Инфоурок Другое КонспектыОтчет Е для учителя уровневого курса

Отчет Е для учителя уровневого курса

Скачать материал

 

Еңгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады?

 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауының қорытындысында: мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет делінген (МАН, 6 бет).  Бірінші деңгей бағдарламасы оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді даярлайды. Яғни, біз жаңа ғасыр мұғалімдері, заман талабына сай білім алуына оқушыларға жағдай жасап, бағыт беруіміз қажет.

Бірінші деңгей бағдарламасы  7 модульді қамтитыны белгілі. Соның ішіндегі бірінші модуль «Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер». Осы жаңа әдістердің ішіндегі кең тарағаны, оқушыға оң ықпал ететіні, тәрбиелік жағынан балаға ұйымшылдық, сыйластық, адамгершілік қасиеттерді бағалауға үйрететін – топтық жұмыс. Осы әдісті бұрында оқыту тәсілі ретінде сабақтарымызда қолдандық, бірақ осы курста топтық жұмыстарды басқа қырынан таныдық десем артық емес. Сонымен қатар сын тұрғысынан ойлау стратегиялары туралы да бұрын естідік, бірақ оларды тек арнайы курстан өтіп келген мұғалімдер ғана пайдаланатын. Ал қазір осы стратегиялар мен топтық жұмыстардың қаншалықты нәтижелі әрі табысты екендігіне өзіміздің көзіміз жетіп отыр.

5 сәуірден бастап мектептегі тәжірибе кезеңін өткізу үшін өз мектебіме келдім. Жұмысымды мектеп директоры А.Б- мен кездесуден бастадым. Жұмыс жоспарыммен , зерттеу тақырыптарын, жұмысымның жалпы мазмұнымен таныстырып, өз жұмысыма ол кісінің тарапынан қолдау алып, белсенділікпен кірістім. Әрине, аса зор қызығушылықты мектеп мұғалімдерінен күттім. Себебі, менің әріптесім К.С «Өрлеуде» ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша білім алып келді, ол да 27 наурыздан бастап мектепте практикада жүр екен. Алғашқы аптада әріптесім мұғалімдермен коучинг өткізіпті. Ол кезде топқа бөліп, сан түрлі жұмыстар жүргізіп, бағалау түрлерін көрсетіп, мұғалімдер арасында қызығушылық оятыпты. Сондықтан, мектеп мұғалімдері менен де қызықты жаңалықтар күтіп отырғанын сездім. Ең бірінші педагогикалық кеңесте арнайы бір мәселе ретінде «Деңгейлік курстардың мақсаты мен міндеті» деген тақырыпта мұғалімдермен пікір алмасу өткіздім. Ұстаздар қауымын жаңа форматтағы курстарда не оқыдық, не үйрендік, енді не істейміз деген сауалдардың жауаптарымен таныстырдым. Мектеп мұғалімдері бірауыздан менің жұмысыма сәттілік тіледі, менің жүргізетін барлық жұмыстарыма қолдау білдіретіндіктерін танытты, тәжірибелі ұстаздар жас мұғалімдерді жүрексінбей осы курстарға барып алыңдар деген пікір айтты.

Жалпы мектептің қазіргі таңдағы жағдайын, жаңаша оқытуға көзқарастарын, дайындығын анықтау үшін сауалнама алудың қажеті жоқ деп есептедім, себебі біздің мектеп шағын жинақталған мектептер қатарына жатады, оқушы контингенті аз, материалдық-техникалық жағдайы сын көтермейді, мектеп мұғалімдерінен біз ғана деңгейлік курстарға ең алғашқы болып барып отырмыз.  Бұдан туындайтын мәселе – мұғалімдерге оқып келген жаңалықтарымды дұрысты жеткізе білуім керек, олар деңгейлік курстардың тиімділігін, жаңаша оқытудың тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс, өз сабақтарында топтық жұмысты, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалана алу керек деп есептедім. Келешекте өз беттерінше Lesson Study зерттеу сабақтарын жүргізе отырып, мектепті дамыту мақсатында жемісті әрі табысты еңбек етуі тиіс. Осы үрдіске алғаш болып қозғау салатын әріптесім К.С және мен болатынымызға қуанышты болдық. Ал мұғалімдер өздері де келешекте осындай курстарға барса, қазіргі бізден үйренетін білімдері көп көмек болады деп есептеп, қызығушылық таныта бастады. Оқыту мен оқу тәжірибесіне еңгізілген өзгерістердің сапалық ықпал ету дәрежесі мен қорытындыларын көрсету үшін, мектепте жүргізген бір жұмысымда талдап көрсетейін.

Lesson Study сабақты зерттеу тәсілі. Бұл тәсілді жүргізуге қатысатын фокус топ құрылды. Оған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Т.А, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А.А, тарих пәнінің мұғалімі Ж.С және мен болып кірдік. Ең бірінші топ мүшелеріне бұл тәсілдің шығу тарихымен, жүргізу барысымен таныстырдым. Бірлесе отырып зерттеу жүргізетін сыныпты, бақылауға алынатын үш оқушыны анықтадық. Зерттеу тақырыбымызды «Топтық жұмыс, СТО стратегиялары арқылы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» деп алдық. Бұл тақырыпты таңдау себебімізді әрқайсымыз әртүрлі түсіндірдік, бірақ мақсат біреу. Мысалы, тарих пәнінің мұғалімі балалар сабақ айтқанда жалпақ тілге көп сүйенеді десе, қазақ тілі мұғалімі оқушылардың сөйлеу, өз ойын ашық жеткізу деңгейі төмен деді. Орыс тілі мұғалімі оқушылармен тіл дамыту жұмыстарын жүргізу керек десе, мен бұл тақырып өзімнің мектепті дамыту жоспарымның басымдығымен байланыстырдым. Ақылдаса келе, зерттейтін сыныпты да таңдап алдық. Ол алтыншы сынып болды, себебі 3 қана сабақ арқылы бұл проблеманы зерттеу мүмкін емес, ал бұл сынып тәлімалушы К.С-ның тізбектелген сабақтар топтамасын өткізген сыныбы, яғни оқушылар 4 сабақ бойы топпен жұмыс жасап, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланған. Бақылауға алынатын оқушылар «А» деңгейіндегі оқушы Д, «В» деңгейдегі оқушы А, «С» деңгейіндегі оқушы Ж болды.

Енді осы оқушылар  Lesson Study зерттеу тәсілін жүргізгенге дейін қандай болғандықтарына тоқталайын. Бұл қорытындылар сынып жетекшісі Ж.С-дан алынды. Бұл мұғалім фокус топ мүшесі ретінде осындай толық мәліметтер ұсынды.

·        «А» деңгейдегі оқушы Д – сынып озаты, өй-өрісі кең, білімді, тілі жетік, өз ойын еркін жеткізе алатын бала. Бірақ, эгоистік көзқарасы басым. Өз бетінше жүргенді ұнатады. Өзгемен бөлісу, басқаға көмек беру дегенді аса білмейді, себебі отбасының кенже баласы,ерке.

Lesson Study-ден кейін бұл оқушы сыныптың басқа оқушыларымен тіл табысып, ұжымға қосылып, өз білгенін басқаға үйретеді деп сенеміз.

·        «В» деңгейдегі оқушы А- сынып озаты, лидер оқушының бірі, математика пәнін ерекше сүйіп оқиды. Өз ойын қарабайыр, жалпақ тілмен еркін жеткізеді, менменшілдік қасиеті басым. Үнемі алдыда жүруді мақсат етіп отырады, жұмысты ат үсті, әрі жылдам жасағанды ұнатады. Сапаға емес, санға жұмыс жасайды.

Lesson Study-ден кейін бұл оқушы өз ойын сауатты жеткізе алады, топтық жұмыста өзгелерге көмекші бола алады, асықпай ойланып, дұрыс  жауап беруге дағдыланады  деп үміттенеміз.

·        «С» деңгейдегі оқушы Ж – сыныптың оқу екпіндісі, ұяңдығы басым, тыңғылықты, өз бетінще жұмыс жасайды, жауапкершілігі зор, бірақ ойын толық жеткізе алмайды, қате айтып қаламын ба деген оймен отырады, лидер оқушылардың ықпалынан тасада қалып отырады.

Lesson Study-ден кейін бұл оқушы ашылады,  өзінің ойын еркін жеткізуге қабілеті дамиды, лидерлік қасиеті ашылады  деп ойлаймыз.

Міне, бұл оқушылардың алғашқы жағдайлары осындай. Енді зерттеу сабақтарын жоспарлағанда топтық жұмыстарды, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланып, өз мақсаттарымызға жетеміз, жұмысымыз тиісті нәтиже береді деп үміттендік.

Зерттеу сабағымыздың алғашқысы 5 мамыр күні өткен қазақ әдебиеті сабағы болды. Пән мұғалімі Т.А сабақ жоспарлағанда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының бірнешеуін пайдаланып, АКТ қолданатындығын айтты, топпен жасалынатын іс-әрекеттерін көрсетті, яғни қысқа мерзімді жоспарымен таныстырды.  Сынып оқушылары алдын ала топқа бөлініп отырды.  Үш адамнан тұратын екі топ құрылды. Бақылаудағы «А» және «В» деңгейіндегі екі оқушы екі топтың басшысы болды.  «С» деңгейіндегі оқушы  «А» ның тобында болды. 45 минут бойы осы үш оқушының іс-әрекетін бақыладық. Нәтижесінде «С» деңгейіндегі оқушы өзін-өзі көрсете алмады, «А» және «В» лидерлік қасиеттерін сақтады, топтың барлық жұмысын өздері жасап отырды, топқа басшылық жүргізді. «А» деңгейдегі оқушы топ намысын қорғау мақсатында өз командасына барынша көмектесті, осы кезде эгоистік қасиеті көрінбеді. Ал «В» оқушы тобындағы екі оқушының өзінен әлсіздеу екендігін сезе отырып, оларға барынша басшы болуға тырысты, жұмысты үлестіріп отырды. Жұмыстың орындалысын тексеріп отыруды да ұмытпады. Сабақ айтқан кезде, мұғалімнің басшылығымен, ескертуімен  әдеби тілде сөйлеуге тырысты. Сабақтан кейін талдаған кезде, келесі сабақта «А» және «В»-ны бір топқа отырғызып, «С»-ны бір топқа спикер етіп қою керек деп шештік. Lesson Study-дің екіншісі Қазақстан тарихы сабағы болды, ол 8 мамыр күні өтті. Пән мұғалімі Ж.С сабақтың қысқа мерзімді жоспарымен таныстырған кезде, АКТ қолданбайтындығын, сабақ барысында СТО стратегияларын баса пайдаланатындығын айтты. Оны сауатты ұйымдастыратынына біз сенімді болдық, себебі мұғалім СТО курстарының тыңдаушысы болып, сертификат алған. Ал енді осы сбақты біздің байқағанымыз төмендегідей болды: бір топқа біріккен «А» және «В» оқушылар бір-бірін тыңдамай, тапсырмаларды кеш бітіріп отырды. Әсіресе «А»  шетте қалып, «В» ны сыни көзбен бақылап отырды. Бірақ, кей сәттерде мұғалім сұрақтарына сауатты жауап беріп отырды. Ал «В» лидерлікті бергісі келмей, барынша тырысып бақты, бірақ та білімі жоғарылау «А» -ның жауаптары көп жағдайда  дұрыс болып отырды. Енді «С» оқушыны бақылап отырған біз жаңалық ашқан адамның  күйін кешкендей болдық. Себебі, «С» өз тобының жұмысын бақылап, бағыттап отырды. Топ мүшелері оның пікіріне құлақ асып, барлық тапсырмаларды бірінші болып аяқтап отырды. «С» өз тобының спикері болып, өз ойын сауатты әрі асықпай, тиянақты жеткізе білді. Топтың жұмысын пән мұғалімі үнемі мадақтап отырды. Бұл бағалау да оқушыларға дем беріп отырды.  Сабақты талдаған кезде барлық бақылаушылардың ортақ пікірі қалыптасты. Бірақ әлі де болса пікірді нақтылайық деп, үшінші сабақты жоспарладық. Бұл сабақ 10 мамыр күні өткен орыс әдебиеті сабағы болды. Пән мұғалімі А.А сабақтың қысқа мерзімді жоспарын көрсеткенде  ДЖИКСО стратегиясын пайдаланып, мәтіннің толық мазмұнымен оқушыларды таныстыратындығын баса айтты. Сабақта топтар алдын ала мұғалім көмегімен құрылды.  Стратегия бойынша оқушылар ең бірінші өздері жеке жұмыс жасады. Одан кейін жұптасқан кезде «В» жен «С» оқушы бір жұпқа түсті. «В» өз әдетінше лидер болып, өз жұбына ерік бермеді. «С»- да лидер болуға асықпады. Керісінше «А» оқушы жұбындағы әлсіз оқушыға барынша көмек көрсетті, мәтінді толық өзі оқып шығып, серігіне түсіндіріп берді.  Қызықтың барлығы оқушылар өз топтарына келгенде байқалды. «А» және «В» бір-бірінің жұмысын аса тыңдаңқырамай отырды, «А»-ның лидерлік қасиеті басым болды. Алдыңғы тарих сабағында бұл екеуі көп шулады десек, бұл сабақта екеуіде тыныштық сақтады, бірақ бір-бірінің ойын толықтырмады, керісінше әркім топ үшін емес, өзі үшін жұмыс жасады. Ал «С» оқушы өз тобына келген кезде, мүлдем басқаша жұмыс жасады, белсенділік танытып, топ намысын қорғауға барынша ат салысты. Орысша сөйлеуден бұрын соңды қысылатын «С»  тіл сындырып, топ намысың қорғап шықты. Топтың лидері болуға әбден лайық екендігін көрсете білді.

Сонымен қатар, сабақтан соң оқушылардан жазбаша сұхбат алған кезде мынандай сұрақ болды: Сабақ барысында саған сабақ айтуға, сөйлеуге, ойыңды жеткізуге не көмектесті? Бұл сұраққа «А» оқушы «топтағы мүшелер» деді, яғни өзінің эгоистік көзқарасын өзгертті. Біздің күткен нәтижеміз де осы еді. «В» оқушы «өзімнің жігерім» деп жауап берді, яғни оқушы әлі өзінің менменшілдігінен арылмады. Бұл оқушымен алдағы уақытта да басқаша әдістер мен тәсілдер пайдаланып жұмыс жасау керек. Ал «С» оқушы  «менің тобым» деп жауап берді, яғни ол оқушы топ намысын қорғай білетін, тобына сенетін лидер екендігін көрсетті. Бұл да біздің күткен нәтижеміздің бірі.

Сонымен Lesson Study зерттеу тәсілін пайдаланып өткізген сабақтар аяқталған кезде фокус топ мүшелері әдістемелік кеңес отырысында осы зерттеу нәтижелерімен педагогикалық ұжымды таныстырып, келешекте топтық жұмысты, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын мектепте әрбір сабақта пайдаланып, жақсы жетістіктерге жетіп, оқушының білім  сапасын көтеруге  тигізетін оң ықпалын беретіндігін жеткізейік деп шештік. Әрине, үш сабақ көлемінде бұл тәсіл керемет нәтиже береді деп есептегуге болмайды.   Фокус топ мүшелері келесі оқу жылынан бастап қазіргі 4 сынып, қыркүйекте 5 сынып болатын сынып оқушыларына осындай зерттеулер жүргіземіз деп жоспарлап отыр. Бұл сыныптың қазіргі Lesson Study жүргізген сыныппен көп ұқсастығы бар. Жұмысымыз сәтті болады деп сенеміз, өйткені фокус топ мүшелері бұл зерттеу жұмысын толық меңгеріп алды. Ендігі мақсат, осы үрдіске басқа мұғалімдерді тарту. Өз тарапымнан әдістемелік кабинет жетекшісі ретінде Lesson Study зерттеу тәсілін әдістемелік кеңес жұмысының бір бағыты ретінде алып, жыл сайын жүйелі жұмыс жасаймын деп отырмын, яғни мектеп мұғалімдері арасында  осы тәсілді таратуға, тәжірибесіне еңгізуге  ықпал етемін.

«Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары» атты шеберлік сабағына тоқталсам, оны алғашқыда 7 сыныптың физика сабағында көрсетемін деп жоспарлағанмын, бірақ мектептің барлық мұғалімдерін үйрету керек болды, ал оларды бір сыныпқа барлығын кіргізіп, сабақ өткізу мүмкін емес, себебі оқушылардың психологиясына кері әсер беретін шығар деп есептедім, сондықтан шеберлік сабағын мұғалімдердің өздерімен өткіздім. Шеберлік сабағына дейін СТО стратегиялары туралы теориялық білімі қандай деңгейде, шеберлік сабағынан кейін қандай деңгейде болды екенін білу үшін  БББ кестесін толтырттым. Барлық мұғалімдер бастапқыда білеміз деп бірнеше стратегия жазды, мысалы Венн диаграммасы, ДЖИКСО, кубизм, ал білдік бағанына шеберлік сабағында көрсетілген көптеген стратегияларды қай жерде  қалай қолданамыз соны түсіндік деп жазды. Сабақ соңында арнайы басталған пікір дәптерін толтыртым, ол жерде де мұғалімдер оң пікір білдіріп, келешекте өз сабақтарына пайдалануға болатын көп мағлұмат алдық деп жазды.

Бірінші коучинг 24 сәуір күні «Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» тақырыбында өтті. Критериалды бағалауды теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырған мұғалімдер коучинг соңында алынған видеосұхбатта шын мәнінде дәстүрлі бағалаудың кемшін тұстарының көп екендігін айтып өтті. Өздерінің әдістемелік қоржындары тағы да бір жаңалықпен толықтырылғанын олар рефлексия кезінде де білдіртті. «Блоб ағашын» толтырған кезде коучинг басында өздерін төменгі сатыда көрсетсе, соңында біршама жоғарылау сатыда бейнелеген, яғни менің жұмысым аз да болса, мұғалімдерге керекті мағлұмат берді деп есептеймін.

 Тәжірибе кезеңі ешбір қиыншылықсыз, кемшіліксіз өтті деп айта алмаймын, олар болды, бірақ  оларды келешекте болдырмаудың жолдарын қарастырып, алдын алу жұмысын жүргізу керек екендігін түсіндім.

 Курс тыңдаушысы ретінде көп өзгерістерді өз бойымнан да байқап отырмын, сабақ өткізгенде, мұғалімдермен жұмыс жасағанда, оқушылармен қарым-қатынаста, ата-аналармен жұмыста өзімнің көзқарасымның өзгергенін сеземін. Ендігі басты жұмыс, курсты жақсы аяқтап, келешекте басқа мектеп мұғалімдерімен серіктестік, желілік қоғамдастық аясында тығыз  байланыс жасап, тәжірибе алмасу. Ал бұның барлығы қажырлы еңбекті талап ететінін де түсінемін, сондықтан да келешекте өз білімімді үнемі жетілдіріп, өз мектебімде және серіктестік аясында көшбасшы ретінде жаңалықтың жаршысы боламын деп ойлаймын.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отчет Е для учителя уровневого курса"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 146 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2015 700
    • DOCX 28.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адреисова Гульжанат Алданкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адреисова Гульжанат Алданкызы
    Адреисова Гульжанат Алданкызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22224
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе