Инфоурок Математика Другие методич. материалыОтчет на тему В2 есебі Оқушылар іс-әрекеттерінің жазбалары, олардың сыныптағы жұмыстары, оларды бағалау қамтылған сабақтар топтамасынан алынған жеке сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Отчет на тему В2 есебі Оқушылар іс-әрекеттерінің жазбалары, олардың сыныптағы жұмыстары, оларды бағалау қамтылған сабақтар топтамасынан алынған жеке сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Скачать материал

В2 есебі

Оқушылар іс-әрекеттерінің жазбалары, олардың сыныптағы жұмыстары, оларды бағалау қамтылған сабақтар топтамасынан алынған жеке сабақ бойынша рефлексивтік есеп

 

 Мен, Қазақстан Респуликасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ мен Кембридж университетінің  әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемесін оқып үйрендім. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің болуын талап етеді. Сондықтан жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсіп қалыптасуы үшін, оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру керек. Оқытудың түрлі әдістерін дұрыс таңдап оқушылардың ой-өрісін, сана сезімін жан-жақты дамыту керек.  Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің  оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді.  Осылайша, оқушы да өзін мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

Сондықтан мұғалімге Шулман  «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады [МАН. 8-бет]  Осы бағдарламада айтылған Шулман ілімін басшылыққа ала отырып сабақтар кезеңдерін жоспарлап, тәжірбие жинақтау мақсатында өзім жұмыс жасайтын №83 орта мектепке келдім.

Мектепте өтетін практикалық кезеңде өзімнің іс-тәжірибемде осы Бағдарламаның жеті модулін енгізе отырып, тізбектелген сабақтар топтамасында ықпалдастыра алдым. Бағдарламаға сай жаңа әдіспен құрылған сабақ пен  «дәстүрлі сабақтың» үлкен айырмашылығын байқадым. Дәстүрлі оқытудан алған білім механикалық түрде есте сақталатын мәлімет, яғни оны оқушы  ұтымды пайдаланғанымен, әрі қарай терең меңгере алмайтын. Ал сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсінуін қамтамасыз етіп, кез-келген жерде қандай жағдайда да өз білімін  тиімді пайдалана алатындығында.

         Оқушылардың сыныптағы жұмыстары, оларды бағалау қамтылған сабақтар топтамасынан алынған жеке сабақ бойынша рефлексивтік есепті өзімнің тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған үшінші сабағым бойынша баяндасам. Сабақтың тақырыбы: «Рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіру». Мақсаты: алгебралық бөлшектерге амалдар қолдануды, рационал өрнектерді түрлендіруді үйрету. Есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Алған теориялық білімді практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Жүйелі ойлауға, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Бұл сабақта Бағдарламаның жеті модулі қалай кіріктірілді? Қандай қиындықтар болды? Қандай нәтижеге жеттім? Оқушылар не үйренді? Оқушылар:  «Келесі сабақ қашан болады?» екен деп асыға күтіп жүргендігін естіп, мен бүгінгі сабағымда  қандай әдіс – тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды  қызықтырсам  деп ойландым. Сөйтіп  «Оқыту мен оқудағы» жаңа тәсілді пайдаланып, оқушыларды төрт топқа бөлуден бастадым. Топқа бөлу барысында алғашқы сабақтарыммен салыстырғанда шу аз болды. Топқа бөлінуге қалыптасып қалғандықтарын байқадым. Сынып оқушыларына сурет қиындылары берілді. Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінді  Құрастырылған сурет – формула болатын. Оқушылар формулаға қарап, оның анықтамасын  айтты (қосымша,10-видео), анықтамаға байланыстырып топқа ат қойды.

 

 

 

 Бұл бүгінгі жаңа сабаққа керекті негізгі формулалар еді. Бұрын анықтама жаттамай келетін оқушылардың өзі бұл сабақта тақтаға шығуға асықты. Бірі формуланы құрастырса, екіншісі анықтамасын айтты (қосымша, суретР022). Бұдан әрі постер қорғау, «Ойлан.Бірік.Бөліс» стратегиясын қолдандым.

Жаңа тақырыпты меңгерту үшін  сабаққа Бағдарламаның «Диалогтік оқыту» модулін  кіріктірдім. Бұл оқытудың жаңа әдіс – тәсілі қандай мақсатта кіріктірілді? Диалогтік тәсіл тек қана сұрақ-жауап қана емес, мен оны сұрақ қою арқылы түрткі бола отырып, белгілі бір алға қойған мақсатқа жету деп түсінемін. Сондықтан диалогтік оқытуды жаңа сабақты меңгертуде оқушыларға бағыт бере отырып, «жұқа», «қалың» сұрақтар қолдандым. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді [МАН, 39-бет].Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтік үлгі құруы керек, оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасауы керек. Ол үшін оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет. [МАН, 52-бет].

Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерде қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. (МАН, 13 бет)  «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі бойынша мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылды. Топтарға постер қорғау тапсырмасы берілді. Ол мына екі сұрақ төңірегінде  болды: «Қандай алгебралық амалдарды білесіңдер? Мына есепті шешуде қандай түрлендіру орындалған?» Әр топқа бір мысал шығарылу жолымен берілді. Әр топ өзінің білетін алгебралық амалдарын плакатқа жазады және келтірілген мысалда сол амалдардың қайсысы қолданылғанын айтып, постер қорғады. Топтар  бірінің жауабын екіншісі толықтырып отырды (қосымша, 11-видео).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менің байқағаным - жоба қорғауда бұрын көп көріне бермейтін оқушылар тақтаға  шықты. Әр топтан екі оқушы шығып, бір-бірін толықтыра отырып, қорғады. Бұл жоба қорғау өткен сабақ пен жаңа сабақтың арасындағы көпір қызметін атқарды. Жаңа сабақты өз беттерінше игеру мақсатында «Ойлан. Бірік. Бөліс» стратегиясы пайдаланылды. Оның мәні: оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады яғни ойланады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын топ мүшелерімен біріктіреді (Бірік) (қосымша,сурет Р024) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс) (қосымша, суретР026). Осылайша жаңа білім игерілді.

«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі бойынша оқушылар «Басқыш» тапсырмаларымен жұмыс істеді. Үш басқышқа үш деңгейлі тапсырмалар дайындалып, әр топқа әртүрлі есептер берілді. Оқушылар өз деңгейіне сәйкес шығара алатын есебін таңдап алып, шығарды. Ал, күрделі есепті топтың басқа мүшелерінен сұрау арқылы түсінеді. Әр тапсырмаға топтардан бір оқушыдан шығып, есепті тақтаға жазып шығарды, шығару жолын түсіндірді (қосымша, сурет Р025).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс  ретінде «деңгейлік тапсырма» берілді.

Деңгейлік тапсырманың тиімді жақтары:

·      сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әр оқушының белсенділігі оянады;

·      оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің  деңгейінде жұмыс жүргізеді;

·      барлық оқушы өз жұмысын ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, оның орындалуына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады;

·      оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады;

·      жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздығы, шығармашылығы мен дарынының шыңдалуын тәрбиелейді.

Деңгейлік тапсырма беру арқылы талантты және дарынды балаларды анықтап, келесі сабақтарда кеңейтілген, проблемалық тапсырмалар дайындау мақсатында бердім. 

«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулі  бойынша  оқушыларға сәйкестік тест бердім. Бұл жаңа  тақырып бойынша есептер шығару үшін  керекті формулалардан тұратын сәйкестік тест болатын. Оқушылар формуланың оң жағы мен сол жағын сәйкестендірулері тиіс.  

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін кіріктіруде «Мен-саған, сен-маған» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің жауаптарын тексерді, бір-біріне баға берді (қосымша, 20-видео).  Әр топқа бағалау парағы берілді. Оқушыларды берілген сұрақтарға жауап беруіне және есептерді шығару деңгейіне қарай геометриялық фигура берілді. Сабақтың әр сатысы бойынша оқушының алған геометриялық фигурасы бағалау парағына түсіріліп отырады (қосымша:Б1, Б2, Б3, Б4-суреттер).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-   сұраққа толық жауап берген немесе есепті шығарған оқушыға беріледі;

 


-  жұқа сұраққа жауап берген немесе есепті шығаруда қате жіберген оқушыларға  беріледі; 

- сұрақтарға толық жауап бере алмаған немесе  есепті шығару барысында бірнеше қате жіберген оқушыларға беріледі.

Әр фигураның қандай  бағамен бағаланатыны  сабақ барысында айтылғандықтан, фигуралардың жиналуына қарай журналға баға қойылды. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деп сабаққа ынталандыру мақсатында мадақтап, формативті бағалап отырдым. Дәстүрлі сабақ үдерісінде төрт-бес оқушыны бағалап қана қойсақ, бұл Бағдарламаның кембридждіктер ұсынып, отырған әдіс-тәсілдерінде «формативті» бағалаудың түрі басым, яғни оқушыны алға қарай ынталандыра отырып, мотивациясын барынша арттыруға жетелеу керек.  

Ынталандырудың басқа да түрлерін қолдануға болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне де байланысты деп ойлаймын. Жалпы бағалау - оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін қажет.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді. Білім берудің кез-келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. АКТ-ні пайдаланып, есеп шығару оқушы үшін өте тиімді болды және өздерін реттеу үшін де қолайлы әрі тиімді тәсіл екендігін байқауға болады. Сабақтың барлық сатысында  Power Point таныстырылымы, тақырып пен жасалып жатқан іс-әрекетке сәйкес слайдтар көрсетіліп отырды(қосымша:слайд3). Сабақ барысында «Activstudio» бағдарламасын, сергіту сәтінде «Проигрыватель Windos Media» бағдарламасын пайдаландым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың топтық жұмыстар барысында бірлесе жұмыс жасау,  ынтымақтастықта әрекет етулерін байқадым.  Әрине, көшбасшылық тек мұғалім енгізетін өзгерістерді басқаруынан ғана емес, топ ішіндегі топ басшыларының бойынан да байқалып, мен бұған қуанып отырдым. Оқушылардың бәрін қоса есептегенде дарынды оқушы дегенменде, ерекше математикаға деген қабілеттері мына оқушылар: А.М., А.Ж., Д.А., А.Жн. –ның белсенділіктері байқалды. Бұл оқушылардың өз топтарының алға шығуына ат салысқандығы және білім алуға деген бәсекелестіктері байқалды және мені таң қалдырды. Тапсырмаларды орындау нәтижелерін әр топ, бір-бірін бағалау арқылы жүзеге асырды. Жаңа сабақты меңгеру мақсатында топқа берілген тапсырманы сұрау барысында оқушыларда  ақылдасу, сұхбаттасу, дәлелдеу, көрсету  болды. Постер қорғау кезінде көшбасшылар байқала бастады.

«Кері байланыс».  Сабақ  соңында оқушы «Таным ағашындағы» өзіне сәйкес бейнені бояды. Көп оқушылар жоғарғы және ортадағы суреттерді бояған (қосымша, 12-видео) және «Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?» деп сұрағанда, барлық оқушылар басбармақтарын жоғары қаратып  көтерді, жүздерінен ризашылықтары көрініп тұрды (қосымша, 22-видео).  

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс жасай отырып, оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығын арттыра білдім. Бұл мен үшін өте маңызды.

Қорытындыда айтарым, тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабағыма жаңа әдіс тәсілдерді енгізе отырып, Бағдарламаның жеті модулін де асқан ептілікпен кірістіре алдым және олар бір-бірімен тығыз байланысып жатты деп сенімді айта аламын. Алайда оқу үдерісінде көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, Бағдарлама ең алдымен мұғалімге бағытталған. Мұғалім сабақ үдерісінде «мінсіз оқушы» қалыптастырғысы келсе, ең алдымен өзінің де жоғары деңгейде сыни ойлау қабілеттерін дамыту керек. Сонда ғана «мінсіз оқушының» бейнесін көре аламыз.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы  сабақ беру үдерісінде Маған не қиын болды? Топтау кезіндегі қиыншылық,  яғни уақытты үнемдей алмауым. Қиындықты жеңудегі мақсаттарым қандай ? Оқушылармен достық қарым-қатынасты күшейту,оқушыларға қарай сұрақтарды саралау, сұрақты өз идеяларын дамытуға көмек беретіндей етіп құру, Бағдарламаның жеті модулін сабаққа кіріктіру. Осы сабақтың нәтижесінде әлсіз оқушыны ынталандырдым, сөйлемейтін баланы сөйлетуге ықпал жасадым, ал білімі жоғары оқушыны көшбасшылыққа жетеледім. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік берді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу міндетін қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді.Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды.[МАН-8 бет]

Оқушылар нені үйренді: Бүгінгі сабақта оқушылар өздерін еркін ұстады, ойларын ашық айтты. Оқушылардың әр сабақ өткен сайын алға жылжушылық  қабілеттері байқалды.

Оқушы жаңа білім туралы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастыруға,  сыни тұрғыда баяндауға, нақтылыққа үйренді. Оқушы бойында оқуға деген қызығушылығы артты, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімділігі қалыптасты.          

Бұл сабақтағы менің сәтсіз шыққан тұстарым: Әлі  де болса  балалардың сыни ойлауына  құралған сұрақтардың  мазмұнын кеңейту.

Сәтті шыққан тұстарым:  Уақытты тиімді пайдаландым. Постер қорғауда оқушылар ойларын еркін айтты, сұрақтарға толық жауап берді. Топтық жұмыста Айбол, Нұрболат  сынды оқушыларымның сабаққа тартылғандары байқалды.

Осы сәтсіздіктерді жою мақсатында  әр сабақтың  мақсаты мен жоспарын  құрған кезде көп  жұмыс жасау, іздену. Мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, алдағы уақытта өз-іс тәжірибеме Бағдарламаның жеті модулін әр сабағыма кіріктіре отырып шыңдай түсу.

             

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші негізгі деңгей,2012ж

2. Бірінші «Бетпе – бет» кезеңіндегі «Білім беру платформасының» материалдары 

3. Ғаламторлық ақпараттар  www cpm.kz  сайтынан алған материалдар

4.Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy.[Культура и педагогика.] Wiley-Blackwell 5.Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным.] University of Cambridge Faculty of Education.

6.Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning.[Тестілеу, қызық-тыружәнебілімберу.]University of Cambridge Faculty of Education.

7.Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning.[Тестілеу, қызық-тыружәнебілімберу.]University of Cambridge Faculty of Education.

8. ШакировР.Х., БуркитоваА.А., ДудкинаО.И. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау// «Оценивание учебных достижений учащихся.Методическое руководство/Сост.. – Б.: «Билим», 2012).

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отчет на тему В2 есебі Оқушылар іс-әрекеттерінің жазбалары, олардың сыныптағы жұмыстары, оларды бағалау қамтылған сабақтар топтамасынан алынған жеке сабақ бойынша рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 407 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.10.2015 3355
    • DOCX 18.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Енсепова Сара Махамбетжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Енсепова Сара Махамбетжановна
    Енсепова Сара Махамбетжановна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21558
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 451 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 422 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 546 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов