Инфоурок / Информатика / Научные работы / Отчеты на тему "АКТ"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Отчеты на тему "АКТ"

библиотека
материалов

Байбалақова Зейнегүл мұғалім портфолиосы А есебі

1 топ 3-деңгей

Алматы қаласы 15.04.2014 жыл


Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивті есеп


Біз бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, бір сабақта бағдарлама модульдерін қалай ықпалдастырып қолдану керектігін үйрендік және де оны «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде іске асыру үшін тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын құрдық. Ендігі кезекте сол жоспарды толықтай іске асырып, сабақты жоғары деңгейде өткізу менің басты мақсатым болды.

Осы есебімде мен бір модульді тізбектелген сабақтарымда қалай қолданғандығым туралы жазбақпын. Ол: оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Бұл модульді таңдаған себебім, өзімнің сабақ беретін информатика пәнімен тығыз байланысты болғандықтан осы модульді қорғау менің басты парызым деп санадым.

Мектеп проблемасы да оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану болғандықтан, осы жұмыстарымның тәжірибеде жүзеге асуын көру мен үшін маңызды әрі қызықты.

Бұрын мен АКТ-ның педагогикалық білімге қатысы жоқ, мүлдем бөлек нәрсе деп ойлайтынмын. Енді ойлап қарасам нұсқаулықта берілген педагогикалық білімдегі оқыту мен оқытудың түйінді тоғыз қағидатын АКТ-мен байланыстырғанда ғана бала бойынан оқытудың нәтижесі көрінеді екен.

Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ берудегі шеберлігі мен жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан мектептің техникалық базасы талапқа сай жабдықталған болуы да әсер етеді екен. Оқушылардың мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек.

Қазіргі кезде барлық мектептер сабаққа қажетті интербелсенді тақтамен, мультимедиялық кабинеттермен, лингафон кабинеттерімен, барлық пәндерге қатысты электронды оқулықтармен, түрлі компьютерлік бағдарламалармен толықтай жабдықталған. Сонымен бірге ғаламтор жәнеде сайтта болып жатқан күнделікті онлайн сабақтар оқушылардың білім алуы жолындағы кайнар бұлақ деп айтсақ еш артықтығы болмас еді деп ойлаймын.

Мен нұсқаулықты оқи отырырып, АКТ-ны енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етіп, оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға ықпал ететінін түсіндім.

Ол үшін өз пәнің бойынша меңгерілген теориялық білімді педагогикалық әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып технологиялық біліммен байланыстырғанда ғана оқушылардың бойынан білімді терең меңгеруі мен қатар дағдаларының қалыптасатындығын байқауға болатындығын көруге болады. Технологиялық білім деп – оқытудың қосалықы құралдарын (сандық, бұқаралық ақпарат құралдарын, аудио, бейне) пайдалана білудегі сауаттылықты айтады. Сонымен бірге ғаламторды, электронды поштаны, түрлі желілік байланысты пайдалана алу қабілетінің болуы керек екен. Ол үшін мұғалім де жан – жақты дамыған, өз пәнін теориялық жағынан терең меңгерген, біздің жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері зерттеулер жүргізудің ерекшеліктерін, теориясы мен әдістемесін түсінуіне байланысты екен. Сонымен бірге сабақ берудегі педагогикалық әдіс – тәсілдерді шебер меңгеріп, оны технологиялық біліммен байланыстырғанда ғана оқушылардың оқу материалдарын терең меңгеруі мен дағдаларының қалыптасуы дамиды екен.

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі де оқу процесін жетілдіру жолында ең озық әдістемелер, нұсқаулықтар іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламаларымен жұмыс жасалып жатқандығын білдім.

XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, баршамызға компьютерлік сауаттылық керек. Өйткені, біз балаға білімді ақпарат алмасу арқылы береміз. Ал осы ақпаратты зерттейтін ғылым информатика ғылымы екенін бәріміз де білеміз. Информатика ғылымы компьютер пайда болғаннан кейін ғана ғылым ретінде қарастырылғаны белгілі.

Информатикадағы жоғарғы қасиет, ғылыми - техникалық дамуға белсенді ықпал етіп, компьютерлік техника негізінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу болып табылса, Электронды есептеуіш машинаны тек ақпарат жинауға, сақтауға, өңдеуге ғана қолдану емес, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технология жасауға негіз болатынын байқаймыз. Қазіргі компьютердің ерекшелегі – ақпараттың түрлерін өңдеу, графикалық жұмыс түрлерін орындау, әр түрлі деректер жинау мен тарату, компьютерлік оқыту процесінде ақпаратты программалық түрде ұсыну, білім сапасын автоматтандырылған түрде бақылау және т.б. жұмыстар атқаратындығында.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар АКТ-ны қолдану информатика пәнінде де көрініс тапқан. Қазіргі кезде АКТ көмегінсіз информатика сабағы өтілмейді десе де болады. Десекте мен осы курсқа бармай тұрғандағы интербелсенді тақтаны, электрондық оқулықтарды тек дайын күйінде білім беруге бағыттап, тек көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады екенмін. Балаларға өз бетімен білім алуға тиым салып, ұялы телефондарын да пайдалануға рұқсат етпейтінмін және де сабаққа кедергі келтіреді деп ойлайтынмын, ойланып қарасам телефонның өзінің де ақпаратты тез табуға, уақытты үнемдеуге көп көмегі тиеді екен. Сонымен бірге балалардың да өз бетімен білім алуға деген құлшыныстары оянады екен.

Осындай тұжырымға келе отырып, мен мектептегі тәжірибе кезеңінде жоспарлаған сабақтарымды өте бастадым. Сабақ өтуге 8 Ж сыныбын таңдап алдым. Бұл сыныптың білім сапасы орташа деңгейде. Оқу озаттары іріктеліп жаратылыстану бағытындағы сыныптарға жіберілген. Бұл сыныпты таңдап алған себебім, бұл сыныптың тәртібі жақсы және де оқушыларының информатика пәніне деген қызығушылықтары жоғары. Осы сыныппен бірге тізбектелген сабақтарымды өту барысындағы кездескен кедергілерді бірлесіп, ұйымдасып, ынтымақтастықтық арқасында тез арада жоя аламыз деген сенімім де болды. Алдымен сабағымды жоспарлауда АКТ-ның тиімділігін қалай арттырсам деген сұрақ төңірегінде ойландым.

Бірінші сабағымның тақырыбы «Word мәтіндік процессорымен танысу, терезе элементтерімен жұмыс жасау». Балалармен амандасып, сергіту жаттығуын жасатып, топқа бөлгеннен кейін, әр топқа ескі жазу машинасының суреттерін таратып бердім. Бұл ескі жазу машинасы екендігін және де ғаламторды пайдалану арқылы осы сурет жайлы мәліметтер жинауды тапсырдым. Әр топ іске кірісте бір топ компьютерді пайдаланса, екінші топ өз телефондарындағы ғаламторды пайдалану арқылы тез арада керекті ақпаратты тауып алды және ескі жазу машинасының түрлерін және мүмкіндіктерін анықтады. Олардың құрылысына қарап екі топқа бөлуге болатынын, біріншісі – портативті, екінші топ – кеңселік терім, жазу және арнаулы топтағы машиналар екендігі туралы мәліметтер алды. Және олардың құрылысы жағынан да өте күрделі екендігін де айтты. Осы сәтте оқушыларымның АКТны сауатты пайдалана алып отырғанын көрдім.

Енді мен интербелсенді тақтаны пайдаландым. Ол арқылы Word мәтіндік процессорының жұмыс алаңымен, терезе элементтерімен, мүмкіндіктерімен таныстырдым.

Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың интеллектуалдық танымын, қызығушылықтарын, білім сапасын арттыруға болады. Мен ылғи да интербелсенді тақтаны тәжірибиелік сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын. Мысалы, информатика пәнін оқытуда интербелсенді тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік беремін. Сабақта интербелсенді тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге мүмкіндіктері болады. Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен кезде тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға болады. Тестілеудің нәтижелерiн график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелері барысында, оқушылардың материалды қаншалықты игергендігін анықтауға болады.

Балалар Word-ты ескі жазу машинасының мүмкіндіктерімен салыстыра отырып, айырмашылықтары жер мен көктей екендігін анықтады. Сыныптағы Диас есімді оқушы апай ол кезде жазу машинасымен жұмыс жасау да көп қиындық туғызған шығар, қате жазылса түзелмейді, 2-3 данадан артық көшірме шығармайтын сонымен бірге қазақ әріптерінің болмағанын айтып өтті. Диастың жауабын Аида толықтырды үйлерінде атасының ескі жазу машинасының болғанын айтты. Онымен жұмыс істегенде дауысы қатты шығатынын жәнеде алып жүруге өте ыңғайсыз болатынын, көлемі үлкен, ауыр екені жайлы айтып балаларға түсіндірді. Мен оқушылардың бұл жауаптарынан жан-жақты дерек жинауға қабілеттерінің бар екен түсіндім.

Енді балалар Word-та жұмыс жасап көру үшін компьютерде жұмыс жасады. Қазіргі заман техника заманы болғаннан кейін бе, осы заманның ұрпақтары да техникаға бейім. Барлығы да Word программасын іске қосып мәтінмен жұмыс жасады. Мәтінді сақтау, пішімдеу, өшіру, көшіру, баспаға беру сияқты көптеген мүмкіндіктерді меңгерді. Сыныптағы қабылдауы төмен, онша қызығушылығы жоқ Мадияр, Ернат, Жанар сияқты балаларға Диас, Гүлшад, Ғабит сияқты алғыр оқушылар көпріше болып көмек көрсетіп отырды. Сыныптастарының көмегінің арқасында Мадияр да, Ернат та, Жанар да Word программасын жұмыс жасауды үйренді. Өз беттерімен да жаңа құжат ашып, ол жерде мәтінмен жұмыс жасайтындай дәрежеге жетті.

Сабақта АТК-ны қолдану мұғалімнің көп сөйлеп кітап бойынша берген білімінен гөрі, оқушылардың өздері ізденіп тапқан ақпараттары түсініктірек болды және де уақыт та тиімді жұмысалды екен. Бірінші сабағымда кедергілер кездессе де балалар сабағымды жақсы түсінді деп ойлаймын. Бұл сабағымда АКТ-ны басқа қырынан қолданып, сабақтың да нәтижелі болғанына көзім жетті.

Екінші сабағымның тақырыбы: «Word процессорында кестелермен жұмыс жасау». Мен бұл сабағымда электрондық оқулықты пайдаландым. Электрoндық оқулықтарды пайдaлaну тиімділігiне жалпы тоқталып өтсек, қaзiргi кезеңдeрдe негізгi мәселелердің бірі - оқу үдерiсінде білім, тәрбие берудiң пәрмeнділігін, білiмнің тәрбиeлік, тәрбиенің білiмдiк мәнін жоғaры дәрeжеге жеткiзу бoлып табылaды. Сoнымeн бiргe, элeктрoнды oқулық – бұл дидактикaлық әдiс-тәсiлдер мeн ақпaрaттық тeхнолoгияны қолдануға негізделген түбегeйлі жүйе. Білiм берудiң кез - келгeн салaсында электрoндық оқулықтaрды пaйдалану oқушылардың танымдық бeлсенділіктерін арттырып қана қоймай, лoгикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығaрмашылықпен еңбeк етуiне жағдaй туғызaды. Әлі де білім беру салaсында тeк мұғалімнің айтқaндарын немeсе oқулықты пайдалану қазіргі замaн талaбын қанaғаттандырмайды. Сондaй-ақ тек қана оқушы үшін ғaна емес, мұғaлімдердің де дидaктикалық – әдістемeлік көмeкші құрaлы бoлып тaбылады.

Электрондық оқулықтағы мәліметтер арқылы оқушылар Word-та кесте құрудың түрлерін, ұяшықтарды қосу, біріктіру, өшіру, кестеге баған қосу, артық жолдарды алып тастау, кестеге мәлімет енгізу сияқты мүмкіндіктерімен танысты.

Балалар компьютерде салыстырмалы түрде Word-та да, Excel – де де кестемен жұмыс жасап көрді. Бұл жолы балалар кестемен жұмыс жасау кезінде Excel программасының тиімді екенін анықтады. Көлемі үлкен кестелермен жұмыс жасау, есептеулер, диаграмма құру сияқты мүмкіндіктердің Word-программасында қарастырылмағанын анықтады. Оқушылар өз беттерімен осындай дәрежеде білім алып отырғандығы мені қуантты. Мектептегі тәжірибе кезеңіне жүрексіне келген едім. Бұл қалай болар екен? Оқушылар қалай қабылдайды? Оқушыларға дұрыс бағыт–бағдар бере аламын ба? деген сұрақтар миымнан шықпай қойып еді, оқушылардың мынандай жұмысының нәтижесінде маған да шығармашылық шабыт келіп, өз сабағыма деген қызығушылығым бұрынғыдан да арта түсті.

Word мәтіндік процессорында тек қарапайым кестелермен жұмыс жасауға болатындығына көздерін жеткізді. Сонымен бірге Word мәтіндік процессорында кесте құрудың түрлерін, кестемен жұмыс жасаудың әдіс–тәсілдерін меңгерді.

Үшінші сабағымның тақырыбы: «Графикалық объектілерді және көркем жазуды кірістіру».

Балалар бұл сабақта Word-та графикалық объектілермен қалай жұмыс істеу керектігін үйренді. WORDART, автофигураларды қолданып жұмыс жасады. Диас мен Гүлшад телефондарындағы өз суреттерін жүктеп, әдемі ашық хаттар жасады. Мадияр ман Ғабит ғаламтордан түрлі суреттерді жүктеп туған күндеріне шақыру билеттерін дайындады. Сауле, Жанар, Ернат автофигураларды пайдаланып түрлі графикалық жұмыстар жасады және оны безендіруді үйренді.

Төртінші сабағымның тақырыбы: «Қорытынды сабақ. Шығармашылықпен жұмыс».Бұл сабақта балалар барынша шабыттана шығармашылықпен жұмыс істеді. Word-тың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып жұмыс жасады. Өз жұмыстарына телефондарындағы, фотокамераларындағы суреттерді пайдаланған. Ғаламторда да түрлі мәліметтер алған. Жасаған жұмыстарын CD дискіге, флешка жазып алып интербелсенді тақтадан барлық сыныпқа көрсетті және де бұл жұмыстарында Word-тың қандай мүмкіндіктерін пайдаланғандығы туралы айтып, жұмыстарын қорғады. Сонымен бірге өз пікірлерімен де бөлісті, жұмысты сыныптағы оқушылармен үйде бірігіп жасағандарын, тапсырманы орындау барысында көп нәрсе үйренгендерін, сабақтың ұнағандығын да айтты.

CD, DVD диск, флешка компьютердің ақпарат тасымалдауына арналған қосымша құрылғыларының бірі. Бұл құрылғыларды пайдалана білудің өзі - заман талабы.

Оқушыларды ғаламторды дұрыс пайдалану баланың дамуына үлкен көмек көрсетеді. Ғаламторда не жоқ, іздегеніңнің барлығы да бар. Баланың ой – өрісін, ойлау қабілетін дамытатын түрлі онлайн ойындар. Мысалы, шашки, шахмат, нарды, логикалық ойындарлың түрлері т.б.

Ғаламторда тиімді жұмыс істеумен бірге оның қауіпті жақтарын да балаға ескертіп отыру керек. Кез – келген сайтқа тіркеліп, аты – жөнін, телефон номерін, үйдің мекен –жайын да толық көсету қауіпті екені нұсқаулықта да жазылған. Қазіргі кезде агент арқылы бейтаныс адаммен танысып, кездесіп, түрлі қиын жағдайларға тап болып жатқан жасөспірімдерді бәріміз де білеміз. Сондықтан да осының барлығын балаға ескертіп отыру адами тұрғыдан да, пән мұғалімі ретінде де біздің негізгі міндетіміздің бірі болмақ.

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, менің тізбектелген төрт сабағымда оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасы артты деп ойлаймын. Оқытудың көрнекілігі артып, нәтижесі оқу материалдарын саналы игеруге жетеледі. Оқу материалдарының маңызы артып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткіздім. Сабақ барысында оқушылардың білім деңгейіне, ынтасына, қабілетіне қарай топқа бөлемін. Топта білім деңгейі жоғары оқушымен, білім деңгейі орташа оқушылaрдың араласып топ құруына жaғдай жaсaдым. Сонымен бірге, әр оқушығa өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа талпынуға, ақыл – ойын дaмытуға, өзіндік дүниетанымын қалыптасыруға жағдaй жасадым.

8 Ж сыныбында өткен осы сабақтарымда оқушылар Office бағдарламаларының ішіндегі Word бағдарламасын толық меңгерді және де оны кез – келген уакытта өмірде пайдалана алады деп ойлаймын. Осы программамен қатар сандық техникаларды да компьютерде баптау, ақпарат алмасу, компьютердің қосымша құрылғыларымен жұмыс істеу сияқты әдіс-тәсілдерді де меңгерді. Ал теориялық, тәжірибелік жағынан ақсап, көмек қажет оқушылармен болашақта топтық, жұптық, ұжымдық жұмыста зерттей отырып жұмыс жасауды үйымдастыру. Нақтырақ айтқанда бұл ойды оқушылардың жазған кері байланыс жазбаларынан байқадым. Онда оқушыларға осындай топта бірігіп істеген жұмыстардың ұнағандығын және де түсінбеген нәрселерін топта талқылауды ұсынған екен.

Мен тізбектелген сабақтарымда алдыма қойған мақсаттарыма жеткендеймін. Енді болашақта оқушылардың үздік жұмыстарын үлкен аудиторияларда тарату үшін, подкастинг тәсілін тәсілін қолдануды жоспарлап отырмын. Құрметті әріптестер алдымызда отырған әрбір бала бір жұлдыз, сол жұлдыздардың сөніп қалуына жол бермей, жарқырап айналасына нұрын шашу үшін ерінбей, жалықпай еңбек етіп, ізденіп, білім сапасындағы жаңалықтардан жырақ қалмай жаңа форматтағы құзіретті мұғалім болуға тырысайық!



Пайдаланылған әдебиеттер:


7





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-034976

Похожие материалы



2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"