Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / 5 открытых урока и 2 внеклассных часов в начальном классе

5 открытых урока и 2 внеклассных часов в начальном классе



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m18ac868b.gifhello_html_m18ac868b.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m18ac868b.gifhello_html_m18ac868b.gifhello_html_m18ac868b.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m18ac868b.gifСабақтың тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандар

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушыларды жазуға, оқуға, санауға үйрету және алған білімдерін бекіту.

2) Алған білімдерін жан – жақты жетілдіре отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу.

3) Ертегі желісі бойынша берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекілігі: әр түрлі суреттер. Кеспе сандар, буындар, кеспелер

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тіл дамыту.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Психологиялық дайындық:



Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлері қонаққа келмек. Қане, балалар, кім айтады? «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі қандай кейіпкерлерді білесіңдер?

Балалардың жауабы: Мақта қыз, мысық, ағаш, сиыр, дүкенші, қыздар, тышқан, тауық.

-Ендеше балалар, осы ертегінің қалай басталатынын кім айтады?

Оқушы жауабы.

-Балалар ендеше мысыққа құйрығын қайтарып алу үшін біз әр түрлі тапсырмаларды орындап көмектесейік. Егер сендер тапсырмаларды орындай алмасаңдар, мысық құйрығын қайтарып ала алмайды.

1) мысық ең бірінші неге келеді?

Оқушы жауабы: Сиырға келеді.

Сиырдың тапсырмасы: 1 – ден 10 – ға дейін тура және кері санау.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

Ағаштың тапсырмасы: Көршісін тап!

? 3 ? ? 4 ? ? 6 ? ? 8 ?

Қыздардың тапсырмасы: Кестедегі суреттерді салыстыру

Сатушының тапсырмасы: Сандар құрамын табу.

2 4 6



1 ? 2 ? 3 ?

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай балалар,

Үп – үлкен боп өседі.


Тауықтың тапсрымасы:Сөздерді буындап оқу.

Тышқанның тапсырмасы: Логикалық есептер:

  1. Бағдаршамда неше көз бар?

  2. Сыныпта неше оқушы бар?

  3. Тауықта неше аяқ бар?

-Балалар, біз мысыққа көмектесіп, барлық тапсырмаларды істегенімізбен тышқан кіп – кішкнетай болып алып, сендердің сауат ашудан білімдеріңді көргім келеді дейді. Тышқанға сауат ашудан біліміміз жақсы екенін дәлелдеп берейікші. Ол сонда ғана бізге тары береді.

Сауат ашу

  1. Тақтаға заттардың суреттері ілінеді. Қарама – қарсы жағына әріптер ілінеді. Заттың қай әріптен басталатынын табу.

  2. images (1)

К

С

М

Аimages



Ш

С







star_bw_o2

Ж



З

К

-Тышқан тапсырманы орындағандарыңа риза болып, дәнді берді. Дәнді енді неге береді?

Тауықта тышқан сияқты жұмыртқасын бірден бергісі келмей сендерге мынадай тапсырма орындауды талап етті.

Тауықтың тапсырмасы: Дауысты, дауысссыз дыбыстарды текшеден ажыратып айту. (Мұғалім әріптерді көрсетеді)

Тауық тапсырмадан соң жұмыртқасын бер. Ол енді кімге келеді? Дүкеншіде сағызды бірден бермей сендерге тағы да тапсырма берді.

Дүкеншінің тапсырмасы: Буындармен жұмыс.

-Дүкеншіден сағызды алып қыздарға келдік. Қыздар шаршадық бірге демалайық, сосын су береміз дейді. Қане, бәріміз бірге сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық.,

Қалтамызға салайық.

-Қыздар суды берген соң мысық суды ағашқа бергенімен ағаш жапырағын бере қоймады. Сендерге тағы тапсырма берді.

Ағаштың тапсырмасы: Суреттер арқылы сөйлем құрату.j0240719



j0185604MC900251795[1]













Сабақты қорытындылау.

  • Біз бүгін қандай ертегі кейіпкеріне көмектестік?

  • -біз қандай пәндерде білімдерімізді көрсеттік?



















Бекітемін: Келісемін:

мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі

Т.В. Ахметвалиева _______________ С.Е. Айгисова_______________

«___» ___________ 20__ж «___» ___________ 20__ж











Ашық сабақ

Тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандар

Даярлық тобы















2013-2014 оқу жылы

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: 7 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру.7санын қосу және азайту тақырыбын толықтай түсіндіру, оқушыларға мысал келтіру арқылы өмірмен байланыстыру.7санының құрамын толықтай білу.

2.Дамытушылық : Сандарға өзара амал қолдануға,қосудың ауыстырымдылық қасиеті ,және логикалық ой-өрісін дамыту.

3. Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды шыдамдылыққа,белсенділікке, адамгершілікке, бастаған жұмысын соңына дейін аяқтап,нәтижесіне жетуге сондай-ақ халық дәстүрін ұстануға баулып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: көрсету,сұрақ-жауап,ойындар,слайдтар т.б.

Көрнекіліктер: Суреттер,ИКТ,дидактикалық материалдар,геометриялық фигуралар,т.б.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу,дүниетану, ән-күй.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Психологиялық дайындық:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

3.Ауызша санау: 1ден 10-ға дейін тура кері санау

1ден 10-ға дейінгі сандар құрамын қайталау.

4. Жаңа тақырыппен танысу:санға 7-ні қосу және саннан 7-ні азайту.слайдт1

5. Дәптермен жұмыс: №2 кестені жазу және жаттау

слайд2

Сергіту сәті: 1,2,3 бойға жина күш,

4,5,6 суға қарай малты.

7,8,9,сан білмейтін қоңыз,

10-дегенім- Отан.

Қорға соны ботам!

6.№ 3 есептерді қысқаша жазу және шығару:

1.Мазмұнымен танысу,талдау,есептің алгоритімін қайталау.

2.Берілген шартын жазу:

Барлығы -6кәмпит

Тәрелкеде-2кәмпит

Сауытта-? қалғандары слайд3

Шешуі: 6-2=4

Жауабы:сауытта 4кәмпит

7. Сергіту сәті:

Бүгін қай күн? Дүйсенбі

Ертең қай күн ? Сейсенбі

Оят онда Дүйсенді,

Оят онда Сейсенді,

Сабағынан қалмасын.

Бүгін қай күн? Сәрсенбі

Ертең қай күн? Бейсенбі

Оят онда Сәрсенді,

Оят онда Бейсенді,

Сабағынан қалмасын.

Бүгін қай күн ? Жұма ғой

Ертең қай күн ? Сенбі ғой

Тұрсын онда Жұмажан

Тұрсын онда Сенбіжан

Сабағынан қалмасын

Бүгін қай күн ? Жексенбі.

Демалыс та тез келді

Оят енді Жексенді,

Дүйсен,Сейсен,Сәрсенді. Асыр салып ойнасын.

8.Өздік жұмысы:

4 Өрнектің мәнін табу. Тексеру. 1және 2 нұсқа слайд №4

9.Логикалық тапсырма орындау

5

Неше дөңгелек,ұшбұрыш,сәуле ,бар?

1.Мысықтың басында барлығы неше дөңгелек пен үшбұрыш бар?

2. Мысықтың денесінде неше дөңгелек,үшбұрыш бар?

3Қарғаның денесі қандай геометриялық фигур алардан құралған

4. Қарғаның денесінде неше үшбұрыш,дөңгелек бар? слайд 5

Қорытындылау: слайд6

1.Жеті қазынаға не жатады? берен мылтық,ит,жүйрік ат,ақылды әйел,

  1. Кіріктірілген бөлім

рефлексиялық-бағалау кезеңі

Бұл кезеңде сабақты бекітуге арналған тест тапсырмалар.

1.1+7

а) 5

ә)8

б) 3

в)6

2. 9-7

а) 2

ә) 3

б) 5

в) 4

3. 7*6 салыстыр

а) <

ә)>

б)=

4. Ағаш бұтағында бес торғай отырды. Тағы екі торғай қосылды.

Барлығы неше торғай болды?

а) 4

ә)7

б) 8

в) 2

Тест тапсырмасының жауаптары.

Тест

Сұрақтар

1

2

3

4

Жауаптар

ә

а

в

ә

Тест жауаптары тақтадан көрсетіледі. Оқушылар өз жауаптарын өздері тексеріп, өзін-өзі бағалайды.



Орындалған жұмыс түрлері

Мұғалімнің берген ұпайы

Өзіне берген ұпай саны

Баға

1

Ауызша санау






2

Кестені толтыру






3

Өздік жұмысы






4

Геометриялық фигуралардан құрастыру






5

Тест








Үй жұмысы: 7санын қосу азайту кестесін жаттау

































Бекітемін: Келісемін:

мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі

Т.В. Ахметвалиева _______________ С.Е. Айгисова_______________

«___» ___________ 20__ж «___» ___________ 20__ж











Ашық сабақ

Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

1 сынып















2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: Ұлттар достығы
Мақсаты: Оқушыларға ұлттар достығы туралы түсінік беру. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Тақырып; Отан, бірлік, достық, ынтымақтастық туралы нақыл сөздер.
Техникалық көрнекілік: видеопроектор.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:

Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және оқушылар мен Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары ! Бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Біздің көшенің тұрғындары» бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар сабағымызға көптеген қонақтар қатысқалы тұр, сондықтан сабақты жақсы өткізуге ат салысуларыңызды , пікір алысуларыңызды сұраймын.
Біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Ұлттар достығы.
«Достық – өмір үшін ең қасиетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызда достық, ұлттар достығы жайлы баршаңызға паш ете отырып, сабағымызды ашық деп жариялаймын.
ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Біздің көшенің тұрғындары, достық деген не, оны қайсысымыз қалай түсінеміз, соны айырып алайық деп келіп отыр екен. Достық алдымен екі адамның бір – біріне адалдығы. Адалдықсыз достық болмайды.
Данияр: Достық екен өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымдай жүгіріп кеудедегі.
Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120 – дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Нұрғиса: Қазақ осы – айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал – саңғал жабусыз,
Қазақ осы – ағыл – тегіл көл – көсір.
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт – дәстүрі бар.

Аяжан:Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлт аралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.
1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт – дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір – түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.
Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.
Темірлан: Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер – білім нәрімен
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен

Ұлдпардың орындауында бір тамаша әнімізді қабыл алыңыздар.
Мұғалім:
Біз бүгің қаншама ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында,бір көшенің тұрындары болып бас қосып отырмыз.

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.

1.Қазақ мәдени орталығының өкілдеріне сөз берсек .

Рамазан: Ақ қара деп бөлмейміз

Бір жыл туған төлдейміз

Туысқанбыз татумыз

Биіктерге өрлейміз

Жасулан: Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!

Жұлдыз: Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Біздің достық мәңгі болып қалуға

Қазақстан ұлтының биі

Мұғалім : Дружба народов не просто слова,

               Дружба народов навеки жива,

               Дружба народов счастливые дети,

               Колос на ниве и сила в расцвет

Сахнамызға орыс мәдени өкілдерін шақырамыз .

Дружба – это дар нам свыше,
Дружба – это свет в окне;
Друг всегда тебя услышит,
Он не бросит и в беде.

Но не каждому дано
Знать, что дружба есть на свете,
Что с друзьями жить легко,
Веселее с ними вместе.

Кто без друга прошагал
По дороге жизни этой,
Тот не жил – существовал.
Дружба – это мир планеты.

Дружба бывает всякою,
Много у дружбы лиц,
Разных и одинаковых,
Как в поднебесье птиц...

Дружба бывает вечною,
Ей не страшны года!
Дружба бывает встречною,
Где лишь одна выгода...

Дружба бывает прочною,
Как «Не разлей вода!».
Дружба бывает крепкою,
Высокою, как стена...

Дружба бывает терпкою,
С горечью и холодком...
Дружба бывает дерзкою,
Со смехом и огоньком...

Орыс мәдени өкілдерінің биі

Мұғалім:
Өзбекті сарт деп те атайды. Қазақстанда тұратын өзбек халқының саны – 370663.

Бір досымыз - өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің- деп Өзбекістаннан келген қонағымызды шақырамыз.
Өзбек биі: Нұртілек Алмира

Оқушы: Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз,
Биіктерге өрлейміз.

Оқушы: Тілегі бір, жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз.

Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық,ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.

«Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

 

Бекболат Мади ұлдарыңыздың орындауынды мына бір аңызға тоқталайық

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!

Мұғалім:

Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!


(Сахнаға Грузин мәдени өкілдерін қол соңғып қошеметпен қарсы алайық.

Ынтымағы жарасқан берік күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

Мұғалім:

Ал қазіргі шығатын татар ұлт өкілдерін қарсы алыңыздар.

Мұғалім:

Қазақ жері достықтың гүлстаны 

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады

Алдарыңызда татарстаннан келген мәдени өкілдерімізді тамашалайық.

Мұғалім :

Ынтымақ, бірлік, достық, татулық

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы деп сіздердің құрметтеріңізге папуридан үзінділер ұсынамыз.

Мұғалім:

Қазақ жері достықтың гүлстаны 

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Ән «Қазақтың қаны»

Жүргізуші: Мүмкіндікті пайдалана отырып, бәрімізге айтарым, қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып жүру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық.
Жасасын достықты жақтаған қазақ елі!





































Бекітемін: Келісемін:

мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі

Т.В. Ахметвалиева _______________ С.Е. Айгисова_______________

«___» ___________ 20__ж «___» ___________ 20__ж











Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Ұлттар достығы»

( қалалық семинарға арналған іс-шара)















2014-2015 оқу жылы

Тақырып: Ашу –дұшпан,ақыл-дос.

Құндылық Ішкі тыныштық Қасиеттер Сыпайы, ашуланбау, өз сезімін басқару

Сабақ мақсаты: Ашу мен ақылдылық туралы түсінік беру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мағынасын ашу.

1. Білімділік:  Өз сезімдерін басқара білуге үйрету

2.Дамытушылық: Ашуланбау қасиеттерін дамыту


3. Тәрбиелік:  Сыпайлыққа тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.

1 «Нұрға бөлену»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Достық туралы» сурет салу.

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

Өз ісіңе есеп бер

(Абай Құнанбаев)

1 сұрақ. Жауапкершілік дегеніміз не?


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Мұғалім апай бәріне үй тапсырмасын береді.

-Қалаған суреттеріңді салып келіңдер,-деді.Азамат үйге келгенсоң түрлі түсті бояғыш қаламдарын алып ақ қағазға сурет салуға кірісті.Әуелі ауладағы үйшігінің алдына шуақтап жатқан Бөрібасарды салып көрді.Онысын үшінші сыныпта оқитын ағасы Саматқа көрсетіп еді,ол сәл таңғала қарады да:

-Ұқсамайды!-деді бірден.

Азамат енді бояу қаламмен терезе түбінде қыт-қыттап жүрген әтешті салды.Өзін сарыла етіп,айдарын қып-қызыл етіп бояды. «Мұндай әтеш болмайды!»-деп Самат тағы да басын шайқады.

Азамат әбден абдырады.Сосын ойланып-ойланып отырып,төрдегі портретіне қарап әжесін салды.Мұны көрген Саматтың ішек-сілесі қатып күлгені-ай:-Әжемнің түрін қара!Құбыжық қой мынауың?! Ыза болған Азамат жыларманға келді.Ренжіп даладағы сәкі үстінеде домбыра шертіп отырған атасына барып шағынды.Не салсада Саматтың мазақтай беретінін айтты.Атасы шертуін доғарып,сақалын сипап ойға қалғандай болды да:

-Әзкентай,қағазыңды бері әкелші,-деді атасы.Азамат аппақ қағазды астына қатты мұқабалы кітабын төсеп алдына қойды.Атасы тамырлары білем-білем,буындары шорланған добалдай саусақтарын жайып,ақ қағаздың бетіне салды.

-Енді менің алақанымды сызып шықшы,-деді атасы.

Азамат бояу қаламын тарбиған әр саусақтың арасы мен жүргізе отырып сызып шықты.

Атасы алақанын көтеріп еді,ой ғажап-ақ,ақ қағаз бетінде үп-үлкен алақан пайда болыпты.

Азамат таңғала қарады,қуанып кетті.Жүгіріп Саматқа барып көрсетті.

-Міне атамның алақаны,-деді.

Самат үндемей қалды.Ертеңінде апайы да мақтады.

-Мынау Азаматтың атасының алақаны екен.Арық суарған,құдық қазған,бақша күткен,үзбей еңбек еткен ғажап алақан!

Қатты қуанған Азамат мәз-мейрам. Суреті мектептегі көрнекті тақтаға ілінді. Ғажап алақан бүкіл баланың басынан сипап тұрғандай..

Талқыланатын сұрақтар:

1 сұрақ Азамат Саматқа неліктен ренжіді ?

2 сұрақ. Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

3 сұрақ. Сендердің ашуланған кездерің болды ма,сол кезде қандай күйде болдыңдар?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.



Ойын «Гүл өсіру ойыны»

Гүлдің шеңбері мен жапырағы қойылады.Осы гүлді біз адамның жақсы мінезін айта отырып гүл гүлшелерін өсіреміз



  1. Үй тапсырмасы.

Күн шуағының суретін әдемілеп салып келіңдер.


  1. Топпен ән айту.

С.Молдасынұлының сөзіне жазылған

Ф.Жолдасованың «Бала тілегі»



Бал балалық,балдырған шақ сан арман

Барлық бал армандауға жаралған

Кел достарым,әндетіңдер,билеңдер

Гүлді мекен,ата мекен қара орман



Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жерді түрлендірер бәріміз.

Алтын бесік,ұлан байтақ келіңдер,

Жарқын болсын,шырқап айтқан әніміз


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныш отырып,көздерін жұмып,баяу музыка тыңдау.




























Бекітемін: Келісемін:

мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі

Т.В. Ахметвалиева _______________ С.Е. Айгисова_______________

«___» ___________ 20__ж «___» ___________ 20__ж











Ашық сабақ

Тақырыбы: «Ашу – дұшпан, ақыл - дос»

4 сынып















2014-2015 оқу жылы

Әліппемен қоштасу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
1. Безендірілуі: «Қош бол менің қасиетті әліппем» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру. Сахна бұрышында сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді. Сиқыршы қыз: Ой, бүгін күн қандай тамаша! Табиғат - ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай! Қараңдаршы қандай әдемі, қандай көрікті. Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен? Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып, сиқыршы оқушылар ортасына келеді)
Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)
Мұғалім: Армысыз, кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы: Сәлеметсіз бе?! Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?
Мұғалім: Кішкентай сиқыршы, сіз біздің мектебімізде тұрсыз. Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр. Мектептің 1 «а» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр. Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!
Сиқыршы: Рахмет, маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?
Мұғалім: Әрине болады. Әзірге балалармен бірге отыра тұр.
Мұғалім:Құрметті ата аналар ! Бала біздің болашағымыз,еліміздің ертеңі ,ел тізгінін ұстар ұрпағымызды хан баласындай нық,бидің баласындай тік,сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу бүгінгі біздің ұстаздарымыздың ,ата-аналарымыздың міндеті.Соның бір көрінісі бүгінгі « Қош бол,менің қасиетті Әліппем»тақырыбында өткелі отырған ертеңгілігімізге хош келдіңіздер

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

2.Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Тойымыздың той бастары ретінде Алмира ,Назерке, Балжан және Сандуғаш қыздар тобының орындауында Ертегілер әнін қабыл алыңыздар.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:

- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе. Әліппе:

Аяжан: Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Армысыздар жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Мерекеңмен құттықтап

Бүлдіршіндербалғындар!

Не үйреніп, не білдік

Қане ортаға салайық.

Әліппе: Осы сендер қандайсыңдар?

-Талабы биік таудаймыз Нұрқиса

-Мың бұралған бишіміз Балжан

3.-Біз шеберміз Назерке

-Ақылдымыз Альмира

-Үлкенге ізеттіміз Сандуғаш

-Кішіге қамқормыз, Мади
- Көп оқимыз.
Жанболат
Барлығы:Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Құрметті Әліппе біздің оқушыларымыздың сізге арнаған тақпақтары бар .Сол тақпақтарын ортаға сізге арнаймыз.

Мади: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Альмира: Іші толы әріпке

Мынау-әйбат Әліппе!

Барлық ілім білімнің

Әжесі осы Әліппе!

Нұрқиса: Әліппем,менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен

Балжан: Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды қолдайды

Назерке: А-ны айтқанда дауысым дірілдейді

Ұстазым көз алдымда күлімдейді

Күн сайын әріптердің атын біліп

Сөз оқимын айырып буынды енді

Сандуғаш: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым

Альфавитті алғаш сенен жаттадым

Ұстаз –ана естен кетпен мәңгілік

Мейіріммен жауырыннан қаққаның

Жонболат: Жүзің жылы ,құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен

Жоламан.: Бір аллаға сиынып,

Кел балалар ,оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықылас пен тоқылық

Ақтилек: Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалаң

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

Әр бір сабақты сергіту сәтісіз өткізбейміз ойнаймыз,билейіз,бойымызды жазып түрлі жаттығулар жасаймыз.Соның бір сәтіне тоқталайық.

Қазір ортаға оқушыларымыз «аяқпенен топ-топ топ»бой жазу жаттығуын жасайды қарсы алыңыздар.

Ойын ойнауға кезек келді.яғни мен сендерге әліппе пәнінен сұрақтар қоямын .Сендер тез, жылдам, нақты жауап беру керексіңдер.
1. Сөйлемде сөздің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады?
2. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
3. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
5. 4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
5. Адамның аты қалай жазылады? (үлкен әріппен)
6. Жуан дауысты дыбыстарды айт?
(а, о, ұ, ы)
7. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )

Ортаға Нұрқиса мен жоламанның орындауында «Сәби болғым келеді әні»бірге айтуларыңызға болады.

Келесі жұмбақты тауып алыңдаршы балалар!
Олсыз санау болмайды

Онсаусағым толмайды.Әрине ол қандай пән?Математика

Ендеше метематиканы ортаға шақырамыз.
Барлығы: Сәлематсіз бе, Математика!
Математика:
 Сәлематсіңдер ме, балалар! Міне, сендер де Әліппені оқып үйрендіңдер.Әріптердің барлығын танып білдіңдер!Оқу- жазуды білесіңдер.Сонымен қатар мені де жақсы оқып үлгеріп жүрсіңдер деп сенемін.енді қазір мен сендерге жұмбақ есеп айтамын, жүйріктерің соны шешіңдер!
Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма?     (7)
 
1 ден 10ға дейін тура санаңдаршы?

10 нан 1ге дейін кері санаңдар?т.б.с.с.

Математика: Өте жақсы, рахмет сендерге.Өздерің өңкей білімді балалар екенсіңдер.Біз әлі сендермен балалар мектеп табалдырығынан қоштасқанша бірге боламыз.Әрдайым осындай білімді, тапқыр болыңдар!
 Мұғалім: Математика төрге шығыңыз!Оқушылардың бүгінгі болып жатқан қуаныштарының арасында болыңыз.
 Мұғалім:
 Ал балалар,сендердің іштеріңде 3+2 қосып 5 алдым деп жүрген оқушылар жоқ па?
 Барлығы:
 Әрине, жоқ

Мұғалім: «1» деген ол жаман баға,
Алады оны жаман бала.
 
«2» деген нашар баға,
Інішегім нашарлама.
 
«3» дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.

«4» дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
  «5» дегенім үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
 Мұғалім:
 Міне, балалар,өздерің айтқандай үнемі «4» пен «5»- ке оқуға тырысыңдар.

Келесі « Бура- ти- но» биіне назар аударыңыздар!

Балалар сендерге осыншама өнер-білімді үйреткен кімдер деп ойлайсыңдар?Барлығы: Мектеп.Мұғалім.Ата-ана.Әліппе.
Мұғалім: Дұрыс.«Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті».Сол үшін әліппе достарыңа не деу керек?
 Барлығы:
 Рахмет, саған Әліппе!
 Мұғалім:
 Иә, балалар, өздерің айтқандай Әліппе сендердің үлкен білім жолына тұсауларыңды кесіп берді.Жолдарың даңғыл болсын, ол дегенім сабақтарыңды тек жақсы деген бағаға оқып, білімнің сыры мен қырын меңгере беріңдер.Сендер енді «Ана тілі» оқулығын оқисыңдар.
Мұғалім:Осы сәтте әріптерге сөз берейін:

Балжан: Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадыңба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

Нұрқиса: А-дан аузын ашқалы

А-дан сөзін бастады

Ата-ана ақыл- ар

А мен айы аспаны

Назерке: Әкең әжең әлдиің

Ә мен әсем әлемің

Ә-сіз аты аталмас

Әділеттің әлемнің

Ақтилек: Балбұлақтың басында

Бір бәйтерек қасында

Былан бұғы келіпті

Бір-біріне киіпті

Жанболат: Өрікпін мен өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Пісіп тұрған шағымда

Алар екен теріп кім

Альмира: Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем астанам

Отан аудан ауылым

Сандуғаш: Альфавитті білдік біз

Онда жүие қалып бар

Біздің қазақ тілінде

42-әріп бар

Мұғалім:Біздің оқушыларымыздың орындауында «Қуыр-қуыр қуырмаш» әнін қарсы алыңыздар.

Мұғалім: Өлең жолдарында «Сөз оқимын айырып,буында енді» деп айтып жатырсыңдар»Әліппе әлемінің тапсырмасы бар екен соны көрейікші мінекей олар мынау екен. Ендеше барлығымыз тақтадан бірге оқиық.

1 .Жақсы кітап -Әліппе,

Үйретеді әріпке.

8.2.Мақал: Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

3. Нақыл сөз: Ең тәттіде-тіл

Ең ашы да –тіл

Ең қатты да –тіл

Ең жұмсақ та –тіл

4. Тыйым сөз: Малды теппе

Ақты төкпе

Мұғалім: Армысыздар мұғалімдер,әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би-биленіп ән де , бүгін шырқалар

Биші қыздарымызды ортаға шаұырамыз «Көңіл толқын биімен»

Мұғалім: Олай болса жұмбақтың шешу сәтіде келген сияқты.Мен сендерге жұмбақ жасырамын ,ал сендер қолдарыңды көтеріп жауап бересіңдер.

1.Жазу жазып жалықпаған

Жаза-жаза арықтаған (бор)

2. Алты қырлы

Алтын сырлы (қарындаш)

3. Үйреткен ілімді

Қырық екі білімді (әліпби)

4. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама(кітап)

Мұғалім: Ата-аналармен ойын:Өз баласын тауып алу.

Қымбатты оқушылар!Сендер зейін қойғыштықтарың,еңбек сүйгіштіктеріңнің және білімге құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын.Сендер Альфавиттің барлық әріптерін 9.жаттап алдыңдар,әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың «Әліппе»бойынша оқуға үйрендіңдер.Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!Мектебіміздің мақтанышы болыңдар!

Хор: Мектебім аяулы мектебім.

Бата аталардан.

Мектеп директоры.Марапаттау дипломмен

Оқу ісінің меңгерушісі

Тәрбие ісінің меңгерушісі.

Ата-аналарға сөз

Мұғалім: Бүгіңгі мерекелік кешіміз аяқталды.Көп-көп рахмет.

Хор: «Мұғалім – ол біздің»
 2- даяшы:
 Бізге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.Орын дайындайық.
 Мұғалім:
 Олай болса, қонағымыз келгенше сендерге арналған тағы бір тапсырма бар екен.Көрейік.Мінекей ол не екен?Балалар бұл жұмбақтар екен, ал қане қонағымыз келгенше шешіп үлгереміз бе?
 Жұмбақтар
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза – жаза арықтаған.   (бор)
 Алты қырлы,
Алтын сырлы.   (қарындаш)
 Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді.     (әліпби)
 Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.   (кітап)
 Мұғалім: Өте жақсы, балалар!
(Ана тілі келеді)
 Мұғалім:
 Міне, балалар күткен қонағымыз да келіп қалған екен, қарсы алайық.Жоғарылатыңыз,қош келіпсіз!
 Барлығы:
 Сәлеметсіз бе?
Мұғалім:
 Балалар бұл қонағымызды танисыңдарма?Кім екен?
Барлығы:
 Ана тілі!
 Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
 Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Бұған сендердің ұстаздарыңның еңбегі көп жұмсалатыны белгігі.
1- даяшы:
 Жоғары төрлетіңіз,Ана тілі!
Көрініс: «мақта қыз бен мысық»
Мұғалім:
 Қадірлі оқушылар, жаңбырменен жер көгерер деп ата- бабамыз тегін айтпаған.Бүгінгі біздің «Әліппе әлемі» дәмханасында өтіп жатқан мерекеге ақсақалды атамызда келіп қалған екен.Олай болса атаны ортаға шақырайық, бата сұрайық.
 (Ата бата береді)
 Қорытынды сөз: Қымбатты оқушылар!Сендер зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктеріңнің және білімге құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын.
Сендер Алфавиттің барлық әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың «Әліппе» бойынша оқуға үйрендіңдер.білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!Мектебіміздің мақтанышы болыңдар!
 


Бекітемін: Келісемін:

мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі

Т.В. Ахметвалиева _______________ С.Е. Айгисова_______________

«___» ___________ 20__ж «___» ___________ 20__ж











Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Әліппемен қоштасу»

1 сынып















2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Оқытудағы жаңа әдістерді пайдалану арқылы «Біздің Отанымыз - Қазақстан» тарауы бойынша оқушылармен топпен жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық, еркін жеткізуге машықтандыру.
Б. Қазақстан аумағының кеңдігі және табиғат жағдайлары алуан түрлілігіне түсінік беру, мәтін мазмұнын түсініп оқуға, талдай білуге үйрету.
Д. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау арқылы, байланыстырып сөйлеуге баули отырып, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Т. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, туған жерінің байтақ екенін ескере отырып, сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1. Ұсынылған тақырып бойынша өз білімдерін актуальдандыра алады;
2. Бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады;
3. Сыныпта диалогтік әңгіме өрбиді.
4. Ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады;
5. Шыдамдылықпен тыңдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1 - модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
2 - модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Ассоциация (INSERT түртіп алу стратегиясы)
3 - модуль. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (өзін - өзі бағалау)
7 - модуль. Көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Топпен жұмыс
3. Рефлексия
4. Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Ұйымдастыру. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
2. Жалаушалар арқылы топқа бөлу. Топтық ережені қалыптастыру.
3. Бағалау бетшесін тарату.
4. Мәтінді тарату.
Оқушының іс - әрекеті:
І. Үй тапсырмасын тексеру
1 - тапсырма. Тест тапсырмалары Слайдта көрсетіледі. Өз - өзін тексереді.
1. Асар жасау:
а) той
ә) туыс - туған жиналып бір іске көмектесу
б) түрлі жарыс ұйымдастыру
в) елді жинап ас беру
2. Білім ошағы:
а) сынып бөлмелері
ә) географиялық алаң
б) спорт залы
в) компьютер, теледидар
3. Шаруа қожалығы:
а) салық төлейтін ұйым
ә) ұжымшар
б) шаруашылық жүргізу жүйесі
в) шаруашылық ұжымы
4. Мақал - мәтелді жалғастыр. «Әдептінің белгісі -...»
а) отбасының берекесі
ә) отбасының татулығы
б) сыйлы болғаны
в) иіліп сәлем бергені
5. Наурыз, Тәуелсіздік күні, 8 наурыз:
а) кәсіптік мереке
ә) отбасылық мереке
б) жалпыхалықтық мереке
в) ауыл шаруашылық мерекесі
6. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні:
а) 1 мамыр
ә) 9 мамыр
б) 7 мамыр
в) 22 наурыз
7. Мемлекетке тапқан табысына қарай не төлейді?
а) қарыз
ә) тиын
б) салық
в) ақша
8. Үндістер көлік ретінде нені пайдаланған?
а) атты
ә) қодасты
б) түйені
в) пілді
9. Күнделікті тіршіліктегі жұмыстарды атқару үшін көліктің маңызы қандай?
а) өте жоғары
ә) төмен
б) қанағаттанарлық
в) жоғары
10. Егін әбден жиналып, қырмандағы астық қамбаларға құйылып біткенде барып тойланатын той.
а) «Ұлттық той»
ә) «Наурыз тойы»
б) «Сабан той»
в) «Егін той»
Тест кілті. 1Ә. 2А. 3В. 4В. 5Б. 6А. 7Б. 8В. 9А. 10Б

2 - тапсырма. Модуль АКТ. Видео көрсету. Талқылау.
3 - тапсырма. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулінің әдісі INSERT.
Қазақстан туралы не білеміз? INSERT (түртіп алу стратегиясы)
Білемін
Мен үшін жаңалық
Білгім келеді
4 - тапсырма. Модуль СТО. Мәтінмен жұмыс. Диалогтік оқыту. «Оқы - айт» стратегиясы.
1 - топ Қазақстан жер көлемі
2 - топ Қазақстан табиғаты
3 - топ Пайдалы қазбалар
4 - топ Қазақстан астықты өлке
5 - топ Көп ұлтты мемлекет. Достық қарым - қатынас
Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш»
5 - тапсырма бойынша жаңа сабақты пысықтау. Куббизм стратегиясы.
Кубиктің алты жағына жазылған сұрақтар бойынша жұмыс жасайды. Сұрақты талдайды, талқылайды.
1 - сұрақ
1. Қазақ жері батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша километр созылып жатыр?
(Қазақ жері батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3000 километр созылып жатыр.)
2 - сұрақ
Елімізде қандай пайдалы қазбалар түрлері кездеседі?
(Елімізде металл кендері, көмір, мұнай, газ, фосфорит, түрлі тұздар кездеседі)
3 - сұрақ
Еліміздің табиғаты неліктен алуан түрлі деп ойлайсың?
(Жеріміздің кең байтақ болуына байланысты табиғаты алуан түрлі болады)
4 - сұрақ
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
(Республикамызда жүзден артық ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады.)
5 - сұрақ
Қазақстан неше елмен шектеседі?
(Қазақстан бес елмен шектеседі.)
Рефлексия. «Табыс баспалдағы» арқылы өз деңгейін көрсету.
Бағалау. 1 - 3 балдық жүйемен.
Критерилері: 8 - 12 балл «5», 6 - 8 балл «4», 4 - 6 балл «3»
Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. «Болашақ Қазақстан» туралы эссе жазу.





























Бекітемін: Келісемін:

мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі

Т.В. Ахметвалиева _______________ С.Е. Айгисова_______________

«___» ___________ 20__ж «___» ___________ 20__ж











Ашық сабақ

Тақырыбы: «Біздің Отанымыз - Қазақстан»

3 сынып















2014-2015 оқу жылы

Жалынды ақын – Махамбет

Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының шығармашылығымен
а) білімділік: термешілік, ақындық өнерімен таныстыру.
Термесін тыңдату арқылы, орындалу ерекшелігін ажырату, жаңа әнді әуенімен, динамикасымен
үйрету. нота сауатын меңгерту.
ә) дамытушылық: тыңдаушылық, орындаушылық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту.
в) тәрбиелік: қазақ музыкасын құрметтейтін, халқымыздың асыл мұраларын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: домбыра, баян, ақын суреті, магнитафон
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық. «Не жаман» халық термесі тыңдау
- Балалар бұл қандай әнге жатады?
- Терме.
- Не туралы айтылады?
- Адам бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылады?
- Қалай орындалып тұр?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жұмбақ ноталар»ойыны арқылы өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Әр нотаның астында сұрақтар жазылған, сол сұраққа дұрыс жауап
берсеңдер, жұмбақ ойынның шешуі табылады.
1. До «Терме» дегеніміз не?
2. Ре «Бұқар жырау»туралы не білесің?
3. Ми Бұқар жыраудың термесін орында
4. Фа «Не жаман?»өз шығармаңды оқы.
5. Соль Бұқар жыраудың термесі неге ұнады?
6. Ля «Не жақсы?»өз шығармаңды орында.
7. Си Термені қандай аспаппен орындайды?
8. До «Термеші» деп кімді айтады?
Сұрақтың жауабын таптық, енді сиқырлы суретті ашайық.
- Бұл кімнің суреті?
- Махамбет Өтемісұлы
5. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жалынды ақын - Махамбет»деп аталады.
Үнтаспадан Махамбеттің өмірімен творчествосын тыңдату.
М. Өтемісұлы 1804жылы Орал облысының Орда ауданында дүниеге келген.
Махамбеттің өлеңдері мен күйлері күрес - тартыс үстінде туған.
Өлеңдері шешендік толғау түрінде жазылғандықтан оның өлеңдерін терме мақамына салып орындаған. Оның термелері халықты бостандық үшін күресуге, тәуелсіздік, еркіндікке шақырып жырлайтын үгіт насихат термеге жатқызады. Ол сауатты, көрген - білгені көп ақын, композитор, күйші, үлкен өнер иесі.
6. Музыка тыңдау.
«Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны»толғауынан үзіндіні домбыра аспабымен орындап беру.
- Бұл әнде не туралы айтылады?
- Ұлт - азаттық қозғалыс басшысының, жарлы - жақыбай, жетім – жесір қамы үшін басын бәйгеге тіккен, ақылды да, байсалды адамның кемеңгер тұлғасы елестейді
- Ән неше буыннан тұрады?
Қалай орындалып тұр?
- Жылдам, жігерлі негізгі әуен бірнеше рет қайталанады.
7. Сергіту сәті
Бейне таспадан батырлардың жаттығуларын қайталап орындау
9. Ой шабуылы.
- Балалар сендер батыр болып кетсеңдер не істер едіңдер?
- Елді, отанымызды жаудан қорғар едік.
10. Ән үйренейік.
«Солдат болам мен ертең»әнін жазған К. Дүйсекеев.
а) Ән неше шумақтан тұрады?
б) Әнді хормен оқу.
в) Әуенін тыңдау.
г) Әуенімен орындату.
11. Бекіту.
Венн диаграммасы арқылы сабақты бекіту.
Базар жырау -------------- ортақ қасиеті ------------ Махамбет
термеші --------------------------------------------------- күйші
ақын ------------------------- ақын ---------------------- ақын
ақылшы --------------------------------------------------- ақылшы
шешен ---------------------- шешен -------------------- күрескер
ұстаз ------------------------- жырау -------------------- Орал
Баянауыл ------------------- термеші ------------------ шешен
12. Үйге тапсырма беру.
а) М. Өтемісұлының өлеңін түсініп оқу.
б) «Солдат болам мен ертең»әнін жаттап келу.
13. Қорытынды.
Ситуациялық сұрақ. Ақынмен кездессең не туралы әңгімелесер едің?
14. Бағалау.















Бекітемін: Келісемін:

мектеп директоры оқу ісінің меңгерушісі

Т.В. Ахметвалиева _______________ С.Е. Айгисова_______________

«___» ___________ 20__ж «___» ___________ 20__ж











Ашық сабақ

Тақырыбы: «Жалынды ақын - Махамбет»

3 сынып















2014-2015 оқу жылы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДВ-454968
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх