Инфоурок / Информатика / Научные работы / Отчеты на тему "В2"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Отчеты на тему "В2"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Байбалақова Зейнегүл мұғалім портфолиосы В2 есебі

1 топ 3-деңгей

Алматы қаласы 15.04.2014 ж


Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фотосуреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөніндегі жазбалар) қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп


Менің үшінші сабағымды Бағдарламаның модульдермені мен оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін ықпалдастыра отырып, төмендегідей дәрежеде өткіздім.

Сабағымның жалпы мақсаты бойынша бұл сабағымда оқушылар Word мәтіндік процессорында объектілермен, графикамен жұмыс жасауды үйренеді, құжатқа түрлі объектілерді, суреттерді, көркем жазуды, диаграммаларды кірістіреді, пішімдейді.

Сабағымда «Сәлемдесу», «Екі өтірік, бір шындық», «Шашу» әдісі, «Бас бармақ», «Шар ішіндегі сұрақ», «Қар үйіндісі», «Өрмекші торы», «Түртіп ал», «Күту» ағашы әдістерін қолдандым.

Сабақты әдеттегідей оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеумен бастадым. Сабаққа 13 оқушы қатысты, 1 оқушы белгілі себеппен сабаққа қатыспады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілінің бірі сыныптағы жағымды, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, оқушыларды сергітіп алу мақсатында «Екі өтірік, бір шындық» әдісін пайдаландым.








Бұл әдіс оқушыларға әрине, қызықты болды. Оқушылар: «Менің атымды әжем қойған, мен өлең жазамын, бүгін ең жақын досымның туылған күні», «Менің туылған күнім 29 ақпан, бүгін маған біреу сыйлық берді, бүгін мен ұнататын сабақ болды» деген сияқты балаларға қайсысы шын, қайсысы өтірік екені белгісіз, біраз ойландыратын әңгімелер айтылды. Оқушылар біреуінікін дұрыс тауып, екіншісінен шатасып, біраз әуре болды. Менің бұл әдісті пайдаланған себебім, оқушылардың жылдам ойлау қабілетін дамыту, оқушылар арасындағы қарым – қатынасты нығайту болатын. Бір – бірінің өтірігі мен шындарын тауып барлық оқушылардың көңілдері көтеріліп, сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын байқадым. Топтағы ең жуас, көп сөйлемейтін ынжықтау Сауле мен Елнұрдың өзі де ойынға белсене қатысты. Көздерінен қуанып, көңілдерінің көтеріліп тұрғанын байқадым. Олардың Олардың жүзін көріп менің де жүрегіме қуаныш ұялады. Бұл оқушылар алдыңғы сабақтардағы ой сергектерде ұяңдық танытып, онша ашыла коймаған. Мен ынтымақтастық атмосферасының бала психологиясына жақсы әсер ететінін, сыныптастары арасында қарым-қатынасқа түсуге ыңғайланатынын бүгінгі сабағымнан байқадым. Бағдарламаның негізгі міндеті–баланың ішкі жан дүниесіне терең үңілу және түсіне білу. Оқушылармен дәл осындай қарым – қатынаста болып ерінбей, жалықпай, ізденіп, сабағымды түрлі әдіс –тәсілдермен өтетін болсам, кез – келген баланың жүрегіне жол табатыныма сенімді болдым.hello_html_4630af00.jpg

Сыни тұрғысынан ойлауға үйретуде ең бірінші қағида топпен жұмыс жасау деп ойлаймын. Ол сабақтың нәтижелі, қызықты, пікірталасқа толы, түрлі идеялардың тууының негізі болып табылады. Сол мақсатта оқушыларды түрлі тәттілерді шашып, «Шашу» әдісімен топқа бөлдім. Балалар қолдарына түскен тәттілерін жеп мәз болды. Өткен сабақтарға қарағанда тез реттеліп, топқа бөлінді.

hello_html_44318889.jpg

Дәстүрлі сабақта оқушылар сабаққа жеке дара дайындалып, өздерін еркін сезіне алмайтын жағдайда болса, топтық жұмыста, ұжымдасып жұмыс жасағанда, өз ойларын еркін айтып, сабақ материалдарын өз беттерімен ізденуге ұмтылыс жасайтынын сабақтарымнан байқай бастадым. hello_html_2077b855.jpg

Осы сабақтағы оқушылардың көңіл–күйін, сабақты қаншалықты деңгейде меңгергендігін, тапсырманы орындау барысында ненің оңай, ненің қиын болғандығын білу мақсатында кері байланыс ұйымдастырдым. Кері байланысқа «Күту ағашын» пайдаландым. Тақтаның алдына шыршаны қойып, оны не үшін қойғанымды балаларға түсіндірдім. «Балалар мен сендердің сабаққа қалай қатысқандарыңды, қалай тапсырма орындағандарыңды, көңіл – күйлеріңнің қандай болғандығын, сендерге қандай көмек керек екендігін осы шыршаға жазып ілгендеріңнен біліп отырамын. Мен содан кейін сендермен келесі сабақта қандай жұмыс жасау керектігін жоспарлап, сол бойынша жұмыс жасаймын. Сондықтан да әрқайсысың бүгінгі сабақтан не күтетіндеріңді жазып ағашқа іліңдер. Ал сабақтың соңында сол жазғандарың бойынша осы сабақтан жауап таба алдыңдар ма, сабақ барысы бойынша ненің ұнағанын, ненің ұнамағанын, түсініксіз болған нәрселер туралы жазып ілесіңдер» дегенді айттым. Оқушылардың барлығы да өз ойларын жазып шыршаға ілді. Бұл жерден байқағаным бұрын бұндай кері байланыс жасап көрмеген оқушыларға стикерге не жазу керектігі қиындау болды.

Үй тапсырмасын «Шар ішіндегі сұрақ» әдісімен тексердім. Шардың ішіне біреуі өткен тақырыпқа байланысты оқулық бойына сұрақ болса, екіншісі сыни тұрғыдан ойлануға арналған ашық сұрақ дайындап салдым. Екі түрлі сұрақ дайындаудағы мақсатым, тақырып бойынша алған білімдерін сыни тұрғыдан ойландыра отырып өмірмен байланыс жасату еді.hello_html_m47d0eb3a.jpg

Информатика сабағында көбіне тәжірибе жүзінде компьютермен жұмыс жасайтын болғандықтан бұрындары диалогқа көп көңіл бөлінбейтін. Куста мен оқушының бір– бірімен, топпен, оқушы – мұғалім арасындағы талқылаудардан 50% білімді меңгеретіндіктерін оқып білгеннен кейін ғана көңіл бөле бастадым. Сол үшін мен сыныпта Чиксентмихайдың «өзіндік мақсаты» мен Райан мен Декидің «ішкі уәж» деп аталатын қасиетерінің болуына басты назар аудара бастадым.

Мен осы пiкiргe сүйене отырып, оқушыларға топпен жұмыс жасап талқылауға 5 минут уақыт бердім. Топта жұмыс өте қарқынды жүрді, ашық сұрақтар бойынша бір – бірінің пікірін, идеяларын тыңдап, қорытынды жасай алды. Ашық сұрақтар бойынша балалардың жауаптарына тоқтала кетейін.hello_html_dcd1eda.jpg

Бірінші топтан топ жетекшісі Гүлшад жауап берді. Сұрағы: «Сенің ойыңдағы мәтіндік бағдарламаның Word- тан қандай артықшылығы болар еді деп ойлайсың?». Біздің ойымызша біздің топтың бағдарламасының артықшылығы қатені өзі тексеретін, оқып немесе ауызша айтып отырғанда өзі мәтін ретінде қабылдайтын, телефондарда да қолдануға болатындай, қолдануға тиімді болар еді. Мен бұл жерде Гүлшадтың жауабынан сыни түрғыдан ойлануға үйрене бастағанын түсіндім.

Екінші топтан Дияс жауап берді. Сұрағы: «Сенің ойлап тапқан компьютеріңнің артықшылығы неде болар еді?». Біздің ойлап тапқан компьютеріміз адам денсаулығына кері әсерін тигізбейтін, жүйелік блогында колонка, принтер, сканер, камера, т.б құрылғылардың барлығы орналасқан болар еді. Сонда адамдарға жұмыс жасауға тиімді болар еді деп ойлаймыз. Бұл жауаптан да балалардың ойлау кабілеттерінің жоғары екенін түсіндім.

hello_html_m3ec44ef8.jpg


Үшінші топтан Алмас жауап берді. Сұрағы: «Компьютердің тиімділігі кандай деп ойлайсың?». Біздің топтың шешімі бойынша компьютердің тиімділігі өте зор. Мәтінді жазуда да, суретке де кез–келген түріңмен түсе беруіңе болады, қалаған аудио, видеоларыңды көруге болады, хат – хабарды да лезде таратады. Жалпы айтқанда компьютерсіз өмір сүру қиын болар еді, -деп ойлаймыз. Мен оқушылардың бойынан байқаған кемшілігім, тәжірибе жүзінде компьютерлік бағдарламаларды жақсы меңгерген оқушылардың тәжірибені теориямен байланыстыра алмауында еді. Мысалы Ғабит деген оқушы «Word процессорында қандай жолдармен мәтінді пішімдейміз?» - деген сұраққа, «Апай, мен компьютерден көрсетейінші» деп жауап беруі еді. Енді мен бұндай қателіктерге жол бермеу үшін сабағымда әңгімелесудің түрлерін сабағыма жиі қолданыуым керектігін түсіндім. Сонымен бірге сабағымда диалогтік оқытуды дамыту үші сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын жиі пайдалануым керектігін түсіндім.

Мен әр топтың жауабын балаларғы «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалаттым. Бұл жерде балалар бағалауды дұрыс жүргізбеді. Өз топтарына ғана жақсы баға беріп, бәсекелестікке түсу байқалды. Мен бұл кедергіден шығу үшін бағалаудың басқа түрлерін пайдалану керектігі туралы ойландым.


hello_html_m6c3872d6.jpg



Мағынаны тану кезеңінде интербелсенді тақтаның көмегімен электронды оқулықтан Word мәтіндік процессорында объектілермен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдерін көрсеттім.

Ақпараттық– коммуникациялық технологияның сабақта қолданудың тиімділігі – оқушылардың жан – жақты білім алуына, шығармашылығын дамытуға, жылдам ойлауға, өз бетімен жұмыс жасауға ықпалын тигізеді екен. Ол үшін теориялық білімді АКТ-мен байланыстырғанда ғана өз нәтижесін көрсетеді деп ойлаймын.hello_html_m50e64660.jpg

Оқушылар жұптық жұмыста оқулықты пайдалана отырып, құжатқа объектілерді қою, көбейту, өшіру, көшіру, түсін, пішімін өзгерту сияқты мүмкіндіктерімен танысты, талқылады. Оқушылардың түсінбеген жерлеріне өзім ЖАДА бола отырып көмектер көрсеттім. Ғаламтордан суреттерді қалай жүктеу керектігіне сілтеме жасап, бағыт - бағдар беріп отырдым.

Топтық жұмыста балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында әр топқа жеке– жеке ребустар тараттым. Ребус әр түрлі суреттерді пайдалану арқылы жасалған. Балалар ребусты топта пікірлесе отырып, тез арада шешіп жауаптарын айтты. Ребусты шешу барысында пайда болған «Ашық хат», «Құттықтау», «Досқа тілек» деген сөздерді тақырып қылып ала отырып, компьютерде шығармашылық жұмыс жасау тапсырылды.

Ой толғау кезеңінде оқушылар берілген тақырыпқа байланысты Word-тың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып шығармашылық жұмыс жасады. Енді бір таңқалғаным теориялық білімі жақсы Айдана деген оқушының компьютермен тапсырма орындау барысында орташа екендігін көрсетті. Бұл бір шетінен баланың әлеуметтік жағдайының әсерінен деп ойлаймын. Себебі, үй жағдайында компьютер, ғаламтор болмағандықтан, үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша ғана орындап келетін, ал мектептегі сабақта меңгеруге уақыт аздық етеді. Өйткен информатика пәніне аптасына 1 сағат қана бөлінген. Мен бұл оқушыларға көмек көрсету үшін тәжірибесі жақсы оқушылардан көпіршелер жасадым. Нәтижесінде Айдана теориялық білімін технологиялық біліммен ұштастырып, нәтижесінде анасына арнап өте жақсы ашық хат дайындады. Бұл жерде байқағаным оқушылардың бір-біріне «көпірше» болып көмек бергендерінің өзі сабақты меңгеруге үлкен әсерін тигізеді екен.hello_html_36c58640.jpghello_html_mc0d68ca.jpg

hello_html_5e99d777.jpg


8-Ж сыныбында да сабақты жақсы оқитын, компьютерлік бағдарламалардың көбін өз бетімен меңгерген, логикалық ойлау қабілеттері де жоғары оқушылар бар. Оларды атап айтатын болсам Гүлшад, Ғабит деген оқушылар. Осы оқушылар жайында алдыңғы тапсырмаларды орындау барысында да жазған болатынмын. Олар осы берілген тапсырма бойынша да POWER POINT бағдарламасында ғаламторды пайдалана отырып өте тамаша жұмыстар жасады. Мен бұл оқушыларды сандық технологияларды сауатты меңгеріп, оны кез – келген жерде қолдана білетіндіктен мен оларды информатика пәніне қабілеті жоғары дарынды оқушылардың қатарына қосамын.

Ал орташа оқитын оқушылар Word программасындағы объектілерді, автофигураларды пайдалана отырып жұмыс жасаса, үлгерімі төмен оқушылар ЖАДА көмегін пайдалана отырып жұмыс жасады.

Бағалау оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болып екіге бөлінеді. Оқыту үшін бағалау оқушының оқу нәтижесін анықтау, сабақ бойынша материалды меңгеруге ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылардың барлық іс –әрекеті бойынша білім - білік деңгейі, ойлау қабілеті, түсінігі, қабылдауы бағаланса, оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемін суммативті бағалау немесе жиынтық бағалау болып табылады екен. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өзін – өзі бағалауды, бірі – бірі бағалауды, дайын критерийлар арқылы бағалауды, кері байланыс жасауды меңгере отырып, өздерінің білімдерінің қай деңгейде екендігін анықтады.

Бүгінгі сабақты оқушылардың калай меңгергендігін және де өзінің кай деңгейде екендігін, нені түсініп, нені түсінбегенін шынайы түрде бағалай білуді үйрету үшін, оқушыларға өздерін- өздері бағалауды ұсындым. Оқушылар әр тапсырманы орындап болған сайын, бағалаудың «Смайликтер», «Критерийлерді пайдалану», «Куту ағашы» әдістерін пайдаландым. Нәтижесінде бағалауым нақты нәтижесіне жетті деп айта алмаймын. Себебі, оқушылардың көбісі «Бас бармақ» әдісін бірінші рет қолданып отырғандықтан, ойынға айналдырып, бірін– бірі дұрыс бағаламады. Болашақта осы кедергілермен жұмыс жасау керектігін түсіндім. Ал дайын критерийлерді пайдалана отырып бағалау оқушыларға тиімдірек болды.

Оқушылардың жұмыстарын бағалауда формативті бағалаудың идеяларын тиімді қолданып отырдым деп айта аламын.


hello_html_3921cca0.jpg







Тағы тәжірибемдегі жаңалықтың бірі кері байланыс.hello_html_m2b55390a.jpg

Мен оқушылардың осы сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, сабақты қаншалықты дәрежеде меңгергендігін анықтау кері байланыс жүргізу мақсатында «Күту шыршасы» әдісін пайдаландым. Себебі, шырша қысы – жазы бір түсте болып, көктеп тұрады. Ескіріп түскен қылтасының орнына жаңасы шығып, үнемі жасарып, толысып тұрады. Менде сол себепті, оқушылар ешуақытта білімнен жұтамасын, үнемі өсу, даму үстінде болсын деген мақсатта сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабақтан не күтетіндерін күту ағашына жаздырып ілгіздім.

Сабақтың соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін, ненің ұнап, ненің ұнамағанын өздері жазып ілді. Оқушылардың жазбаларынан оқып қарасам, сабақ бәріне ұнаған сияқты. Оқушылардың басым бөлігі «Сабақ маған қатты ұнады», «Сабақ өте көңілді өтті», «Сабақта көп тапсырма орындадық, бірақ уақыт тез өтті» деп жазса, екі оқушы ешнарсе жазбай іліпті... Оқушылардың жазуларын салыстыра отырып анықтасам Ернат мен Сауле екен. Олар сабаққа жақсы катысты, сабақ бойы көңілді отырды, не себепті ешнарсе жазбады деп ойландым. Келесі сабағымда осы оқушылармен жұмыс жасап, сабақты калай меңгергендігі туралы кері байланыс жасай алатындай дәрежеге жеткізуді өзімнің басты мақсатым деп алдым.

Мен дәстүрлі сабақтарда өзім сөйлеп, өзім түсіндіріп, өзім бағалап, өзім қорытып отыратын болсам, курстан алған тәжірибем бойынша ендігі сабақта мен тек оқушылардың сабақты өз бетімен меңгеруіне бағыт– бағдар, бірін- бірі бағалауға нұсқау беріп отыратын көшбасшы бола білдім.

Мұғалімнің көшбасшылық қасиеті - оның ұстанымына, көзқарасына, сабақ жоспарын жүйелі түрде құрып, оны өткізу әдіс– тәсілдерін шебер пайдалана білуінде. Оқушылардың ерекше қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды ұтымды пайдалануында деп ойлаймын.

Әрине, әрбір мұғалім мықты көшбасшы бола білу үшін, әрдайым ізденіс үстінде болуы қажет. Біз әрдайым еңбектеніп, жаңалықтан құр қалмай, өз білімімізді толықтырып отыратын болсақ, кез –келген оқушының жүрегіне нұр құятынымыз анық.hello_html_7ca1b0e.jpg

Сабақта кездескен кедергілерім: шығармашылық жұмыс кезінде уақыттың жетпеуі, кейбір оқушылардың ауызша түрде өз идеяларын жеткізе алмауы, кері байланыстың толық жасалмауы.

Жетістіктерім: Оқушылардың топтық жұмыста, жұптық жұмыста өз ойларын жүйелі жеткізе алуы, АКТ-ны тиімді пайдалануы, сабақты өз бетімен меңгеруге ізденуі.

Болашақта: Тізбектелген сабақтарымды өту барысында оқушылардың қабілетін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, топтап оқытуды ұйымдастыру. Сонымен бірге сыныптағы диалогтың оқушы-оқушы, мұғалім- оқушы арасындағы әңгімені дамыту керектігін түсіндім. Тұйық оқушылардың ашылуына, белсенді болуына топта жағдай жасау. Оқушылардың белсенділігі артқан сайын өзің де сабағыңды жандандыруға, түрлендіруге тырысады екенсің. Екінші «Бетпе -бет» кезеңінде бұдан да көп нәрсе үйренемін, тәжірибелі мұғалімдердің өткен сабақтарынан бұдан да көп тәжірибе жинақтаймын деген ойдамын. Содан кейін болашақта осы курстан алған барлық білімдерімді, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін барлық сабақтарымда қолданамын. Егер соның нәтижесі оқушылардың бойынан көрінетін болса, онда бұл менің еңбегімнің жемісі, ең үлкен жетістіктерімнің бірі деп ойлаймын.



9

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-038662

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>