Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Отчет класного руководителя "Тиімді оқыту технологиясы"

Отчет класного руководителя "Тиімді оқыту технологиясы"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Аты-жөні: Қалдыбаева Уасиля Кенжегалиевна Вырезка экрана

Жұмыс орны: ШҚО Семей қаласы «№38 жалпы орта білім

беретін мектеп-лицей» КММ

Пәні: химия

е.майл: yasila_kal @mail.ru


ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту керек екенін дәлелдеп отыр. ХХІ ғасырдағы заманауи тәсілдің маңыздысы оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оны тиімді пайдалана білу болып табылады. Әр тұлғаны қабілетіне байланысты дамытуға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өзін өзі басқарып, өз іс-әрекеттерін реттеп ұлтымыздың бүкіл адамзат жеткен табыстары мен мәдениетін үйренуге құштар ұрпақты тәрбиелеу деп санаймын. Өз мүмкіндігіміз бен мектебіміздің ерекшеліктерін ескере отырып әрбір жеке тұлғаның қабілеттерін бастауыш сыныптан бастап анықтау. Әр оқушының дара ерекшеліктерін, білім алуға қабілетін, белсенділігін, коммуникациялық қабілетін зерттеп,диагностикалық зерттеу бойынша шығармашылық лаборатория құрып, іс-тәжірибелерді таратып отыру керек. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдістер арқылы алынған білім оқушылардың ойында жетік сақталмайды, соның нәтижесінде олар үстірт білім алады.Алған білімдері өмірде керексіз болып қалады.Ұлы Абай атамыз айтқандай бала өмірге келгендегі қабілеттерін әрі қарай дамытуды,шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара бара жойылып, жоқ болатынын айтқан. Сондықтан қазіргі кезде біздің алдымызда тұрған басты міндет отандық білім сапасын әлемдік білім кеңістігіне дейін жетілдіру болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама дайындалған.Бұл бағдарламада 2020 жылға дейінгі білім саласындағы өзгерістерге оң сипаттама берілген болатын барлық өзгерістер Қазақстан Республикасындағы білім сапасын Европалық деңгейге көтеруге бағытталған.Бұл бағдарламаның оңды жақтарына келетін болсақ, олар мыналар Қазақстан Республикасында мектептердің материалдық базасының жақсарып заман талабына сай болуы, мектептердің қазіргі заман талабына сай кабинеттермен,электронды оқулықтармен жабдықталатыны, инклюзивті білім беру жүйесінің қалыптасуы және т.б.

Бүгінгі таңда білім беру жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде. Осыған орай соңғы жылдары алуан түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер ұсынылып,сындарлы оқыту жүйесіне көшуге басты назар аударылуда. Қазіргі кезде мұғалімдер үшін ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген проблемалар. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мазмұны осы мәселені шешуге бағытталған. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 4б).

Осы проблеманы шешу жолдарын химия пәнін оқыту үдерісіне енгізуде мен алдын-ала құрылған мақсатты жоспарымды басшылыққа алдым.

Мектебім лицей болғандықтан барлық оқу үдерісі және сыныптан тыс әр деңгейдегі интербелсенді сабақтарда адами құндылықтардың шоғырлануына, жалпы мәдени құндылықтарды, кәсіби жүйені, негізгі білімді игеруді және зерттеу жұмысын жүргізуді меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді.

Мектеп-лицейдің миссиясы – баланың рухани әлемі және оның шығармашылық зейіндерінің дамуы. Баланың рухани әлемінің дамуының астарында парасаттың, адамгершіліктің, эстетикалық сезімнің, физикалық дамудың, адамгершілік негіздерінің, еңбек тәрбиесінің қалыптасуы жатыр. Үйретудің бірден бір жолы - Lesson Study зерттеу сабақтарын ұйымдастыру. Сол арқылы оқушылардың оқу сапасын арттыруға және мұғалімдердің де кәсіби білімін жетілдіруге болады деп ойлаймын. Сондықтан мектептегі мұғалімдермен мүмкіндігінше қоғамдастық құрып, жұмыс істедім. Мұғалімдер-өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, оған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар (Мұғалімге арналған нұсқаулық 11 б.)

Білім сапасындағы инновациялық өзгерістер оқудың /оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады,өйткені динамика мен өзгерістерге толы ақпараттар,дәуір экономикасы адамның идеологиялық, әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан мынандай құзырлықтарды талап етеді:

-ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап,оны пайдалану;

-проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

-өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;

-социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу,бірлесе жұмыс жасай білу,жанжалдарды болдырмау;

-өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.

Сол себепті де тұлғалық даму ұстанымы білім игеру процесіне қатысушылардың бұрынғы авторитарлы-коммуникациялық қарым-қатынас гуманитарлы-коммуникациялық қарым-қатынасқа өзгертуді талап етеді. Бұл ұстаным таным процесінің білім беру, оқыту, үйрету деген кешегі күнгі түсініктерін енді екі жақты процесс ретінде қарастырып, оларды білім алу, игеру, оқу, үйрену-деп өзгертеді, бұл процесте үйренуші негізгі рөл атқарып,білімді өздігімен құрастырады деп түсінеді.

Егерде дәстүрлі білім беру өз мақсаты мен мағынасын нақты белгіленген білім жиынтығын игерумен шектесе, тұлғалық даму мен өздігімен білім құрастыруды негізгі идея деп ұстанған инновациялық көзқарас оқу,үйренудің негізін тек пәндер емес, ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құрауы керек. Ал, интербелсенді әдістер мен тәсілдер үйренушілердің тұлғалық тұрғыдан өзіндік және дербес түрде дамуына әкеледі,оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді .

Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқу,оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Интербелсенді әдістер-үйренуші мен үйретушілердің өзара әрекеттесуін оқу, оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. Химия пәнінен интербелсенді сабақтарды ұйымдастыруда сабақтың құрылымы мынадай болуы керек

1. Мотивация және жаңа тақырыпты жариялау-сабақтың 10 % үлесін құрайды

2. Өткен сабақты бекіту –сабақтың 20 % үлесін құрайды

3. Жаңа материялды меңгеру –сабақтың 50 % құрайды

4. Бағалау-сабақтың 10 % үлесін құрайды

5. Сабақты қорыту – сабақтың 10 % үлесін құрайды

Сабақ басында мотивация кезеңі оқущылардың назарын зерттелетін тақырыпқа аударып оларды қызықтыруға бағытталуы тиіс. Бекіту кезеңінде оқушылардың қызығушылығын арттыруымен қатар олардың санасында тақырыптардың жай ғана материалдардың жүйелі әрі логикалық реттілігімен бірізділігі бар мәліметтер екендігі туралы ұғым қалыптастырады. Жаңа материалды меңгеру кезіңде оқушылар жаңа білім қалыптастырады. Ұстаз оларға білім игерілулері үшін жаңа материалды игеру үшін қажетті сұрақтар мен тапсырмалар ұсынады.

Бағалау кезеңі тексеруге емес, ынталандыруға бағытталғаны дұрыс. Сол себепті де мұнда өзін-өзі бағалау мен топ жұмысын бағалау секілді тәсілдерді қолдану қажет.

Рефлексия - сабақты қорытындылау. Сабақтың осы қорытынды кезеңінде ұстаз оқушылардың пікірін сұрайды, ұсыныстарын тыңдайды,өткен сабақты қорытындылайды. Осы әрекеттер шәкірттерді әрі қарай оқу материалын өздігімен игеруге ынталандырады.

Әрине,сабақтың кезеңдерінде уақытты жоғарыдай бөлу шартты түрде жүзеге асырылатындығы түсінікті. Ұстаз сабақ тақырыбы мен мақсаттарына сәйкес сабақ кезеңдерінің үлесін басқашада құрастыруы ықтимал.

1. Мотивация және жаңа тақырыпты жариялау,өткен сабақты бекіту;

2. Жаңа материалды меңгеру;

3. Бағалау және сабақты қорытындылау.

Ал, интербелсенді оқу дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқу, оқыту, диалог арқылы үйрену, үйрету, яғни үйретуші-үйренуші, үйренуші-үйретуші – өзімен-өзі форматтарында жасаған қарым-қатынас.

Интербелсенді оқу, оқыту білім игеру процесін мынандай ұйымдастыруға болады:

1.Барлық оқушыларға бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.

2.Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау.

3.Үйренушілер білімін өздігімен құрастыратын орта құру.

Интербелсенді оқу, оқыту-әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену,үйрету,ал мұндай ұстаным нақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді,өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын,көрсетсең –есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін»

Сол себепті де интербелсенді оқу, оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды.Сондықтан да интербелсенді оқу, оқыту-оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену тиімді болады.Интербелсенді оқу, оқыту оқушының өз тәжірибесі және өзге де оқушының өз тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді.Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен пайымдаулары, тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Оқушылар таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибесімен бөліседі, міне осындай байланыстағы қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.


Қағидалары

Мақсаттар


Орта

қалыптастыру

-Білім алушы оқып,үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайларжасау;

-Үйренушілер арасындаашық,еркін,шығармашылық қарым-қатынас орнату;

-Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей,оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Әрекет арқылы үйрету,үйрену

-Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу

-Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып,олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.


Өмірмен байланыстыру

-Үйрету,үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу,пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру.

Өзінділік пен дербестікке баулу

-Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер оқушы жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі бермей, оны басқа оқушылардың табуына ықпал жасау)

- үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндәну, өзіндік түсінікке ұмтылу, ақпараттар әртүрлі мағынаны көре білу, дәлелдеме келтіру)


Бірлескен әрекеттер –интербелсенді оқу негізі.

Дәстүрлі оқытуда басты мақсат нәтиже болып, ұстаз өзінің барлық күш-қайратын үйретуге бағыттайды, шәкіртті қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысқан.

Ал, интербелсенді әдістерді пайдалану арқылы оқушыларға өздігінен білім игеруге мүмкіндік беріледі, мысалы химия пәнінен 9-сыныпта «Қара металлургия. Темірдің маңызды қосылыстары. ҚР-дағы темір кен орындары» тақырыбы бойынща химия және география пәндерінен өткізілген кіріктірілген сабақта оқушылар топтарға бөлініп шағын топ ішінде өздеріне берілген тапсырмаларды қалай орындайтындығы туралы өз ойларымен бөлісіп, бір-бірінен кеңес сұрап, жұмыс жасау жоспарларын талқылады. Сонымен қатар, әр оқушы сабақта жекелеме жұмыстар жасайды, жекелеме жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасып,бір-біріне жәрдем көрсетілуіне көңіл аударылады.Сабақта проблеманы шешу кезеңінде оқушылар нұсқаулық бойынша лабораториялық жұмыс жасап тақырыпты пысықтайды. Сабақтың келесі кезеңінде осы тақырып бойынша білімдерін бір жүйеге келтіріп,әрбір топ постер құрастырып қорғады,сабақ соңында оқушылар өзара екі жұлдыз бір ұсыныс бойынша сонымен қатар жинаған ұпайлары бойынша бірін-бірі бағалады.

Химия пәнінен интербелсенді оқу бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызын баса айту керек:олар өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады.

Топтық жұмыстар барлық үйренушілердің жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста оқушылар өздерінің коммуникациялық дағдыларын іс жүзінде қолданады.

Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтырту, сонымен бірге таным процесін ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырды.

Сонымен интербелсенді оқу, оқудың мынандай идеялары мен қағидаларын келтіруге тұрарлық:

-Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал.

-Білім дайын күйде берілмейді, ол тек өздігімен игеріледі.

-Білім игеру белсенді әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

-Білім тек өзіндік тұрғыдан игеріледі, өйткені білім дегеніміз жеке адамның қандай да болмасын мәселе ақпарат пен мәлімет бойынща құрастырған ойы,идеялары,пікірлері,көзқарасы,түсінігі,дәлелдері,уәжі,тұжырымы.Ал оқу –үйренушінің МЕН-і бірінші орынға қойылатын үрдіс.

-Білім дегеніміз өмірде қажетті және қолданбалы мәселелер болғандықтан,білім игеру процесі тәжірибелерге,практикаға негізделуі керек.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР:


  • Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Орталық Қазақстан 27.12.2003 ж.3 б.

  • И.Г.Хомченко Общая химия

  • А.В.Артемов Химия интенсивный курс подготовки к единому государственному экзамену

  • В.Н.Доронкин,А.Г.Бережная,Т.В.Сажнева,В.А.Февралева Органическая химия задания и решения тренировочная тетрадь

  • Полина Волович ,Михаил Бровко Готовимся к экзамену по химии домашний репетитор

  • Решения и ответы 10-11класс

  • А.И.Врублевский 1000 задач по химии с цепочками превращений и контрольными тестами для школьников и абитуриентов







6


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров165
Номер материала ДВ-344511
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх