Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Отчет классного руководителя Плонирование

Отчет классного руководителя Плонирование


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m6f622974.gifhello_html_m1a870894.gifhello_html_2e193ff6.gifhello_html_3e816bf4.gifhello_html_2748dea7.gifhello_html_2e193ff6.gifhello_html_3e816bf4.gifhello_html_2748dea7.gifАты-жөні: Қалдыбаева Уасиля Кенжегалиевна Вырезка экрана

Жұмыс орны: ШҚО Семей қаласы «№38 жалпы орта білім

беретін мектеп-лицей» КММ

Пәні: химия

е.майл: yasila_kal @mail.ru





ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА

ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш – білім. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін өзгертуде зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім басты рөл атқарады.Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс-тәжірибемізде қолдану арқылы ҰБТ-ке жоғары деңгейде дайындалған шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беруге көңіл аударамын.Кәсіби қызметімді жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығын, әрбір технологияның өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленетінін ескере отырып, оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп, ҰБТ-ке дайындауға қолданамын. Сол арқылы баланы шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретемін. Шығармашылық - адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы болғандықтан,оқу - процесін жаңаша ұйымдастыру барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке дара ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық - педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс жасай отырып,оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға көңіл бөлемін. Оқушының зейінін, есін, қиялын, дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Ол үшін бақылаудың орнына ынталандыру,мәжбүрлеудің орнына кеңес беру,кемшілігін айтудың орнына сенім білдіру.Әр мұғалім- өз сабағының көшбасшысы. Көшті дұрыс бағыттай білу шеберлігіне байланысты.

Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту сонда ғана оқушыҰБТ-да өз білімін толық дәлелдей алады.Мысалы 8-сыныпта өткізген «Алғашқы химиялық ұғымдар» 9-сыныпта «Минералдық тыңайтқыштар»11-сыныпта «Алкиндер және олардың гомологтары» және т.б. сабақтарында оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс, яғни, пирамидалық тәсіл түрлерін қолданып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуына, ҰБТ-ке жан-жақты дайындауғамүмкіндік береді.Мектебіміздің әрбір оқушысы терең білімді, интелектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгерген, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін теорияны да практиканы да бойына сіңіре алатыншығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Білім мен ғылымға негізделген алдына қойған мақсаты мен міндеттері нақты болғандықтан оқыту стратегияларын,түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін,топтық,жұптық,өзіндік жұмыстарды өз іс-тәжірибесімен байланыстыра отырып өткізсе, нәтижеге жетуге болады деп ойлаймын.

Ұстаз түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың өздігінен білім алуға,топпен жұмыс жасай білуге,бір-бірінің пікірін құрметтеуге,өзін-өзі бағалауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге, сыни ойлай білуге баули білсе,қойылған мақсатқа жетуге оңтайлы жағдайлар жасаса ,оқушы тестілеуден оңды нәтиже көрсетеді.

Білім беруді жаңартудың негізгі талабы да осы мәселелерді жүзеге асыруда болып отыр. Барлық әлемдегі білім беру саласының басты мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде де тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады.Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үдерістегі өзгерістермен тығыз байланысты білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас деп ойлаймын. Бүгінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін және білім сапасын көтерудің басты бағыттарының бірі Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Бұл жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде мектеп бітірушілерін химия пәнінен дайындау мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.Дайындық жұмыстарын неден бастаған дүрыс?
1) Жылдық жұмыс жоспарын жасау. Жыл бойы жасалатын 
Жұмыстарды алдын ала жоспарлап алудың маңызы зор. Жоспар оқулық материалдары негізінде жасалғаны дұрыс.

Жоспар үлгісі: Химия пәнінен ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық жоспары.

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Бейорганикалық заттардың қатысуымен жүретін химиялық заттар формулаларын анықтау бойынша есептер шығару алгоритмдері.

2


2

Бастапқы элементтердің біреуі артық мөлшерде алынған теңдеулер бойынша дәстүрлі емес есептер шығару.

4


3

Газ заңдарын қолдану арқылы есептер шығару.

3


4

Кристаллогидраттар түзуге бейім заттар ерігіштігіне және ерітінділерді сұйылтуға, концентірлеуге араластыру ережесін қолдана отырып есептер шығару.

4


5

Күрделілігі жоғары есептер шығару;

1. Термохимия

2. Тұздар гидролизі.

3. электролиттер ерітінділері және балқымалар дың электролизі

4. Металдармен бейметалдар қосылыстарының тотығу-тотықсыздану қасиеттері.

5


6

Бейорганикалық заттар өзгерістеріне сапалық реакциялар.

5


7

Өнеркәсіптік мазмұнды есептер шығару;

1. Металдар өндіру

2. Болатпен шойын өндіру.

3. Металлургиялық өнеркәсіптегі экологиялық мазмұнды есептер шығару.

4. Азот қышқылы және минералдық тыңайтқыштар өндіру.

5. Күкірт қышқылын өндіру.

6. Өнеркәсіптік және экологиялық мазмұнды есептер шығару

9


8

Қорытынды сабақ.

2




2) Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері түрлері жинақталған. Тест оқушылардың білімін салыстыруға, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады.



ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЗАТ ҚҰРЫЛЫСЫ

1.Мына топтарда элементтің таңбалары атомдардың электртерістілік мәндерінің өсу ретімен беріңдер:

*А) C, О, N. Ә) O, N, C

Б) С, N, О. В) N, C,O

2. Электртерістілік- берілген элемент атомдарының;

*А) басқа химиялық элемент атомдарынан элктрондар тартып алуы;

Ә) электрондарын оңай беріп жіберуі;

Б) теріс тотығу дәрежесін көрсету;

В) тотықтырғыштармен әрекеттесу қасиеті;

3. Коваленттік байланыс;

А) электрондық бұлттар;

Ә) валенттік электрондар;

*Б) екі жалпы электрон немесе электрон жұптары;

В) электростатикалық тартылу күштері есебінен жүзеге асады.

4. Иондық химиялық байланыс коваленттік байланысқа қарағанда былайша сипатталады:

*А) бағытталмаған және қанықпаған;

Ә) қаныққан және бағытталмаған;

Б) бағытталған және қанықпаған;

В) бағытталған және қаныққан.

5. Өте әлсіз химиялық байланыс:

А) металдық;

Ә) иондық;

*Б) сутектік;

В) коваленттік.


6. Иондық байланыс бар заттардың формуласын көрсетіңдер:

А) CO

Ә)Н 2 S

Б) H2 O

*В) KF

7. Донорлы-акцеаторлы механизм бойынша түзілген коваленнтік байланысы бар молекулалар немесе иондардың формулаларын көрсетіңдер:

А) CO

Ә) NH2

Б) H2

*В) H3 O+

8.Су молекуласындағы химиялық байланысты сипаттаңдар:

*A)сутектік

Ә)коваленттік полюсті

Б) металдық байланыс

В)иондық байланыс

9.HF → HCl → Hl молекулалары қатарында байланыстың полюстігі және беріктігі қалай өзгереді?

А)байланыстың полюстігі артады

Ә)байланыстың полюстігі артады, азаяды

Б)байланыстың полюстігі жылдамдайды

* В)байланыстың полюстігі азаяды,

10.HCl молекуласы түзілгенде сутек және хлор атомдарының қаптасатын сәйкес орбитальдары:

А)s және s * Ә)s және p

Б)p және p В)p және d

11)Коваленттік байланыс қасиеттері

А)түрі және энергиясы , гибридтенуі

Ә)энергиясы ,беріктігі,қанығуы,бағытталуы

Б)зат молекуласының тетраэдрлік молекуласының түзілуі

В)бірдейконфигурациялы электрон бұлттарының пайда болуымен сипатталады.

12)Берилий хлориді молекуласында жүзеге асады.

А) s- гибридтену

*Ә)sp- гибридтену

Б)sp2 - гибридтену

В)sp3-гибридтену

13)Судың айрықша қасиеті

А) гидроксиний иондарының;

* Ә)сутектік байланыстың;

Б)диссоциацияланған молекулалардың;

В)су молекулаларының ерекше қасиеттері болуымен түсіндіріледі.

14)Күкіртсутек молекуласында химиялық байланыс

* А)иондық

Ә)коваленттік

Б)сутектік
В)донорлы-акцепторлы.
3) Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау. Бұл тестпен жұмыс 
жасау кезінде байқағаным оқушының қызығушылығы басым болады екен. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажет тест түрі сәйкестендіру сұрақтары,себебі бұл сұраққа жауап бергенде оқушы тақырыпты толық білмесе, толық жауап бере алмайды.
Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші оқушының қызығушылығын ескеру керек.Тестілеу сұрақтары баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрін де түрлі үлгіде жасаған дұрыс.
Тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;дайындауға да көңіл аудару қажет.


Мысалы:Сәйкестікті анықтаңыздар:

1.а)алюминий оксиді 1)жай оксид

Ә)магний оксиді 2)екідайлы оксид

Б)көмірқышқыл газы 3)қышқылдық оксид

В)калий оксиді 4)негіздік оксид

2Металдардың

сумен әрекеттесу реакциясы

А)алтын 1)тез жүреді

Ә)кальций 2)қыздырғанда жүреді

Б)никель 3)жүрмейді

В)литий 4)баяу жүреді

Жауабы:1.А-2 2.А-3

Ә-4 Ә-4

Б-3 Б-2

В-4 В-4 В
4) Логикалық тапсырмаларды талдау – соңғы жылдары ҰБТ кезінде
берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмалар да енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға логикалық сұрақтарды да талдату керек.

І-топ 2-ші период А-топша элементі мен ІІІ-ші топ 3-ші период А-топша элементтерінің протон сандары

*А)16

Ә)12

Б)14

В)18

NaNO3=X+O2 берілген реакцияға байланысты дұрыс тұжырым

1. Х заты натрий нитриті

2. Х заты иондық және ковалентті байланыспен байланысқан

3. Х затының молекулалық массасы 69

А) Тек 1

В) Тек 2

С) Тек 3

*Д) 1 және 3

Е) 2 және 3

Химия пәнінен ҰБТ емтиханына дайындау барысында тест нұсқаларында кездесетін есептердің шешімдерімен танысудың маңызы да өте зор.Ең алдымен есепті өз бетінше шығарып, содан кейін оны дайын шешіммен салыстыруға болады.Егер есептің шешу жолдары әртүрлі болса,әр тәсілдің артықшылығы мен кемшілігін салыстыра отырып ең тиімдісін,сонымен қатар уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін тәсілін таңдау қажет.Есептің толық шешімін қарастырғанда,оны талдай отырып .есте сақтап алуға болады.Әр тапсырманы орындағанда жіберілген қателермен жұмысқа және талдап, саралауға ерекше көңіл аудару қажет.


1. Көлемі 10 л азот сутегімен әрекеттескенде 15 мл аммиак түзілсе, оның шығымы қандай? Газдардың көлемдері бірдей жағдайда өлшенген.

1)Берілгені:

V(N2)=10 k 2)Шешуі:N2+3H2 2NH3

V(NH3)=15 3) v, моль 1 2

Т/к:ή(NH3)-? V, л 22,4 44,8

4) Газдардың көлемдік қатынас заңы бойынша мынадай пропорция қ ұрып, оны шешу.

V(N2) : V(NH3)= 22.4:44.8=1:2

(N2):2л(NH3)=10л (N2) : х л (NH3)

х= 20л NH3

Теңдеу бойынша 20 л аммиак түзілуге тиісті.

5) 20 л (NH3):100%=15 л (NH3) :х % х=75% жауабы:\75.)

Көлемі 120 мл тығыздығы 1,075 г/мл 15% -дық тұз қышықлының ерітіндісімен массасы 20 г мәрмәр әрекеттескенде қанша литр (қ.ж.) көмірқышықлы газы бөлінеді?

шешуі :

1)V(ер-ді)=120мл 2)2HCI+CaCO3=CaCI2+H2O+CO2

p=1.075г/мл 3) v,моль 2 1 1

ω(HCI)=15% Mr 36,5 100 44

m(CaCO3)=20г Mг/мл 36,5 100 44

Т/к :Vк.ж (CO2)-? m,г 73 100 44

V,л - - 22,4

4) тұз қышқылының ерітіндісіндегі таза заттың массасын есептейміз:

m (ер-ді)=p*V m (ер-ді)=120мл*1,075г/мл=129 г

ω=hello_html_m3d9cc41e.gif*100% →hello_html_11852162.gif mе.з. = hello_html_m28842c47.gif

m(HCI)=hello_html_m6ed2a71b.gif = 19.35г

Химия пәні өте күрделі пән, сонымен қатар басқа пәндерден айырмашылығы тек осы пәннен ғана қосымша «Д.И.Менделеевтің периодтық кестесін»,«Тұздар,қышқылдар,негіздердің суда ерігіштігі» кестесін қолдануға мүмкіндік беруі,оқушыларға бірден-бір көмек болып саналады,сондықтан оқушыларға оны тиімді қолдана білуді үйретудің өзі өте маңызды болып табылады. Әсіресе таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқу,оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді.

Сабақ басында мотивация кезеңі оқущылардың назарын зерттелетін тақырыпқа аударып оларды қызықтыруға бағытталуы тиіс. Бекіту кезеңінде оқушылардың қызығушылығын арттыруымен қатар олардың санасында тақырыптардың жай ғана материалдардың жүйелі әрі логикалық реттілігімен бірізділігі бар мәліметтер екендігі туралы ұғым қалыптастырады. Жаңа материалды меңгеру кезіңде оқушылар жаңа білім қалыптастырады. Ұстаз оларға білім игерулері үшін жаңа материалды игеру үшін қажетті сұрақтар мен тапсырмалар ұсынады.

Бағалау кезеңі тексеруге емес, ынталандыруға бағытталғаны дұрыс. Сол себепті де мұнда өзін-өзі бағалау мен топ жұмысын бағалау секілді тәсілдерді қолдану қажет.

Рефлексия – сабақты қорытындылау. Сабақтың осы қорытынды кезеңінде ұстаз оқушылардың пікірін сұрайды, ұсыныстарын тыңдайды,өткен сабақты қорытындылайды. Осы әрекеттер шәкірттерді әрі қарай оқу материалын өздігімен игеруге ынталандырады.

Әрине,сабақтың кезеңдерінде уақытты жоғарыдай бөлу шартты түрде жүзеге асырылатындығы түсінікті. Ұстаз сабақ тақырыбы мен мақсаттарына сәйкес сабақ кезеңдерінің үлесін басқашада құрастыруы ықтимал.

1. Мотивация және жаңа тақырыпты жариялау,өткен сабақты бекіту;

2. Жаңа материалды меңгеру;

3. Бағалау және сабақты қорытындылау.

Ал, интербелсенді оқу дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқу, оқыту, диалог арқылы үйрену, үйрету, яғни үйретуші-үйренуші, үйренуші-үйретуші – өзімен-өзі форматтарында жасаған қарым-қатынас.

Интербелсенді оқу, оқыту білім игеру процесін мынандай ұйымдастыруға болады:

1.Барлық оқушыларға бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.

2.Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау.

3.Үйренушілер білімін өздігімен құрастыратын орта құру.

Интербелсенді оқу, оқыту-әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену,үйрету,ал мұндай ұстаным нақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді,өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын,көрсетсең –есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін»

Сол себепті де интербелсенді оқу, оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде оқушыларды тестілеуге дайындауға қолдануөте тиімді деп ойлаймын.Сондықтан да интербелсенді оқу, оқыту-оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену тиімді болады.

Әрбір сыныпқа мынандай тест түрлерін құрастыруға болады Іжартыжылдық ХІ сыныпқа арналған тестер

А-нұсқа

1. Мына формулалар СН2-(СН2)2-СН3, С4Н10және СН3-СН2- СН2- СН3 көрсетеді.

А) бір зат Б) екі затты С) үш затты Д) төрт затты

2. Зат СН3-СН= СН- СН2 -СН3

А)пентен Б)пентен-2 С)транс-пентен Д)транс-пентен-2

3. Мына формула сәйкес (-СН2-СН2-)n

А) поливинилхлоридке В) полиэтилен С) полипропилен

Д)бутадиенді каучук

4. Этилен көмірсутегінің мольдік массасы:

А) 42 г/моль В) 54 г/моль С) 56 г/моль Д) 58 г/моль Е) 72 г/моль

5. 6 моль ацетиленнен зат мөлшері қанша бензол түзіледі?

А) 2 моль В) 2.5 моль С) 0.75 моль Д) 0.25 моль Е) 1.75 моль

6. Салыстырмалы молекулалық массасы 226-ға тең қаныққан көмірсутектің формуласын көрсетіңіз.

А) С15В) С16 Н34 С) С17Н36Д) С14 Н30Е) С5 Н12

7. Алкендермен әрекеттесетін реагентті көрсетіңіз.

А) NaB) KMnO4C) NO2 Д) CL2O7 E) NH4OH

8. Сутек бойынша тығыздығы 27-ге тең 5.4 г ацетиленді көмірсутекті каталитикалық гидрлеуге 4.48л (қ.ж) сутек жұмсалады. Қандай өнім түзіледі?

А)C4 H10В)C4 H6 С)C3 H8 Д)C3 H6 Е)C5 H10

9. Егер реакцияның шығымы 80% болса, 40г метанды толық хлорлағанда қанша тетрахлорметан түзіледі?

А) 279г В) 285г С) 308г Д) 315г Е) 320г

10. Қалыпты жағдайда газ тәрізді көмірсутектің тығыздығы 1,965г/м. Көмірсутектің молярлық массасын есептеп, атан атаңыз.

А) пропан В)бутан С)бутек Д)пентен Е)бутин

11. Массасы 90г этан жанғанда неше моль көміртек (ІV) оксиді түзіледі, қалыпты жағдайда тығыздығы 1.96 г/м. Молекуланың формуласын табыңыз.

А)С4 Н10В)С5 Н12С)С3 Н8Д)С2 Н6 Е)С6 Н14

12. 14г этиленді көмірсутек 32 г бромды қосып алатынын біле отырып, осы этиленді көмірсутектің салыстырмалы молекулалық массасын анықтаңдар. Көмірсутектің формуласын табыңыз.

А)С10 Н20 В)С10 Н22 С)С9 Н18 Д)С9 Н20Е)С5 Н10

13. Заттың құрамында көмірсутек 80%, сутек 20% оның сутек бойынша 15. Бұл көмірсутектің формуласы қандай?

А)С3 Н8 В)C2H6VС)CH4Д)C4H10Е)C5H12

14. Шығымы 97% болатын метан алу үшін 27г көміртектен қанша метан алуға болады?

А)48,9л В)48л С)48,5 Д)48,6 Е)48,7

15. Н-бутанның изомерлері болады

А) 2-метилпропан В)2-метилбутан С)2,2-диаметлпропан

Д)2-пропан Е)2,1-диабутан

16. Мына формула СНhello_html_2942e0c5.gif СН көрсетеді

А)этин В)этан С)ацетилен Д)этилен Е)этил

17. 89,6г этиленненалынатынполиэтиленніңмассасынанықта

А)28г В)0,12 С)0,112 Д)112 Е)12г

18. 15 моль бром темір (ІІІ) бромиді қатысқанда қанша моль бензолмен әрекеттеседі

А)20 моль В)25моль С)10моль Д)30моль Е)25моль

19. Мына формула (-СН2-С=СН-СН2-)

СН3

А)изопренді каучук В)бутадиенді каучук С)табиғи каучук

Д)дивинилді каучук Е)этилді каучук

20. 6 моль ацетиленнен қанша моль бензол алуға болады?

А)2 моль В)3 моль С)1,5 моль Д)0,5 моль Е)3,5 моль

21. Диен көмірсутектің мольдік массасы С3 Н6, С4 Н6, С4 Н84 Н10

А)42 В)54 С)56 Д)58 Е)72

22. Мөлщері 6 моль ацетиленнен қандай мөлшерде бензол алынады?

А)2 моль В)3 моль С)1,5 моль Д)0,5 моль Е)3,5 моль

23. Алканды жүйелеу номенклатурасы бойынша атаңдар СН3-СН-СН-СН3

СН3 С2 Н5

А)1-метил 2-этилбутан В)3-этил 3-нетилбутан С)метан

Д)2-метил 3-этилбутан Е)2,3-диметилпентан

24. Алканның салыстырмалы молекулалық массасы 142. Алкан құрылымындағы көміртек атомының санын анықта

А)8 В)6 С)10 Д)12 Е)13

25.С 5Н10изомерлер саны

А)4 В)2 С)1 Д)3 Е)10


Іжартыжылдық ХІ сыныпқа арналған тест

В-нұсқа

1. Төменде келтірілген заттардың қайсысы этанға гомолог болады.

А)этен В)1,2- дихлорпропен С)2-метилпропен Д) 1-хлорпропен Е)пропан

2. Бромэтанды этиленге қалай айналдыруға болады

А)натриймен әрекеттесу В)Н2SO4 –пен қыздыру С)метанмен

Д)сілтілік спирттік ерітіндісімен Е)Н2 әрекеттестіру

3. Пропилен түсетін реакция типтерін көрсет (өзіне ғана тән)

А)полимерлеу В)орынбасу С)алмасу Д)қосу Е)айырылу

4. Этан молекуласындағы гибридтену түрлері

А)sp В)sp2 С)sp3Д)s2 p3Е)s3p4

5. Метан гомологтарының формуласы

А)С3Н8 В)С2Н4 С)С4Н8Д)С7Н8 Е)СН2

6. Пропенмен салыстырғанда бутан түсетін реакция

А)жану В)хлорлану С)қыздырғанда ыдырау Д)изомеризация Е)алмасу

7. Этилен көмірсутегінің мольдік массасы

А)42г/моль В)54г/моль С)56г/моль Д)28г/моль Е)72г/моль

8. Құрамында 18 сутекатомдары бар алкенніңформуласы

А)С9Н16В)С10Н18С)С8Н18Д)С9Н18 Е)С9Н20

9. Нонанның молекула құрамындағы көміртектің массалық үлесі

А)64,4% В)84,5% С)44,4% Д)74,3% Е)54,5%

10. Мына формула (-СН2-С=СН-СН2-)

СН3

А)изопренді каучук В)бутадиенді каучук С)табиғи каучук

Д)дивинилді каучук Е)этильді каучук

11. 6 моль ацетиленнен қанша моль бензол алуғаболады?

А)2 моль В)3 моль С)1,5 моль Д)0,5 моль Е)3,5 моль

12. Диен көмірсутектің мольдік массасы С3 Н6, С4 Н6, С4 Н84 Н10

А)42 В)54 С)56 Д)58 Е)72

13. Мөлшері 9 моль ацетиленнен қандай мөлшерде бензол алынады?

А)2 моль В)3 моль С)1,5 моль Д)0,5 моль Е)3,5 моль

14. Алканды жүйелеу номенклатурасы бойынша атаңдар СН3-СН-СН-СН3

СН3 С2 Н5

А)1-метил 2-этилбутан В)3-этил 3-нетилбутан С)метан

Д)2-метил 3-этилбутан Е)2,3-диметилпентан

15. Алканның салыстырмалы молекулалық массасы 142. Алкан құрылымындағы көміртек атомының санын анықта

А)8 В)6 С)10 Д)12 Е)13

16. С4Н10изомерлер саны

А)4 В)2 С)1 Д)3 Е)10

17. Зат СН3-СН= СН- СН2 -СН3

А)пентен Б)пентен-2 С)транс-пентен Д)транс-пентен-2

18. Мына формула сәйкес (-СН2-СН2-)n

А) поливинилхлоридке В) полиэтилен С) полипропилен Д)бутадиенді каучук

19. Этилен көмірсутегінің мольдік массасы:

А) 42 г/моль В) 54 г/моль С) 56 г/моль Д) 58 г/моль Е) 72 г/моль

20. Реакцияның жылу эффектісі 3924 кДж болса, онда 105г циклогексан жанғанда бөлінетін жылу мөлшері

А) 3760кДж В)4380кДж С)3520кДж Д) 3980кДж Е)4905кДж

21. Салыстырмалы молекулалық массасы 226-ға тең қаныққан көмірсутектің формуласын көрсетіңіз.

А) С15В) С16 Н34С) С17Н36Д) С14 Н30Е) С5 Н12

22. Алкендерменәрекеттесетінреагенттікөрсетіңіз.

А) NaB) KMnO4C) NO2 Д) CL2O7 E) NH4OH

23. Сутек бойынша тығыздығы 27-ге тең 5.4 г ацетиленді көмірсутекті каталитикалық гидрлеуге 4.48л (қ.ж) сутек жұмсалады. Қандай өнім түзіледі?

А)C4 H10 В)C4 H6 С)C3 H8 Д)C3 H6 Е)C5 H10

24. Егер реакцияның шығымы 80% болса, 40г метанды толық хлорлағанда қанша тетрахлорметан түзіледі?

А) 279г В) 285г С) 308г Д) 315г Е) 320г

25. Қалыпты жағдайда газ тәрізді көмірсутектің тығыздығы 1,965г/м. Көмірсутектің молярлық массасын есептеп, атын атаңыз.

А) пропан В)бутан С)бутен Д)пентен Е)бутин


ҰБТ-ге дайындауға мектеп оқулықтарынан басқа төмендегі қосымша әдебиеттерді қолдануға болады.

  • «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»

  • И.Г.Хомченко «Общая химия»

  • А.В.Артемов «Химия интенсивный курс подготовки к единому государственному экзамену»

  • В.Н.Доронкин,А.Г.Бережная,Т.В.Сажнева,В.А.Февралева «Органическая химия задания и решения тренировочная тетрадь»

  • Полина Волович,Михаил Бровко «Готовимся к экзамену по химии домашний репетитор»

  • Решения и ответы 10-11класс

  • А.И.Врублевский «1000 задач по химии с цепочками превращений и контрольными тестами для школьников и абитуриентов»























Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров206
Номер материала ДВ-344517
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх