Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Научные работы / Отчеты на тему "В3"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Отчеты на тему "В3"

библиотека
материалов

Байбалақова Зейнегүл мұғалім портфолиосы В3 есебі

1 топ 3-деңгей

Алматы қаласы 15.04.2014 ж

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша бір есеп.

Мұғалімнің ойлары

Бағалаушының пікірі

Біз бүгін «Мектептегі тәжірибе» кезеңін аяқтап, екінші «Бетпе-бет» кезеңіне келдік. Тренеріміз Айжан Ыдырысқызымен және топтағы барлық әріптестерімізбен сағыныса табыстық.

Айжан апай әдеттегідей сергіту сәтін жасатты, содан кейін сурет қиындыларымен топка бөлді. Біз Қарлығаш апай, Нигара апай, Жұлдыз, Қарлығаш апай бесеуміз топ құрдық. Айжан апаймен екінші «Бетпе-бет» кезеңінде орындайтын тапсырмаларымызды талқыладық. Талқылау барысында:

  1. «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде жасаған жұмыстарды талқылау

  2. «Жәрмеңке» ұйымдастыру, тәжірибе алмасу

  3. Бір- бірімізді бағалау

  4. Есептерімізді аяқтау

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындаған «Әріптестермен кеңесу» тапсырмасы бойынша әр топ өз топтарында талқылап, Power point бағдарламасында таныстырылым дайындау керек болды.

Біздің топ ең алдымен топ басшысы ретінде өз ойын тез жинақтай білетін, сөздік қоры өте бай, жинақталған мәліметтерді нақты жеткізе алатындықтан Нигара пайды сайлап алдық, топта талқыланған материалдарды Power point бағдарламасына түсіру үшін хатшы болып мен тағайындалдым.

Бұл тапсырманы орындау барысында бір- бірімізден әріптестерімізбен кездесудің қалай өткенін сұрадық. Бір-бірімізге мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізген кездесулерімізде кездескен кедергілерімізді, ұқсасытықтарымызды айтып отырдық. Бұл тапсырманы біздің топтағы тыңдаушылардың барлығы да әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, әр түрлі деңгейде өткізгендігін бүгінгі бірлескен таныстырылым кезінде көзімізді жеткіздім. Мысалы, Маржан апай осы курста оқып үйренген Бағадарламаның модульдерінің идеяларын таныстыру үшін педагогикалық кеңесте арнайы уақытын бөліп, тапсырмасын орындаса, Жәудіркөз апай, Әлия апай, Сания апай, Альбина апайлар коучинг түрінде, калған мұғалімдер тренинг, пікірталас түрінде өткізіпті. Әріптестерімен жеке–жеке кездескен мұғалімдер де бар. Сол өткізген тапсырмаларымыздың барысында бүгін өз топтарымымызда бірлескен таныстырылым ұйымдастырдық. Бірлескен таныстырылым жасаудың жалпы мақсаты: курс кезінде алған теориялық білімімізді тәжірибе жүзінде іске асыра отырып, әріптестер арасында таныстыру, бір–бірімізбен тәжірибе алмасу, тапсырма орындау барысында кездескен кедергілер мен қиындықтардың шешу жолын қарастыру.

Біз бұл таныстырылымды Нигара апай, Қарлығаш апай, Жұлдыз апай, Қарлығаш апай және мен бесеуіміз орындаған тапсырмаларымыз бойынша талдау жүргізу барысында іске асырдық. Бәрімізде әріптестерімізбен кездесуді тренинг түрінде өткізген екенбіз. Ұқсастығымыз курсқа келмеген мұғалімдердің қызығушылығын оятып, бағдарламаның идеясын жеткізе білуімізде екен. Айырмашылық біздің мектептегі мұғалімдердің арасында бұрын курста оқыған мұғалімдер болмағандықтан, олар жаңалық ретінде қабылдауында. Ал Нигара апайдың мектебінде курстан өткен мұғалімдер көп болғандықтан ол кісінің өткізген кездесуінде мұғалімдердің басым көпшілігінің осы курс идеяларымен жұмыс істейтіндіктен тәжрибе алмасу жақсы жүрген. Өз тапсырмаларымызды салыстыра отырып, бесеуміз ойымызды біріктіріп, идеяларымызды толықтырдық. Идеяларымызды топтастыру нәтижесінде таныстырылымды дайындадық және АКТ көмегімен ұжымда жарияладық.

Таныстырылымның жалпы мазмұны төмендегі кестеде көрсетілген


Тапсырманы орындау барысында Сіз не үйрендіңіз?

Тапсырманы орындау барысында біз тапсырмаға байланысты жоспар құруды, сол жоспар барысында нәтиже алуды үйрендік. Әріптестермен кеңес өткізу барысында әр қайсысының идеяларына, жауаптарына сыйластықпен қарауды үйрендім. Сол идеялардың ішінде өзіме қажетті жаңа дүние болса, тәжірибеме енгізуді үйрендік. Жәнеде әріптестердің жұмыстарын бағалауды, өз ісіме талдау жасауды үйрендім. Мектепте орындаған тапсырмалардан үйренгендерімді әріптестеріммен бөлісе алдық.


2

Тапсырманы орындау кезінде Сізге қандай қиындықтармен бетпе – бет келуге тура келді?

Әр тапсырманы орындау кезінде әр түрлі қиындықтардың кездесуі шартты нәрсе сияқты. Мектептегі тапсырмаларды орындау барысында барлығымызда да түрлі қиындықтар кездесті. Атап айтатын болсам біріншіден уақыттың аздығы. Жалпы жоспар бойынша мектеп кезіндегі тапсырмаға төрт апта уақыт бөлінетін болса, тоқсанның аяқталуына байланысты және де мерекелердің қабат келуіне байланысты бізге екі жарым аптаның жеткіліксіз болуы. Екіншіден, мектептегі қоғамдық жұмыстар. Тоқсандық оқушылардың үлгерімі жайлы есепті тапсыру, көктем мезгілінің келуіне байланысты тазалық жұмыстары. Сондай-ақ тоқсанның аяғы болғандықтан мектептегі әріптестердің уақыттарының болмауы.


3

Тапсырманы орындау кезінде кездескен қиындықтарды Сіз қалай еңсердіңіз?


Осы қиындықтарды шешу үшін, жасалатын жұмыстарымызды алдын ала жоспарлап, уақытты барынша үнемдеуді үйрендік. Осының нәтижесінде баршамыздың жоспарымыздың жүзеге асқандығын байқадым. Өзіме келер болсам. бұл тапсырманы орындау кезіндегі қиындықты шешу мақсатында мен ең алдымен мектеп басшысы Елеунурова Баян Абдраманқызымен кездестім. Ол кісі курстың мән жайына бұрыннан қанық болғаннан кейін, өте жылы қарсы алды. Курста алған білімдерімді практика жүзінде тиянақты іске асыруыма жағдай жасайтынын жәнеде бүкіл апталық жүктемеден, мектепішілік қоғамдық жұмыстардан босататынын айтты жәнеде техникалық жабыдықтармен толық жабдықталған кабинетті алып, алаңсыз сабақтарымды өте беруіме жағдай жасағандығын айттым. Менің курстастарымның көпшілігі мектеп әкімшілігі тарапынан еш қолдау таппағандарын айтты. Десе қиындықты еңсере білгендері көрініп тұрды. Нақты дәлелдерін келтіріп жатты.

Әріптестермен өтетін кездесуімді жоспарлау үшін мен бірлестік жетекшім Бакиева Үмітхан апаймен кездестім. Ол кісі менің жоспарларыммен танысқаннан кейін қызығушылық танытты жәнеде осы курс жайлы мұғалімдермен «Тренинг» өткізу туралы ойымды құптады.

Осындай кісілердің көмегімен және де уақытты тиімді пайдаланудың арқасында мен бұл қиындықтан шыға білдім. Әріптестерінен қолдау таппай, қиналып, бағдарламаның негізгі мақсатын түсінбек түгілі, қабылдамай, құлақ аспай қойған мұғалімдер де болған екен. Альбина өз тәжірибесінде сондай мұғалімнің болғанын айтты. Ал мен бірлестікте осы курстан өтіп жатқан бірінші мұғалім болғандықтан, өз әріптестерім тарапынан үлкен қолдауға ие болғандығымды айттым.

4

Тапсырмалар мен Бағдарламаның жеті модулінің идеялары арасындағы байланысты қалай құрдыңыз?

Бағдарламаның негізгі идеясын басшылыққа ала отырып, әріптестерді 7 модуль элементтерімен таныстырдық. Ол үшін біз топта әр қайсысымыз өткізген жұмыстарымызды талқылай, саралай келе, айырмашылықтарымыз бен ұқсастықтарымызды да кездестірдік.

5

  1. Сізге орындауға қиындық тапсырманы 6тағы да орындау қажет болса, оны қалай өзгерткен болар едіңіз?

Орындауға қиындық тудырған тапсырманы тағы да орындау кажет болса ең алдымен тағы да мектеп басшыларынан, курста бірге оқыған әріптестерімнен, тренеріміз Айжан апайдан көмек сұрайтынымызды айттық. Қалған қиыншылықтарды өзіміздің оқып – үйренген әдіс – тәсілдерімізді пайдаланып, ғаламтордың көмегіне жүгіне отырып шешуге болатынынын білдік. Қиыншылықтарды шешу барысында шыдамдылық, табандылық танытып көп ізденеміз, шешу жолын қарастырамыз.

6

Тапсырмаларды орындау нәтижелерін портфолиоға қосу қажеттігі бар деп ойлайсыз ба?

Мен бұл жазға есебім топта талқыланған таныстырылым желісінде жазылғандықтан портфолиоға қосуға қажеттігі бар деп ойлаймын. Себебі, бұл есепті біз топта талқылап, таныстырылым дайындап, ұжымда жарияладық. Демек, бұл таныстырылым ұжымда да талқыланған. Мұнда топ мүшелерінің ойы жинақталған. Әр ой біз үшін құнды екені баршамызға аян.

7

Сіздің портфолиодан осы тапсырма бойынша Бағдарламаның идеясын түсінгендігіңізді неден көруге болады.

Менің портфолиомнан осы тапсырма бойынша Бағдарламаның идеясын түсінгендігімді әріптестерімнен өткізген кездесуімнен жәнеде курстағы әріптестеріммен талқылау барысында дайындаған таныстырылымнан көруге болады. Сонымен бірге оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, мектеп кезеңіндегі іс –тәжерибемде пайдалануым мен дәлелдемелерім арқылы білуге болады.

Мен топта біріккен таныстырылым дайындау барысында топ мүшелерін мұқият тыңдауды, талдауды, келіспеген жағдайда сыпайы қарсылық білдіруді үйрендім. Топ мүшелерінің әр пікірін құнды деп есепке ала отырып, таныстырылымға кіргізіп, жинақтау барасында Бағдарлама идеясының бірізділігін түсіндім жәнеде оны АКТ-ның көмегімен ұжымға жариялауды үйрендім. Әр айтылған сынға шынайылықпен қарап, қабылдай білуді және нәтижеге жетуді үйрендім.

Әріптестермен кеңесу мұғалімнің тәжірибе алмасуындағы маңызды әрекет деп санаймын. Мен болашақта тізбектелген жоспарларымды құрмас бұрын, әріптестеріммен ой бөлісе отырып, Бағдарламаның идеяларын бір ізді іс жүзінде жүзеге асыруды жалғастырамын.




Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Научные работы
Просмотров98
Номер материала ДБ-038666
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх