Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Откырытый урок " Білгенге білім-байлық, бағасы артық"

Откырытый урок " Білгенге білім-байлық, бағасы артық"


библиотека
материалов



Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп



Бекітемін Тексерілді:

Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Құрмашов С. Мұқағалиева А.С





Тақырыбы:

Білгенге білім -байлық,

бағасы артық.











Өткізген: Юсупова Рысжан





11- сынып







Сабақтың тақырыбы: Білгенге білім -байлық,бағасы артық.

Мақсаты:

1.Оқушыларға Қазақстан Республикасындағы білім алу құқықтары туралы мағлұмат беру.

2.Өз ойларын ашық айта білуге дағдыландыру.

3.Оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру, өз беттерімен іздене білуге үйрету, білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақ түрі:ауызша журнал

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері.

І. Жаңа сабақ:

1.Тақырыбын, мақсатын айту.

2.Кіріспе сөз:

-Әрбір Мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді».

Ертең осы елге ие болып , тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушылары ,сендерсіңдер.

ХХІ-ғасырдың азаматтары білімді, алғыр болашағынан көп үміт күттіретін жалынды жастар.

Білім аққан сел дей-ді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл-ойға кен дейді- деп тәрбие сағатымызды бастайық.

ІІ. «Білгенге білім- байлық, бағасы артық».

1.Мақсатты өмір сүргісі келетін адам әрқашанда өздігінен білім алуға ұмтылады.

Мектепті бітіргеннен кейін әр жас өзінің қалаған мамандығын таңдап, жоғары немесе арнаулы орта оқу орнына түсуге тырысады.Осымен білім алу ары қарай жалғасады.Өйткені әрқашан білімге құрмет көрсетілген. Білген адам білімді өмір бойы іздейді.Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді.Білім-таусылмайтын байлық.

2.Адамның қабілеті білімнің бір саласы ғана емес,оның бірнеше саласын, солардың ішінде бір-бірімен байланысты жақтарын да меңгеріп алуға мүмкіндік береді.Ғалым ағартушы Шоқан Уалиханов қоғамдық, саяси, ғылыми қызметтерін қатар жүргізіп, философия және әдебиетпен айналысқан. Өз халқының мәдени жетістіктерін өзге тілде жазу арқылы паш еткен.

3.Ғылым мен өнердің бірнеше саласын қатар меңгерген мәдениет қайраткерлері әрқашанда болған, қазірде аз емес. Қ.Сатбаев ,Букетов сияқты қазақ академиктері бір-бірінен алыс жатқан техникалық ғылымдарды гуманитарлық салалардағы терең біліммен ұштастырды.

4.Алашорда қайраткерлерінің көбі жан-жақты білімді адамдар болған.Мысалы: А.Байтұрсыновтың өзі ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, педагог, саясатшы ретінде осы салалардың бәрінен айтулы еңбектер қалдырды.

ІІІ.Қазақстан Республикасындағы білім алу құқықтары туралы.

1.Бала білім алуға құқылы.

2.Ал міндетті түрдегі алғашқы тегін білім алуды кез-келген бала оқи алатын ,орта білімді қолдауды және қабілетіне байланысты жоғары білім алуды қамтамасыз ету-мемлекеттің міндеті болып табылады.

3.Мектеп бағдарламасы баланың құқығын ,ар-намысын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.Мемлекет осы құқықты іске асыру үшін , халықаралық ынтымақтастықты дамытуы керек.

IV.Бала құқықтары туралы Конвенциядан:

28-бап:1. Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл құқықты жүзеге асыруға, тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда :

А) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу.

Б) Жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді және тегін білім беруді енгізумен ,қажет болған жағдайда қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды.

в)Әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді.

Г) Оқушылардың мектепке тұрақты баруымен мектепті тастап кетуші оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды.

2.Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандықпен сауатсыздықты жоюға және ғылыми- техникалық білімге, қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне қол жеткізуді жетілдіру мақсатындағы мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады.

V.Білім алу тұлғалық, дарындық, саналылық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек.

2.Білім баланы азат қоғамдағы ересек әрі белсенді өмірге дайындауы керек.

3.Сондай-ақ ол ата-ананы құрметтеуге ,халқының мәдени ерекшелігін, тілін және басқа ұлттардың мәдени салт- дәстүрімен құндылығын тәрбиелеуі керек.

Пікір алысу:

1.Өз қалауым дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Мектепте оқу тек құқық ғана емес ,сондай-ақ міндет екенін қалай түсінесіңдер?

3.Оқуға құқық пен міндет дегенді қалай ажыратасың?

VІ. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

1.Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз елінің, өнегелі азаматы болу-әр оқушының міндеті.

2.Жер үстінде өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. (Ж.Баласағұн).

3.Оқу –білім қазығы,

Адамның азығы.

«Оқу-өмірдің сәні,

Тіршіліктің шамы»- деп ақын С.Сейфуллин де білім шамы қолымызда болса өміріміздің сәнді де, мәнді болатынын білген.

4.»Білім-ақылдың ажар көркі»-деп текке айтылмаған.Білімді үйрену үшін еңбекқұмар болып, денеңді жалқаулыққа билетпеуің керек.

5.Білім-асыл қазыналы сандық. Оны ашатын кілт- еңбек.Академик, ғалым Қ.Сатбаев «Білімді еңбекпен өмірдің өзінде шыңдап отыр, сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді».

Қорытынды:

-«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» -деп Абай атамыз айтқандай білімділердің айтқан ойларының, әйтеуір бір талапты жасқа кез боларына еш күмәнданбауы керек. «Білімді өлсе-қағазда аты қалады. Өнерлі өлсе-істеген заты қалады».

«Ақыл жастан, асыл тастан «-деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үлкен үміт күткен.Жастар қоғам, халық алдындағы борышын,міндетін сезіне білу қажет.







Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-026518

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG