен баспа! Күректі табаныңмен баспа! Күректі екінші адамға қолыңмен берме!

ә)Бейіт топырағын сәндеме, ескі зиратты жөндеме!-тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз...

Жауабы: а) Өлімге ризалық білдірме дегенді білдіреді. Соңғы қызметіңді өтеп тұрғанда күшіңді аяма деген сөз.

ә) Өлім тілейді деген мағынада.

4 а) Желі, көгенді аттама!

ә) Малды теппе, ақты төкпе! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Жауабы: а) Желі- құлын байланатын арқан, ал көген- қозы , лақ бекітілген арқан.

ә) Бұлардың басында сүт сауылады, ал сүт - өмір өзегі, оны аяқ астыасты етуге болмайды.

5 а) Жатқанда аяғыңды басңнан биік көтерме!

ә) Тізеңді құшақтама! – тыйым сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Жауабы: а) бұл сөз басыңды қорлау, өйткені «Дос- басқа қарайды, дұшпан- аяққа қарайды» деген мақал тегін айтылмаса керек.

ә) Тізе құшақтау жаман ырым болып саналған, жалғыз қалудың белгісі т.б.

Ата-аналарға арналған сұрақтар:

1. Сұрақ: Отбасыңызда өз ұлтыңызды құрметтейтін қандай игі дәстүрді жалғастырып келесіз?

2. Сұрақ: Балаңыздың бойынан ұлтыңызға тән қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

3. Сұрақ: Үйде әдет-ғұрып туралы қандай тәрбие бересіздер?

4. Сұрақ: Ұлтымыздың тілін, дінін мүлде жойып ала жаздадық. Не себептен деп ойлайсыз?

5. Сұрақ: Балаларымыздың бойына ұлттық салт-сананы қандай жолдармен дарытуға болады?

І-жүргізуші:

5-кезең: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». әрбір отбасынан балалар шақырылып, асықтар алып сандар қасиетіне байланысты тапсырмаларын анықтайды.

Жалпы барлық отбасыларына бірдей тапсырма: шешен-би сөздерінен үзінділер, бата түрлері.

Сандар қасиетіне тапсырмалар және оның жауаптары:

  1. 5 қаруды атаңыз...

(мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта).

  1. 7 жетімге не жатады?

  • тыңдаусыз қалған сөз жетім

  • киюсіз қалған бөз жетім

  • иесіз қалған жер жетім

  • басшысы жоқ ел жетім

  • аққу-қазсыз қалған көл жетім

  • елінен айырылған ер жетім

  • замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.

  1. 3 арсызды, 3 жамандықты атап беріңіз?

  • ұйқы арсыз , тамақ арсыз, күлкі арсыз;

  • нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған жұртты бұзу.

  1. Ұлтымыз қандай сандарды киелі деп санайды? Неліктен?

3,5,7,9,12,30,40, т.б.

5. 7 атаңызды атап беріңіз?

Музыкалық үзіліс: сынып қыздарының орындауында «Қамажай» биі.

6-кезең: «Өнер кезеңі»

Тапсырма: Тақырыпқа сай әр отбасының ән, би немесе өлең оқуы.

Қазылар алқасы қорытындысын тыңдау. Жүлделерді анықтау, марапаттау.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Білім беру жасындағы баланы тәрбиелеу- жалпы тәрбие үрдісінің ең негізгі кезеңі. Сондықтан мұғалім алдымен жалпы тәрбие үрдісінің теориясы мен жетекші идеясын және білім  сатысындағы оқушылардың жас ерекшеліктерін, соған орай балаға педагогикалық қолдау көрсетуді қатар білуі тиіс.

Тәрбие – бұл өмірлік шығармашылық. Сондықтан мұнда бала бейнесі, адам бейнесі деген ұғымдар педагогикада соңғы жылдарға дейін өз мәнінде әр қырынан айтылмай келеді. Біз баланы тәрбие субъектісі емес, объектісі ретінде көріп келдік. Тек соңғы жылдары ғана оған субъекті ретінде мән берілуде және оның өзегі болып табылатын басты қасиеттер мен сапаларды айқындауға ұмтылыстар жасалып келеді.

Автор
Дата добавления 05.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1192
Номер материала 173553
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх