Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Отчет Д на уровневых курсах
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Отчет Д на уровневых курсах

библиотека
материалов

Адрейсова Гульжанат Алданқызы мұғалім портфолиосы Д есебі

1 топ І деңгей

Қарағанды қаласы 27.05.2014 ж

Бұл өзгерістерді қалай еңгізетін боламын?


Қазіргі білім беру жүйесінің басты ұстанымы – жаңашылдыққа бет бұру, білімді және тәрбиені әлемдік деңгейге жеткізу. Оқытудың Кембридждік тәсілі бізді осыған үйретеді. Алты апта бойы алған білімімнің деңгейін саралай отырып, мектепте жасайтын жұмысымның жоспарын құрып, ол жоспар іске асса қандай нәтижеге жететінімді белгілеп алдым. Жоспарым ойдағыдай іске асса төмендегідей нәтижелер күтемін:

  • Мектеп мұғалімдері деңгейлік курстардың маңызын терең түсінеді және ол курстарды оқуға қызығушылық танытады.

  • Олар өз сабақтарында топтық жұмысты, СТО стратегияларын сауатты пайдаланып, ұтымды қолдана алады.

  • Мұғалімдер жаңа тәсілдерді жетік меңгеріп, сабақ үрдісінде тек қана бағыт бағдар беруші ретінде болады.

  • Мұғалімнің кәсіби шеберлігі артып, зерттеу жұмыстарына бейімделеді.

  • Олар «ХХІ ғасырда оқушыны қалай және неге оқыту керектігін түсіне алады.

  • Оқушылардың оқуға деген ынта жігерлері артып, сыни ойлап, білімдерін өмірлік жағдайларында пайдалана алатын, оқудағы жаңашылдыққа қызығатын, дұрыс қабылдайтын, құрдастар пікірін сыйлап, санасуға үйренген, өз ойын еркін жеткізе алатын, өзін-өзі және өзгелерді әділ бағалай алады.

  • Мұғалім мен оқушы арасында өзара түсіністік негізінде адамгершілік қарым-қатынас орнайды, оқушылардың тіл байлықтары артып, мәдени және рухани саналары толықтырылады.

Міне, осындай нәтижеге жетуде, қандай іс-әрекет жасаймын деген мақсатпен арнайы жұмыс жоспарын жасадым, І-ше бетпе-бетте құрған мектепті дамыту жоспарыма біршама өзгерістер еңгіздім.

Мектеп көшбасшылары тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектептеріндегі мұғалімдерге тәжірибелерін өзгертуге ҚАЛАЙ көмектесуге болатынын білуге тиіс. Ал мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін НЕ істеу керек екенін білуге тиіс. Сонымен өзгеріс енгізу үдерісін ойдағыдай жүргізе білу үшін көшбасшылар мен мұғалімдер енгізіліп жатқан

өзгерістердің мақсатын анық түсінуге тиіс. Бірінші деңгей бағдарламасы бізге жаңа тәсілдерді енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізу дағдыларын ұсынған болатын. «Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болады», - делінген мұғалімге арналған І-деңгей нұсқаулық 37-ші бетінде.

Ең алғаш мектеп мұғалімдерімен семинар өткіздім. Бұл семинарда мұғалімдерді үш айлық курстардың мақсаты және міндетімен таныстырдым, мұғалімдерге бейнероликтер көрсете отырып, әлем өзгеріп жатыр, біз де өзгеруіміз керек екендігін түсіндірдім. Сонымен қатар, мектептегі алты апталық тәжірибе кезеңінде жасайтын жұмыстарыммен таныстырдым.

Мектеп психологымен бірлесіп алған сауалнама нәтижесін талдай отырып, фокус топтың жұмыс мақсатын анықтадым.Ол «Топтық жұмыс, СТО стратегиялары арқылы оқушының сөйлеу дағдыларын дамыту», сондықтан өзіммен бірге даму жоспарымды іске асыру үшін маған көмек беретін фокус тобыма қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Т.А-ны, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А.А-ны және тарих пәнінің мұғалімі Ж.С-ты мүше болуға шақырдым. Бұл мұғалімдерді таңдау себебім, оқушының тіл байлығының қаншалықты деңгейде екенін осы сабақтардан байқауға болады. Ол кісілердің келісімін алып, алғашқы отырыста Пит Дадлидің нұсқаулығын басшылыққа алып, Lesson Study дегеніміз не, оның мақсаты неде, оны жүргізетін фокус топтың жұмысының бағытын түсіндіремін. Келесі отырыста бақылауға алынатын оқушыларды бірлесе отырып анықтаймыз. Фокус топ мүшелерінің сұранысы бойынша мектеп мұғалімдерімен 17 сәуір күніне «СТО стратегиялары» атты шеберлік сабағын өткізуді жоспарыма еңгіздім. Сабақ барысында мұғалімдерге СТО-ның бірнеше стратегияларын өздерін оқушы ретінде қатыстырып, топқа бөліп түсіндіремін. Сабақта қолданып, оларды тиімді пайдалану қандай нәтиже беретіндігін түсіндіре аламын деп ойлаймын, себебі кез-келген теориялық материалды практикалық түрде көрсету арқылы ғана тез есте қалдыруға болады. Сабақ соңында бірнеше мұғалімнен жазбаша пікір алып, кері байланыс жасау үшін арнайы дәптер бастап қойдым. Барлық мұғалімдер осы стратегияларды түсініп, сабақта пайдаланса, оның тиімділігін түсінсе шеберлік сабағымның жақсы өткендігінің нәтижесі болады деп ойлаймын. Әсіресе фокус топ мүшелері көп мағлұмат алу керек, себебі олар зерттеу сабақтарын өткізген кезде осы стратегияларды сабақ үрдісінде дұрыс және тиімді пайдалана алады деп сенемін.

Бірінші деңгей тыңдаушысы ретінде атқарған жұмысымның ең бастысы екі коучинг өткізу. Алғашқы коучинг деңгейлік курс бағдарламасының 7 модулінің бірі «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» аясында «Критериалды бағалау» деген тақырыпта болады. Мақсатым: Критериалды бағалау туралы мұғалімдерге кең көлемде мағлұмат беру. Теориялық мағлұматты, практика жүзінде көрсетіп, тиімділігін жеткізу. Коучингке 14 мұғалім және 1 ата-ана қатысады. Ата-ананы қатыстыруды көздеп отырғанымның да өзіндік себебі бар: ата-аналар арасында баласының бағасына келіспеушілік жағдайлары жиі кездеседі, критериалды бағалау осы проблеманы шешудің бірден бір тиімді тәсілі және де коучингке қатысқан мұғалімдердің бірнешеуі критериалды бағалауды сабақтарында сауатты пайдалана алса, тиімділігін көрсе, коучинг тақырыбы дұрыс алынған деп есептелінер еді. Жоспар бойынша коучингті «Шаттық шеңберімен» бастап, мұғалімдерді 3 топқа /5 адамнан/ бөліп, жұмыс жасатамын. Қолданылатын «Миға шабуыл» стратегиясы, критериалды бағалау туралы практикалық жұмыстар, бейнероликтер, топтардың жасаған постерлері – барлығы да мұғалімдер үшін аса қызықты болады. Рефлексия жүргізуде «Білім ағашын» пайдаланамын, өйткені осы стратегия шын мәнінде мұғалімдердің алған жаңа ақпарат бойынша қаншалықты ілгерілегендіктерін көрсетеді.

Екінші коучинг даму жоспарымның басымдығы бойынша алынған тақырыпта болады. Яғни, «Баланы кітап оқуға қалай үйретеміз?» деген тақырыпты таңдап алдым. Коучинге 9 мұғалім шақырылады.Коучинг басында топқа бөлуді әртүрлі ән жолдарын топтастыру арқылы өткізіп, әнді айтқызу арқылы жақсы психологиялық атмосфера орнатамын, қатысушаларды үш топқа бөлемін. Тақырыпты ашу үшін арнайы стратегия пайдаланып, «Кітап» деген сөзді анықтап ашып, кітап оқудың қаншалықты пайдасы бар екенін айта келе, слайдтан шет елдерде кітап оқуға тарту үрдісі қалай жүргізіледі, қандай шаралар мен акциялар өтетіндігі туралы теориялық материал еңгізіледі. Келесі кезекте әр топқа «Резолюция» жасап, оны қабылдауды ұсынамын. Қолда бар материалдарды пайдаланып үш топ, үш түрлі үндеу қабылдайды. Резолюция тақырыбы «Мектебіміздің оқушыларын кітап оқуға қалай тартамыз?» болады. Коучинг соңында осы үндеуде көрсетілген шараларды келесі оқу жылында мектептің даму жоспарына қосу керек деген шешім шығарып отырмын, себебі әр мұғалім осы резолюцияға өзінің ойында жүрген шараларды жазады, яғни кейін осы шараны іске асыруда көмек береді.

Мұғалімді зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндік беретін Lesson Study-ге қатысатын фокус топ мүшелерімен теориялық семинардың бірнешеуін өткіземін. СТО стратегиялары, топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілдері туралы көп мағлұмат беремін. Бұл жерде маған көмекші ретінде тарих пәнінің мұғалімі Ж.С көмектеседі, себебі ол мұғалім СТО стратегияларын толық меңгерген, курсын бітіріп, сертификат алған. Өз отырысымызда зерттеу мақсаты «Топтық жұмыс, СТО стратегияларын пайдалану арқылы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, арттыру» деп алдым. Бұл мектептің даму жоспарының басымдылығы негізінде алынды. Даму жоспарым ойдағыдай іске асса, өткізілген әртүрлі шаралар арқылы оқушылар өз ойларын ашық айтып, сөйлеу мәдениеттері артады, оқу машықтары дамиды, тіл байлықтары өседі. Осы проблема қаншалықты шешілгендігін бақылау үшін, фокус топ мүшелері ретінде гуманитар сабақтардың мұғалімдері алынып отыр. Мектеп директорымен келісе отырып, оқу ісінің меңгерушісі ретінді сабақ кестесіне аздаған өзгерістер еңгіздім. Зерттеу сабақтарын алдын ала жоспарлап, күндері белгіленді. Сабақ барысында пайдаланатын ресурстармен / постер, маркер, магниттер, смайликтер, стикерлер/ өзім қамтамасыз етемін. Енді бақылауға алынатын сыныпты, оқушыны алу керек. Пікірлесе отырып, тәлімалушы К.С-дың тізбектелген сабақтар топтамасын өткізген 6 сыныпты алуды ұйғардық. Мұның да өзіндік себебі бар, өйткені бұл сынып СТО стратегияларын түсініп қалды, топта жұмыс жасау ережелерін біледі. Ал енді бақылауға алынатын «А» оқушы ретінде Д-ны, «В» оқушы ретінде А-ны, «С» оқушы ретінде Ж-ны аламыз деп шештік. Біздің міндетіміз «С» деңгейіндегі оқушының тіл байлығын дамытып, жоғарғы деңгейге жеткізу болды. Бұл оқушыны таңдап отырған себебіміз де бар, оның ата-анасы үнемі сынып жетекшісіне баласының сабақта үндемей отыратынын, белсенділік танытпайтынын айтады. «А» деңгейдегі оқушы өзінің ойын сауатты және жетік тілмен жеткізе отырып, өзін көрсете алады, баяу қоғалса да бәрін ретімен ұқыпты орындайды. «В» деңгейдегі оқушының белсенділігі өте жоғары, тым асығыстық танытып, тапсырманы үстірт орындағанды жақсы көреді. Міне, осы оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін бақылап, СТО стратегиялары, топтық жұмыстардың осы проблеманы шешуде қаншалықты тиімді екенін анықтаймыз.

Ең бірінші сабақ 5 мамыр күні қазақ әдебиеті сабағы болады, пән мұғалімі Т.А. Қалған үш мұғалім бақылаушы болып қатысады. Сабақта АКТ, СТО стратегиялары, бағалау парақтары пайдаланылады. Сабақ барысында үш оқушының барлық іс-әрекетін бақылап отырып, арнайы кесте толтырамыз. Бірінші LS-ты аяқтаған соң, төрт мұғалім отырып, зерттеуді талдаймыз. Келесі сабақ 8 мамыр күні Қазақтан тарихы сабағы болады, пән мұғалімі Ж.С. Сабақ толығымен СТО стратегияларын пайдалану негізінде өтеді. Мұғалім тек қана бақылаушы, бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Үшінші LS 10 мамыр күні орыс әдебиеті сабағы болады, пән мұғалімі А.А. Осы үш зерттеу сабағынан фокус топ мүшелері мынандай сұрақтарға жауап күтеміз: барлық сыныппен келесі оқу жылдарында да жұмыс жасағанда оқушылардың белсенділігін жоғарылату үшін, өз ойын ашық жеткізуге үйрету үшін, сөйлеу дағдыларын дамыту үшін оларды топтарға жетекші ретінде қою керек па, сабақтарда топтық жұмыстарды жиі пайдаланып, СТО стратегияларын еңгізе отырып, оқушылардың қызығушылықтарын көтеруге болады ма? Оқу жылының соңындағы қорытынды педагогикалық кеңесте осы жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесін мұғалімдерге жеткізіп, осы тәжірибені келесі оқу жылында мектептің әдістемелік жұмысына кіргізуге болады ма деген ашық пікір талқылаймыз.

Жұмысының басым бағыттарының бірі – тәлімгерлік ету. Өз өтініші бойынша мені тәлімгер ретінде алған мұғалім К.С өзіммен қатар «Өрлеуде» үшінші деңгей тыңдаушысы ретінде мектептегі тәжірибе кезеңін менімен қатар бастады. Мені тәлімгер етіп алуының басты себебі: жас мұғалім болғандықтан, оқу ісінің меңгерушісі қызметіндегі менен әдістемелік көмекті қажет ететіндіктерін айтты. Өзінің І-ші бетпе-бетте алған білімін пайдаланып орта мерзімді жоспарын, әрбір сабағының қысқа мерзімді жоспарымен таныстырды. Бірлесе отырып, аздаған түзетулер еңгізіп, сабақ өткен сайын талдаулар ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отырамыз деп келістік. Тізбектелген төрт сабақтың барлығында 7 модуль толығымен қамтылу керек екенін де тәлімалушыға түсіндірдім. Мұғалім сабақ барысында СТО-ның сан алуан стратегияларын, топқа бөлудің түрлі әдістерін, сергіту сәттерін, жоба қорғаудың, бағалаудың бірнеше түрін пайдалануды көздеп отыр. Осы тізбектелген сабақтар барысында мен мынандай сұрақтарға жауап іздеймін: сынып оқушылары жаңа тақырыпты өздері меңгере алады ма, топтық жұмыстар, СТО стратегиялары оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын көтере алады ма, сөйлеу дағдыларын дамыта алады ма; мұғалім тек қана ұйымдастырушы-бағыттаушы қызметін атқарады ма?. Тәлімалушының ең соңғы сабағына ата-аналарды қатыстырып, сабақ соңында сұхбат аламын.Себебі, олар сабақтың үнемі осындай түрде өтіп отырса, балаларының бойынан пәнге деген қызығушылықтарын оянғанын байқады ма, тек биология емес, барлық сабақтар осындай түрде өтсе екен деген пікірге қосылады ма екен. Оқушылардан да видеосұхбат аламын. Барлығының да айтқан ортақ пікірі – топтық жұмыстар ұнады, сабақтар қызықты болды, көп нәрсені өз бетімізше үйрендік, бір бірімізге көмектесе білдік десе, СТО-ның, топтық жұмыстың балаға оң әсер ететіндігі байқалады. Топта оқушы өзінің жауапкершілігін жақсы сезінеді, жаңа тақырыпты түсініп алу үшін ізденеді, өз еңбегінің нәтижесін көре алады, ең бастысы сабақта мұғалім емес, оқушы көп сөйлейді, ойын ашық айтады. Сонда «ХХІ ғасырда оқушыларды қалай оқытамыз?» деген сұраққа сын тұрғысынан ойлау стратегияларын ұтымды пайдаланып, топпен жұмыс жасату керек деген ғана азғантай ойымды айтқым келеді.

Баланың тілін дамытудың басты құралының бірі – кітап оқу екендігі белгілі. Мектепті даму жоспарымның басымдығы осы бағытта болғандықтан, көптеген қызықты шараларды жоспарыма еңгіздім. Соның ішінде мектеп мұғалімдерінің көмегімен «Кітап-біздің досымыз» топтамасы бойынша сынып сағаттары, «Руханият өлкесіне саяхат» тақырыбында 4-7 сынып оқушылары ауыл кітапханасына саяхат жасап, кітапханашы С.С-мен кездеседі. Мектеп кітапханашысы К.Г ұйымдастырумен өтетін «Кітап-асыл қазына» атты сайысында ол кісінің жоспары бойынша 7-8-9 сынып оқушылары топта отырып, жұмыс жасайды. Осы кезде де оқушыларды топқа бөліп, топта жұмыс жасауға үйрете отырып, керемет нәтижесін көруге болады. Барлық сынып оқушылары өз топтарының намысы үшін белсенді жұмыс жасауға тиіс. Кітапханашы жоспарына аздаған өзгеріс еңгіздім, сайыс соңында менің ұсынысым бойынша ортақ үндеу қабылдасақ – яғни, барлық оқушылар жаз бойы ең аз дегенде бір кітап оқып, оның мазмұнын келесі оқу жылында келгенде айтып беруді өздеріне мақсат етіп алса. Ата-аналармен де осы тақырыпта дөңгелек стол ұйымдастырамын , өйткені алдағы уақытта баланың кітап оқуға қызығушылығын оятуда бірігіп іс-қимыл жасау керек, ата-аналарды осындай іс-шараларға тарту арқылы мектеппен отбасы арасындағы байланыс нығаяды.

Осы жұмыстарды жай ғана өз мектебімде ғана жүргізбей, басқа мектептерде осындай проблема бар ма, бар болса, қалай шешімін тауып жатыр деген ой болып отыр. Сол үшін желілік қоғамдастық аясында жасалатын жұмыстарды белгілеп, келесі оқу жылынан бастап осы практика кезінде жинақтаған тәжірибемді, зерттеу жұмыстарын басқа мектептерге таратсам деген үміттемін. Қазіргі таңда біздің ауданда «Шашубай мектеп-балабақша» кешені аясында желілік қоғамдастық жұмыс жасайды. Оның басты мақсаты: «Шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету». Қоғамдастық жетекшісі Н.С-мен интернет арқылы байланыс жасап, желілік қоғамдастыққа мүшелікке қалай кіруге болады деген ұсыныс жасаймын. Келесі оқу жылында осы қоғамдастыққа міндетті түрде кіріп, аудан көлеміндегі мектептерге тәжірибе алмасу мақсатымен коучингтер өткізіп отырамын. Сонымен қатар педагогикалық шеберлік орталығының блоктарына кіріп, интернет арқылы бір топта оқыған әріптестеріммен үнемі жүйелі байланыс жасап отырамын. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл», дегендей, мектептегі тәжірибе кезеңіндегі кездескен қиындықтарды жеңуде, оңай әрі тиімді шешім табу үшін бірге оқып жүрген әріптестерімнің көмегі көп тиді. Осы жұмыс жасайтын алты апта ішінде мектептің әдістемелік жұмысына жаңаша серпін еңгізетін сияқтымын, өйткені мұғалімдер тарапынан келесі оқу жылында барлық сабақтарда жаңаша оқытудың, бағалаудың тиімді жолдарын пайдаланамыз деген ұсыныс берілсе, оларда қызығушылық басым екені көрініп тұрады. Жұмысымның нәтижесінің осындай оң бағыт беретініне өзім сенімдімін.

Қорыта айтатын болсам, барлық жасалған іс-әрекет оқушының дамуына үлес қосып, мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттырып жатса, мектепті дамытып, алға жылжытса – міне, осындай кезде ғана адам өз еңбегінің зая кетпегенін біледі. Ал бұл үрдіс жалғасын тауып, дамып, дәстүрге айналып кетсе – қуантарлық жайт. Бұл уақыт еншісіндегі шаруа.

Пайдаланған әдебиет

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

  2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар

Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров458
Номер материала ДВ-117522
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх