Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Отчет на тему А1 есебі Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Отчет на тему А1 есебі Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.

библиотека
материалов

Енсепова Сара Махамбетжановна мұғалім портфолиосы А есебі

3 топ 3-деңгей

Қызылорда қаласы 8.05.2013 жыл

hello_html_m4c46c1df.gifhello_html_4777eff3.gifhello_html_m66cebfde.gifhello_html_m7f803091.gifhello_html_m27bcc9c8.gifhello_html_m5fa090f.gifhello_html_d2f11ed.gif

А есебі

Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп.


Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғандығын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі[ МАН, 58 бет].

Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады [ МАН, 58- бет].

Бағалау – оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Кембридж тәсілінің оқытудағы басты бағыты-ойлауды дамыту болып табылады. Оқушы өзінде бар білімді мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдерін іске асырады. Біз осы кезге дейін жиынтық бағалауды қолданып келдік. Жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейнгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады[МАН 59 бет]. Ал ағылшындарда бағалаудың «формативті» түрі басым қолданылады екен. Бұл бағалау «оқыту үшін бағалау» деп аталады. Бұл бағалауда оқушының барлық мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру және алға қарай жетелеу. Яғни, бірден жиынтық баға қоймай, материалдың игерілмей, қамтылмай қалған тұстарын толықтырып, қайта оқытуға бағыттау. Формативті бағалау - оқушылардың сабақты қандай деңгейде түсінгенін, мұғалімнің түсіндірме бере отырып бағалауы.

Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды [МАН, 56 бет]. Бала өзінің нәтижесін жақсарту үшін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік бере отырып, оқушыға қандай деңгейге жету керек және бұны қалай жасау керек екендігін білу үшін формативті бағалау қолданылады. Оқыту үшін бағалаудың мақсаты баға қою, оқытудың алға жылжуын тіркеу, яғни оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғандығын түсініп, оны алға қарай дамыту үшін жұмыс жасау керектігін түсінеді.

Бірінші бетпе-бет кезеңінің барысында Бағдарламаның жеті модулі аясында тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын оқыту мен оқу мақсаттарын басшылыққа ала отырып, тізбектелген сабақтар топтамасында «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін, Қалай және не үшін қолдандым ? Қандай нәтижеге жеттім ?

Мектептегі практика кезіндегі алғашқы сабақтарымда формативті бағалауды енгізу маған қиынға соққан жоқ. Себебі, бағалаудың түрлі әдістерін бізге бірінші бетпе – бет кезеңіндегі дәрісте тренеріміз Раушан Өмірбекқызы үйреткен еді және топтық жұмыстарда бағалаудың түрлі әдістерін пайдаланған болатын. Тізбектелген сабақтар топтамасында осы үйренген формативті бағалауларды мен де пайдаландым. Мысалы, жеке, жұптық, топтық жұмыстар барысында оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деп сабаққа ынталандыру мақсатында мадақтап, формативті бағалап отырдым. Бағалау парақтарын пайдалана отырып, критерийлер бойынша бағаладым, «Мен – саған, сен - маған», «Екі жұлдыз, бір пікір» т.б. әдістерін пайдаландым. Осы жерде мынадай сұрақ туындайды, бұл бағалауларды дәстүрлі оқытуда жүзеге асырмадық па? Әрине, жүзеге асырылды. Бірақ, ол тек мұғалім тарапынан. Теориялық білімімді практикамен ұштастыру барысында түйген ойым, оқушының өзін және өзгені бағалауы оқушыға артылған үлкен жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады. Енді сол практикада кезінде өткізген сабақтар топтамасындағы формативті бағалауды қалай жүргізгендігім туралы мысалдар келтірейін.

«Бөлшектерді көбейту» тақырыбындағы бірінші сабағымда жаңа сабақты меңгеру «Конверт- сұрақ» әдісі арқылы жүргізілді. Әрбір топқа жеке, жұптық, топтық жұмыстар берілді. Тапсырмаларды орындау барысында сұрақ қою арқылы түрткі бола отырып, жаңа сабақты ашу мақсатында сыни ойлау қабілеттерін мақтау, мадақтау арқылы формативті бағаладым. Оқушылар топпен жұмыс жасау кезінде өздерінің ой-пікірлерімен бөлісе отырып, сыныптасын және өзін - өзі бағалады. Оларға

қысқаша көбейту формулалары бойынша сәйкестендіру тесті берілген кезде, бір-бірінің жауаптарын «Мен - саған, сен - маған» әдісімен тексерді(қосымша, 20-видео). Бағалау өте әділ болды.

Критериалды бағалау - білім алушының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастырушы білім алудағы нәтижелерін алдын ала анықталған бірлесіп жасалған барлығына белгілі критерилермен салыстыру процессі. Оқушы мен мұғалім арасында келісім – критериалды бағалаудың міндетті шарттары болуы керек. Бағалау критерилері мұғалім мен оқушыға белгілі болу керек және бағалау жүйесіне деген оқушылардың түсініспеушілігі болмауы керек, яғни олар өз - өздерін бағалай алатындай болуы керек. Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы оқушының тұлғалық бағытқа, нәтижеге жеткізуге болады. Осы сабақтағы берілген барлық тапсырмалар бойынша оқушыларды бағалау үшін топқа алдын ала бағалау парағы берілді. Әр топтан топ басшысы бағалау парағына алдын ала белгіленген критерийлер бойынша фигураларды қойып отырды.

Бағалау критерийлері төмендегідей белгіленді:


-сұраққа толық жауап берген немесе есепті дұрыс шығарған оқушыларға қойылады,

- жұқа сұраққа жауап берген немесе есепті шығаруда қате жіберген оқушыларға қойылады,

- сұрақтарға толық жауап бере алмаған немесе есепті шығару барысында бірнеше қате жіберген оқушыларға қойылады.

Бағалау парағы


Оқушы аты-жөні

Тапсырмалы сурет

Формуланы сөйлет


Конверт- сұрақ


Сәйкестік тест

«Басқыш»

тапсырмалары


Баға

1










Оқушылардың бағалау парақтарын тексере отырып, олардың өздерін реттей алатындығын байқадым. Топ басшысы топ мүшелерін әділ бағалады. Сабақ басында «Ол менің досым ғой сол себепті мен оған төмен баға қоя алмаймын» деген оқушыларда болды. Бірақ сабақ барысында нақты критерийлер болғандықтан оларға баға қоюда қиындық болмады.Осы бағалау парағына қарап оқушыларға жиынтық баға қойдым(қосымша, суретР009). Бұл маған оқушылардың нақты бағасын қоюға көмектесті.

Әр оқушы дәптерлеріне бүгінгі сабақ түйінін 1 сөйлеммен жазуды ұсындым. Әр топтан бір оқушыға жазған сөйлемдерін оқып берулерін сұрадым. Сабақ соңында бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендіктерін табыс ағашына стикерлерін жапсыру (қосымша,сурет Р010) арқылы көрсетті. Өз стикерлерін 7 оқушы ағаштың жоғары жағына, 15-і ортасына, 4 оқушы ғана төменге жапсырыпты. Бағалаудың мұндай әдісі арқылы бүгінгі сабақты түсінген, түсінбеген және жартылай түсінген оқушыларды анықтап, кіммен жеке жұмыс жасау керектігін білдім.

«Бөлшекті бөлшекке бөлу» тақырыбындағы екінші сабағымда оқушыларға стикерлерге бүгінгі сабақ бойынша «Екі жұлдыз, бір пікір» стратегиясы бойынша пікірлерін жазуды сұрадым. Оны топқа берілген «Табыстылық критерийі» қағаздарына жапсырды (қосымша, суретР018).


hello_html_2b3af0d5.pnghello_html_5cee9a7.jpghello_html_m46ad5113.jpgТүсіндім


Жартылай түсіндім


Түсіндім






Бағалаудың мұндай түрі маған бүгінгі сабақты оқушылардың қаншалықты және қай дәрежеде түсінгендіктерін, сабақ туралы пікірлерін білуге көмектесті. Бағалаудың бұл түрін пайдалану арқылы мен бүгінгі сабақ барлық оқушыларға ұнағандығын, сабақты көп оқушылардың түсінгендіктерін білдім. Барлық оқушы сабаққа екі жұлдыздарын беріпті, пікір жазбаған. Тіпті үлгірімі төмен оқушылардың өзі «Бүгінгі сабақ өте жақсы өтті, сабақты түсіндім»,- деп пікір білдірген екен.

Бұл сабақта оқушыларды бағалау үшін сұрақтарға жауап беруіне не есептерді шығару деңгейіне қарай доп берілетіндігі айтылды (қосымша, 21-видео). Бағалау мына критерийлер бойынша жүргізілді.

-сұраққа толық жауап берген немесе есепті шығарған оқушыға берілді,hello_html_1d2392e2.png

- жұқа сұраққа жауап берген немесе есепті шығаруда қате жіберген оқушыларға берілді,hello_html_m1d4c5209.png

- сұрақтарға толық жауап бере алмаған немесе есепті шығару барысында бірнеше қате жіберген оқушыларға берілді. hello_html_239a8b78.png

Қорытынды шығарылып, сабақ соңында жинаған доптарына қарап журналға баға қойылды. Бағалаудың мұндай түрі маған оқушыларды әділ бағалауға көмектесті.

Осы бағалаудың түрлерін қолдану барысында оқушылардың тапсырманы орындауға құлшыныстары, сабаққа деген қызығушылықтары артты.

«Рационал өрнектерді теңбе – тең түрлендіру» тақырыбында өткен үшінші сабағымда топ бір-бірінің жасаған жұмыстарын «Мен-саған, сен-маған» әдісі бойынша тексерді, тесттік тапсырмада 7 сұрақ болғандықтан бір – біріне 7 баллдық жүйеде баға берді. Оқушыларды берілген сұрақтарға жауап беруіне және есептерді шығару деңгейіне қарай геометриялық фигура берілді. Сабақтың әр сатысы бойынша оқушының алған геометриялық фигурасын бағалау парағына топ басшысы түсіріліп отырды (қосымша:Б1, Б2, Б3, Б4-суреттер).


  • сұраққа толық жауап берген немесе есепті шығарған оқушыға беріледі;



- жұқа сұраққа жауап берген немесе есепті шығаруда қате жіберген оқушыларға беріледі;

- сұрақтарға толық жауап бере алмаған немесе есепті шығару барысында бірнеше қате жіберген оқушыларға беріледі.

Әр фигураның қандай бағамен бағаланатыны сабақ барысында айтылғандықтан, фигуралардың жиналуына қарай журналға баға қойылды.

Сабақ соңында оқушы «Таным ағашындағы» өзіне сәйкес бейнені бояды. Көп оқушылар жоғарғы және ортадағы суреттерді бояған (қосымша, 23-видео) және «Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?» деп сұрағанда, барлық оқушылар басбармақтарын жоғары қаратып көтерді, жүздерінен ризашылықтары көрініп тұрды (қосымша, 22-видео). Кері байланыс жасай отырып, оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығын арттыра білдім. Бұл мен үшін өте маңызды.

«Рационал өрнектерді теңбе – тең түрлендіру» тақырыбында өткен төртінші сабағымда оқушыларды берілген сұрақтарға жауап беруіне және есептерді шығару деңгейіне қарай бағалау топқа алдын ала берілген бағалау парағы бойынша жүргізілді.

Бағалау критерийлері: Толық жауап + Жартылай жауап -- Жауап жоқ -

Оқушы

аты-жөні

Таза тақта

Сұрақтары бар қорап

Білім жәрмеңкесі


Баға

Қатесін тап

Бөлшекті қысқарт

Амалды орында

Кітаппен жұмыс

Тест

Матем-қ диктант


1














Бүгінгі сабақтан кейінгі көңіл күйлерін оқушылар топ болып көңіл-күй нышандарын (смайликтер) плакатқа салу арқылы көрсетті және неліктен салғандықтарын топтан бір оқушы шығып түсіндірді (қосымша,сурет Р035).

Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деп сабаққа ынталандыру мақсатында мадақтап, формативті бағалап отырдым. Дәстүрлі сабақ үдерісінде төрт-бес оқушыны бағалап қана қойсақ, бұл Бағдарламаның Кембридждіктер ұсынып, отырған әдіс-тәсілдерінде «формативті» бағалаудың түрі басым, яғни оқушыны алға қарай ынталандыра отырып, мотивациясын барынша арттыруға жетелеу керек.

Ынталандырудың басқа да түрлерін қолдануға болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне де байланысты деп ойлаймын. Жалпы бағалау - оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін қажет. Қорытындылай келе, формативті бағалау – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Кейбір оқушылар жақсы оқитын оқушылардың тасасында қалып қоймай өз міндеттерін атқарып, тиісті нақты бағасын алып отырды. Оқушылар өзінің және өзгенің, яғни құрбысының жұмысын шынайы бағалауды үйренді.

Cәтті шыққан тұстарым: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты. Оқушылардың нақты, әділ бағасын қою жеңіл болды. Оқушылар бір – бірін бағалап үйренді.

Сәтсіз шыққан тұстарым: Оқушылардың өздері критерийлер ұсынып, сол бойынша бағалауды жүргізбеді. Формативті бағалаудың басқа да түрлері практика кезіндегі сабақтар топтамасынан көрініс таппады.


Жоғарыдағы айтылған оқушыны бағалау арқылы оқытуды жақсарту бес басты фактордан тұрады:

  1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

  2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы

  3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

  4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

  5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі [МАН 60-бет].

Алдағы уақытта осы негізге сүйене отырып, жұмыс жасасақ оқушылардың білім үдерісінде оқытуын жақсартуға болады. Келешекте бағалаудың түрлі тәсілдерін орнымен қолдануды алдыма мақсат етіп қоямын.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші негізгі деңгей,2012ж

2. Бірінші «Бетпе – бет» кезеңіндегі «Білім беру платформасының» материалдары

3. Ғаламторлық ақпараттар www cpm.kz сайтынан алған материалдар

4.Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy.[Культура и педагогика.] Wiley-Blackwell 5.Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным.] University of Cambridge Faculty of Education.

6.Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning.[Тестілеу, қызық-тыружәнебілімберу.]University of Cambridge Faculty of Education.

7.Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning.[Тестілеу, қызық-тыружәнебілімберу.]University of Cambridge Faculty of Education.

8. ШакировР.Х., БуркитоваА.А., ДудкинаО.И. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау// «Оценивание учебных достижений учащихся.Методическое руководство/Сост.. – Б.: «Билим», 2012).




7



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.10.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2771
Номер материала ДВ-062214
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх